1. Басты бет
  2. Басқарма туралы
  3. Афиша
  4. Ведомстволық Бағынысты ұйымдар
  5. Байланыс
Басшының блогы

Быкыбаев Дүйсеналы Дыбысалыулы

«Жамбыл облысы әкімдігінің, мәдениет архивтер және құжаттама баcқармасы»

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

СІЛТЕМЕЛЕР:

Жаңалықтар

«Зеленая аптека» экологиялық практикум

«Экоград» клубының кезекті отырысы өтті. Экологиялық практикумның тақырыбы «Зеленая аптека» атты дәрілік өсімдіктер әлеміне арналады. Адам өсімдіктер әлемінде өмір сүреді. Әрбір өсімдік адамға өз көмегін тигізіп, шипалы болуы мүмкін. Экопрактикумның жүргізілу барысына өз үлестерін қосып сөз сөйлегендердің бірі ғалымдар, тарихшы, эколог, фармацевт, ботаниктер болды. Олар ғажайып шипалы шөптер әлемі жайында айтты. Гербарилер арқылы қатысушылар өсімдіктердің атауын тауып, олардың емдік қасиеттері жайында білгендерін ортаға салды. Жүргізуші өсімдіктерге қатысты аңыздар айтса, жас зерттеушілер қай өсімдік жайында айтылып жатқаның тауып отырды. Сонымен қатар қойылған сұрақтарға да қатысушылар белсенділік танытып жауап берді. Отырыстың соңында экологтың кеңестері мен дәрілік өсімдіктер жайында жазылған парақшалар таратылды.

«Қазақ балалар жазушысы» 13 қазан – Б.Соқпақбаевтың туғанына 90 жыл

13 қазан 2014 жылы № 13 орта мектебінің 4 «А», 4 «Ә» сынып оқушыларымен қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Б.Соқпақбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ балалар жазушысы» тақырыбына арналған ауызша журнал өткізілді. Ауызша журналдың мақсаты: қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып , оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларға жазушының шығармасы туралы мәлімет беру, толықтыру, өткенді еске түсіру. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, танымдық қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандарды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Кітапханшы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасынын мектепке дейінгі балаларға және төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету секторының меңгерушісі А.Оңғарбаева ауызша журнал беттерінде Бердібек Соқпақпаевтың «Қазақ балалар жазушысы» атты слайдты пайдалану арқылы оқушыларды жазушының өмірбаяны мен таныстырып, шығармашылық жолындағы маңызды кезендерін атап өтті. Б.Соқпақбаевтың шығармасы бойынша «Менің атым Қожа» атты «Қазахфильм» киностудиясы бойынша түсірген көркем фильмнен үзінді көрсетті. Балалар фильмді қызығушылықпен тамашалай отырып, талқылады. Ауызша журнал тақырып бойынша кітап көрмесіне шолумен аяқталды. Балалардың назарларына «Менім атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» т.б. кітаптары ұсынылды. Жазушының шығармасы жайында, жалпы өткізілген іс-шара туралы өз ой пікірлерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Сайн Мұратбековтың шығармалары бойынша «У теплого родника» атты әдеби кеш

Қазақстанның Халық жазушысы Сайын Мұратбековтың «Бір-ел-бір кітап» акциясы аясында жыл жазушысы атанды. Жалпы оқуға оның «Жусан иісі», «Басында Үшқараның» повестері таңдалды. Абонемент секторының ұйымдастыруымен әдеби кеш өткізілді. Кеште студенттерге Сайын Мұратбековтың «У теплого родника» атты шығармасы таныстырылып, слайдтар көрсетілді. Іс-шараға теміржол колледжінің студенттері белсене қатыса отырып, олар Сайын Мұратбековтың өмірі мен ақынның ең қызықты шығармаларына тоқталды. Студенттер «Жусан иісі» мен «Басында Үшқараның» повестерінең үзінділер оқып, шығармалар туралы өз ойларын айтты. Кітапханашы жастарды кітап оқуға, отанды сүюге, өз елінің патриоты болуға шақырды.