1. Басты бет
  2. Басқарма туралы
  3. Афиша
  4. Ведомстволық Бағынысты ұйымдар
  5. Байланыс
Басшының блогы

Быкыбаев Дүйсеналы Дыбысалыулы

«Жамбыл облысы әкімдігінің, мәдениет мұрағаттар және құжаттама баcқармасы»

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

СІЛТЕМЕЛЕР:

Жаңалықтар

«Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша С.Мұратбековтың «Жусан иісі» атты ретро-премьера кітабы

2014 жылы Сайын Мұратбековтың "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында жыл жазушысы атанды. Жалпы оқуға оның «Жусан иісі», «Басында Үшқараның» повестері таңдалды. Абонемент секторының ұйымдастыруымен №24 гимназия орта мектебінің 9-сынып оқушылары мен мектеп ұстаздары арасында «Жусан иісі» атты тақырыбынды ретро-премьера кітабы ұйымдастырылды.

Сайын Мұратбековтың “Жусан иісі” атты повесінде Ұлы Отан соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауылдағы балалардың бастан кешкен оқиғасы, көрген ауыртпашылықтары, қазақ ауылының ауыр жағдайы, халықтың басына түскен қайғы-қасірет суреттеледі. Әңгімедегі басты кейіпкері-Аян өзге балаларға ұқсамайтын күрделі тағдырына қарамастан маңайындағы достарына әркез өз қиялынан шыққан жаңа ертегілерді айтудан жалықпайды. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған Сайын Мұратбековтың «У теплого родника» атты кітап көрмесіне шолу жасай отырып, кітапханашы балаларды С.Мұратбековтың басқа да кітаптарын оқуға шақырды.

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтары тілдері күні

Оқушыларды өз ана тілін қадірлеп, қастерлей білуге, әрбір адамға ана сүтімен дарып қалыптасатынын ұғындыру мақсатында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының кітапханашысы М.Ә.Расулованың Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып 22-қыркүйек Қазақстан тілдері күніне орай Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Ана тілім-ажарым, асыл мұрам» атты мерекелік сайыс ұйымдастырылды. Тіл-ұлттың жаны. Ана тілі - халық байлығының сарқылмас мұрасы, келер ұрпақтың рухани азығы екендігін кітапханашы ашып айтып, сайыс кезеңдерімен таныстырып өтті. Сайысқа Қазақстан халқы Ассамблеясының қонағы қарашай-балқар бірлестігінің төрайымы Өзгенова Лёля Ахматовна төрелік етті. Сайыста екі топ өздерінің алғыр, білімді екендерін көрсете білді. Оқырмандар тіл туралы өлең тақпақтарын айтты. Кітапхана директоры оқырмандарды Тіл мерекесімен құттықтап сайысқа қатысқан оқырмандарды марапаттады. «Тіл татулық тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Қабылдауына 10-жыл толуына орай «Ұлттық мұра» атты бірінші автошеру

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Астана қаласында халықаралық денгейдегі Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ашылды. Осыған орай Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясын ауқымды түрде кең насихаттайтын «Ұлттық мұра» автошеру жобасы қолға алынып отыр.

Автошеру өз сапарын Алматы қаласынан бастап, еліміздің Тараз, Шымкент, Қызылорда, Жезқазған, Қостанай, Көкшетау қалаларында болып Астанаға оралады. 10-20 қыркүйек аралығында өтетін автошеру бірегей мәдени құндылықтарды насихаттау және ақпарат берумен айналыспақ.

10 қыркүйекте Алматы қ. бастап, 11 қыркүйекте Таразға келді. Автошерудің қатусышыларын музейдің алдында сағат 10-00-де қарсыалып, шоқ гүлдерін тапсырып, шашу шашып, құттықтау сөздерін Карибаев Ж.К.- қоғам қайраткері, саясаттанушы, ҚР экс- сенат депутаты, Жамбыл облысының құрметті азаматы,Тоқсанбаева Б.Т. - облыстық музей директоры сөз сөйлеп, алғысын айтты. Арығарай музейдің фоейсінде пресс - конференция басталды.

Пресс-конференцияны Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Д. Бықыбаев ашты. «Ұлттық мұра» Бірінші автошеруінің қатысушарымен таныстырып, ақ жол тіледі. Автошеруінің әр қатысушысы сөз сөйлеп, облыстық басшыларына алғыстарын айтты.

Бірнеше сұрақтар қойылып, әр сұраққа толығымен жауап берілді. Кездесуге, пресс-конференцияға мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ТарМПИ, М-Х. Дұлати атындағы ТарМУ білімгерлері, тарих, археология мамандары қатысты.

Ақпараттық қолдаумен бұқаралық ақпарат құралдары «Евразия» бірінші арнасы, «Хабар», «Қазақстан», «Қазақ радиосы», «Шалқар», «Авторадио», «Tengry News», сондай-ақ, ҚР аумағында тіркелген ақпараттық интернет-ресурстары қамтамасыз етілді.

Жамбыл облысындағы облыстық «Знамя труда», «Ақ жол», «Жамбыл-Тараз», «Егемен Қазақстан», «Магнолия, «АрАй» газеттерінің фототілшілері қатысты және АҚ РТР ҚР «Қазақстан»Жамбыл облысындағы бөлімшесінің операторы мен редакторы.