1. Басты бет
  2. Басқарма туралы
  3. Афиша
  4. Ведомстволық Бағынысты ұйымдар
  5. Байланыс
Басшының блогы

Быкыбаев Дүйсеналы Дыбысалыулы

«Жамбыл облысы әкімдігінің, мәдениет архивтер және құжаттама баcқармасы»

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

СІЛТЕМЕЛЕР:

Жаңалықтар

2 қазан-Халықаралық музыка күні «Әуен құдіреті» музыкалық кеш

2 қазан-Халықаралық музыка күніне орай «Әуен құдіреті» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды. Музыкалық кешкете «Жас талант» домбыра үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен музыкалық қойылым көрсетілді. ХIХ-ХХ ғасырларда күйлерді сазгерлер адамның көңіл күйімен байланыстырып шығарған, халықтың мұң-мұқтажын, қуанышын күй құдіретінің әуенімен жырлайтын болған. ХIХ ғасырда қазақ халқымызда көптеген күйшілер шыққан, атап айтсақ олар: Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова және т.б. Кітапханашы оқырмандарға үн таспадан Құрманғазының «Сарыарқа» күйі тындатып, одан балалар жақсы әсер алды. ХХ ғасырда Қазақстанда қазақ өнер тарландары көп болған, атап айтсақ, әнші-Күләш Бәйсейітова, биші-Шара Жиенқұлова, қазақ халқының музыка аспаптарының 30-ға жуық түрін анықтаған музыкант-Болат Сарыбаев. Қазақ сахнасының бұлбұлы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ халқының мақтанышы болған Күләш Бәйсейітова апамыздың «Гәкку» әні тыңдалды. «Жас талант» домбыра үйірмесінің мүшелері: А.Салиева, Самат Сапина, Е.Керімбаева халық күйі «Кеңес», халық әні «Желбір жекен», «Еркемай», және Кұрманғазы Әзірбаевтың «Екпінділер» әндерін орындап, көптеген көркем сөздер оқылып, көріністер қойылды. Кеш соны Досқұмбаевтардың «Жаса Қазақстан» әніне ұласып, іс-шараны директордың орынбасары Ж.Д.Айтжанова үйірме мүшелеріне алғыс айтып, оларды марапаттады.

«Мен өмірді сүйемін» әдеби кеш(Қарашай-балқар халқының Байрамқұлова Халимат Башчиеваның өмірімен, шығармалары)

Қазақстан халқы Ассамблеясының Жамбыл облысы филиалының «Архыз» қоғамдық бірлестігінің қарашай-балқар халқының мәдениетімен таныстыру, ақын Байрамқұлова Халимат Башчиеваның шығармашылығын насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық балалармен жасөспірімдер кітапханасының абонемент секторының меңгерушісі Гоголева Ольга мен қарашай-балқар бірлестігінің төрайымы Өзгенова Леля Ахматовнаның ұйымдастыруымен «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Қарашай-балқар халқының бір тума ақыны Байрамқұлова Халимат Башчиеваның өмірімен, шығармаларының бір ғана тілде емес, әлемнің 50-ге жуық тілінде жазылғандығы айтылды. Шығармаларын оқырмандар өз туған тілдерінде жатқа айтып берді. Кеш соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Жамбыл облысы филиалының бас маманы Бабақұлова Ұлтуар Қуанышбайқызы ассамблеяның атқаратын қызметі туралы қысқаша түсінік беріп, жастарды кітап оқуға, бір шаңырақ астында татулыққа, отанды сүюге, өз елінің патриоты болуға шақырды.













29-шы қыркүйектен 2 –ші қазан аралығында Алматы облысында Жамбыл облысының мәдениет күндері өтуде.Алматы облысында Жамбыл облысының мәдениет күндерінің ашылуы «Тараз-ғасырлар күәсі» тарихи-өлектану мұражайының көрмесімен басталып, облыстық қазақ драма театрымен қойылған Ш. Айтматовтың «Ана Жер Ана» драмасымен жалғасын табады.

30 қыркүйекпен 1 қазанда Жамбыл облысының қазақ және орыс театрлары балалар мен ересектерге арналған шетелдік драматургтардың спектакльдері мен қойылымдарын көрсетпек.

2-ші қазанда Тілдер сарайында Жамбыл облысының зиялылар мен жазушылар өкілдері Талдықорған қаласының оқырмандарымен кездесу өтеді деп жоспарлануда. Кездесуден соң, І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Жамбыл облысының жетекші музыканттары мен әртістерінің гала-концерті және мәдениет күндерінің салтанатты жабылуы өтеді.