Hello-Site.ru. Бесплатный конструктор сайтов.

  1. Басты бет
  2. Басқарма туралы
  3. Афиша
  4. Ведомстволық Бағынысты ұйымдар
  5. Байланыс
Басшының блогы

Быкыбаев Дүйсеналы Дыбысалыулы

«Жамбыл облысы әкімдігінің, мәдениет архивтер және құжаттама баcқармасы»

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

СІЛТЕМЕЛЕР:

Мәлімет

«Рухани жаңғыру: жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету» атты Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің кітапханадағы күндері

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру және кітапханашылар арасында тәжірибе алмасу мақсатында үстіміздегі жылдың наурыз-маусым айларына жоспарланған «Рухани жаңғыру: жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету» атты аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің кітапханадағы күндерін Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Қордай ауданының 90 жылдық мерейтойына орай «Өткені – сырлы, ертеңі - нұрлы Қордай» атты әдеби-танымдық кешпен жалғастырды.
Кеш барысында кітапханашылар Қордай ауданының тарихынан сыр шертіп, Ойжайлау, Сұлутөр, Әулие Шоқы сияқты көк тіреген таулары, Отар, Аңырақай, Жазиралы, Шу Қарақоңыз, Майбұлақ, Қалғұтты, Ұзынсу, Ешкілідей өзен сулары туралы айтып, Қордай жерінен шыққан қоғам қайраткерлері, ақын-жазушы, зиялы қауым өкілдерінің өмірбаяндарына тоқталды.
Кешке Қордай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Сейілханов қатысып, Қордай жері туралы келелі әңгіме өрбітіп, қордайлық зейнеткер А.Иманалиев өз шығармашылығынан «Қордай вальсін» орындап, Әміре Қашаубаев атындағы республикалық ән байқауының лауреаты, Кенен Әзірбаев атындағы республикалық ән байқауының «Алтын адам» сыйлығының иегері, Мәдениет саласының үздігі, Алматы облысы Ақсу ауданы, Жамбыл облысы Қордай ауданының құрметті азаматы, әнші Қарлығаш Қожағазина әнімен кештің көркін қыздыра түсті. Қордай аудандық орталық кітапхананың тұрақты кішкентай оқырманы А.Сакен белгілі ақындардың өлеңдерін оқыды.
Қордай өңіріне арналған кітап көрмесі, 2018 жылы «Модельді» кітапхана атағына ие болған Әлжан ана ауылдық кітапханасы туралы бейне слайд көрсетіліп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасынан 260 кітабы сыйға бергендігіне тоқталды.
Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханадағы күнін Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э.Абдинова қорытындылап, келген қонақтарға, әріптестерге алғысын жеткізді. Іс-шараға облыстық, қалалық кітапханалардың кітапханашылары қатысып, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелері онлайнға шықты.

«Жамбыл-менің жай атым, халық-менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысы өтті

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық аламан айтыс додасы өз мәресіне жетті. Облыс орталығындағы Жамбыл Жабаев бабамыздың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімінен басталған игілікті шарада ақындар өңірдің тарихын, Тараз топырағының киесін, жуырда ғана қызметке кіріскен жаңа өңір басшысының іскерлігін, Жамбыл бабамыздың асқақ рухын жырға қосты. Жамбыл облысы әкімдінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйытқы болуымен, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында, Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай өткен айтыстқа қазақтың тау тұлғасы, еліміздің еңбек ері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасының құрамы төрағалық етті. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтыстың қызған тұсында арнайы келіп, қорытынды сөзінде аталған аламан бәсеке өңірде бұдан былай жыл сайын дәстүрлі түрде өтетінін хабарлады. Сонымен сөз аламынының қорытындысы бойынша, Қайнар Алагөз, Айтмұханбет Исақов, Рай Дөңбай, Қанат Мырзахан, Ботагөз Мұхиденова, Олжас Отар, Біржан Байтуов, Нұрлыбек Құрманов пен Дархан Әбдіманат шабыттандыру сыйлығымен марапатталды. Ал, Аспанбек Шұғатаев «Асанәлі Әшімов атындағы шығармашылықты насихаттау және қолдау» қорының атынан тағайындалған 1 мың АҚШ долллары көлеміндегі арнайы жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, ерекше өнер көрсетіп, көрермен көңіліндегісін дөп басқан Рай Дөңбай, Мақсат Аханов пен Мейірбек Сұлтанхандар қаржылай сыйақысы бар ынталандыру сыйлығының иегері атанды. Қазылар алқасының шешімімен ІІІ орын мен 500 мың теңге Мұхтар Ниязовтың қанжығасына бұйырды. ІІ орын мен 700 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйға өз өңірімізден шыққан жас ақын қыз Аруна Керімбек лайық деп танылды. Ал, І орын мен 1 миллион теңгеге Болатбек Оразбаев ие болды. Айтыстың бас бәйгесі мен 1,5 миллион теңгені Рүстем Қайыртайұлы жеңіп алды.

ОБЛЫСЫМЫЗДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ӨТКЕН "ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОД" БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Ағымдағы айдың 22-23 ақпан аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет "Үздік Экскурсовод" байқауы өтті. Өңірдегі музейлердің, жеке туристік фирмалардың, мәдениет саласының экскурсаводтары бақ сынаған бұл байқауға 12 гид қатысты. Облыстың әлеуметтік-мәдени дамуы аясында музей мамандарының маңыздылығын қоғамға көрсету мақсатында өткізіліп жатқан шараның бірінші күнінде бақ сынаушылар 7 минуттық виртуалды экскурсия видеоларын қазылар алқасының назарына ұсынды. Одан бөлек бірнеше қызықты турлардан өткен үміткерлердің көбі 3 тілді еркін меңгергендерін байқатты. Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдені Жамбыл атындағы "Руханият" орталығының экскурсоводы Әбуәлі Айніл, 1 орын "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық- музейінің экскурсоводы Таңшолпан Жүзбаева, 2 орынды Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Ақпан Жамал, 3 орынды осы музейдің қызметкері Жұлдыз Алманқұлова ие болды. Барлық қызметкерлер қаржылай сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды. Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының негізінде өткен игі бастамада жеңімпаз болған қатысушылар әлемдегі атақты мәдени орындар мен музейлерде білікті мамандармен тәжірибе алмасатын болады.

«Көп тіл білу – заман талабы» полиглот – шоуы өтті

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 21 ақпан – Халықаралық Ана тілі күніне орай «Көп тіл білу – заман талабы» атты полиглот-шоу ұйымдастырылды. Аталған шараның мақсаты оқырмандарға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, оларды туған халқының тілін қастерлейтін, елін-жерін сүйетін, егеменді еліміздің ертеңі болар білімді, ұлтжанды, саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру, оқырмандарды көп тілді меңгеруге шақыру болып табылады.

Қазіргі уақытта көп тілді білу – өмір қажеттілігі. Осы қажеттілік негізінде қостілділік (көптілділік) пайда болып қалыптасады және қоғамда ұлт саны қаншама көп болса, ол үшін қостілділік пен көптілділік соншама қажет. Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік алады. Осыған орай, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен «Һибатулла» медресесінің білімгерлері, дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған полиглот-шоу барысында оқырмандар өздері таңдаған екінші тілдері туралы айта отырып, сол тілде өздерін таныстырды. Жастар ағылшын, қытай, араб, түрік, француз, неміс тілдерінде өз ойларын білдірді. «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі», - дегендей, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру үшін көп тілді білу – өмір қажеттілігі екендігі сөз етілді.

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті

2018 жылдың 16 ақпан күні Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Облыстық қазақ драма театрында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелер арасында Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Өнер сайысына Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты 12 мекемеден екі қызметкерден, барлығы 25 үміткер қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Д.Бықыбаев құттықтау сөз сөйледі.
Қазылық жасаған ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Қ.Асанов, Қ.Р Мәдениет қайраткері, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мәдениет және өнер кафедрасының меңгерушісі– А.Кабиева, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті филология ғылымдарының кандидаты, доцент –С.Исматова.
Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы бойынша:
Бас жүлде- Санатбаева Асыл (Облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы)
І орын- Мелдеева Мереке ( Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы), Асқарәлі Айдын (Облыстық халық шығармашылығы
орталығы)
ІІ орын- Болысбек Қайрат (Облыстық Филормония), Махиня Оля (Орыс драма театры)
ІІІ орын- Ботбайбек Санжар, Айнабекова Азиза (Орыс драма театры), Мырзатаева Балжан (Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы), Альмира Талғатқызы (Облыстық қазақ драма театры)
Ынталандыру дипломдары- Миршарипова Шаира (Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы),
Елемесова Ақнұр (Облыстық қазақ драма театры), Қарабаева Жазира (Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы), Зейноллаұлы Сағындық (Облыстық архив) марапатталды.
Қалған қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылды.

ОБЛЫСЫМЫЗДА ТҰҢҒЫШ РЕТ "ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОД" БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірігіп "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық музейінің 20 жылдығына орай тұңғыш рет ұйымдастырылған "Үздік Экскурсовод" байқауы басталды. Өңірдегі музейлердің, жеке туристік фирмалардың, мәдениет саласының экскурсаводтары үміткер ретінде бақ сынап жатқан бұл байқау екі күнге созылады. Облыстың әлеуметтік-мәдени дамуы аясында музей мамандарының маңыздылығын қоғамға көрсету мақсатында өткізіліп жатқан шараның бірінші күнінде бақ сынаушылар 7 минуттық виртуалды экскурсия видеоларын қазылар алқасының назарына ұсынады. Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының негізінде өтіп жатқан игі бастамада жеңімпаз болған қатысушылар әлемдегі атақты мәдени орындар мен музейлерде білікті мамандармен тәжірибе алмасатын болады.

«Өз елім» атты танымдық концерт өтті

Үстіміздегі жылдың 16 ақпанында «Баласағұн» ОКЗ-да Жамбыл облыстық филармониясы ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын ілгерлету мақсатында, елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы аясында, облыстық филармонияның 50 жылдығына орай композитор, дирижер, Қазақ КСРО Халық әртісі, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Өз елім» атты танымдық концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Бағдарламада «Алатау» тобы, ҚР Мәдениет қайраткері Анна Вундер, Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Маралбек Бабақұлов, Жанатбек Кәдіров, сонымен қатар Торғын Орынбаева, Ғани Мәтебаев, Мәдина Сағынбекова, «Мерей» дуэті және тағы да басқа әншілер, «Ақкербез» бишілер ансамблі өнер көрсетті. Атаулы кеште композитор туралы 10 минуттық деректі фильм ел назарына ұсынылды. Концерт шымылдығы «Ақкербез» би ансамблінің орындауындағы «Шаттық» биімен ашылып, кеш барысында жұртшылықтың сүйіп тыіңдайтын рухани қазынасына айналған композитордың баға жетпес лирикалық әндерінің шығу тарихы айтылды. Табиғатынан талантты тарландардың бірі, туған халқы үшін барынша еңбек еткен, шын дарын иесі Нұрғиса Тілендиевтің төл шығармалары сахна төрінде орындалды. Аты аңызға айналған «Аққу» күйіне биші Нигора Давранова «Аққу» биін биледі. Тума талант, сырлы саздың құдіреті атанған Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған ән кешін сағына күткен көрермен, мектеп оқушылары композитордың әндердің караокемен бірге орындап, концертке қатысқан өнер жұлдыздарына ыстық қошеметтері мен ықыластарын жаудырды.

"Art format” семинар треннингі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының Облыстық xалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 12-14 ақпан күндері мәдениет қызметкерлеріне арналған үш күндік "Art format” семинар треннингі өтті.
Облыстың мәдениеті мен өнерінің даму бағыттарын табуға ықпал ету, мәдениет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру, мәдени-демалыс ұйымдарының озық тәжірибесінің жаңа бағыттарын игеру, мәдениет мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату мақсатында өткен семинардың алғашқы күні Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының мәжіліс залында баспасөз конференциясымен басталды. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев және "Format E” мәдени даму оқу әдістемелік орталығының директоры Е.Әуесбаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, ҚР мәдениет қайраткері Н.Камалова журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Биылғы семинардың ерекшелігі - мәдениет үйі, ауылдық клуб мамандары мен қатар кітапхана, музей, кино саласының қызметкерлерін қамтыды. Аталған семинарға лектор ретінде жоғары деңгейдегі мәдениет және өнер қайраткерлері шақырылды.
«Халықтық театр ұжымымен жұмыс жасаудың заманауи технологиясы» тақырыбында Қазақстан театр қайраткерлері Одағының мүшесі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы Б.Тоғаев, «Дәстүрлі кітапханалардың заманға сай өрістеуінің негізгі жолдары»- «Формат Е» мәдени даму оқу-әдістемелік орталығының ғылыми кеңесшісі Г.Қойшығұлова, «Фольклорлық музыкалық ансамбльдерінің инновациялық даму жолдары» - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Мәдени және әлеуметтік қызмет» кафедрасының аға оқытушысы Б.Мейірбеков, «Музей аясындағы рухани жаңғыру» - Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ақпараттандыру және жарнамалық қызмет секторының меңгерушісі Г.Лазар дәріс оқып, секциялық жұмыстар жүргізді.
Облыстағы мәдениет үйлерінің көркемдік жетекшілері, әдіскерлері (мәдени ұйымдастырушылар), ән-би ансамбльдерінің (фольклорлық топтың) музыка жетекшілері, ауылдық клуб меңгерушілері, халық театрларының режиссерлары, кітапхана, музей, кино қызметкерлері қатысып, өздеріне қажетті мағлұмат, әдістемелік нұсқаулықтар алды. Жоғары деңгейде өткен семинар тренингінің соңында 200-ге тарта қатысқан мамандарға "Format E” мәдени даму әдістемелік оқу орталығының арнайы сертификаты берілді.

«Бабалар ұлағаты - ұрпақ аманаты» әдеби дүрбі - интерактивті сабағы өтті

Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және оқырмандар мен өңір тұрғындары арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық мемлекеттік кітапханаларында бір мезгілде «Бабалар ұлағаты - ұрпақ аманаты» тақырыбында әдеби дүрбі форматында онлайн интерактивті сабақ өтті. Онлайн интерактивті сабақтың орталығы - Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітапхана жанына құрылған «Қаламгер» клубының мүшелері, оқырмандар, Тараз қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарының білімгерлері жиналды.
10 аудандық кітапханалар жүйелерінің оқырмандары, қызметкерлері мен өңір тұрғындары онлайн жүйесінде қатысты. Әдеби дүрбі өңір кітапханашыларының бүкіл облыс жұртшылығы, әсіресе жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатындағы акция ретінде жарияланып, Қазақстан патриоты ретінде сезінген кітапхана мамандары осы міндетті ауқымды жүзеге асыруды елі мен халқы, ата-бабалардың алдындағы парызы деп есептейді.
Іс-шара барысында Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушылары Бекболат Жұмабеков, Сұлтан Сәдуақасов, Абылай Нұрбосынов және М.Х.Дулати атындағы ТарМУ филология факультетінің 1 курс білімгері Юсуп Еламан офлайн режимінде қазақ халқының даналық сөздері мен өлеңдерін оқып, күйлері мен әндерін орындады.
Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас және Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің қызметкерлері онлайн байланысқа шығып, сол сәтте өздерінің кітапханаларында өтіп жатқан іс-шараларынан үзінді көрсетті.

Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында брифинг өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Рухани қазына» кіші бағдарламаның «Туған жер - туған ел» базалық бағдары бойынша кітапхана қызметіне енгізілген «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер. Жамбылская область: люди, события, факты» және «Тарихы терең, еңбегі ерен өлкелік басылымдар. Краеведческие издания, полные истории и доблестного труда» жобалары аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы өңір тұрғындарын кеңінен ақпараттандыру мақсатында брифинг ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: өңір тұрғындарын кітапханада жасақталып жатқан электронды дерекқорлары мен олардың мүмкіндіктері мен ресурстары туралы кеңінен ақпараттандыру, осы дерекқорларда жинақталған мағлұматтардың электронды нұсқалары оқырмандарға өңір тарихы, мәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуы, облыстан шыққан белгілі тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен батырлары туралы құнды ақпаратты сақтау, және оған жан-жақты әрі кең қолжетімділік қамтамасыз ететінін жеткізу болды. Іс-шараға «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамның Жамбыл облыстық филиалы, облыстық «Ақ жол», «Знамя труда», «Арай», Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газеттерінің өкілдері, өңірлік жобалар реестріне енгізілген кітапхананың «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер. Жамбылская область: люди, события, факты» және «Тарихы терең, еңбегі ерен өлкелік басылымдар. Краеведческие издания, полные истории и доблестного труда» жобалар аясында есепті жылы жүргізілген жұмыстарға сараптамалық бағасын беру мақсатта шақырылған мұрағаттанушы, журналист Мақұлбек Рысдәулет, кітапханада жинақталып жатқан электронды дерекқорлардың алғашқы пайдаланушылары - М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы, Тараз қаласы «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редактордың міндетін атқарушы Әбдиев Ерман Қалжанұлы, облыстық «Знамя труда» газеті әлеуметтік бөлімінің шолушысы Мельник Людмила Анатольевна, Тараз қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының білімгерлері қатысты. Брифинг спикері – Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы кітапхана жобалары кітап қорларын сақтау және қауіпсіздігі саласындағы жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, электронды немесе цифрлық коллекциялар жасау қызметінің басым бағыттарының бірі, және бұл жұмыс нәтижесінде кітапхана қорында сақтаулы өлкетану құжаттарына пайдаланушылардың қол жетімділігінің ұлғайуы негізінде қызмет көрсетудің тиімділігі мен жеделдігі арттырылып, Қазақстанның мәдени игіліктерінің бөлігі ретінде Тараз қаласы және Жамбыл облысындағы деректі мұралардың сақталуы қамтамасыз етілетінін жеткізді. Сонымен қатар, спикер кітапханалық жобаларды жүзеге асыру және оларды насихаттау жұмыстары жас ұрпақтың бойына туған жеріне деген сүйспеншілік сезімін арттыру, оларды өңірінің мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысуға баулу арқылы ұлтымыздың мәдени-генетикалық кодын сақтауға тікелей септік тигізетінін, бұл жұмыстардың мақсат-міндеттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер - туған ел» базалық бағдарының негізгі қағидалары мен Елбасы мақаласының бағытына тікелей сәйкес келетінін айтып өтті. Жоба эксперті мұрағаттанушы, журналист Мақұлбек Рысдәулет мұрағаттанушы, журналист Мақұлбек Рысдәулет, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы, Тараз қаласы «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редактордың міндетін атқарушы Әбдиев Ерман Қалжанұлы, облыстық «Знамя труда» газеті әлеуметтік бөлімінің шолушысы Мельник Людмила Анатольевна кітапханашылардың жобалар аясындағы жұмыстары газеттің мұрағатын сақтауға, оны қорғауға мүмкіндік беретініндігі мен цифрлы форматтағы газет сандары ел тарихын зерттеушілер үшін өте тиімді болатынын айта келе, өздерінің оң бағаларын берді.

КЕЛЕШЕКТІҢ КЕМЕЛ ЖАЗУЫ: латын әліпбиіндегі тарихи құжаттар

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», - деп атап көрсетті. Бұл ретте Жамбыл облысының мемлекеттік архиві ағымдағы жылдың 22-ші желтоқсанында сақтаудағы құжаттар негізінде «КЕЛЕШЕКТІҢ КЕМЕЛ ЖАЗУЫ: латын әліпбиіндегі тарихи құжаттар» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге түрлі тарихи фактілерді айғақтайтын құжаттар қойылды. Мәселен мұнда, 1935 жылы қазіргі педогогикалық коллеждің жұмыс істей бастауы туралы, латын әліпбиіне көшкен тұста сауатсыздықты жою жұмыстары бойынша мәліметтер бар. Бұл құжаттардан сол тұстың өзінде жаңа әліпбиге көшуде туындаған мәселелерді, оған қандай шешімдер ұсынғанын көреміз. Бірінші кезекте жаңа әліпбиге көшуде мұғалімдер даярлайтын арнайы курстарды ұйымдастырып, сауатсыздықты жою комиссияларын құрған. Бүгін де сол іс-шаралар жаңғырған күйде халыққа қайта оралуда. Осы орайда айта кететін жайт – ол архив қызметкерлерінің «универсалдығы». Архившілер латын қарпінде жазылған құжаттың бәрін жұмыс барысында танып, оқып келді. Енді бүгінгі күні Елбасының тапсырмасын орындауда еш қиналмайтыны анық. Латын қарпінде жазылған құжаттарды іріктеу барысында көзге бір хабарлама түсті. Онда Иосиф Сталиннің «Әйелдер колхозда үлкен күш» деп атап көрсетуі. Латын әліпбиіне көшкен тұста халық тарихында жаппай ұжымдастыру басталғанын білеміз. Ең қызығы, бұл құжаттан сол саяси кезеңде гендрлік саясат жүзеге асырыла бастағанын, халық арасында қолдау тапқанын аңғару қиын емес. Сонымен қатар, латын қарпінде жазылған тархи құжаттар арасында азаматтық хал актілерінің жазбалары, 1941 жылғы Сарысу аудандық «Социалистік шаруа» газетінің тігіндісі, 1934 жылғы Әулиеата аудандық газеттері, хат алмасылар, ережелер, жалпы айтқанда 1929-1940 жылдар аралығында қазақ тілінде жүргізілген түрлі құжаттаманы көре аламыз. Солардың қатарында қазақтың батыр ұлы Ыбрайым Сүлейменовтің майданнан өлеңдетіп жолдаған хаттары да бар. Іс-шараға Жамбыл облысының, Тараз қаласының және аудандық мемлекеттік архивтерінің директорлары мен архивистері қатысып, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева жүргізіп отырды. Дәл осы күні 1998 жылы Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат туралы» Заңы қабылданды. Бұл - Қазақстанның жаңа келбеттегі архив жұмысын қалыптастыруға және дамытуға негіз қалады. Сондықтан да бұл күнді еліміздің архившілері өздерінің төл мерекесі санайды. Бұл күн өткізіліп отырған іс-шарамен ұштастырыла отырып, іс-шара соңында жылды қорытындылаумен және марапаттаулармен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қабырғасына Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым бағыттары жазылған стенд ілінді. Мұнымен қоса стендінің оң жақ қанатында Жамбыл облысының киелі жерлер картасы орналасқан.

«Ғарыш әлемі – жаңғырық» атты көрме өтті

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында Тәуелсіздік күніне орай ағымдағы жылдың 15-желтоқсанында Жамбыл Облыстық Тарихи-өлкетану Музейінің көрме залында Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, графика өнерінің шебері Фатима Таразидің «Ғарыш әлемі- Жаңғырық» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Сембина, Қазақстан Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы Айдархан Сихаев, өнертанушы Ажар Дүйсебаева, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Гүлнұр Ембердиева қатысып, жиналған жұртышылыққа қылқалам шеберінің жетістіктері, өнер жолы жайлы баяндады. Сонымен қатар, Жамбыл облысынан шыққан белгілі суретшілер Генадий Тян, Қазым Аманқосов және тағы да басқа көркемсурет жанашырлары, бейнелеу өнеріне бей-жай қарамайтын Тараз тұрғындары қатысты. Бейнелеу өнерінің сырына қаныққан Фатима Таразидің есімі жалпақ жұртқа кеңінен таныс. Жерлесіміздің бейнелеу өнері саласында ойып алар өзіндік орны бар. Бұл өнерден бөлек дизайн саласын да дамытып жүрген жамбылдық қылқалам шеберінің қиялынан туған ғажап дүниелер Австрия, Германия, Болгария, Эфиопия, Иемен, Мексика, АҚШ секілді көптеген әлем елдерінде өткен халықаралық көрмелерге қойылып, жоғары бағасын алды. Көрмеде суретшінің графикалық 80-ге жуық туындысы ел назарына ұсынылды. Кеш барысында әлемге әйгілі «Манас» эпосы тақырыбында автолитография бағытында салынған графикалық туындыларының топтамасы да көрмеге келушілердің таңдайын қақтырды. Қазақтың салт-дәстүрін сурет бетінде қылқаламмен қайта тірілткен шебер қазақ фольклорын зерттеу үстінде. Сол арқылы қазақ ауыз әдебиетіндегі ең көне жанр – ертегіні қайта жандандыра түсті. Сондай-ақ, анимация, иллюстрация бағытындағы суреттерді салуда суретшінің қиял ұшқырлығы ұшан теңіз. Өнердің мұндай түрімен елімізде тек саусақпен санарлық адам айналысады. Осындай бірегей өнерімен танылған тараздық талант иесі бүгінде Әлемдік деңгейдегі суретші ретінде мойындалды.

«Ұлттық рухты жаңғыртудағы отандық фильмдердің рөлі» тақырыбында семинар өтті

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Тараз қаласындағы «Облыстық кино орталығында» Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлттық рухты жаңғыртудағы отандық фильмдердің рөлі» атты облыстық семинары болып өтті. Оған облысымызға қарасты он аудандағы «Зерде» бейнемобиль жылжымалы клубтары мен «Сұлутөр» және «Авангард» кино театрларының меңгерушілері қатысты. Шара аудандардағы «Зерде» бейнемобиль жылжымалы клубтарының өзара байланысын жақсарту, «Зерде» бейнемобиль жылжымалы клуб меңгерушілерінің кәсіби біліктілігін арттыру, сала жұмысында кездесетін өзекті мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын пайдалануда өзара тәжірибе алмасу, алда атқарылар жұмыстардың бағытын белгілеп алу мақсатында өтті. Семинарды алғысөзбен бастаған Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев ұлттық рухты жаңғыртуда мәдениет қызметкерлерінің, әсіресе, отандық фильмдерді насихаттап жүрген «Зерде» бейнемобиль жылжымалы клубтарының алар орны ерекше екендігіне тоқталып, алда атқарылуы қажет шараларды айтып өтті. Семинар барысында қатысушылар назарына ұсынылған «Орталықтың бір күні» атты деректі фильмде «Облыстық кино орталығының» бір күндік жұмыс барысы қамтып алынып, отандық фильмдерді насихаттауда басты назарға алынуы керек тұстар көрсетілді. Семинарда оқылған «Облыстық кино орталығының» директоры Сайлаубек Лесбаев «Ұлттық рухты жаңғыртудағы отандық фильмдердің рөлі», Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлутөр» кинотеатрының меңгерушісі Сатыпалды Бердеков «Кино және көрермен», Шу ауданы «Зерде» бейнемобиль жылжымалы клубының меңгерушісі Жанат Ескараева «Шалғай ауыл тұрғындарына отандық фильмдерді насихаттаудың бүгінгі жағдайы», Талас ауданы «Зерде» бейнемобиль жылжымалы клубының меңгерушісі Ербол Наршаұлы «Отандық фильмдерді насихаттауда жаңаша әдістерден пайдалану» атты баяндамаларында бүгінгі қазақ киносының тынысы мен оны дамыту жолында атқарылуы тиіс бірқатар мәселелер көтерілді. Семинарда жарыс сөзге шыққан бір топ қатысушылар оқылған баяндамалар мен онда ұсынылған роликтерге жоғары баға берді. Семинар соңында отандық фильмдерді насихаттауда ерекше белсенділік танытқан бірнеше қызметкерлер Жамбыл облыстық әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Облыстық кино орталығының» Алғыс хаттарымен марапатталды.

Латын әліпбиі турасында жиын өтті

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ТарМУ-нің магистранттары арасында «Латын әліпбиі қазақ тілінің тынысын кеңейтеді» тақырыбында ой толғам өтті.

Ой талқыға М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің доценті,тарих ғылымдарының кандидаты С. Бақторазов шақырылып, баяндама жасау барысында латын әліпбиінің тарихына тоқталды. Сонымен қатар, ТарМУ-нің аға оқытушысы А.Көбесова «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаға шолу жасады.

Қос өңір ақындары арасында жолдастық кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 8-ші желтоқсаны күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ТИГУ-дың спорт кешенінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының айтыс ақындарының арасында «Ақынға парыз көп ойлау, артық та етпес доп ойнау» атты кіші футболдан жолдастық кездесу өтті. Елбасының мақаласында көзделген тапсырмаларды жүзеге асыру, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының айтыс ақындарының арасында шығармашылық байланыс орнату, өзара тәжірибе алмасу, Тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығы туралы мағлұмат беру мақсатында өткен спорттық шараға қос өңірдің республикаға белгілі Бекарыс Шойбеков, Біржан Байтуов, Даурен Ақсақалов, Ербол Қамбатыров, Нұрлыбек Құрманов, Әсет Дүйсебаев сынды бірқатар азулы ақындар қатысты. Бағдарлама бойынша оңтүстіктің ақындарын «Руханият» орталығының қызметкерлері мен ұйымдастырушылар «Қазақ хандығы» монументінің қасында күтіп алды. Одан әрі ақындар «Руханият» орталығымен танысты. Спорттық шара басқарма басшысының орынбасары Зүбайра Жарқынқызының құттықтау сөзімен басталды. Өз сөзінде Зүбайра Жарқынқы ақындар арасындағы спорттық байланыс жастарды салауатты өмір сүруге шақырудың ерекше тәсілі екенін, жастар осындай тұлғалардан өнеге алып өсетінін атап өтті. Жолдастық кездесу қызу әрі тартысты өтіп, жанкүйерлер қолдауларын аямады. Нәтижесінде алаң иелері қонақ командаға 5-3 есебінде есе жіберді. Қағаз бетінде қалам жүгіртіп, аламан айтыста сөзден өрнек салған ақындар осылайша бақтарын футбол алаңында сынады. Қос командаға спорттық шараға белсене қатысқандары үшін басқарма басшысының алғыс хаты мен сыйлыққа белгілі журналист Оралхан Дәуіттің «Ақ самаурын» кітабы табысталды. Олжалы қайтқан шымкенттік ақындар шараны ұйымдастырушыларға ерекше ықыластарын білдірді.

«Естен кетпес есті әндер» атты ретро концерт өтті

Үстіміздегі жылдың 7-ші желтоқсанында «Баласағұн» ОКЗ-да еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының аясында, Астана қаласының 20 жылдығына орайластырылған Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл облыстық филармониясы «Ескірмеген есті әндер» атты ретро ән кешін ұйымдастырды. Концерт шымылдығы Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің орындауындағы «Венгер биі» шығармасымен ашылып, ҚР Мәдениет қайраткері Рәзия Мадыханованың орындауындағы Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнімен, Қазақстанның Мәдениет саласының үздігі Жанатек Кәдіровтың орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әнімен, Индира Хамзина, Әділет Әбдікерімов, Фариза Досболова, Жанатбек Кәдіровтердің орындауында «Құстар әні» әндерімен кеш шырайы қыза түсті. Концерт барысында көрермендер ішінен сүйікті ретро әндерін, Шәмші Қалдаяқовтың бірнеше шығармаларын орындаған қонақтар да болып, жалпы жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, бұл кештің Қазақстандық ретро ән кештеріне ұқсамайтын тұсы концертте Анны Германның «Эхо любви», Владимир Матецкийдің «Луна, луна», Консуэло Веласкес Торестің «Вésame mucho» сынды бірнеше Ресей, шетел әндері орындалды. Сондай-ақ, ескірмейтін есті әндер қатарында Кеңес Дүйсекеевтің «Өмір-өмір», Теміржан Базарбаевтың «Қаздар қайтып барады», Мұрат Құсайыновтың «Қуанышым менің», Ескендір Хасанғалиевтың «Гүл сезім, тағы да басқа әуезді әндері орындалып, көрермен жүрегін тәтті мұңға, сағынышты сазға бөлей түсті.

«Бір кітапты бір мерзімде оқу» акциясы өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жас ұрпаққа насихаттау, оны жүзеге асыру, жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылдың 7-ші желтоқсанында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің мәжіліс залында «Туған жер» жобасының «Туған жер – туған ел» базалық бағытындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында «Бір кітапты бір мерзімде оқу» (С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы) акциясы өткізілді. Акцияға филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқытушысы – Әбілов Меңдібай Әбілұлы, №12, 39, 53 мектеп-гимназияларының және А.Гайдар атындағы №35 мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Шара барысында жиналған қауымға акцияның бағдарламасына сәйкес Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, «100 кітап» жобасы туралы айтылды. Шараны филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқытушысы – Әбілов Меңдібай Әбілұлы ашып, оқырмандарға болашақ білімді және бәсекеге қабілетті жастардың қолында екендігі, еліміздің өсіп-өркендеуі мен қарыштап дамуына үлес қосу үшін кітапты көп оқып, өзімізді-өзіміз жетілдіріп отыруымыз керектігі жайында сөз қозғады. Акция «Қамар сұлу» романына қысқаша түсініктеме жасаумен басталып, оқырмандар роман желісімен танысты. Шараға қатысушы оқырмандар роман үзінділерін кезекпен дауыстап оқып, кітапхана қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Романдағы Қамар бейнесін қазіргі әйел адамының қоғамдағы рөлімен салыстыруға бола ма?» деген сұрақ бойынша пікір алмасты.Роман бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздарына сөз беріліп, әрқайсысы өз ой-пікірлерін білдірді. Акцияға байланысты «Рухани жаңғыру – болашаққа жарқын жол!» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге 70 дана кітаптар қойылып, шараға 155 оқырман қатысты.

«Туған жер» жобасының «Туған жер – туған ел» базалық бағытындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында «Бір кітапты бір мерзімде оқу» акциясы өткізілді

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Аталған бағдарламаны жас ұрпаққа насихаттау, оны жүзеге асыру, жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу мақсатында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жер» жобасының «Туған жер – туған ел» базалық бағытындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында «Бір кітапты бір мерзімде оқу» (С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы) акциясы өткізілді.

Акцияға филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқытушысы – Әбілов Меңдібай Әбілұлы, №12, 39, 53 мектеп-гимназияларының және А.Гайдар атындағы №35 мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында жиналған қауымға акцияның бағдарламасына сәйкес Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, «100 кітап» жобасы туралы айтылды. Шараны филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқытушысы – Әбілов Меңдібай Әбілұлы ашып, оқырмандарға болашақ білімді және бәсекеге қабілетті жастардың қолында екендігі, еліміздің өсіп-өркендеуі мен қарыштап дамуына үлес қосу үшін кітапты көп оқып, өзімізді-өзіміз жетілдіріп отыруымыз керектігі жайында сөз қозғады.

Акция «Қамар сұлу» романына қысқаша түсініктеме жасаумен басталып, оқырмандар роман желісімен танысты.

Іс-шараға қатысушы оқырмандар роман үзінділерін кезекпен дауыстап оқып, кітапхана қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Романдағы Қамар бейнесін қазіргі әйел адамының қоғамдағы рөлімен салыстыруға бола ма?» деген сұрақ бойынша пікір алмасты.

Роман бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздарына сөз беріліп, әрқайсысы өз ой-пікірлерін білдірді.

Акцияға байланысты «Рухани жаңғыру – болашаққа жарқын жол!» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру [Мәтін] / Н.Назарбаев. - Астана, 2017. - 55 б., Торайғыров С. Қамар сұлу [Мәтін] /С.Торайғыров. - Алматы: Атамұра, 2002. - 240 б., Торайғыров С. Дүние дөңгелегі айналады. Таңдамалы [Мәтін] / С.Торайғыров. - Алматы: Халықаралық Абай клубы, 2009. - 356 б., Торайғыров С. Асыл сөз. Өлеңдер мен дастандар [Мәтін] / С.Торайғыров. - Алматы: ҚАЗақпарат, 2005. - 117 б., Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры [Мәтін] / С.Торайғыров. - Алматы: Жазушы, 1987. - 160 б. кітаптары қойылды.

Тиімділігі: Іс-шараға 155 оқырман қатысып, кітап көрмесіне 70 дана әдебиет қойылды.

«БІР ОТАН! БІР ТАҒДЫР! БІР ЕЛБАСЫ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Үстіміздегі жылдың 29-қарашасында «Баласағұн» ОКЗ-да Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, халық шығармашылығы орталығы, облыстық филармонияның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» атты облыс өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасы өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін мерекелеу. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ілгерілету мақсатында игі шара арқылы облыс өнерпаздарының қанатына серпіліс беріп, өнерін облыс жұртшылығына кеңінен насихаттау, таныту мақсатында өткен шараға облыс жұртшылығы арнайы келіп, өнерпаздарға қошемет көрсетті. Концерт 15 минуттық Елбасы туралы деректі фильммен басталып, «Әдемі ау» халықтық би ансамблінің «Әдемі-ау» биімен, Елбасының сүйіп орындайтын қазақ әндерінің ән-шашуымен жалғасын тапты. Сондай-ақ бағдарламада «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Меркі әуендері» фольклорлық этнографиялық тобы, «Ақкербез» би ансамблі, «Балауса» балдық би тобы және Қазақстанның Мәдениет қайраткері Анна Вундер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Оңал Азаматова, Мадина Сағынбекова, Асель Уашева, Шу ауданынан Айгүл Махашева, Мадияр Шалабаев, Ербосын Қасымбеков сынды тағы да басқа өнер шеберлерінің әндері мен шығармалары орындалды. Орталық концерт залының фойесінде «Ұлы даланың ұлы перзенті» атты Елбасының еңбектері мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы қалам қозғаған белгілі авторлардың кітаптары, облыстық кітапханалардың кітап қорындағы 1000 данаға жуық басылымдармен қамтылған экспозиция қонақтардың назарына ұсынылды. Мұнымен қоса «Тәуелсіздік туы астында» атты кітап инсталляциясы және «Елбасы. Ел бірлігі. Ел сенімі», «Ұлт мақтанышы – Елбасы», «Ерен Елбасы – кемел көшбасшысы», «Ел тірегі – Елбасы», «Елбасы әлемі: Тұлға. Саясаткер. Жасампаз», «Елбасы: «Нұрлы жол», «Мәңгілік ел», «Елбасы – ел мақтанышы, ел тірегі» атты тараулардан тұратын кітап көрмесі жасақталды. Сондай-ақ, көрермендер Елбасының тағылымды ғұмырын әспеттейтін «Өмір өткелдері», «Суреттер сыр шертеді» тақырыбындағы фотокөрмені тамашалады.

Аймақтың киелі жерлері таныстырылды

Таразда ағымдағы жылдың 27-28 қараша аралығында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көзделген мақсаттарды жүзеге асыру бағытында Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының тарихи мəдени ескерткіштерді қорғау жəне қалпына келтіру дирекциясының ұйымдастыруымен «Əулиеатаның киелі жерлері» атты экспедициясы өтті. Экспедицияға «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы бойынша республиканың барлық аймағын аралап жүрген «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығының басшысы Берік Əбдіғалиұлы, белгілі саясаттанушы,журналист, қоғам қайраткері Əміржан Қосанов, мемлекет жəне қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарым қатысты. Экспедиция аясында шақырылған қонақтардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, басқарма басшысы, мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің басшылары қатысып, Тараздың тарихи және киелі орындары туралы түрлі зерттеулерді зерделеді. Дөңгелек үстелден соң қонақтар арнайы брифингке қатысып журналистердің «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы бойынша сауалдарына жауап берді. Келесі күні арнайы келген меймандар Тараздың жұмбаққа толы Ақыртас тарихи кешенін, Айша бибі, Қарахан кесенелерін аралап, тарихи орындардың ерекшеліктерімен танысты.

«Қазақ әдебиетінің арқары»
бренд-автор-шоу кеші
жазушы Несіпбек Дәутайұлымен кездесу

Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру аясында «Қазақ әдебиетінің арқары» атты бренд-автор-шоу кеші өтті.

Кеш «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Қазақ әдебиеті» газетінің проза жанры бойынша сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі және Астананың 10 жылдығына арналған медальдардың иегері, Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің жеңімпазы, жазушы Несіпбек Дәутайұлының 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Мазмұнды кездесуге кештің кейіпкері Несіпбек Дәутайұлымен қатар ағаның ізбасарлары «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, ақын Хамит Есаман, «Ақ жол» газетінің бөлім бастығы, ақын Табиғат Абаилдаев, «Арай» газетінің бөлім бастығы, ақын Нұржан Қадірәлі, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер, және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы Арайлы Жақсылық және Тараз қаласының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының білімгерлері қатысты.

Айнұр Бақыт, Бейбарыс-Сұлтан Өміртай есімді жас ақындар Несіпбек Дәутайұлының шығармашылық тұлғасына арналған арнау өлеңдерін оқыды. Ағаларының әуезді әңгімесін тыңдаған жас ақындар да өз туындыларын оқып. Кездесу соңында Шохан Уалиханов атындағы облыстық кітапхананың басшысы Эльмира Елеусізқызы сөз алып, жазушыға ыстық лебізін білдірді. Сонымен қатар кітапхана ұжымы Несіпбек Дәутайұлына оқырман қауымның алғысын жеткізді.

Таразда мәдениет қайраткері Ержан Рысметовтың кеші өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына үн қосу, бойымызға ұлттық рух беретін қазақтың күй, саз өнерін насихаттау, кеш иесінің шығармашылық жетістігін паш ету мақсатында қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің әртісі, ҚР Мәдениет қайраткері Ержан Рысметов Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала күйлері» атты шығармашылық кешін өткізді.

Концерт барысында кеш иесі Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі және фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен, сондай-ақ жеке орындауда төл туындыларын, қазақ композиторларының күмбірлеген күйлерін тарту етті.

Концертке ҚР еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Дүйсенбек Өмірәлиев, дәстүрлі әнші Қарлығаш Жамбаева, күйші Талғат Орынтаев, Қазақстанның Мәдениет саласының үздігі қобызшы Сәуле Маманова және шәкірттері мен «Томирис» бишілер ансамблі қатысты.

Тараз төрінде сазгер Дүйсенәлі Бықыбаевтың әндері әуеледі

Бүгін Тараз қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ілгерілету мақсатында, «Туған жерге туыңды тік!» акциясы аясында сазгер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаевтың «Ән – ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті.

Концерт шымылдығы Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің орындауында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мұхтар Рахманқұловтың дирижерлығымен кеш иесінің "Бабалар рухы" күйімен ашылды. Қазақтың əн əлемінің алтын қазынасын өзінің сыршыл да əуезді туындыларымен толықтырып жүрген сазгердің шығармаларын облысымызға, республикаға белгілі Айгүл Мақашева, Жанатбек Кəрібаев, Оңал Азаматова, Ғани Мəтебаев, Маралбек Бабақұлов, Нұрлан Əмірбетов, Мадина Сағымбекова, Жанна Асанқұлова, Əсел Уашева, Мейіржан Самылтыров, Қайсар Көкішев сынды әншілер нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ, əн кешіне елімізге белгілі эстрада жұлдыздары Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров, Əділ Сламхан мен Дана Махамбаева, "Астана" квартеті, "Алатау" триосы, Қайнар Қатбай арнайы қатысты.

Дүйсенəлі Бықыбаев лирик сазгер ретінде əншілер мен композиторлар қауымының арасында үлкен сый мен құрметке ие. Күллі қазақ даласына əуелей жеткен əндерін қазіргі таңда бірталай эстрада жұлдыздары орындап, тыңдарман қауымның құлақ құрышын қандырып жүр. Кеште көрермен назарына облыстық қазақ драма театрының əртістері "Əн-ғұмыр" атты компоизициялық қойылым ұсынды. Қойылым барысында Дүйсенəлі Бықыбаев өзінің рухани ұстазы саналатын белгілі композитор Мэлс Өзбековтың "Келші, Құланға" атты танымал əнін сахна төрінде көрермен халыққа арнайы орындап берді.

Концерт соңында Досымжан Таңатаров кеш иесінің əніне, белгілі ақын Ғайни Əлімбекқызының өлеңіне жазылған "Қаздар қайтып барады" атты жаңа əннің тұсауын кесті. Өз сөзінде эстрада жұлдызы орындалған əн Дүйсенəлі Дыбысалыұлымен творчестволық байланысты жаңғыртқан туынды екенін тілге тиек етті. Əуезді əн кеші бір топ əншінің орындауында Дүйсенəлі Дысыбалыұлының "Жаса мəңгі Астана" атты əнімен рухты нотада аяқталды. Шара соңында кештің басты кейіпкеріне Жамбыл облысы әкімінің ықылас гүлі табысталды.

«Үміт қанатында» фестивалі зағип жандардың жұлдызын жақты

Ағымдағы жылдың 21-қарашасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен зағип оқырмандарды мәдени-әлеуметтік сауықтыра отырып, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру мақсатында облыстық драма театр ғимаратында «Үміт қанатында» облыстық фестивалі өтті.

Фестивальға «Мен әлемді жүрегіммен сеземін» еркін тақырыптағы эстрада әндерін орындау, «Жүректен шыққан жырларым - туған өлкеме» - авторлық шығарма, «Көк тудың желбірегені» - өлең оқу, «Музыка өрнегі» - аспапта орындаушылар, «Біз жасаған бұйымдар» - қолөнер номинациялары бойынша барлығы 23 үміткер бақ сынады.

Аталған өнер сайысына Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының орынбасары, қазылар алқасының төрайымы – Сембина Зүбайра Жарқынқызы, Жамбыл Жабаев атындағы «Руханият» орталығының меңгерушісі - Ахметжан Өзбеков Орынбасарұлы, ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, облыстық филармония әншісі – Мәдіханова Рәзия, Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының мәдени ұйымдастырушысы Рәзия Есенбекова Ахатқызы, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тараз» коорпоративтік қорының орынбасары Джамаева Алмаш Тұрлұханқызы төрелік етті. Фестивальға Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері, «Болашақ» мектеп-интернатының мұғалімдері мен оқушылары, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Өздерінің физикалық мүмкіндігіне қарамастан өнерлерін ортаға салып, жүрек түкпіріндегі асқақ армандарын халық алдында паш еткен өнерпаздар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жарық әлемнің әппақ нұрына бойларына біткен ерекше таланты арқылы бөленіп жүрген зағип жандар осылайша өнер байқауында бақ сынап, барлық номинациялар бойынша үздіктер қатарынан көрінді.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында сазгер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Дүйсенәлі Бықыбаевтың «Ән - ғұмыр» атты шығармашылық кешінің
БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ

Өтетін орны: «Баласағұн» ОКЗ

Өтетін мерзімі: 2017 жылғы 24 қараша сағат 18-00

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ілгерілету мақсатында «Туған жерге туыңды тік!» жобасы аясында, халық арасындағы танымал Саят Медеуовтың орындауындағы «Еліктей ерке қыз», Досымжан Таңатаровтың орындауындағы «Біз екеуміз» атты әндерінің және өзге де эстрадамызға танымал әндердің авторы, сазгер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Дүйсенәлі Бықыбаевтың «Ән - ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтеді. Белгілі сазгердің шығармашылығын, әндерін жамбылдық жұртшылыққа паш етіп, өскелең ұрпаққа ән өнерінің қадір-қасиетін ұғындыру мақсатында өтіп жатқан шығармашылық кеште композитордың ең таңдаулы әндері орындалмақ.

Кеш қонақтары: облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов, басқарма басшылары, ардагерлер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, облыс жұртшылығы.

Қайырымдылық шарасы ретінде өтетін концертте белгілі эстрада жұлдыздары Досымжан Таңатаров, Саят Медеуов, Әділ мен Дана, Гүлнұр Өмірбаева, «Аламан», «Астана» топтары, Айгүл Мақашева және облысымызға белгілі өнер иелері мен шығрамашыл ұжымдар кеш иесінің авторлық әндерін орындайды.

Сонымен қатар, кеш барысында Д.Бықыбаевтың «Ән - ғұмыр» атты кітабының және альбом-дискісінің тұсаукесері өтеді.

«Оқырмандармен жұмыс барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын оқырмандарға түсіндірудің жаңа әдістері мен белсенді қағидалары» аймақтық семинар тренинг

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2017 жылдың 09-10 қараша күндері Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру, өңір кітапханашыларын жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерге, қайраттылық пен жігерлілікке бағыт алып, машықтау жұмыстарын жүргізу мақсатында «Оқырмандармен жұмыс барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын түсіндірудің жаңа әдістері мен белсенді қағидалары» тақырыбында екі күндік аймақтық семинар тренинг ұйымдастырды.

Семинар тренингтің мақсаты - Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары аясында Жамбыл облысының мемлекеттік кітапханалар жүйесі мамандарының міндеттерін айшықтау, кәсіби дағдылармен алмасу, біліктілікті арттыру, кітапханалар қызметінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгеру, ауыл кітапханашыларының жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерге, қайраттылық пен жігерлілікке бағыттап, машықтау арқылы өңірдегі кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастырып, дамыту болды.

Бағдарламаға сәйкес Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Талас, Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің қызметкерлерінің Жамбыл ауданында, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай және Мойынқұм аудандарының кітапханашылары Меркі ауданы, Ақарал ауылдық мәдениет үйінде жиналды.

Жамбыл ауданында өткен семинардың бірінші жұмыс күні жақында ғана ашылған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі web-сайтының тұсаукесерінен бастау алды. Ал екінші күні қатысушылар Меркі ауданы Ақарал ауылдық кітапханасы жұмысымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Екі күндік жұмыс барысында кітапхана саласының мамандары өздерінің Елбасы ұсынған рухани жаңғыру идеясын жүзеге асырылуына белсене атсалысу, Мемлекет басшысы мақаласының негізгі бағыттары аясында міндеттерін айшықтау, қызметтерінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгерумен қатар аталмыш мақаланың негізгі бағыттарын оқырмандарға түсіндірудің жаңа әдістері мен белсенді қағидаларын игеру мәселелерін талқылап, арнайы шақырылған «Өрлеу» БАҰ БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының психологиялық ойындарды өткізу тренерлері, «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Тойганбекова Шынар Малимбайқызы мен осы кафедраның аға оқытушысы Джаксылыкова Үміт Сауқымбекқызы ұсынған «Корпоративтік мәдениеттің элементтері мен нышандары» арнайы тренингке белсене қатысты.













"РУХЫҢДЫ ҰЛЫҚТА" АКЦИЯСЫ ОБЛЫС АУДАНДАРЫНДА

2017 жылғы 7 қараша күні Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының аясында Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасы мен Жастар саясаты мəселелері басқармасы бірлесіп «Рухыңды ұлықта» атты акциясын ұйымдастырды.

Аталған шараның мақсаты - әрбір Қазақстан азаматының санасын рухани жаңғырту, тұрғындардың, әсіресе өскелең ұрпақты туған жерін сүюге және патриоттық рухта тәрбиелеуге айрықша ынтамен атсалысу, тұрғындарға, жастарға ұлттық деңгейдегі өзекті мәселе - рухани мұраны дәріптеу, жалпы ұлттық қызығушылықты ояту, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығы туралы мағлұмат беру, келушілердің қызығушылығын арттыру.

Акцияға қатысушы спикерлерді Руханият орталығында бір топ белсенді жастар мен Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенəлі Бықыбаев жəне мәдениет қызметкерлері салтанатты түрде шығарып салды.

Акция Байзақ ауданынан бастау алды.

Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының меңгерушісі Ахметжан Өзбеков іс-шараның мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.

Мазмұнды шараға облыстық кино орталығы директорының міндетін атқарушы Сайлаубек Лесбаев, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейсекүл Исматова, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының экскурсоводы Айніл Əбуəлі, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы Арайлым Абдуалиева, жас ақын Арайлы Жақсылық белсене қатысты.

Іс-шара барысында спикерлер Жамбыл атындағы "Руханият" орталығының жұмысы, 100 жаңа есім жобасы туралы баяндап, жастарға ұлттық тәрбие беру бағытында өз ойларын ортаға салып, әлеуметтік тақырыптарда бейнероликтер көрсетті. Акция Ескендір Хасанғалиевтің танымал "Атамекен" əнімен қорытындыланды.

«Рухыңды ұлықта» атты акциясы Тұрар Рысқұлов ауданында жалғасып, аудан жастары, ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындарының қолдауын тапты.

Акция барлық барлық аудандарында өтеді.

«Латын әліпбиіне көшу: мәселелері мен болашағы»
дөңгелек үстел өтті

2017 жылғы 25 қазанда Шохан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу: мәселелері мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының орынбасары А.Асқарбеков, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы А.Қайназарова, ТИГУ-дің Түркітану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, ф.ғ. докторы, профессор Қ.К.Малгаздаров, ТарМПИ доценті, ф.ғ. кандидаты Г.М.Қарынбаева, Мемлекеттік тілді дамыту орталығының аға оқу әдіскері А.Ж.Алишева және қалалық орта мектептері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Жиынға жиналғандар латын қарпіне біртіндеп көшудің негізгі сұрақтары мен мәселелерін қызу талқылап, болашағы мен басымдықтарын анықтауға тырысты.

«Рухани жаңғыру аясындағы кітапханалар міндеті» атты облыстық онлайн семинар өтті

Үстіміздегі жылдың 1 қараша күні Шохан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары аясында Жамбыл облысының мемлекеттік кітапханалар жүйесі мамандарының міндеттерін айшықтау, кәсіби дағдылармен алмасу, біліктілікті арттыру, кітапханалар қызметінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгеру, ауыл кітапханашыларының жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерге, қайраттылық пен жігерлілікке бағыттап, машықтау арқылы өңірдегі кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастырып, дамыту мақсатында «Рухани жаңғыру аясындағы кітапханалар міндеті» тақырыбында облыстық, аудандық кітапханалар қызметкерлерінің қатысуымен облыстық онлайн семинар өтті.

Іс-шараға онлайн жүйесінде өңірдің 10 аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің қызметкерлері, ауыл кітапханашылары қатысты.

Семинар барысында қоғамның мәдени дамуының формацияларына негізделген кітапхана қызметі аясында кітапханашылар ой бөлісіп, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының психологиялық ойындарды өткізу тренерлері, «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, асс/профессор Тойганбекова Шынар Малимбайқызы мен аталмыш оқу орнының аға оқытушысы Джаксылыкова Үміт Сауқымбекқызы «Кәсіби шеберлікті шыңдау жолы» тақырыбында арнайы тренинг өткізді.

«Ашық қоғамға - ашық архивтер» тақырыбындағы
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің
Жамбыл облысындағы күндері

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Өтетін уақыты мен мекенжайы:
1 қараша 2017 ж., сағ.: 9.30
Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 7
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғимараты
ҚР Тұңғыш Президенті мәжіліс залы, 4-қабат.
2 қараша - Тараз қаласының мемлекеттік архиві
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті Архиві, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
2017 жылдың 1, 2 қараша күндері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Президенті Архиві мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениетғ архивтер және құжатама басқармасының ұйымдастыруымен «Ашық қоғамға- ашық архивтер» атты Жамбыл облысында ҚР Президенті архивінің күндері өтті.
Іс-шараға Б.Ә.Жапаров - Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры; А.Сейсенбаева - ҚР Президенті Архивінің ақпараттық-әдістемелік қызметі басқармасының бас сарапшысы; М.Жылгелдинов - ҚР Президенті Архивінің ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану басқармасының басшысы, бас сарапшы; Г.Бекишева - ҚР Президенті Архивінің мемлекеттік есепті қамтамасыз ету, құжаттарды жинақтау, сақтау басқармасының басшысы; Д.Бықыбаев - Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы; С.Мадиева - Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары; Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасының, Сарыағаш, Созақ аудандарының мемлекеттік архивтерінің өкілдері, Жамбыл облысының, Тараз қаласының және аудандық архивтердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.
Архив күндері М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің фойесінде ҚР Президенті Архивінің сирек кездесетін құнды архивтік құжаттардан жасқаталған көрмесімен басталды. Көрмеге 1920 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы бойынша бірегей құжаттар қойылған. Көрмедегі өткен ғасырдың 20 жылдарындағы қазақ тілінің латын графикасын жүзесе асыру туралы құжаттарға аса көңіл бөлінді.
Семинардың салтанатты ашылуында Борис Әлікенұлы Жапаров бұл аталмыш күндерді ұйымдастыру, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді іске асыруға, оның ішінде Қазақстанның архивтерін жаңғыртуға, олардың бәсекелік қабілеттілігін дамыту және еліміздің архив саласыдағы еңбек ресурстарының сапасын көтеруге бағытталғанын ерекше атап өтті.
Іс-шараның ашылу рәсімінде Тараз қаласы атауының өзгеру тарихы туралы мағлұматтарды қамтитын ҚР Президенті Архивінің қорларындағы архивтік құжаттар көшірмелерін тапсыру сәті орын алды.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Архиві мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы арасындағы Ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. Келісім мақсаты- бірлескен жобаларды іске асыру, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, құжаттық көрмелерді ұйымдастыруды өткізу, кеңес беру және ақпараттық қызметтер көрсету, электрондық архив құру, зерттеу жобаларын өткізу (Қазақстандағы 1930 жылдардағы ашаршылық: құжаттар және фактілер», «Қазақстандық әскери тұтқындар», Қазақстан халқының интерактивті картасы т.б.) және т.б.
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ұжымы архивтік жұмыстар бойынша шеберлік сағаттарын жүргізді: құжаттардың мемлекеттік есебін жүргізу, олардың сақталуын қамтамасыз ету, жинақтау, ғылыми-анықтамалық аппарат құру, сұраныстарды орындау, құжат жинақтарын әзірлеу және т.б.
Оған қоса, ғылыми-анықтамалық аппаратты қолдану және жетілдіру сұрақтары бойынша әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарда өлкетанушы, жазушы, журналист, архив ісі саласының ардагері Мақұлбек Қайыпбекұлы Рысдәулет те сөз алды. Семинарға қатысушылардың тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға ҚР Президенті Архивінің ағымдағы қызметі бойынша толық нақты жауаптар берілді.
2 қарашада Тараз қаласының мемлекеттік архивінде семинардың жалғасы өтті.
Екінші күнгі семинарда «Электрондық архив» атты бейне таныстырылымнан басталып, электрондық архив бойынша мамандардың шеберлік сағаттарымен жалғасын тапты.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде арнайы брифинг ұйымдастырылды. Мұнда Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Б.Ә.Жапаров Президенті Архивінің қызметі мен ұйымдастырылған шаралар жөнінде мәлімет берсе, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары С.Мадиева Жамбыл облысындағы архив саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар, қонақтар Жамбыл облысы мен Тараз қаласының мемлекеттік архивтерінің жұмыстарымен, облыстық архивте ұйымдастырылған арнайы көрмемен таныстырылды.
Тараз қаласының мәдени көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында қонақтарға «Руханият» облыстық орталығына және «Көне Тараз» музейіне саяхат ұйымдастырылды.

2017 жылғы 24 қазанда облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру туралы» өткен брифингте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысында атқарылып отырған жұмыстарды атап өтті. Өткен жылы ұлт Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен қазақ халқының ұлы ақыны Ж.Жабаевтың 170 жылдығына орай Жамбыл атындағы «Руханият» орталығы ашылды. Биыл 308,0 млн. теңгеге «Баласағұн» орталық концерт залының сыртына күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. «Рухани қазына» кіші бағдарламасына мәдениет саласы бойынша 27 жоба енгізіліп, «Туған жер» жобасына – 25 жоба, «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасына – 1 жоба, «Заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасына – 1 жоба ұсынылды. Қазақстанның сакралды картасының тізіміне Жамбыл облысынан 8 тарихи-мәдени нысандар енгізілді. Сәулет ескерткіштері: Тектұрмас кесенесі ХІV ғ., Қарахан кесенесі ХІІ ғ., Айша бибі мазары ХІ-ХІІ ғғ., Бабажы Хатун мазары Х-ХІ ғғ., Байзақ батыр Мәмбетұлының кесенесі; Археологиялық ескерткіштер: Ақыртас сарай-кешені VІІІ - ІХ ғғ., «Ежелгі Тараз қалашығы» І-ХІХ ғғ, «Меркі-Жайсан ғұрыптық кешені». Облыста туристік кластерді дамыту мен туристерді өңірге тарту мақсатында академик «К.И.Скрябиннің үй-мұражайы» мен Қарахан кесенесі жанында орналасқан «Ортағасырлық мешіт» қайта қалпына келтіріліп, ортағасырлық Ақыртас кешені қайта жаңғыртылып оған баратын жол жөнделді. Биылғы жылы Бектөбе (7,0 млн), Георгиевск (5,0 млн.), Тамды (7,0 млн.), Саудакент (5,0 млн.) қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Алдағы жылдары осы нысандарға консервация, музеефикациялау жұмыстарын жүргізу және микросакралдық нысандарға енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Облыстық жобалық офиске жаңадан «Шу өзені аңғарындағы түркілердің киелі ескерткіштері» атты жобасы ұсынылып, өз деңгейінде зерттелмеген, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін Жамбыл облысы, Шу өзенінің аңғарында және Меркі елді мекенінен 37 шақырым қашықтықта орналасқан Меркі-Жайсан ескерткіштерінің бұған дейін ашылмаған құпиялары мен сырларын ұғуға бағытталатын болады. Жоба аясында шет елдік және отандық тюрколог мамандарды тарту Такаши Осава (Жапония), Боталов Сергей (Ресей), Максим Мордовин (Венгрия), Баян Тотев (Болгария), Бекир Дениз және Омер Займоглуларды (Түркия) тарту көзделіп отыр. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Меркі аудандық музейіне Халықаралық Карл Фаберже орденінің иегері, зергер Б.Әлібай музей қорына қымбат бағаланатын зергерлік бұйымдар топтамасын сыйға тартты. М.Ыбыраев, Д.Таңатаров, С.Медеуов, т.б. өнер жұлдыздары өздерінің ауылдарының мәдениет ошақтарына музыкалық аспаптар, кітаптар, т.б. қажетті заттар табыстап, шеберлік сағаттарын өткізуде. «Бір өлең, бір әуен» жобасының нәтижесінде қасиетті Жамбыл өңірі, Тараз туралы 10-нан аса әндер жазылды. Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында өлкеміздің шежірелері, тарихы, ақын, жазушылары, өнерпаздарының шығармаларын зерттеп, электронды базаға енгізу мақсатында М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтымен жұмыстар жүргізілуде. Жамбыл облысында туған халық композиторлары мен қазіргі заман сазгерлерінің шығармаларынан «Әулиеата өңірінің музыкалық мұрасы» атты шығарылған 8 дискідегі жинақты жалғастыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық архив ісі саласына қатысты мамандардың қатысуымен Жамбыл облысының мемлекеттік архиві «Мөр - тарих таңбасы» атты архив құжаттарының көрмесі мен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сонымен қатар, «Тараз зерттеулері» атты кітап шығару межеленіп отыр. Сондай-ақ, Қазақтан Республикасының Ұлттық музейі, Ұлттық кітапхана, Қазақстан Республикасының ұлтық архивінің сарапшылары, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының мамандары шақырылып, шеберлік сағаттары, семинарлар ұйымдастырылды. Басқа өңірлерде жоқ «Жамбыл облысының архитектуралық ескерткіштері» голограммасы бүгінгі таңда облыстық тарихи-өлкетану музейіне орнатылды. Басқарма басшысы сөзін қорытындылай келе келер ұрпақтың рухани байлығын дамытып, эстетикалық талғамын жоғарылату, ұлтжандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында атқарылып отырған жұмыстар жоспарлы жалғасын табатындығын айтты.

«Ең үздік ауылдық клуб – 2017», «Театр.KZ» облыстық байқауы Жамбыл және Сарысу аудандарында жалауын көтерді

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб – 2017», «Театр.KZ» байқаулары Жамбыл және Сарысу аудандарында шымылдығын көтерді.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтетін байқаудың негізгі мақсаты аудандардағы ауылдық клуб мекемелеріне үлгі болуға лайықты клуб мекемесінің үлгісін жасау, мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасының нығаюына ықпал ету, ауыл тұрғындарына талапқа сай үлгілі қызмет көрсетілуін және клуб қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, облыстағы «халықтық» театрларының, драма үйірмелеріне қатысушылардың біліктілігін жоғарылату, шығармашылықтың дамуына және шығармашыл жастар мен тұрғындардың халық театрларына көптеп қатысуына ықпал ету болып табылады.

Ерлан Әуесов, Ғани Садырбаев, Тамара Әбдікерімова, Дутбаева Эльмира, Ақсұлу Үсенбаева, Нұралы Абдуллаев сынды мәдениет саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар кәсіби мамандар төрелік ететін байқау бір апта бойы Жамбыл облысына қарасты барлық аудандардың мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарында өтетін болады.

Ал бүгін аталған ауқымды байқау Жамбыл ауданына қарасты Гродекова мәдениет үйінде басталды. Мәдениет үйінің фойесінде қазылар алқасы мен көрермендерге қолөнер шеберлері мен суретшілердің, ағаштан түйін түйген шеберлердің көрмесі ұсынылды. Қалың көпшілік өнерпаздардың «Туған жерге туыңды тік!» атты әдеби-сазды кешін тамашалады. Кешке Жамбыл ауданының осы аумағында тұратын түрлі ұлт өкілдері қатысып, отанға деген патриоттық сезімдерін көрерменге жүрек жарды ән,биімен жеткізді. «Ауылдық клуб», «Клуб қызметкері» атты қос номинациядан тұратын «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб – 2017» конкурсында қазылар алқасы ауылдық клубтың типтік ғимаратта орналасуы, штат бірліктерімен қамтамасыз етілуі, айлық тоқсандық, жарты жылдық жоспарлар, есептер, нормативтік құжаттардың дұрыс толтырылуы мен орналасуы, мәдениет қызметкерлерінің этикалық нормаға сай жұмыс атқаруы, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәдениет саласына қатысты тармақтарының орындалуы сынды бірқатар талаптар бойынша ғимарат ішін аралап, құжаттармен танысып, мамандарға өз сын ескертпелерін айтып, ой бөлісті.

Одан әрі қазылар алқасының құрамы Сарысу ауданы Жайылма ауылына жол тартып, ондағы «Жайылма» ауылдық клубының жұмысымен танысты. Клуб өнерпаздары жиналған жұртшылыққа «Алаштың Асанәлісі» атты Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтың 80 жылдық мерейтойына арналған мазмұнды кеш ұсынды. Жоғарыда атап көрсетілген талаптар бойынша клубтың жұмысымен етене танысқан қазылар алқасы «Театр.KZ» байқауының талабы бойынша Сарысу аудандық мәдениет үйінде қазақ театр өнерінің асыл жауһары Қыз Жібек драмасынан үзіндіні тамашалады. Қойылымның мазмұны мен халықтық театр әртістерінің көрсеткен өнері хақында қазылар алқасының төрағасы ҚР мәдениет қайраткері Ерлан Сатыбалдыұлы пікір білдірді.

Дәстүрлі байқау ары қарай Талас, Байзақ және басқа да облыс аудандарында жалғасын табады.

«Ең үздік ауылдық клуб – 2017», «Театр.KZ» облыстық байқауы Талас ауданында жалғасын тапты

Бүгін кеше ғана жалауын көтерген «Ең үздік ауылдық клуб – 2017», «Театр.KZ» облыстық байқауы Талас ауданында өтті.

Ат басын қарт Қаратаудың қазыналы мекеніне бұрған қазылар алқасы «Ең үздік ауылдық клуб – 2017» байқауы бойынша Бөлтірік және Бостандық ауылдық клубтарының шығармашылық жағдайы, метериалдық-техникалық базасы, құжаттары, қазандықтарын көріп, жалпы жағдайларын біліп, мәдениет ошағының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Бөлтірік ауылдық клубының ұжымы қазылар алқасы мен көрермендерге бүлдіршін балаларға арналған «Тәй-тәй шоу» атты сайыс ұсынды.

Ал Бостандық ауылдық клубында ауданға белгілі сазгер, музыкант, мәдениет саласында жылдар бойы табанды еңбек еткен азамат Серік Керімбековтың шығармашылығына арналған «Сазгер» атты музыкалық кеш өтті. Кешке ауыл тұрғындары жиналып, сазгердің шәкірттері оның ерекше туындыларын нақышына келтіре орындады.

«Театр.KZ» байқауы бойынша Талас ауданының халықтық театры «Еңлік-Кебек» пьесасынан бір сағаттық қойылым көрсетті. Қазылар алқасы қойылым соңында драматургия, театр өнері жайында кәсіби көзқарастарын ортаға салып, әртістерге сын-пікірлерін айтты.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан облыстың мәдениет саласына үлкен қозғау салатын қос байқау ертең Байзақ, Тұрар Рысқұлов аудандарында өтеді.

Оқырмандар Тараз тарихын зерделеді

2017 жылдың 11 қазанында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында Шохан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Тараз қаласының тарихи атауының қайтарылғанына 20 жыл толуына орай «Талайғы Тараз талайды таңқалдырды» тақырыбымен библиокеруен өтті.

Танымдық шараға ЖОО білімгерлері мен кітапхана жанындағы клуб үйірмелерінің мүшелері қатысты.

Қатысушыларға туған өлкеміздің табиғаты, тарихы, мәдениеті туралы ақпарат беріліп, кітап қорындағы әдебиеттер насихатталды.

Шарада Тараз қаласының тарихы туралы айтылып, слайд арқылы шаһардың тарихи- мәдени ескерткіштері мен қаланың көрнекті жерлерінің суреттері көрсетілді.

Сонымен қатар «Тарих астанасы - Тараз» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Тараз халқы Дүйсенбек Өмірәлиевтің әндерімен сусындады

2017 жылдың 9 қазанында Жамбыл облыстық филармониясында ҚР еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Дүйсенбек Өмірәлиевтің шығармашылығына арналған «Туған жер» атты концерт өтті.

Ғасырлар қойнауынан жеткен рухани мәдениетімізді насихаттау мақсатында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында өткізілген шараға «Алатау» фольклорлық ансамблі, дәстүрлі әншілер Оңал Азаматова, Ерлан Ибаділдаев, Жақсылық Қалтешев сынды өнер иелері қатысты.

Өнерпаздар концерт барысында бірге «Сайра бұлбұл», «Сәулем-ай», «Көкшолақ» сынды Дүйсенбек Өмірәлиевтың репертуарындағы барлық әндерін орындады.

Кешке жиналған көпшілік әндердің тарихымен сусындап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Латын әліпбиіне көшу заман талабы

Ағымдағы жылдың 18 қазанында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйытқысымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында «Латынға көшу - заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Жамбыл политехникалық колледжінің «Туризм» мамандығының 1 курс студенттерімен өткізілген дөңгелек үстел отырысында Қазақстанның жан-жақты дамуына, алға басуына ықпал ететін, қазақ тілінің латын алфавитіне көшуі туралы талқыланды.

Сонымен қатар, жиында қазақ тілінің тарихындағы алфавиттер: руникалық жазу, араб, латын, кирилица туралы ойлар қозғалды. Студенттер бір ауыздан латын алфавитіне көшу – үлкен жетістіктерге жетудің бастамасы екенін айтып, қолдау білдірді.

Қазақстанның киелі жерлерінің картасына Жамбыл облысынан 8 нысан кірді.

Елбасы Н.Назарбаевтың ү.ж 12 сәуірінде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру мақсатында, «Қазақстанның киелі жерлерінің картасын» жасау жобасын бекітті. Осы бағытта жұмыстар жүргізу мақсатында Республика көлемінен киелі жерлердің тізімі жинақталған болатын. Аталған жобаны іске асыру бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жетекшілігімен жұмысшы топ құрылып, комиссия шешімімен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына тізіміне енгізу үшін, ескерткіштердің ерекшелігі мен құндылығына қарай 33 тарихи-мәдени нысан ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Қасиетті Қазақстан» орталығына жолданды.

ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы Жамбыл облысынан ұсынылған 33 нысанның ішінен, ұлттық сарапшылар кеңесінің отырысында 8 тарихи-мәдени ескерткішті іріктеп алып, «Қазақстанның100 киелі нысаны» тізіміне енгізді.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы тізіміне енген макросакралды нысандар:

Сәулет ескерткіштерінің ерекше туындылары болып табылатын:

1.Тектұрмас кесенесі ХІVғ.

2.Қарахан кесенесі ХІІ ғ.

3.Айша бибі мазары ХІ-ХІІ ғғ.

4.Бабажы Хатын мазарлары Х-ХІ ғғ.

5.Байзақ батыр Мәмбетұлының кесенесі.

Археологиялық ескерткіштерден:

1.Ақыртас сарай-кешені VІІІ - ІХ ғғ.

2.«Ежелгі Тараз қалашығы» І-ХІХ ғғ

3.«Меркі-Жайсан ғұрыптық кешені»

Ұлы актердің өнер жолы ұлықталды

Үстіміздегі жылдың 10 қазанында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын ілгерілету бойынша бекітілген желілік кестеге сәйкес облыстық тарихи-өлкетану музейінің А.Әшімов шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы актердің өнер жолына шолу» көрмесі өтті.

Көрменің мақсаты келер ұрпаққа Ұлы тұлғалардың өмір жолы мен өнер жолдарын таныту шығармашылық өмірлеріне қызығушы лықтарын арттыру. Көрмеде келушілер назарына Асанәлі Әшімовтың марапатталған наградалары, сол жылдардың альбомдары, Әшімовтың өз қаламынан туған 5 томдық кітабы мен жеке кітапшалары, ең басты деген кинофильмдерінің және Асанәлі Әшімов туралы ой білдірген ұлы ғұламалардың сөздері ұсынылды.

Аталған көрмені 30-ға жуық келішулер тамашалады.

Сазгер, дирижер, КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Өз елім!» атты концерттік бағдарламасы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ү.ж. 12 қазанда «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен композитор, дирижер, КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Өз елім» атты концерттік бағдарламасы өтті.

Аталған шара сазгер Н.Тілендиевтің шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпаққа рухани азық сыйлау, жас өнерпаздарды халыққа таныту мақсатында ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарламада дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұхтар Рахманқұловтың жетекшілігіндегі Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Кәусар» вокалдық ансамблі, ҚР Мәдениет қайраткері Анна Вундер, сонымен қатар танымал әншілер Оңал Азаматова, Маралбек Бабақұлов, Торғын Орынбаева, Маралбек Бабақұлов, Ғани Мәтебаев, Мәдина Сағынбекова, «Мерей» дуэті және тағы да басқа облыстық филармонияның әншілері өнер көрсетті.

Концерттік бағдарлама композитор туралы деректі фильмнің көрсетілімімен басталды. Концерт барысында оркестрдің орындауында «Ата толғауы», «Әлқисса», «Аңсау», «Қабан жырау, «Көш керуен», «Махамбет» атты күйлері мен «Алатау, «Өз елім», «Сарыжайлау», «Әже туралы ән»,«Жүрегім менің», «Күндер-ай», «Аралдағы жеңеше», «Біздің ағай тамаша» т.б. жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған баға жетпес лирикалық әндері орындалды.Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған ән кешін сағына күткен көрермен композитордың әндерін әншілермен бірге орындап, концертке қатысқан өнер жұлдыздарына ыстық қошеметтері мен ықыластарын жаудырды.

«100 кітап» жобасы аясында «Бір кітапты бір мезгілде оқу»
(С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» раманы бойынша)акция

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жер» жобасының, «Туған жер-Туған ел» базалық бағытының «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында, «100 кітап» жобасы қабылданған. Аталған жоба аясында «Бір кітапты бір мерзімде оқу» (С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы) акциясы 22 қыркүйек күні өткізілді.

Акцияға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Үміт Қыранқызы Битенова, «Жастар ресурстық орталығының» мамандары, қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен ұстаздары,Тараз қаласының студент жастары қатысты. Жалпы іс-шараға 140 адам қатысты.

Іс-шара барысында жиналған қауымға акцияның бағдарламасына сәйкесЕлбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы жобалар мен іс-шаралар реестірінде бекітілген «100 кітап» жобасы туралы айтылды. Шараны Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Үміт Қыранқызы Битенова ашып, сөз сөйледі.

Акция, романға қысқаша түсініктеме жасаумен басталып, кітапхана қызметкелері кітапқа аннотация берді.

Іс-шараға қатысушы оқырмандар роман үзінділерін кезекпен-кезек дауыстап оқып, кітапхана қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Роман бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздарына сөз беріліп, өз ой-пікірлерін білдірді.

Акцияға байланысты баннер ілінді, «Рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі жасақталды, көрмеге Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар және ақынның шығармалары, «Қамар сұлу» романы қойылып, насихатталды.

Акцияның мақсаты әлеуеті биік, мәдениеті жоғары маман қалыптастыру; жастарды кітап оқуға тарту, оқырмандардың мәдени және рухани білімін көтеру; сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру;ұлттық және әлемдік әдебиеттерге деген қызығушылықты тудыру.