1. Басты бет
  2. Басқарма туралы
  3. Афиша
  4. Ведомстволық Бағынысты ұйымдар
  5. Байланыс
Басшының блогы

Быкыбаев Дүйсеналы Дыбысалыулы

«Жамбыл облысы әкімдігінің, мәдениет архивтер және құжаттама баcқармасы»

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

СІЛТЕМЕЛЕР:

Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ «ТАРАЗЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ» АТТЫ ГАСТРОЛЬДІК КОНЦЕРТТЕР ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің нығая беру жолында мәдениет пен өнердің дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан Жамбыл облыстық филармониясы Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мерекелеріне орай көрерменге рухани азық сыйлау мақсатында облыс орталығында, аудандар мен елді мекендерде, сондай-ақ 31 наурызда Алматы қаласы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында, Қызылорда қаласында, облысымыздың Байзақ, Мойынқұм, Жуалы аудандарында, аудандардың елді-мекендерінде мерейлі мерекеге арналған концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып келеді.

«Таразым-алтын бесігім» атты концерттік бағдарламаларға өнер ұжымы бірнеше бригадалық топқа бөлініп қатысуда, атап айтсақ «Сымбат», «Модерн балет», «Ақкербез» ұлттық би ансамблдері, «Жамбыл-star», «Тараз» триосы, ағайынды Сұлужан мен Марғұлан дуэті, Маралбек Бабақұлов, Ғани Мәтебаев, Рәзия Мадыханова, Назима Үсенова, Жанатбек Кәдіров, Балжан Ділдабекова, Әлішер Балтаев, Гүлшат Тінасилова, Құрмаш Қуанышбаев, Ақмарал Ахметова, дәстүрлі әншілер Нұргүл Әбдірашева, Жақсылық Қалтешев, Ерлан Ибаділдаев, Айгүл Есекеева және аталмыш ұжымның басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова да мерекелік концерттерге атсалысуда.

Сонымен қатар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қала мектептерінің оқушыларына арналған «Елдіктің бастауы-Қазақ хандығы» атты қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен «Алатау» фольклорлық ансамблінің танымдық лекция-концерттері де ұйымдастырылуда. Концерт барысында оқушылар оркестр, ансамбльмен кеңінен таныс болып, ұлттық аспаптарымыздың ерекшеліктермен және ондағы ойналатын шығармалардың тарихынан мол мәліметтер алып, дәстүрлі музыкамыздан дәрістер тыңдауда.

Гастрольдік концерттер мамыр, маусым айларында Сарысу ауданында жалғасып, көне Тараз шаһарында өткелі отырған Хандықтың мерейтойы қарсаңында ауыл тұрғындарына өнер ұжымы мерекелік көңіл-күй сыйламақ.

Жамбыл облыстық филармониясының
жарнама менеджері Ақмарал Ахметова
байл.тел.87262 34-80-82; 8747 259 94 85

«Жеңістің жырын жырлайық!»
9 мамыр – Жеңіс күніне 70 жыл
(сахналық көрініс)

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай 21 мамыр күні Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастырумен «Жас талант» драма және «Жас талант» домбыра үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен «Жеңістің жырын жырлайық!» тақырыбында сахналық қойылым көрсетілді. Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу. Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Кітапханашы Жеңіс күніне арналған іс-шараға қатысып отырған барша оқырмандарға Ұлы Отан соғысында жеңіске жету жолында қазақ халқы да өзінің үлесін қосқанын фашистермен күресе жүріп қаншама адамдардың қаза тапқаны жөнінде баяндап, жауынгерлер жасаған ерліктерін мәнгілік есте сақтауымыз керектігін айтып өтті. Үйірме мүшелері батырларымыз Бауыржан Момышұлы мен Әлия Молдағұловаға тоқталып, олардың соғыс жылдарындағы ерліктерін көрініс арқылы жеткізді. Балалар Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін көрсете білді. Балалар соғыс туралы өлеңдер мен тақпақтар оқыды. Іс-шараға ат салысқан барлық балаларға алғыс хат беріліп, марапатталды.

Мүтәліп Ережепбайұлы
«Оқ пен оттан оралғандар»
(кітап тұсаукесері)

20 мамыр Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне байланысты жерлесіміз, қарымды қаламгер, ҰОС ардагері, майдангер-журналист, ақын Мүтәліп Ережепбайұлының «Оқ пен оттан оралғандар» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталған іс-шараға күнделікті келген оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысып, қатысушыларға 1941-1945 жылдардағы ҰОС, қан майданда елін, жерін қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан батырларымыз туралы айтылып, бір минуттық үнсіздік жарияланды. Тұсаукесер рәсімі барысында соғыс ардагері Мүтәліп Ережепбайұлының өмірі туралы ақпарат беріліп, «Оқ пен оттан оралғандар» атты кітабына библиографиялық шолу жасалды.

Сәбит Қойшыбайұлының Мүтәліп Ережепбайұлына арналған өлеңі оқылды. Ардагер атамызға сөз беріліп, ол кісі соғыс жылдарында көрген қиындықтары және «Оқ пен оттан оралғандар» кітабы туралы әңгімелеп, аталған кітаптың тұсауы кесілді.

«Мәдениетіміздің алтын өзегі – дәстүрлі ән»

21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Соқыр және нашар көрейтін балаларға арналған «Болашақ» мектеп – интернатында «Мәдениетіміздің алтын өзегі – дәстүрлі ән» атты кездесу кеші өтті. Кештін мақсаты дәстүрлі ән өнерін насихаттай отырып оқушылардың музыкаға деген ынтасын тудыру арқылы рухани байлығын арттыру, қайырымдылық пен мейірімділік, адамгершілік, ізгілік парасаттылыққа тәрбиелеу. Кеш қонағы қазақтың күміс көмей әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты Сәуле Стаханшылқызы Жанпейісова болды. Сәуле Стаханшылқызы Жанпейісова балаларға өз өмірі , өнер жолы, өз шығармашылығы және дәстүрлі әндер туралы әнгімелеп берді .









«Ежелден ер деген атымыз шықты ғой...»
Әдеби полигон

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында жеткен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, осы мереке үшін жанын құрбан еткен соғыс ардагерлеріне, өздерінің тылдағы еңбегімен жеңісті шыңдағандарға, қан майданда әкелері мен ұл-қыздарынан, сүйгендерінен айырылған отбасыларына, олардың ұрпақтарына арналған «Ежелден ер деген атымыз шықты ғой...» атты әдеби полигон кеші ұйымдастырылды.
Ұлы Жеңіске жеткізген жауынгерлердің бәрі қаһарман. Соғыстың әрбір күні үлкен тарих. Осынау тарих бетіндегі сынға толы кемелді, кемеңгерлі қаһармандық ерлікті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, мәңгі есте сақтау парызымыз деп санайтын кітапхана қызметкерлері кеш барысында намысын биік ұстап, жастық шақтарын майданға, шоқ гүлдерін қаруға айырбастаған соғыс замандастары мен талай асқақ армандар мен жалынды сезімдерін майдан даласынан хатпен ғана жеткізген қазақстандық жауынгерлердің ерліктері туралы сыр шертті.
«Ешкім де, ештеңе де, ешқашан ұмытылмайды» - бұл халық даналығы. Алайда ұрпақ жалғастығы алға жылжып, өкінішке орай ардагерлер қатары сиреуде. Осыны ескерген кітапханашылар кешке қатысқан Тараз қаласының дарынды қыздарға арналған мектеп-интернатының жоғарғы сынып оқушыларын арнайы шақырылған соғыс ардагері, Талас ауданының Құрметті азаматы, белгілі ақын, журналист Мүтәліп Ережепбайұлымен жүздестіріп, кездесу-сұхбат ұйымдастырды. Тоқсандағы дария ардагер жастарға қан майданға аттанып, Отан үшін от кешіп, мұз жастанып, қан кешкен ата-бабалары - өзінің құрдастары жайлы естеліктерімен бөлісіп, сол сұрапыл жылдары басынан кешкендері туралы әңгімелеп берді.
Мыңдаған өмір, жақындар мен ағайындардың көз жасымен келген Ұлы Жеңіс үшін өткенді ұмытпау керекпіз, - деп, аға ұрпаққа алғысын білдірген жастар, ардагер аталарына өлеңдерін арнап, соғыс жылдарындағы әндерді шырқады.
Іс-шара барысында соғыс даласында қаза тапқандар рухына арнап бір минут үнсіздік жарияланып, тағзым етілді. Жастар Мүтәліп Ережепбайұлына «Жеңіспен бірге бізге сыйлаған ең қымбат сыйлықтарыңыз - бейбітшілікті сақтаймыз және Қазақстанды қуатты, күшті, гүлденген мемлекет етеміз!», - деген салтанатты уәделерін берді.

«Ұлы Жеңіс! Өршіл ұрпақ, ұлы рухтың жеңісі»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында № 5 Жамбыл мектебі оқушыларымен Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай соғысқа қатысқан ардагерлермен теңестірілген «Ұлы Жеңіс! Өршіл ұрпақ, ұлы рухтың жеңісі» атты кездесу кеш өткізілді. Кештің мақсаты оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Кеш қонақтары: Цвобун Мая Ивановна 1930ж. туылған- Ұлы Отан Соғысының еңбек майдангер ардагері; Сарсенбай Арыстанбек Совет Армиясының ардагері; Нигматуллина Факия Гибадрахманова 1928ж. туылған – тыл ардагері. Ардагерлер іс-шара барысында соғыс жылдарында басына кешкен оқиғалармен бөлесті.

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл байлық ел үшін» достық фестивалі

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай өңір жастары арасында бірлік, татулық, сыйластық, бақыт ұғымдарын насихаттау, олардың өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту, достыққа, Отанын құрметтеуге, Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға тәрбиелеу мақсатында «Ынтымақ, бірлік, келісім - ең асыл байлық ел үшін» атты достық фестивалін ұйымдастырды.

«Әр халықтың тілі – қайнар судың тұнбасындай мөлдір, ал дәстүрі саф алтындай бағалы, ән-жыры үн болған шалқар дариясы. Сондықтан бейбітшілік пен татулықтың тоғысында елдің болашағы болатын жастар іс-шараға қатысқан Тараз техника және бизнес колледжінің білімгерлері бұл мерекені беріктігіміздің айнасы,татулығымыздың тұтқасы деп түсінетінін алға тартты. «Баршамызды бір шаңыраққа біріктірген Отанымыз тұрғанда, біз Достыққа сенеміз!», – деп өздерінің еліміздің жарқын болашағына деген сенімдерін білдіріп, білім мен өнерді, жаңашылдық пен ізгілікті, достық пен бірлікті өздеріне үлгі тұтқан кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары көңілді шараны ерекше, бірегей ете білді.

Қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білген Елбасының салиқалы саясатын кітапханашылар өз оқырмандарына жеткізуге тырысты. Әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған білімгерлер өздерінің ұлттық өнерін көрсетіп, қалың көпшіліктің көңілін бір серпілтті.

Ұлы Жеңіске 70 жыл
«Мәңгілік естен кетпес отты жылдар»
Танымдық сағат

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторы №13 мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Кітапханшы оқырмандарды ҰОС батырлары туралы тың деректермен таныстырып, бейне-фильмдер көрсетілді. «Дариға, сол қыздар!» айдарында нәзік жанды қайсар аруларымыз туралы айтып қана қоймай мақтаныш сезімдерін білдіре білді. Ал жауынгер бала мен анасының бір-біріне деген ыстық ықыласын «Майданнан хат» үзіндісін оқығанда оқырмандар сол бір кезеңге барып қайтқандай сезімде болды. Кітапханашы «Ерлік жырын жырлаймыз» атты кітап көрмесімен таныстырып, Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әнін қорымен орындап паттриоттық рухпен шараны аяқтады.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатының
ұйымдастыруымен өткізілген
«ЖЕҢІС СОЛДАТТАРЫ»
атты дөңгелек үстел басындағы әңгіме

2015 жылы 5-мамыр күні Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатының ғимаратында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатының ұйымдастыруымен «ЖЕҢІС СОЛДАТТАРЫ» атты дөңгелек үстел басындағы әңгіме өткізілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуына орай өткізлген бұл іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері Халилулла Дармаханов, Мүтәліп Ережепбаев, Жанәлі Мұрат Елубайұлы, Әуесбек Бекболатов, Әшірбек Сәрсенбиев және тыл еңбеккерлері Шамбылбек Құдайбергенов, Байзақ Батырбек шақырылады. Дөңгелек үстел басындағы әңгімені өткізудегі басты мақсат - бүгінгі жас ұрапақ санасына арайлап атқан таңымыз бен тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүруіміз осы ардақты қарттардың ерлігінің нәтижесі екендігін ұқтыру, ардагерлерге құрмет көрсету. Дөңгелек үстел басындағы әңгіменің төрайымы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Сара Қабылбекқызы Мәдиева болды. Екінші дүниежүзілік соғыс қазақ халқының ар мен намысты биік ұстайтын, ерлігімен ұрпаққа ұран болған ата-бабаларының өсиеттеріне адал, қайтпас, мұқалмас ер халық екенін айдай әлемге паш етті. Жақында Ұлы Отан соғысы жылдары жайында көп зерттеп, қалам тартып жүрген жазушы, Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, мұрағаттанушы Мақұлбек Рысдәулеттің басшылығымен «Жамбыл Батырлары» атты кітап жарық көрді. Дөңгелек үстел басындағы әңгімеде сол кітаптың таныстыру рәсімі өткізіліп, келген қонақтарға таратылды. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуде облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаевтың тікелей басшылығымен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеу жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындауда оң шешімдер қабылдап, оны жүзеге асырып жатыр. Барлық ардагерлерге құрмет көрсетіліп, сый-сыяпат берілді. Бұл іс-шара жаңа жылдың алғашқы күнінен басталды. Әлі де жалғасады. Облыстағы барлық монументтер жаңғыртылып, жаңа ескерткіштер орнатылып, жер-жерде іс-шаралар ұйымдастырылуда. Біздің басқарма да өздерінің ардагерлерін ардақтау бағытында игі шараларды жүзеге асырды. Дөңгелек үстел басындағы әңгімеде тағылымы мол әңгімелер айтылды. Аталардың естелігі халқымыздың батыр екендігін тағы да еске салды.

«Батырлар ерлігі, ұрпаққа өнеге»
(Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары)
Ерлік сабағы

Кеңес Одағының Батыры — Кеңес Одағында 1934 – 1991 жылдары Отан үшін ерекше ерлік көрсеткен адамдарға берілген ең жоғары атақ. Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары арасында Қарулы күштердің барлық түрлері мен құрамаларының өкілдері, мамандары және қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейінгі әскери атағы бар адамдар болды. Солардың ерліктерін еске алып, отан үшін от кешіп, ержүректілік танытқан батырларымызды өскелең ұрпаққа айтып жеткізу мақсатында «Батырлар ерлігі, ұрпаққа өнеге» атты ерлік сабағы өткізілді. Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысының басталуы, Қазақстандық жауынгерлердің батырлығы, ең жоғарғы марапаттқа ие болған батырлардың ерліктері мен соғыстың жеңіспен аяқталғандығы сөз болды. Электронды презентация әр батырдың ерлігін ерекшелеп көрсетті. Қатысушылар майдангерлердің қайталанбас ерліктерімен танысып соғыс жылдарына шолу жасады.

«Біз жеңісті жырлаймыз»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Соқыр және нашар көрейтін балаларға арналған «Болашақ» мектеп – интернатында Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай «Біз жеңісті жырлаймыз» жыр кеші өтті. Кештің мақсаты оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге үйрету. Жыр кеште 7-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ән айтып, би билеп, көріністер көрсетті.

«Сайлауда дауыс береміз. Болашаққа сенеміз!»
2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің
кезектен тыс сайлауын қолдау конференциясы

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау мақсатында «Сайлауда дауыс береміз. Болашаққа сенеміз!» атты конференция өтті. Конференцияға Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес қоғам бірлестіктерінің өкілдері мен қала жастары қатысты.

Конференцияға арнайы қонақ ретінде саясаткер, Мәдениет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 1-ші және 2-ші шақырылымдарының экс-депутаты, ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясының күміс медалі, «Құрмет» ордені, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Астана» медальдарының, «Алтын Барыс» белгісінің иегері Жандар Кәрібаев, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, мәдениет саласының ардагері, театртанушы, драматург Әлібек Әмзеұлы, жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Елен Әлімжан, ақын, публицист Қайырбек Асанов, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, ардагер кітапханашы Гнатенко Тамара Васильевна, Өзбек этно-мәдени орталығының әйелдер жөніндегі комитетінің төрайымы Мухаббат Миражанова және айтыскер-ақын Алтынкүл Қасымбекова шақырылды.

Прези¬денттік сайлауға аса маңыз беріп, сайлауда әрбір қазақстандықтың өз жүрек қалауларын білдіруінің де қаншалықты маңызы зор екенін, бұл күн ел болашағын, оның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ырғақты түрде дамуын айқындай алатыны жайлы баяндаған конфренция қонақтары, мемлекеттің тыныштығы мен елдің бірлігін сақтап, дамыту Президенті бастап, елі қостаған кезде ғана баянды болмақ, жауапкершілік бүкіл халыққа да жүктелетінін дөп басып айтты.

Сайлауды өткізу Қазақстан қоғамындағы саяси тұрақтылықты сақтай отырып, ұлтаралық, конфессияаралық келісімді нығайтуға мүмкіндік беретіндігі сөзсіз. Еліміз кезекті рет мұндай кезеңнен сәтті өтетіндігіне кәміл сенімділік білдірген конференцияға қатысушылар іс-шара соңында Үндеу қабылдады.

«Кітаптар әлемінде» промо-акция

Білімнің қайнар көзі - кітапты өңір тұрғындары, әсіресе жастар арасында кеңінен насихаттай отырып, олардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқуға ынталандыру мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 23 сәуірде аталып өтетін «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау» күніне орай «Кітаптар әлемінде» тақырыбында промо-акция ұйымдастырылды. «Оқымасаң ой тоқымайды»,- демекші, кітап - тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы, рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры. Ағылшын тілінен аударғанда, «Promo» - жарнамалық; «Actio» - іс-әрекет болғандықтан, кітапхана қызметкерлері осы күні бар өнерлері мен күш-жігерлерін кітап атты құнды дүниені насихаттауға белсене кірісті. Кітапхана маңындағы алаңға шыққан кітапханашылар іс-шара барысында бір де бір өткен тұрғындарды құр жібермей, өздерінің мекемесінің қызметімен жете таныстырып, кітап қорындағы түрлі тілдердегі әдебиеттер, тілдескіштер, сөздіктер сияқты көптеген басылымдарды кеңінен жарнамалап, ақпараттық жарнама буклеттерін таратты.

«Қазақ сазының сайыпқыраны» күй шеруі

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ сазының сайыпқыраны» атты күй шеруін ұйымдастырды. Кешті жүргізген кітапхана қызметкерлері Нұрғиса Тілендіұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыра келе, дарын иесі композитор, дирижер, орындаушы ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өшпес із қалдырған суреткер екендігін, 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы, ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет, қазақ халқының сүйікті шығармаларының авторы екендігін баяндады. Н.Тілендиевтің «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім», «Құстар қайтып барады», «Куә бол», «Біздің ағай тамаша», «Әке туралы жыр» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналғаны туралы әңгімелеген кітапханашылар, Нұрғиса Тілендіұлының, «Кейде мен өзімді әке-шешеден тумағандай сезінем. Өйткені, халық алақанына салып, өмір бойы аялап келеді», - деген сөздерімен кешті түйіндеді. Кеш барысында қатысушылар бейнетаспа көрсетілімі арқылы Нұрғиса Тілендиевтің мұрағатынан автордың орындауындағы «Әлқисса» мен «Аққу» күйлерін тамашалады. Композитордың «Біздің ағай тамаша» әнін оқу залы секторының кітапханашысы С. Рахымжанова нақышына келтіріп орындады. Күйшінің мұрасын жалғастырушы Тараз мемлекеттік педагогикалық институты шығармашылық факультетінің білімгері С.Мұхамедияров композитордың «Әлқисса», «Ата толғауы» күйлерін күмбірлете тартып, «Өз елім» әнін тамылжыта орындап, оқырмандардың көңіл күйін көтерді. Іс-шара соңында оқырмандар кітап көрмесінде ұсынылған композитордың өмірі мен шығармашылығын айшықтайтын басылымдармен таныстырылып, күй-толғаулары, әндері туралы терең мағлұмат алды. Кешті кітапхана директоры Э.Абдинова корытындылап, қатысқан оқырмандарға алғыс айтып, мақтау грамоталарын тапсырды.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН «ТАРАЗЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ» АТТЫ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің нығая беру жолында мәдениет пен өнердің дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан 46 жылдық тарихы бар Жамбыл облыстық филармониясы Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мерекелеріне орай көрерменге рухани азық сыйлау мақсатында облыс орталығында, аудандар мен елді мекендерде, сондай-ақ 31 наурызда Алматы қаласы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында, облысымыздың Байзақ, Мойынқұм, Қордай және Жуалы аудандарында мерейлі мерекеге арналған концерттік бағдарламалар ұйымдастырды.

Мерейтойды тойлауды Алматыдан бастаған өнер көші сәуірдің 27-30 аралығында Абыз Қорқыт бабаның дәурен сүрген киелі мекені, Қызылорда жеріне ат басын тіреді. Бағдарламада жастарымызды еңбекқорлық пен шыдамдылыққа баулып, ұрпақ тәрбиесіне маңызы зор рөл атқаратын «Балауса» цирк тобының жеке концерттік бағдарламалары ұсынылса, ал 27 сәуір сағ.18.00-де Қызылорда облыстық филармониясымен Жамбыл облыстық филармониясының тәжірбие алмасу мақсатымен ұйымдастырылған «Таразым-алтын бесігім» атты концерттік бағдарламасы өтті. Концертке «Ақкербез» ұлттық би ансамблі, Ақмарал Ахметова, «Балауса» цирк тобы, аталмыш ұжымның басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова қатысып, «Сыр елі-Жыр елі, Түркінің жүрегі» дегендей, ән мен жырдан сусындап өскен Қызылордалықтарға думанды концертпен көтеріңкі көңіл күй сыйлап қайтты.

Жамбыл облыстық филармониясының
жарнама менеджері Ақмарал Ахметова
байл.тел.87262 34-80-82; 8747 259 94 85

Жамбыл облыстық филармониясының «Балаусяа» цирк ұжымы
туралы мәлімет

«Балауса» цирк ұжымының жетекшісі Альчикенов Талғат. Шығармашылық ұжымда 10 әртіс қызмет етеді.

Жетістіктері: 2004 жылы Астанада өткен халықаралық «Шабыт» фестивалінде «Дала еркелері» А.Демяненко атындағы арнайы аталымы бойынша «Ақтолқын» композициясы ІІ орын, «Буынсыз дене» ІІІ орынды иеленген. 2004 жылы цирк жетекшісі Т.Альчикенов Халықаралық «Шабыт» фестивалінде «Үздік жаттықтырушы» дипломымен марапатталған. 2008 жылы Қытай Республикасында өткен цирк фестивалінде ІІІ орын «Қола» меділін иеленген. 2010 жылы Арменияда өткен цирк фестивалінде «Буынсыз дене» І орын «Алтын медалді» иеленген. 2012 жылы Астана қаласында өткен «Дельфилік ойындар» конкурсында Қола медаль иегері, «Қазақстан» арнасында өткен «Жұлдызды сәт» телебайқауының жеңімпазы. «Хабар» арнасында өткен Республикалық «Аймақтар аламаны» тележобасының лауреаттары (2012). Цирк репертуарында «Дала еркелері», «Икарика», «Вольтиж», «Жонглер», «Скакалқа», «Ақтолқын» композициясы т.б. жаңа қойылымдар бар.

«Ақкербез» бишілер ансамблі

Жамбыл облыстық филармониясының «Ақкербез» бишілер ансамблі 2012 жылдың ақпан айында құрылған. Би ұжымының негізгі құрамы 16 адам. Жетекшісі Айжан Қонарбаева.

Ансамбльдің жетістіктері:

1. VIIІ облыстық жастар Дельфийлік ойындарының «Халық биі» аталымы бойынша ІІІ орын иегері (18 мамыр, 2012 жыл);

2. Республикалық «Бұраң бел» би байқауының ІІІ орын иегері (26 сәуір, 2013 жыл);

3. ІХ облыстық жастар Дельфийлік ойындарының «Халық биі» аталымы бойынша І орын иегері (14 маусым, 2013 жыл);

4. 2013 жылдың 3-4-5-6 қараша күндері Астана қаласында өткен «Аймақтар аламаны» республикалық телебайқауына қатысып, жеңімпаз атанды;

5. 2015 жылы ақпан айында Астана мемлекеттік «Наз» би театрының қолдауымен өткен «Баян-сұлу» Республикалық өнер байқауында Бас жүлде иегерлері.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сәуле Жанпейісова туралы мәлімет

С.Жанпейісова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, филология ғылымдарының кандидаты.

2000-2004жылдар аралығында Атырау қаласындағы Д.Нұрпеисова атындағы Халықтық музыка Академиясының директоры қызметін атқарды.

2004 жылдан 2012 жылға дейін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консервоториясының доценті, Халық әні кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келді.

2012 жылдың наурыз айынан бастап Жамбыл облыстық филармониясының директоры қызметін атқаруда.

Астана, Алматы, Орал, Тараз қалаларында «Сендей ел жоқ мынау жердің бетінде...», «Мен қащанғы жүйрігің» атты жеке ән кештерін берген.

«Әуен-сыр», «Сәуле-сарын» атты топтамалы ән жинағының авторы.

Эстрада әншісі Ғани Мәтебаев

Шымкент қаласында өткен Республикалық «Арай» ән байқауының (2000ж.), республикалық Ш.Қалдаяқов атындағы ән байқауына(2000ж.), «Шабыт» байқауына қатысқан.

2000жылы алғаш Республика сарайында өткен Ш.Қалдаяқовты еске алу кешінде «Дүнген қызы» әнін ең бірінші болып орындаған.

2011жылы Ұйымдық халықтық тәуелсіз комитетінің «Көшбасшылар» байқауында мәдениет саласы бойынша «Алтын көшбасшылар» дипломымен марапатталған. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпарациясының ұйымдастыруымен өткен II Халықаралық радифестивалінде «Үздік эстрадалық орындаушы» номинациясының иегері.

Әнші репертуарында сөзі С.Асанов, әні Ш.Қалдаяқовтың «Дүнген қызы», Ә.Салабековтың «Романс», «Ерке қыз», Ө.Байділдаевтың «Туған ел», Қапездің «Үш Меркі», сөзі Е.Раушанов, Қ.Құрманалінің әні «Жаз не деп еді» т.б. жаңа әндері бар.

Әнші, концерт жүргізуші Ақмарал Ахметова

А.Ахметова Қарағанды қаласында өткен Республикалық «Жас толқын» байқауының жүлдегері (2004 жылы), жоғары оқу орындарының студенттері арасында Ш.Қалдаяқовтың әндерін орындаушылардың Республикалық «Бақыт құшағында» байқауында ІІI орын иегері (2007 жылы), елордамыз Астананың Қала күні мерекесінде өнер көрсеткені үшін Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтың Алғыс хатымен марапатталады. (2013 жылы).

А.Ахметованың репертуарында Ә.Бейсеуовтың «Ағаларым», Ж.Омаровтың «Бөлей бер нұрға жанымды», «Асыл арманым», көше әні «Күтудемін әлі мен», Е.Елгезековтың «Алыстап кеттің сағымдай..», Ж.Күзембаевтың «Астана вальсы» авторлық әндері үнтаспаларда, бейнебаяны ғаламтор сайттарында жүктелген.

«Кітап – ақылшы досың!»
(дөңгелек үстел)

Әдеби кітаптар мен оқулықтар білім көзі, рухани қазына, кітапты неғұрлым көп оқыған сайын біліміміз молайатындығын, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ деп, дана халқымыздың «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген мақалын негізге ала отырып, Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының менгерушісі Баймағамбетова Анар №42 орта мектебінің 7–сынып оқушылары мен кітапханашыларының катысуымен «Кітап – ақылшы досың!» атты дөңгелек үстел өткізді. Кітап туралы айтып, оқырмандардың пікірі тыңдалды. Сондай-ақ кітап адам өміріндегі аса маңызды роль атқарады. Ол елді сүюге, таланты, кішіпейіл болуға, мейрімділікке, төзімділікке тәрбиелейді, дей келе оқырмандар көптеген жұмбақтарды шешіп, мақал-мәтелдер айтылып, оқушылар ат салысты.

«Ертегілер әлемі»
Саяхат

Бүлдіршіндер секторының кітпханашысы Оңғарбаева А мен № 30 «Нәзерке» балабақша «Құлпынай» ортаңғы тобының тәрбиешісі Баймаханова А. бүлдіршіндерінің қатысуымен кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік берді. Кітапханаға келіп түскен жаңа панорама-кітаптар, 3Д кітаптар, сөйлейтін кітаптар, ұзын кітаптармен таныстыра отырып, кітапқа деген бүлдіршіндердің қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту. Бүлдіршіндерді кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу мақсатында «Ертегілер әлемі» атты тақырыбында саяхат өткізілді. Кітапханашы бүлдіршіндерді кітап қорына келіп түскен заманауи технологиялық кітаптар: 3Д, панорама, сөйлейтін, ұзын кітаптармен таныстырып өтті. Ертегі кейіпкерлерді кітап арқылы көрсетіп бүлдіршіндер өздері білетін ертегілерін ортаға салып айтып берді. Сондай-ақ көптеген сұрақтар қойылып, қызықты жауаптар айтылды.

«Герои военных лет»
(Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары)
Ерлік сағаты

Осы жылы Ұлы Жеңіске 70 жыл толғалы отыр. Осы мерейлі күнге орай «Герои военных лет» атты тақырыпта ерлік сағаты өткізілді. Бұл сағат Кеңес Одағының батырларына арналды. Соғыс жылдары 500 Қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды, 100-ден аса жауынгерлер Данқ ордендері мен марапатталды, оның ішінде төртеуі екі рет Кеңес Одағының батыры атағын иемденген. Олар Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский. Қазақстандықтардың соғыс жолы 1941 жылы Москва түбінде басталып, 1945 жылы Берлинде аяқталды. Олар Ленинград, Сталинград қалаларын қорғады, сондай-ақ Украина, Беларуссия, Молдова және Балтық елдерімен қоса Европа халқын фашисттік құрсаудан босатты. № 24-ші гимназияның оқушылары Ұлы Отан соғысының тарихымен, қазақ батырларының ерлік істерімен кең көлемде танысты. Тарих бетінде өшпестей болып қалған батырларымыздың ерлігін өскелең ұрпақ ешқашанда ұмытпақ емес. Іс-шара соңында «Поклонимся великим тем годам» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

«Огненные версты»
(Ұлы Отан соғысына 70 жыл)
Тарихи-танымдық сұрақ-жауап сайысы

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай №38 орта мектептің оқушыларымен «Огненные версты» тақырыбында тарихи-танымдық сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Викториналық сұрақтар Ұлы Отан соғысының Москвада, Курскте, Сталинградта болған шайқастарына арналды. Қатысушылар Александр Матросовтың, Зоя Космодемьянскаяның ерліктері мен соғысқа қатысушылардың қолданған қару-жарақтарына қатысты сұрақтарға жауап берді. Оқушылар Кеңес Одағының Батыры атағы қалай пайда болғанымен кімдерге берілгендігі жайлы айтылды. Іс-шара соңында «Огненные версты» кітап көрмесіне шолу жасалынды. Мұнда тек отандық жазушылардың ғана емес өзге ұлт жазушыларының да көркем шығармалары қойылды. Соғыстың сұрапыл кезеңдері тарих бетінде мәңгі сақталып қалды. Сондықтан қан майданда ерлік көрсеткен азаматтардың батырлығы ешқашанда ұмытылмайтындығы анық.

«Ұлы даланың рухы»
(драмалық көрініс)

Оқушыларды қазақ хандығының құрылу тарихымен, қазақ хандығының тарихындағы қиын қыстау кезеңдерінде жол көрсетіп, басшылық жасап, қазақ хандығын қалыптастырып нығайтуға үлкен үлес қосқан Жәнібек пен Керей хандар туралы тарихи еңбектермен таныстыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сахна мәдениетіне үйрету. Қазақ халқының басынан өткерген қиындықтарын көрініс арқылы жеткізу, ұлттық сана-сезімдерін ояту. Көпшілік алдында өздерін еркін ұстай білуге тәрбиелеу мақсатында 30 сәуір күні «Ұлы даланың рухы» драмалық көрініс көрсетілді. Аталған іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға ең алдымен қазақ хандығының құрылу тарихы, Керей мен Жәнібек хандардың хандыққа келулерінің себептері туралы ақпарат берді. «Жас талант» драма және «Жас талант» домбыра үйірме мүшелерінің қатысуымен қазақ хандығының құрылу тарихынан сыр шертетін драмалық көрініс көрсетілді. Балалар өлеңдерден үзінді оқып, қасиетті қара домбыраның құлағында күй ойнап, ән шырқады. Қазақ хандығына байланысты дайындалған арнайы сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақтар шешті. Іс -шараны Жамбыл облыстық балалар мн жасөспірімдер кітапханасының директоры М.Е.Ысқақ қорытындылап, балаларды өз Отандарының, қазақтың қазақ болып қалыптасу тарихын, қазақ хандығының құрылуына ұйытқы болған Керей мен Жәнібектей хандарымызды біліп жүруге, өз елінің патриоты болуға шақырды. Белсене қатысқан балаларға алғыс хат беріліп, марапатталды.

«Молодежь Казахстана против экстремизма»
Тренинг

Келер ұрпақты жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында №24 гимназияның оқушыларымен «Молодежь Казахстана против экстремизма» атты тренинг өткізілді. Қазақстан көне заманнан бері қарай сан алуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында бірнеше діни ұйымдар бар. Олардың кейбірі заңсыз қызметтері үшін тыйым салынған. «Экстремизм – угроза человечеству» деген тақырыптағы электронды презентация экстрималдық топтардың негізгі белгілері мен мақсаттары, Қазақстанда тыйым салынғандарын атап көрсетті. Қатысушылар кітапханашының діни экстремиз жайындағы қысқаша жүргізілген сұрақтарына жауап берді. Тренинг барысында балалар лаңкестердің ислам дініне ешқандай қатысы жоқ екендігі туралы тұжырымды ойға келді.

«Көшелер батырлар атымен»
(Ұлы Жеңіске -70 жыл)
Слайд-саяхат

Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың бірі əрі соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты ұрпақтарының, яғни біздердің өмір сүруімізді қалады. Соғыс жаңғырығы жылдан жылға алыстап барады. Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Əйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. Оқушыларға Ұлы Жеңіс жайлы, сұрапыл соғыс жылдарындағы ата-апаларымыздың ерен ерліктері туралы, бүгінгі бейбітшіліктің оңайлықпен келмегендігі жайлы білім беру мақсатында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай №16 Д.М. Карбышев атындағы мектептің оқушыларымен бірге «Көшелер батырлар атымен» атты слайд-саяхат өткізілді. Кітапханашы ең алдымен Ұлы Отан соғысы жайында оқушыларға әңгімелеп берді. Электронды презентация арқылы қаламыздағы Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштермен танысып, соғысқа қатысқан жерлестерімізге берілген көшелерді білді. Туған өлкемізден шыққан батырлардың атқарған қызметтерін, соғыстағы ерліктерін қатысушылар қызығушылықпен тыңдады. Іс-шара соңында «Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің...» деп аталатын кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатының ұйымдастыруымен «Қазақ хандығы – ата тарихымыздың асқар белесі» атты ғылыми конференция.

2015 жылдың 21-сәуірінде Тараз қаласының мемлекеттік мұрағатының жаңадан салынған ғимаратының конференс-залында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатының ұйымдастыруымен «Қазақ хандығы – ата тарихымыздың асқар белесі» атты ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласынан тарих ғылымының докторы, профессор, археология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жолдасбаев Сайден Жолдасбайұлы мен елімізде ғылымды дамытуға ерекше үлес қосып келе жатқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті Талеев Дөкей Әбдікәрімұлы арнайы қонақ болып шақырылды. Олар Қазақ хандығының 550 жылдығы туралы өздерінің зерттеулері мен тың деректері туралы баяндама жасады.

Конференцияны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Қабылбекқызы Мадиева ашып, конференция жұмысын жүргізіп отырды.

Конференцияда өңірімзде белгілі тарихшы ғалымдар, Тараз мемлекеттік педагогика институтының «Қазақстан тарихы» кафедрасының жетекшісі Бақытжан Әбсаматұлы Жүрсінбаев пен сырттай білім беру факультетінің деканы Бахыт Ормаханұлы Мырзабеков, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайының директоры Тәкен Молдақынұлы, Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, мұрағаттанушы Мақұлбек Рысдәулет өздерінің танымдық баяндамаларын оқыды.

Конференцияға облысымыздың барлық мемлекеттік мұрағаттарының қызметкерлері, баспасөз өкілдері, тарихшы ғалымдар шақырылды.

Конференцияның басты мақсаты - Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудің мәні мен мағынасы және мемлекеттігіміздің қалыптасу ерекшеліктері, тарихы және оның тағылымдарын айшықтау және Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.

Бүгінгі таңда ынтымақтаса, бірлесе отырып жүргізілген іс нәтижелі болатындығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан да Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институты алдағы уақыттарда мұрағаттардағы тарихи құжаттарды бірлесе зерделеу, жариялау бағыттарында ынтымақтастық меморандумына қол қоюға шешім қабылдап, меморандумға қол қою салтанаты өткізілді. Меморандумға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев пен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістеме ісі жөніндегі проректоры Р.Амандосова қол қойды.

Қазақ хандығы – қазақтың төл мемлекеті, біздің мемлекеттілігімізді дәлелдейді. Мемлекеті бар халық бақытты. Сондықтан да мемлекеттік мейрам – қазақ мемлекетін ұлықтайтын мереке. Біз айдай әлемге тарихымыз тереңде екенін дәлелдейтін мереке. Қазіргі күні кейбіреулер біздің жерімізде мемлекет болмағаны туралы айтып жүр. Ал осы мерекені тойлау кезінде біз өзіміздің кім болғанымызды дәлелдей отырып жаңсақ пікір айтып жүргендердің пікірін теріске шығарамыз. Тарих ғылымының докторы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Берекет Кәрібаевтың айтуынша қазақ жерінде Қазақ хандығына дейін 20 мемлекеттік құрылым мен саяси жүйелер болған. Олардың барлығы да тайпалардың атымен аталды. Ғұн мемлекеті, Қаңлы мемлекеті, Оғыз мемлекеті, Түрік қағанаты, тағы да басқа. Ал Қазақ хандығының ерекшелігі деген тайпаның емес, қазақ халқының мемлекеті болды. Сондықтан да Елбасы өзінің «Ғасырлар тоғысында» деген еңбегінде: «Қазақ хандығы бүкіл Орталық Азиядағы ең алғашқы құрылған ұлттық сипаттағы мемлекет» деп өте дұрыс айтты. Қазақ хандығының құрылуымен бірге тарих сахнасына қазақ этносы шықты. Сондықтан да Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау бүгінгі және келер ұрпақ үшін де аса маңызды.

Біздің тарих нақты деректерге, тарихи жәдігерлерге құрылған. Кең байтақ Отанымыздағы орта ғасырлық қалаларымыз бен қамалдарымыз осыны дәлелдейді. Солардың арасында Тараздың шоқтығы биік. Сондықтан да, мерекені тойлау да Жамбыл жерінен бастау алады. Оның танымдылығы мен тағылымын асқақтату баршамыздың парызымыз. Бүгінгі конференция соның бір парасы ғана. Мұндай іс-шаралар басқармаға қарасты барлық мекемелерде өтуі керек.

«Менің елім – мәнгілік ел»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 1 мамыр Халықаралық ынтымақ күніне орай «Менің елім – мәнгілік ел» атты арнау кеші Қазақ соқырлар қоғамының мүмкіндігі шектеулі ұлт өкілдерімен өткізілді. Кештің мақсаты елімізде тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қарым қатынасын нығайтуға тәрбиелеу. Кеш қонақтары : кырғыз халкының өкілі Бакубаева Т. М. І көз топ мүгедегі қырғыз әнін орындаса, өзбек халкының өкілі Галиаскарова З. Ш. өзбек биін биледі және ақын Тәсіл С. А. ІІ көз топ мүгедегі 1 мамыр күніне арнаған «Ел бірлігі- береке, тыныштық » өленің оқып берді.

«Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» республикалық фестивалінің жеңімпаздары

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай 2014 жылдың қараша айында Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Облыстық халық шығармашылығы орталығы ардагерлер шығармашылығынан көркемөнерпаздардың «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» облыстық байқауын өткізген.

Ұлы Жеңісті дәріптеу, кейінгі ұрпаққа оның мән-мағынасын ашып көрсету, тәрбиелік маңызын арттыру, жас ұландарды Отансүйгіштікке баулу мақсатында өткен байқаудың ән өнері, би, көркемсөз оқу, сурет шығармашылығы, ұлттық аспапта ойнау номинациялары бойынша жеңімпаздары республикалық фестивальге жолдау алған болатын.

2015 жылдың 22 сәуір күні Астана қаласының Конгерсс Холл залында «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» республикалық фестивалі жеңімпаздарының марапаттау рәсімі өтіп, Гала концерт ұйымдастырылды.

Фествальге еліміздің әр облысы мен қалалардың шығармашылық ұжымдары мен әртүрлі жанрдағы жеке орындаушылар өнерлерін көрсетті. Марапаттау кезінде «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Ө.Озғанбаев және Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі қатысушыларды құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Жамбыл облысынан қатысқан үміткерлер арасынан аспаптық орындаушылық номинациясы бойынша І жүлдені қобызшы Дәірбеков Балтабай (Сарысу ауданы), ІІ жүлдені сырнайшы Макаров Николай (Тараз қаласы) алса, вокал номинациясы бойынша «Катюша» әнімен М.Бокаев пен Б.Ильдинбаев дуэті (Тараз қаласы) және өткір сөздің шебері номинациясы бойынша Е.Балақұлова (Меркі ауданы) ІІ жүлделерге ие болып қайтты.

Ерлік елге ұран, ұрпаққа өнеге

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай № 10 орта мектебінде "Ерлік елге ұран, ұрпаққа өнеге" бейне кездесу өткізілді. Бейне кездесудің мақсаты оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналды да парасатты азаматтар тәрбиелеу.

Абайды оқы, тәлім ал!
Әдеби кеш

Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының кітапханашысы А. Баймағамбетова, Ы. Алтынсарин атындағы № 49 мектептің 8-сынып оқушылары, ұстаздар мен мектеп кітапханашыларының қатысуымен Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру, Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру, жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу мақсатында «Абайды оқы, тәлім ал» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Оқырмандар ұлы ақынның өмір жолымен, шығармашылығымен танысып, ақынның өлеңдерін жатқа айтты. Абайдың мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайтындығы, Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп оқитындығын оқырмандарға көрсете білді. Сондай-ақ бейнеролик арқылы Абай өмірі, қара сөздері тыңдалып, слайд көрсетілді. Кітапханашы Абай атамыздың адам бойындағы жаман қылықтарды сынап, адамдықты, ақыл білімді алға қойғандығын айтып, жас оқырмандарға Абай атамыз сияқты дара, дана бола біліңдер деп, кеш соңында «Даналық дариясы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Ұлы жолдың басталуы
Хронологиялық әңгіме

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының меңгерушісі А. Баймағамбетова М.Әуезов атындағы № 33 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі А. Бегимбаевамен бірлесе отырып 6-7 сынып оқушыларының арасында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына байланысты Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу мақсатында «Ұлы жолдың басталуы» атты хронологиялық әңгіме өткізді.

Оқырмандарға «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың сөзінен бастау алып, 2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл екендігін оқырмандарға айтты. 550 жыл бұрын елді басқарған хандардың қысқаша тарихтарына тоқтала келе, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға екенін, ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңыздылығын, ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетгендігі, сондай-ақ Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, түбегейлі шешуші рөл атқаратындығы туралы айтылды. Оқырмандарды «Қасиетіміз, қастеріміз қазақ хандығы» атты кітап көрмесімен таныстырды.

«Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел»
(Ш.Уәлихановтың туғанына 180 жыл)
этно-саяхат

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының кітапханашысы М.А.Расулованың ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы № 49 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына байланысты «Шоқаны бар ел-шоқтығы биік ел» атты этно-саяхат өткізілді.

Қазақ халқының ұлы ғалымының өмір сүрген ортасы мен ғылымға қосқан үлесі жайлы оқушыларды Шоқан еңбектерінің құндылығы, ғылымға қосқан үлесі жайлы таныстыру. Оқушылардың бойында еліміздің біртуар ұлы ғалымы Шоқанның өміріне деген қызығушылық сезіміне тәрбиелеу, заман ұрпақтарына қыр сахарасында қоғамдық ой-пікірдің жүйелі ғылыми негізде қалыптасып дамуына мүмкіндік те, жағдай да жоқ кезде Шоқан Уәлиханов ғылымның алуан түрлі саласымен шұғылданып, жан-жақты ғалым болғанын ұғындыра білу. Ол тарих, этнография, археология, социология, экономика, философия ғылымдары саласында жемісті еңбек етті. Жазушы, публицист, аудармашы, суретші де болды. Ғұлама ғалым соншалықты қысқа ғана өмір сүрсе де, кейінгі ұрпаққа аса бай, бағалы мұра қалдырды. Іс-шара соңында «Шоқан мұрасы-дәуір шежіресі» атты кітап көрмесіне кітапханашы шолу жасады.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы
ғарыш әлеміне саяхат

12 сәуір – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. 1957 жылы 4 қазан күні Байқоңыр ғарыш айлағынан Спутник атты бірінші жасанды жер серігі ұшырылған болатын. 11 сәуір күні Ушинский атындағы № 23 мектебінің қабырғасында 2 «ә» сынып оқушыларымен ғарышкерлер күніне орай «Байқоңыр» ғарыш айлағы тақырыбында арналған ғарыш әлеміне саяхат өткізілді. Саяхаттың мақсаты: ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Қазақстан еліндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағының және ғарышкерлер мерекесіне, орай қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру; оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту; ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Кітапханашы слайд арқылы оқушыларға ғарыш, планета, Галактика туралы мәліметтер берді. Қазақстан еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағының және ғарышкерлер мерекесіне орай Кеңес Үкіметінің және қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы, ең алғаш 1961 жылы 12 сәуірде ғарышқа ұшқан Ресей азаматы Ю.А.Гагарин туралы айтылды. Ю.А.Гагариннен бұрын екі ит – Белка және Стрелка ұшырылған. Еліміздің мақтаныштары – қазақ ғарышкерлері Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев туралы сөз қозғады, ғарышкерлердің қысқаша өмірбаяндары айтылды. Оқушылар сөзжұмбақ шешіп, ғарыш, ғарышкерлер, жұлдыздар туралы өлеңдер оқыды. Іс-шара кітап көрмесіне шолумен аяқталды.

«Что такое коррупция и меры ее пресечения»
әңгіме-толғау

Білімгерлерді отансүйгіштікке, әділеттілікке, өз елінің жанашыры болуға тәрбиелеуде «Что такое коррупция и меры ее пресечения» деген атпен іс-шара өткізілді. Іс-шара жемқорлық тақырыбында болғаннан кейін қатысушылар пара мен пара беру жайында өз ойларын ортаға салды. Білімгерлер қай жерлерде пара берілетіндігі жайында статистикалық деректермен танысып, алдын алу шараларын талқылады. Жемқорлықпен күресу үшін арнайы жемқорлыққа қарсы заңдардың болу қажеттігін бір ауздан қолдап, құқықтық сауаттылықты арттыру керектігін мақұлдады.

Шоқан Уәлихановқа - 180 жыл
«Промелькнувший метеор»
тарихи портрет

Қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына орай «Промелькнувший метеор» атты тарихи портрет өткізілді. Кітапханашы Шоқанның балалық шағы мен кадет корпусындағы оқыған жылдары жайында айтып берді. Қатысушылар ғалымның Ыстықкөлге, Құлжаға, Қашқарияға сапарларын қызығушылықпен тыңдады. Сонымен қатар оның Достоевскиймен достығы жайында да айтылды. Білімгерлер Шоқанның артына өшпестей мұра қалдырғанын тереңірек білді. Іс-шара соңында Стрелковтың «Чокан Валиханов», Мұқановтың «Промелькнувший метеор», Бегалиннің «Чокан Валиханов» және т.б. кітаптарға шолу жасаумен аяқталды.

Адамның ғарышқа ұшқанына 50 жыл «Первый человек в открытом космосе»
тарихи сағат

1961 жылы 12 сәуірде адамзат баласы ғарышты игеруді бастады. Ұшқыш-ғарышкер Алексей Леонов 1965 жылы 18 наурызында «Восход-2» космос кораблімен космосқа ұшты. Ол космос кораблінен дүние жүзінде тұңғыш рет ашық космосқа шықты. Балалар осы тарихи әңгімені презентацияның көрсетілуі арқылы тыңдады. А.Леоновтың ғарышқа ұшу сапарынан кейінгі салған суреттерін оқушылар тамашалады. Оларда табиғат пен ғарыштың көрністері, қиялғажайып суреттер, достарының суреттері салынған. Іс-шара соңында мына кітаптарға шолу жасалынды: А.Леонов «Выхожу в космос», «Загадки звездных островов», «Космическая гавань», В.Степанов «Юрий Гагарин», А.Волков «Королев» және т.б.

on-line - оқу «Когда я пишу для детей»
(С.Бегалин-120 жыл)

Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Бегалинге биыл 120 жыл толып отыр. Ол жиырма шақты поэма, оннан астам повесті, жүздеген әңгіме, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар жазған. Бегалиннің өлеңдеріне 50-ге жуық ән жазылған. Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, жазушының өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру мақсатында «Когда я пишу для детей» деген атпен іс-шара өткізілді. Көптеген шығармаларын қаламгер балаларға арнаған. Іс-шара барысында оқушылар «Еж Есена», «Поток», «Посылка», «Тайна надписей на скале» әңгімелерін кезекпен дауыстап оқып шықты. Жазушы шығармаларында әр кейіпкерлер бейнесін тереңірек аша білген. Іс-шара соңында Бегалиннің кітаптарына шолу жасалынды.

«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»
Әдеби-монтаж

18 наурыз күні № 13 орта мектебінің оқушыларымен 22 наурыз мейрамына орай «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында әдеби монтаж өткізілді. Мақсаты: оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен және көктем мезгілін тамаша ғажайыптарымен таныстырып, наурыз мерекесінде оқылатын өлең, тақпақтар оқылды. Ұлтымыздың ата - бабамыздан келе жатқан дәстүрі наурыз көже туралы түсінік беру. Осы тақырып арқылы ұлттық мерекемізге деген бала құштарлығын ояту, қазақтың салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Кітапханашы балаларға Наурыз – жыл басы деп түсінік беріп, қазақ елі наурызды қалай қарсы алатыны жөнінде және Ұлыстың ұлы күнін халықаралық деңгейде басқа да елдердің қалай тойланатыны туралы сөз қозғады. Наурыздың тарихын ашып, меркеде көрсетілетін қазақтың салт-дәстүрлері туралы түсінік берді. Осы күні дайындалатын ерекше тағам түрі – наурыз көжеге тоқталып, ол тағам жеті түрлі дәмнен дайындалатыны туралы айтылды. «Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді» деп бекерге айтпаған. Оқушылар наурыз туралы жырлаған ақындардың жыр шумақтарын оқыды, қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Кітапханшы оқушыларға наурыз туралы слайд көрсетіп, кітап көрмесіне шолу жасады.

«Қазақ хандығы»
(А.Галиевтің «Керей мен Жәнібек» кітабы бойынша)
ретро-беташар

Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар туралы нақты түсінік беру мақсатында №16 Д.М. Карбышев атындағы мектептің 5-ші сынып оқушыларымен іс-шара өткізілді. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ретро-беташар А.Галиевтің «Керей мен Жәнібек» кітабы бойынша «Қазақ хандығы» деген атаумен өткізілді. Іс-шара барысында электронды презентация көрсетіліп, қазақ хандығының қалай құрылғандығы жайында мәліметтер берілді. Галиевтің көркем туындысында Қазақ хандығының негізін қалаған екі хан Керей мен Жәнібектің өмір жолы суреттелген. Оқушыларға осы кітаптың ішіндегі бірнеше аңыз әңгімелер айтылып шолу жасалынды. Қатысушылар қазақ халқына тән құндылықтар мен батырлар жайында өз білгендерін айтып іс- шараны қортындылады.

«Даладай дара дарын »
(Әңгіме-презентация)

Қазақ өнерінің тамыры тереңге таратқан алтын діңгегі алтындай тума дарындар, әншілік қырлары ешқашан бірін-бірі қайталамайтын халқымыздың мақтанышы мен ардағына айналған. Жақсысына құрмет көрсеткен, барын бағалаған елдің абыройын артып, мерейі өсе береді. Күміс көмей әншіміз Рабиға Есімжанованың есімін зор мақтанышпен дәріптеп, кейінгі жас буынға кеңінен насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының кітапханашысы М.А.Расулованың ұйымдастыруымен № 13 орта мектептің 5«Ә» сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен Р.Есімжанованың туғанына 100 жыл толуына орай «Даладай дара дарын» атты әңгіме-презентация өтті. Ұлтымыздың мақтанышы, 1936 - 1958 жылдары Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндіктерінде ән құдіретін әлем жұртшылығына мойындатқан сахна саңлағының рухы қандай құрметке болсын лайық, қалай әспеттесек те орынды дер едік. Рабиға Есімжанованың еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан зор үлесі мемлекеттік наградалармен марапатталған. Ол «Құрмет белгісі» орденінің иегері және «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі», «Қазақстанның халық артисі» атақтары берілген. «Халқымның күміс көмей әншісі» атты кітап көрмесіне кітапханашы оқырмандарға шолу жасады.













Ұлы Жеңіске – 70 жыл «Ару қыздар – алаулап от кешкендер» әдеби-музыкалық композиция


















































Эко-лото «Край, в котором я живу»

Отанға деген сүйіспеншілік ең алдымен өзі туып өскен жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Біздің өлкеміз яғни Жамбыл облысы эндемикалық өсімдіктерімен белгілі, хайуанаттар дүниесіндей бай. Туып өскен жеріміздің табиғатын таныстыру мақсатында «Край, в котором я живу» деген атпен эко-лото өткізілді. Эко-лото қатысушылары «Легенды родного края» деп аталатын викторина сұрақтары мен туған өлкеміздің флорасы мен фаунасына арналған сұрақтарға жауап берді. Бірнеше сұрақтар сандықшадағы күтпеген сыйлықтарға байланысты қойылып, балалар не зат екендігін тапты. Эко-лото Куклиннің «Страна моя Джамбулия», Ердавлетованың «Тараз. Аулие-Ата.Джамбул» т.б. кітаптарға шолу жасаумен аяқталды.

«Ару қыздар алаулап от кешкендер» атты әдеби-музыкалық композиция

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Ару қыздар алаулап от кешкендер» атты әдеби-музыкалық композиция өткізілді. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушылары мен Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның 8 «А» сынып оқушылары, ұстаздар мен кітапханашылар қатысты. Қазақ халқы әйелді ер-азаматтың жан серігі, ұрпағын жалғастыратын ұлағат иесі, отауының көркі мен ұйытқысы, сұлулық символы санаған. Бірақ, XX ғасырдың ең ауыр да қорқынышты соғысында әйел жауынгер болды. Жаратылысынан жаны нәзік, жолы жіңішке, жүректері сезім мен сырға толы осынау жандар халқымыздың басына түскен ауыр кезеңдерде нағыз қажыр-қайрат иелері екендерін айдай әлемге тағы бір рет таныта білді. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапса, сонымен қатар аты аталмай жүрген қаншама қаракөз қыздарымыз бар еді. Міне осы аруларымызға арналған әдеби-музыкалық композицияны кітапханашы Амиркулова Г.Е. жүргізді. Ал Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушылары кеш қонақтарына батыр қыздарымызға арналған ерліктеріне құрмет ретінде жазылған ақындарымыздың жырларын оқырмандар жүрегіне сыздата жеткізе білді. Соғысқа өз еріктерімен аттанған аруларымыз туралы «1941 жылы соғысқа аттанған аруларымыз қандай еді?» сахналық көріністе батыр қыздарымыз соғыс жылдарында басынан кешкен қиын шақтарын естеріне алып, сұм соғыстың бейбіт өмірде де жайлы өмір сүруге кедергі болғандығы жөнінде толғады. Сондай-ақ іс-шараға Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның оқушылары Көбдік Диана, Әділдаев Азамат пен Алғабасов Рауан әсем әндерін сыйлап, патриоттық рух пен жігер берді. Кітапханашы «Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты кітап көрмесіндегі тарих пен көркем әдебиеттерге шолу жасады.












«Ғайни – ғұмыр! Сара сарын, сара жол...» ақын, журналист Ғайни Әлімбекқызымен кездесу кеші

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құятын 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Өлең» дейтін қасиетті өнердің қазанында қайнаған рухы асқақ, мұраты анық нәзік жанды ақындарымыздың бірі, ел-жұртына берген еселі еңбегі сол құдіретті өлеңдерімен өлшеніп отырған, осы өлкеде өрнекті ізін салып, рухы мен сезімін, мұңы мен шерін өлеңге ғана арнаған ақын, оқырманның талғам-таразысынан өтіп, кестелі жырдың керім әуенін тыңдатқан ақын, өзінің сүбелі жырларымен оқырманға айрықша ой салып келе жатқан ақын, журналист, Қазақстан Республикасы Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Қазақстан-Тараз» телеарнасының редакторы Ғайни Әлімбекқызымен «Ғайни – ғұмыр! Сара сарын, сара жол...» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды.

Кешке арнайы қонақ ретінде көп жылдар бойы үздіксіз қызмет жасап, сүйікті мәдени ошағының жарығын өшірмеуге тырысып, зейнеткерлік жасқа жетіп, сол бейнеттің зейнетін көріп жатқан кітапхана ардагерлері де шақырылды. Іс-шара барысында оқырмандар жаһанға жауһар жыр төгіп, жүректерге нәзік жыр сепкен ақынның өзі мен отбасы жайлы, поэзиясы мен журналисттік еңбегі жайлы сыр шертті. Кеш қонақтары ақынның шығармашылығына арналған «Өртеніп от демім, айтарым көп менің...» кітап көрмесінде ұсынылған басылымдармен танысып, Ғайни Әлімбекқызының мазмұнды жырларымен, сұлулық пен туған жеріне деген сүйіспеншілікке толы өлеңдерімен сусындап, кітапханашылардың орындауындағы Ана, Әйел, Көктем туралы әндерді тамашалады.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына

Бүгін,05 наурыз 2015 жылы Тараз қаласы мемлекеттік мұрағатында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында осы ұжымнан зейнетке шыққан еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған мекеме ұжымының мерекелік жиыны болып өтті. Жиынға Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Мәдиева Сара Қабылбекқызы қатысып, шақырылған еңбек ардагерлеріне сый- сыяпат жасады.Мекеме ұжымы-негізінен әйелдер мен қыздар болғандықтан, өткізілген іс-шараның аналарды құрметтеуге, әйел-ана мен қыздардың қоғамда алатын орыны мен атқаратын қызметінің ерекшелігіне мән беруге бағытталды.Бұл іс-шараның тәрбиелік мәні ерекше екендігін атап айту қажет.

«Тараз қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ










Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы
Жамбыл облыстық орыс драма театры

2015 жылдың 27,28 ақпанынан 1 наурыз аралығындағы сайтқа арналған ақпараты
27,28 ақпанда және 1 наурызда Ю.Кареткиннің «О Белоснежке, гномах и многих других» атты ертегісінің премьерасы өтті. Қоюшы-режиссеры – Сукопов Виктор, суретші-қоюшы – Сизинцев Владимир.
1 наурыз күні «Эстафета-20 добрых дел» атты іс-шара шеңберінде қайырымдылық қойылымдар сахналанды.
сағат 12.00 -де Ю.Кареткиннің «О Белоснежке, гномах и многих других» ертегісі,
сағат 16.00 –де Ф.Буляковтың «Выходили бабки замуж» комедиясы, қоюшы-режиссеры – Сукопов Виктор, суретші-қоюшы – Копылов Сергей.
1000 көрермендерге қызмет көрсетілді.

«Таңдайында өлеңнің ұясы бар» талантқа тағзым (еске алу кеші)

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақтың әйгілі ақын қызы, майталман айтыскер, жезтаңдай әнші, дәулескер домбырашы Ұлбике Жангелдіқызының туғанына 190 жыл толуына орай «Таңдайында өлеңнің ұясы бар» атты талантқа тағзым еске алу кешін ұйымдастырды. Мақсаты: Ұлбике ақынның шығармашылығын, тума таланты мен өнерін оқырмандарға жеткізу, ақыннан қалған асыл мұраны жас ұрпақтар арасында насихаттау болды. Кешке қатысқан Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің білімгерлері Ұлбике Жангелдіқызының қысқа ғұмырымен таныса келе, ақынның айтыс өнеріндегі дүлдүлі, қайым айтыстың асқан шебері болғанына көз жеткізуге мүмкіндік алды. Кітапхана жанындағы «Дәстүр» клубы мүшелерінің орындауында ақиық ақын айтыстарының ішінде ең сүбелісі Ұлбике мен Күдері қожа айтысынан көрсетілген үзінді оқырмандардың көңілінен шықты. Сонымен қатар, білімгерлер өздерінің Ұлбике ақынға арнап шығарған арнаулары мен қазақтың ақыны Күләш Ахметова жазған Ұлбикенің соңғы монологын мәнерлеп оқып, оқырман жүрегіне жол таба білді. Ақын шығармашылығына арналған «Ұлбике» атты кітапқа шолу жасап, кітапханашылар кітап көрмесінде ұсынылған басылымдармен таныстырып өтті. Іс-шараға қатысушылар көрмеде ұсынылған ақынның өмірі мен шығармашылығын айшықтайтын басылымдар, өлең-толғаулары, айтыстары туралы терең мағлұмат алу мүмкіндігіне ие болды. Кешті кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі М.Женсікбаева қорытындылап, қатысқан оқырмандарға алғыс айтып, мақтау қағаздарын тапсырды.

«Қазақ әнінің қаймағы – дәстүрде» ән кеші

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында оқырмандарға халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, өнері мен мәдениетін насихаттау, ән сүйер қауымға дәстүрлі әндердің өз деңгейінде, мәнерінде, нақышында, құлақтың құрышын қандыратындай дұрыс орындалуын дәріптей отырып, жас ұрпақты мәдени және рухани құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Қазақ әнінің қаймағы – дәстүрде» атты ән кешін ұйымдастырды.

Кешке қатысқан қаламыздың жоғары және арнаулы орта оқу орындарының білімгерлері қазақ халқының мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерліктері¬нің ішінде ғасырлар сүзгісінен өтіп, қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айна¬сы, халық рухының ықылымынан тіл қатқан тірі куәгері болып саналатын бүгінге жеткен көл-көсір қазақтың ән қазы¬на¬сының пайда болу тарихы және оның халықпен бірге даму сатыларымен танысты.

Кітапханашылар ұлтымыздың аса бай ән өнерін да¬мытуға Абай Құнанбаев бастаған, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Әсет Найманбаев, Естай, Нар¬¬тай, Кенен Әзірбаев сияқты халық композитор¬лары өл¬шеусіз үлес қосып, оны жаңа биікке көтергені туралы оқырмандарға баяндап берді.

Ал кітапхана жанындағы «Дәстүр» клубының мүшелері Сәбит Мұхамедияров пен Нұргүл Қырғызалиева халық әндерін орындап, оқырмандардың көңілінен шықты.

Өздерінің әншілік өнерімен оқырмандарды таң қалдырған Қ.Тастемирова,

Ж.Базарбаева және С.Рахымжанова есімді кітапхана қызметкерлері сол табиғи қалпы сақталған, әуен ырғағы бұзылмаған, бұрынғы нұсқасы өзгермеген әндердің мазмұнын жеткізуге тырысып, жастарды қазақ халқының мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасын сақтай келе, әрі қарай дамытуға шақырды.

"Ана –өмірдің шуағы" атты кездесу кеш.

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 24 ақпан күні "Ана –өмірдің шуағы" атты кездесу кеш өтті.

Кештің мақсаты: Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейрімінен тарайтынын ұғындыру;

2) аналар мерекесіне орай аналар, ұстаздар мен қыздарға құрмет көрсету;

3) мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Кешке қатысқандар: Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері, қонақтар, ардагерлер «Асыл әжелер» үйірмесі, ардагерлер жанынан ашылған «Жан қуатым» атты топ және де Ассамблея мүшелері. Кезекті іс-шараның шымылдығын ашып беруге Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әбдікешова Күләш Әмедияқызы ашып берді. Содан соң «Өмірде ана бұлақ, ана пана, Өмірді өркендетер ана ғана» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Кешке келген қонақтар Мамедова Зоя Алиевна ҰОС ардагері, Тасыбаева Ақшакүл Қарабекқызы көп балалы ана, Губайдулина Гүльнұр Латыповна №1 Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссиясының төрайымы, Муминова Хура қамқор ана, Күлжамила Жолдасқызы ТарМПИ-дың профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты.

Ардагер қатысушы апаларымызға өздерінің жеке өмірлері жайлы, еңбек жолдарын қай салада атқарғандары, соңғы зейнеткерлікке қай салада еңбек етіп шыққандары, біздің еліміз әлемге қандай елеулі үлестерін қосқандары жайлы бірнеше сұрақтар мен әңгіме арқылы қойылады.

«Асыл әжелер» үйірмесінің мүшесі және «Жан қуаттым» вокальдық топтың қатысуымен әндер шырқалды; «Сұлу қыз», «Ах Самара городок», «Көзімнің қарасы», «Анашым әкем», «Болада о красках», әндері орындалды.

Сондай–ақ кеш соңында Күлжамила Жолдасқызы ТАрМПИ–ның профессоры, физика –математика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, еңбек ардагері, ұлағатты ұстаздың «Өнегелі өмір» атты кітабының тұсау кесері қыйылды.

Қорытындылай келе Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры М.Е. Ысқақ өз сөзінде ардақты, аналар мен аталармызға мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін деп өз сөзін қорытындылады. Іс-шараға шақырылған кездескен апа-әжелерімізге арналған сыйлықтар мен гүлдер табысталды.

«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл Ауызша журнал

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының кітапханашысы М.А.Расулованың ұйымдастыруымен № 49 орта мектептің 6 сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін » атты ауызша журнал өткізілді. Қалыптасқан білім, білік дағдыларын тексеру және жүйелеу. Абай мұрасы – адамзаттың ғұмыр бойы игеріп түйсіне түсетін тұтасқан ғажайып бір әлемі. Абай мұраларын парасатты ой, зерделі санамен оқып үйрену – біздің қасиетті парызымыз. Қазіргі заман ұрпақтары Абайды оқу арқылы өзінің жоғын түгендейді. Абайды оқи алмаған, оның көңіліне тоқи алмаған адамды рухани аш, жүдеу жан деп есептеуге болады.

Абайдың шығармашылығында философиялық, этикалық, танымдық және әзіл-сықақ, кеңес беру түрінде жазылған қара сөздер маңызды орын алады. Онда ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері іштей қабысқан. Мұнда философ ақын адамдардың рухани толысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды көркейтудің жолдарын көрсетпекші болды. «Қазақ даласының сұңқары» атты кітап көрмесіне кітапханашы шолу жасады.

Жамбыл облысының 75 жылдығына арналған «Аудандардың мәдениет және өнер күндері», Халық театрларының облыстық «Театр KZ» фестивалі, «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2014», «Көне Тараз» атты қылқалам шеберлерінің және «Туған өлкем-Таразым» атты әуесқой фотосуретшілерінің облыстьық байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі туралы мәлімет

2015 жылдыңі 17 ақпан күні облыстық қазақ драма театрында Облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовтың қатысуымен Жамбыл облысы әкімдігінің облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2014 жылы атқарған жұмысының есебі өтті. Сондай ақ, 2014 жыл бойы өткізілген бірқатар іс-шаралардың қорытындысы жарияланды.

Атап айтқанда: Облыстық халық шығармашылығы орталығының жоспарын сай 2014 жылы ұйымдастырылып, өткізілген облыстық «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі клуб, клуб – 2014», «Аудандардың мәдениет және өнер күндері», «Халық театрларының облыстық «Театр КZ» фестивалі, «Көне Тараз» атты қылқалам шеберлері, «Туған өлкем-Таразым» атты әуесқой фотосуретшілері байқауларының жеңімпаздары марапатталып, жеңімпаздарына облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының дипломдары мен дыбыс-күшейткіш аппаратуралар, түрлі- түсті жарық қондырғылары, бейнекамералар, мониторлар, фотоапараттар тапсырылды.

1.Аудандардың мәдениет және өнер күндері бойынша:

І орын - Меркі ауданы (дыбыс күшейткіш аппаратура)

ІІ орын - Жуалы ауданы (дыбыс күшейткіш аппаратура)

ІІІ орын - Байзақ ауданы (дыбыс күшейткіш аппаратура) марапатталды.

2.«Көне Тараз» атты қылқалам шеберлерінің облыстық жабық байқауының қорытындысы бойынша

І орын Джумадилова Айнұр (Сарысу ауданы) (телевизор)

ІІ –орын Еркебекова Дана (Т.Рысқұлов ауданы), (телевизор)

ІІІ орын Бұхарбаева Жансая (Тараз қаласы) (телевизор)

3.«Туған өлкем-Таразым» атты әуесқой фотосуретшілер арасында

І орын- Гальцева Нина Генадьевна (Тараз қаласы), (фотоаппарат)

ІІорын - Досбембетов Талғат (Т.Рысқұлов ауданы), (фотоаппарат)

ІІІ орын- Туяқбаев Талғат (Жамбыл ауданы) (фотоаппарат)

4 Облыстық «Театр KZ» фестивалінің қорытындысы бойынша фестивальге қатысқан халықтық театрлары облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттам басқармасының Алғыс хаттарымен және жарық қондырғыларымен марапатталды

1.«Шахан» халық театры, Байзақ ауданы

2.«Дарын» халық театры, Жамбыл ауданы

3.«Жуалы», «Мыңбұлақ» халық театрлары, Жуалы ауданы

4.«Меркі» халық театры, Меркі ауданы

5.«Мойынқұм» халық театры, Мойынқұм ауданы

6.«Қордай» халық театры, Қордай ауданы

7.«Талас» халық театры, Талас ауданы

8.«Саудакент» халық театры, Cарысу ауданы

9.«Шу» халық театры, Шу ауданы

10.«Дулати» студент жастар халық театры Тараз қаласы

5.«Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2014» облыстық байқауына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен

1.Сарысу ауданының Ұйым ауылдық клубы

2.Талас ауданының С.Шәкіров ауылдық мәдениет үйі

3.Шу ауданы Сауытбек ауылдық клубы

4.Қордай ауданы Кенен ауылдық мәдениет үйі

5.Байзақ аудына Үлгілі ауылдық клубы

6.Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық клубы

7.Меркі ауданы Т.Рысқұлов ауылдық клубы

8.Меркі ауданы Қостоған ауылдық клубы

9.Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық мәдениет үйі

10. Көктөбе ауылдық клубы

6.«Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2014» облыстық байқауының жеңімпаздары Ауылдық мәдениет үйлері арасында:

І –ші орынмен Шу ауданы, Бірлікүстем ауылдық мәдениет үйі, (дыбыс күшейткіш аппаратура)

ІІ орынмен - Сарысу ауданы, Саудакент ауылдық мәдениет үйі (дыбыс күшейткіш аппаратура)

ІІІ орынмен - Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылдық мәдениет үйі (бейнекамера)

ІІІ орынмен - Байзақ ауданы, Дихан ауылдық мәдениет үйі (монитор)

Ауылдық клубтары арасында:

І-ші орынмен Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылдық клубы (дыбыс.күшейткіш аппаратура)

ІІ-ші орынмен Талас ауданы, Аққұм ауылдық клубы (дыбыс күшейткіш аппаратура)

ІІІ-ші орынмен Мойынқұм ауданы, Жамбыл ауылдық клубы (бейнекамера)

ІІІ орынмен Қордай ауданы, Өтеген ауылдық клубы (монитор)

Аудан мәдениетін дамытуға қосқан қомақты үлесі мен мәдениет саласындағы мінсіз еңбегі үшін Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен:

Шу аудандық мәдениет үйінің директоры - Омарова Назира марапатталды.

Сарысу аудандық мәдениет үйінің директоры - Сманқұлова Жұмакүль марапатталды.

«Бір аптада – бір кітап» акциясының ашылуы

Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйытқы болуымен «Кел, жастар, оқылық» жобасы аясында «Бір аптада – бір кітап» акциясы ұйымдастырылды. Оған өңіріміздегі белсенді білімгерлер мен кітап оқуға деген қызығушылығы жоғары жастар қатысты. Қонақтарды алдымен облыстық кітапхана басшысы Эльмира Елеусізқызы кітапхананың жұмысымен, ондағы бағалы кітаптар қорымен таныстырды. Одан кейін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Уалихан Болатбек шараның мазмұны мен мақсатын түсіндіріп өтті.

Ал жобаның үйлестірушісі Аршат Сапаралиева акцияға қатысушыларға оқылар әдебиет жайлы әңгімелерді мұқият таңдау керектігін жеткізіп, өз тарапынан жаппай оқылатын алғашқы кітаптар қатарына бір-екі нұсқаны ұсынды. Ол ұсынған Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» монолог- хикаяты көптің көңілінен шықты.

Енді әр апта сайын жиналып, оқылған шығарманың мән-мазмұнын талқылап отыруды мақұлдасқан кітапқұмар жастар өзге қатарластарын Мұхтар Әуезовше «Көп жасаған адам емес, көп оқыған адам ғана көпті біледі» деген рухани қағиданы ұстануға шақыратындарын жеткізді.

«Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған» поэзиялық әдеби кеш

Жыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасының «Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернатымен бірлесіп «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған..» атты поэзиялық әдеби кеш өтті.

Жас оқырмандарымызды өлеңдерінің мазмұнын терең ұғындыру, ақын шығармалары арқылы елін, туған жерін, Отанын сүйе білуге, адамгершілікке, мейірімділікке, ақынжандылыққа тәрбиелеу сондай-ақ, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету мақсатында өткен кешке оқу залы «Жыр дүлділі – Мұқағали» атты кітап көрмесін ұсынды. Кітапханашы ақиық ақынның өмірінен мағлұмат беріп, шығармашылығына шолу жасап, поэмаларына қысқаша тоқталып өтіп, көрмені жалпы ашып көрсетті. Одан әрі оқушыларды мектеп тәрбиешісі слайд арқылы ақынның еліне саяхатқа шақырды. Ал балалар ақын жырларынан үзінді оқып қана қоймай ақынның сөзіне жазылған махаббат диалогы «Егіз лебіз» әнін, «Айтатын саған сырым бұл» әндерін қол қимыл өнерімен орындады. Кеш соңында ақынға тағзым, ақынды еске алу ретінде «Есіңе мені алғайсың» әні барша қатысушылармен бірге шырқалды.

«Өз тіліңді құрметте» 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні қызықты ақпарат сағат

Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. «Тіл – көңілдің тілмашы» демекші, әрбір адамның өзінің ана тіліне қарап, оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Яғни, тіл дегеніміз - әрбір адамның жаны, тәні, бар болмыс - бітімі. Сол себепті өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек. Біздің асыл қазынамыз, сөз жеткісіз жауһар құндылығымыз – ол тіліміз.

Әрбір халықтың ана тілі-жүрегінің үні. Балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін құрметтеуге және өзге тілдерді де білуге тәрбиелеу. Елімізде тұратын ұлт өкілдері арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, өз ана тілінің қадір-қасиетін, сөз құдіретін түсініп , оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету мақсатында 16 ақпан күні Ушинский атындағы № 23 мектебінің қабырғасында 3 сынып оқушыларымен Халықаралық ана тілі күніне орай «Өз тіліңді құрметте» тақырыбына арналған қызықты ақпарат сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларға ана тіліміз халқымыздың рухани байлығы, өткеніміз бен бүгінгіміз, ертеңіміз бен болашағымыз, елдің елдігінің айғағы, салт-санасы, дәстүрі, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін дәлелін айтып өтті. Балалар тіл туралы өлеңдерін, білетін мақал-мәтелдерін оқыды. Ана тілінің қоғамдағы орны туралы айтылды. «Мақал жауап» яғни мақалдың бір жолы айтылып, оқушылар жалғасын тапты. Өзге де ұлттардың ұлы ақындары ана тілін биік ұстап ырымдай қастерлейтіндіктерін жеткізді. Мемлекеттік тіліміз, өз ана тіліміз қазақ тілінің деңгейін көтеру Қазақстан азаматтарына жүктелетін міндет екенін естен шығармауымыз керектігі жөнінде айтылды. «Өз тіліңді құрметте» атты әңгімеміз кеңінен айтылды. Іс-шара кітап көрмесіне шолумен аяқталды.

«Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс!» тарихи-танымдық сағат

Іс-шарада кітапханашы оқырмандарды ең алдымен Ұлы жеңіс мерекесінің 70 жылдығымен құттықтап, балаларға Ұлы Отан соғысы жылдарының қиындығы мен қан майданда шайқасып ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың (Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова) көрген қиыншылықтары мен қайтпас қайсарлықтары туралы айтты. Іс-шарада оқушылар Б. Момышұлының өлеңдерін, соғыс және жеңіс туралы өлеңдерді оқыды. Аталған іс-шарада оқушылардың қатысуымен фашистік Германияның Кеңес одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, елімізге басып кіргендігі жайлы көрініс көрсетілді.

Тарихи танымдық сағатты мерзімді басылымдар секторының кітапханашысы Анар Дүйсенова балаларды өз елін, жерін Отанын сүйетін, қан майданда шайқасқан ата-апаларымыздың қадірін білетін, олардың ерліктерін үлгі етіп жүретін өз елінің патриоты болуға шақырып, жер бетінде ешқашан соғыс болмасын, ата-апаларымыздың көрген қасіретін сендер көрмеңдер, жер бетінде тек тыныш заман болсын деген тілегімен қорытындылады.

«Біз Жеңістің ұрпағымыз!» әдеби-десант

Балаларға адамгершілікке, Отанын сүюге, қорғауға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында 9 ақпан күні 2015 жылы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастырумен № 13 орта мектебінің қабырғасында 3 «А» сынып оқушыларының қатысуымен Ұлы Жеңістің 70 жыл толуына орай «Біз Жеңістің ұрпағымыз!» тақырыбында арналған әдеби-десант өткізілді. Кітапханашы Онғарбаева Анар оқушыларға тарих кеші үнемі жаңаланып отыратынын, десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар бар екендігін слайд арқылы еске түсірді. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің біздің қазақ батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігі туралы тарихта кеңінен әңгіме қозғады. Батырларымыз Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Ағәділ Сухамбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, және де тағыда көптеген батырлардың қысқаша өмірбаяндары айтылып, майдан алаңынан суреттер көрмесі ұсынылды. Батырларды ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Олар туралы өлеңдер айтылып, тақпақтар оқылды.

Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің, адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кеш соңында Жамбыл Жабаев атамыздың «Ленинградтық өреңім» атты өлеңін оқумен аяқталды.

«Қазақ хандығын қалаушылар» Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл кітап көрмесі

Қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихын, еліміздің өркендеуіне және нығаюуына өмірі мен қызметін арнаған көрнекті тарихи тұлғалардың еңбектерін және есімдерін оқырмандарға насихаттау. Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру мақсатында 2015 жылдың ақпан айының 6 бүлдіршіндер секторында қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай «Қазақ хандығын қалаушылар» Керей мен Жәнібек тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақ мемлекеттінің тарихы сол кезден бастау алады. Қазақ хандығы бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және татулық көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн», – деді Қазақстан Республикасының Президенті.

Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл «Қазақстан-этносаралық, кофессиаралық келісім моделі» конференция

Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, Жастарға бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл толуына орай оқу залы секторы 03.02.2015 жылы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушыларымен «Қазақстан – этносаралық, конфессияаралық келісім моделі» тақырыбында конференция өтті.

Қасиетті қазақ жерін татулықтың төл иесі деп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясының биыл мерейтойы. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болып, қолымызбен құрған Ассамблеяның өмірге келгеніне жиырма жыл толып отыр. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналғандығы жөнінде конференцияға қатысушы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның оқушылары: Мейрамбек Назым, Садыкова Анель, Ануарбек Айгерім, Әбірбек Арайлымның түрлі тақырып бойынша дайындалған баяндамалары тыңдалды. Конференция қонақтары Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының бас маманы У.К.Бабакулова, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер кафедрасының профессоры, «Әулие-Ата» қазақ - мәдени орталығының ақсақалдар алқасының төрағасы Есілбек Төребайұлы Бимурзаев, «Кориё» кәріс - этномәдени қоғамдық бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің төрайымы Л.В.Ким, «Вынхуа» дүнген этномәдени орталығының қауымдастықтары қоғамдық бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің мүшесі А.Н.Камалов, «Борбанг» күрділер ассоцасиясының Жамбыл облысындағы филиалының мүшесі А.И. Сулейменов Жамбыл облысындағы «Полонез» поляк тілі мәдениеті орталығы қоғамдық бірлестігінің аналар мен әйелдер кеңесінің мүшесі А.Плетнёва, жалпы елімізде соның ішінде облысымызда Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстарын ашып айтып, жасөспірімдерді патриоттық рухқа баулыды. Сондай-ақ «Тілегіміз - татулық, тірегіміз - тұрақтылық» кітап көрмесіне шолу жасалынды.

«Невыдуманная жизнь» (Мұхтар Мағауиннің туғанына 75 жыл) әдеби саяхат

Қазіргі қазақ әдебиеті тарихында нық орын алған көрнекті тұлғалардың бірі, халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің туғанына 75 жыл толып отыр. Мағауин жазушылық қызметін филолог болудан бастады. 60-жылдары әдебиет зерттеушісі ретінде танылды. "Қобыз сарыны" атты ғылыми монографиясы жарық көрген. Осыдан кейін ол көркем прозаға көбірек ден қойды. Оның "Көкмұнар" (роман, 1972), "Бір атаның балалары", "Көк мұнар" (повестер мен әңгімелер), "Аласапыран" (тарихи роман-дилогия, 1980-1982), "Шақан Шері" (роман), "Мен" (ғұмырбаяндық роман-хамса), "Құмырсқа-қырғын" (әңгімелер), "Ұлтсыздану ұраны" (мақалалар) және тағы басқа кітаптары жарық көрген.

Мұхтар Мағауиннің шығармашылық тарихына зер салып қарасаңыз үнемі жаңашылдыққа ұмтылғанын байқау қиын емес. Ол өз халқының тарихын тереңнен танып, оны өз шығармаларында шынайы көрсете білгісі келді. Оқушылар жазушының ең үздік шығармаларына әдеби саяхат жасады. «Бір атаның балалары» повесіндегі соғыс жылдарының қиыншылықтарына көз жүгіртсе «Көк мұнар» романынан Алматының қысқы көрнісін тамашалады. Іс-шара соңында жазушының «Мен», «Шыңғысхан», «Жармақ», «Қыпшақ аруы» туындыларына шолу жасалынды.

Информина «Под шапкой невидимкой»
(Дж.Дарреллу – 90 жыл, Н.И.Сладкову – 95 жыл)

Осы жылдың мерейтой иелері жазушы, табиғат зерттеушілері Дж.Даррелл (90 жыл) және Н.И.Сладков (95 жыл). Бұл жазушылардың кітаптары табиғатқа жанашырлықпен қарауға үйретеді және оны қорғауға ұқыпты болуға тәрбиелейді. Осы жазушылардың кітаптарын таныстыру мақсатында «Под шапкой – невидимкой» тақырыбында информина өткізілді. № 24 гимназияның оқушылары электронды презентация арқылы жазушылардың өмірімен танысты. Сладковтың туындылары Россия, Кавказ, Индия т.б. елдердің табиғатына арналған және көптеген кітаптары өзі түсірген фотосуреттерден құралған. Ол 60-қа жуық кітап жазған. Джеральд Даррелл – ағылшын жазушысы, зоолог. Оның 30-ға жуық кітабі бар (олар ондаған елдердің тілдеріне аударылған) және 35 кино түсірген. Оның саяхат жасағандығы жайындағы кітаптарын бүкіл әлем қызыға оқыды. Ал оның кинолары әрқашан табысты болды. Джеральд Дарреллдың ең басты еңбегі 1959 жылы Джерси аралында құрылған хайуанаттар бағы және 1963 жылы сол жерде құрылған жабайы жануарларды қорғау орталығы. Оқушылар Дарреллдың «Мясной рулет», «Сад богов» пен Сладковтың «Бюро лесных услуг», «Птица чечевица» шығармаларынан үзінділерді қызыға тыңдады.






«Великий бий земли казахской» Тарихи портрет

Әйтеке бидің 370 жылдығына орай «Великий бий земли казахской» деген атпен тарихи портрет өткізілді. Іс-шараға №24 гимназияның 6-шы сынып оқушылары қатысты. Әйтеке би қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі атанған. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді. «Жеті жарғыда» Әйтеке үсынған баптардың ішінде — "Сүйек құны", "Өнер құны" белгілі. Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Ол туралы аңыз әңгімелер мен жырлар да жеткілікті.

Оның өмір жолы оқушыларға туған өлкені сүюге үйретеді. Оқушылар «Жеті жарғының» бірнеше баптарын қызығушылықпен оқыды. Сондай-ақ Әйтеке бидің біздің заманымызға дейін жеткен қанатты сөздерін талқылады.

« Қазақстан – толлерантты ел» (16 қараша - Халықаралық толлерантты күні) Этномәдени орталықтарымен кездесу кеші

Оқушыларға «толеранттылық» деген сөздің мағынасын ашу, қарапайым тілмен түсіндіру; Толеранттылықты қандайда бір кикілжің кезінде дұрыс пайдалануға тәрбиелеу. Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа. Кездесу кешіне №12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясының 9 - сынып оқушылары мен Қазақстан халқының Ассамблеясының бірлестігі қатысты, ел бірлігі ең асыл қасиет, бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Президенттің қазақстандық табысқа қол жеткізудің үш кілті туралы ережені шығармашылық көзқараспен қарастыра келе, оны байыпты да терең тұрғыдан мазмұндауында да үлкен теориялық және практикалық мән жатыр. Бұл, біріншіден, 135 этностың басын біріктіруші бүкіл қазақстандықтардың ынтымақтастығы. Екіншісі – толлеранттылық болса, ал үшіншісі – тарихи тағдырлардың қауымдастығы. «Толлеранттылық – түрлі көзқарастарға, моральдық құндылықтар мен әдеттерге деген төзімділік. «Толлеранттылық – әртүрлі халықтар, ұлттар мен діндердің ерекшеліктеріне қатысты қажетті құбылыс. Толеранттылық – үлкен құндылық. Толерантты мінез – құлықты қалыптастырудың маңызды шарты, бір жағынан, бала үшін ортаның маңызын түсіндіру, тұлғаның қалыптасуында осы үдерістің білімдік және тәрбиелік бағыттарымен ара қатынасын нақты анықтау болып табылады. Бүгінгі күні біз Елбасының тапсырмасы бойынша үштілдік білім жүйесін мектептерге арнайы ендіруде. Қазақстан – Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. Кездесу кеші соңында «Толеранттық - бейбітшілікке апаратын жол» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

«КІТАПХАНА ТҮНІ» 2014 ЖЫЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Кітап оқуды насихаттау және көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының басты мақсаттарының бірі болғандақтан әрдайым кітапсүйер қауыммен және әртүрлі жастағы оқырмандармен жұмыс істеу барысында жаңаша қарым-қатынас жасап, жаңа үлгідегі мәдени шаралар ұйымдастырылып отырады.

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Кітапханадағы жаңа толқын» тақырыбы аясында Жамбыл облысының 75 жылдық мерекесіне орай «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» тақырыбында апталық әлеуметтік-мәдени акциясын ұйымдастырып, өткізілді.

Екінші мәрте өткізіліп отырған акцияның басты мақсаты да айқын - оқырман қауымды кітап оқуға шақыру, кітапхана ісін дамыту, жаңа серіктестермен қарым-қатынас орнату, оқуға деген қызығушылықты оятып, кітапханаға жаңа оқырман тарту, кітапхананы танымалдандыру.

Апталық 7 алаңнан тұрды. Әр алаң баннерлермен, көрмелермен, шарлар мен жалаушалармен безендірілді.

Апта 27 қазанда Бауыржан Момышұлы мен Бәйдібек бабамыздың ескерткіші жанындағы іс-шаралармен басталды. Іс-шараға № 12 және № 13 мектеп оқушылары қатысты. Бәйдібек ескерткішінің жанында «Қазақ даласының ардақты ұлы» тақырыбында Storisеk /тарих қапшығы - мешок истории/ іс-шара түрінде өтті. Балалар қапшықтың ішінен алған сұрақтарға жауап берді және облысымызға белгілі азаматтар мен тарихи жерлердің суреттерінің қиындылары бойынша құрастырып, олар өз өлкелері туралы білімдерімен жарысты. Қазақ драма театр жанындағы Б.Момышұлы ескерткішінің жанында «Ұлтын сүйген ұлы адам» тақырыбында Open-air /ашық аспан астында – под открытом небом/ түрінде өтті. Бұл жерде Момышұлының өмірі мен артына қалдырған мол мұралары туралы айтылды. Сонымен қатар облысымыздың соғыс кезіндегі кезеңі туралы викториналық сұрақтар, жұмбақтар арқылы оқырмандардың ой өрістерін кеңейтті.

28 қазан күні Төле би мен Қайрат Рысқұлбековке арналды. Төле би ескерткішінің жанында «Даналықтың кілті» тақырыбында әдеби микс іс-шарасы өтті. Ескерткіш алаңдарында № 12, 35, 33, 8, 16 мектеп оқушылары қатысты. № 8 мектеп оқушылары Айтеке би, Төле би, Қазыбек би болып киініп сахналық көріністер көрсетсе, №16 мектеп-гимназиясының оқушылары Асқарқызы Таңшолпан мен Айшолпан «Таразым» атты өлең шумақтары мен жыр шашты. Сонымен қатар арнайы дайындалған облыс, Төле би туралы сұрақтарға жауап беріп сыйлықтар алды. Қ.Рысқұлбеков ескерткішінің алдында «Желтоқсанда үзілген жауһазын» тақырыбында әдеби буриме іс-шара өтті. 1986 жылдағы уақиға туралы біраз мәліметтер ала отырып оқушылар Қ.Рысқұлбеков, Жамбыл облысы туралы викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысқандарға сыйлықтар берілді. №12 мектептің оқушысы Алгабасов Рауан жыр шумақтарын оқыды. Сонымен қатар қатысушылардың өз өлкелері туралы білімдерін тексеру және мәлімет алу мақсатында байқау ұйымдастырылды. Өлке туралы жақсы білетінін ТарМУ студенті Шопшекбаев Азамат белсенділік таныты. Әдеби буриме арқылы оқырмандардың әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін байқадық. Импровизация жеңімпаздары болып мектеп оқушылары Аширхан Аружан мен Адилова Акбаян атанды.

29 қазан күні оқырмандар Хайдар Дулати ескерткішінің алдында жиналып тарихи лабиринт іс-шарасына қатысты. Қаламыздың жас тұрғындары – мектеп оқушылары облыс, Х.Дулати туралы викториналық сұрақтарға жауап берді, крассворд, ребустар шешіп, кластерлер құрастырды. Іс-шара соңында кітапханашылар мен Х.Дулати атындағы ТарМУ музейінің қызметкерлерімен бірлесе отырып осы музейді аралады, музей директоры Қалиева Бахыткүль қызықты экскурсия жасады.

30 қазан күні «Сен қалаңды білесің ба?» атты ойын-викторина өтті және ол қалалық №40 автобус ішінде өткізілді. Мерекеге сай безендірілген автобуста темір жол вокзалынан бастап «Жансая» мөлтек ауданына дейін және кері қарай кітапханашылар облыс туралы және де сол маршруттың бойындағы қаланың тарихи орындары, көшелердің атын берген белгілі азаматтарымыз бен ескерткіштері туралы мәлімет беріп отырды. Пассажирлер сұрақтарға жауап бере отырып сыйлықтар алды және де үш сұраққа дұрыс жауап бергендірдің жол ақысын кітапханашылар сыйлық ретінде төледі. Автобус жүргізуші Тупицын Александр осы іс-шараның өтуіне өзінің белсенділігін танытып, көмек берді.

31 қазан күні осы апталықтың қортындысы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының алаңында, кітапхана ішінде өткізілді. Алаң іс-шараға лайықталып безендіріліп, көңілді әуен ойнап тұрды.

Бұл күні Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының есіктері сағат үштен бастап ашық болып, күні бойы жұмыста болатын адамдарға кітапханаға келу мүмкіндігін сыйлады. Іс шара барысында барлық қонақтар үшін қызықты мәдени бағдарлама дайындалды. Сонымен қатар бұл шараға облыс орталығына жақын жатқан Жуалы, Байзақ аудандық балалар кітапханасы қатысып, өздері дайындап әкелген іс-шараларын көрсетті.

Іс-шараны Жамбыл облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы Құттыбаева Жадыра Нұржанқызы ашып беріп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Акция ары қарай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастырған «Қамажай» флешмобы мен «Кітапхана гимні» ашу салтанатын жалғады.

Келген қонақтарға арналған кешкі кітапханада өткен «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» бағдарламасы 5 алаңнан тұрды. 1 алаң «Ақындарымыз бізде қонақта» - бұл алаңда Байзақ аудандық балалар кітапханасы ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатыр мен жергілікті жас ақын Улихан Ақтотымен сазды-әуенді кездесу кешінде ақындардың шығармаларын тамашалап, жүрек жарды жыр шумақтарын тыңдай алды. 2 алаң «Жақсы адам жүр жаныңда» - бұл алаңда «Рысбаева и Ко» компаниясының директоры, кәсіпкер-ханым Рысбаева Сауле, саңырау және нашар еститін балаларға арналған түзету «Мейірім» мектеп – нтернатының директоры Назаралиева А.А, Облыстық ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директор орынбасары Серікбаев Нұрхат Тіріболсынұлымен кездесу-сұхбат өтті. 3 алаң «Ғажайып әлемі» - бұл алаң 2 бөлмеден тұрды: 1 бөлмеде «Шебер қолдар» үйірмесінің мүшелері биссермен жұмыс істеудің шеберлік - кластар көрсетті. 2 бөлмеде «Тарих беттері сыр шертеді» деп аталды, ол жерде жас бүлдіршіндерге арналған кітапханамыздың «Жас талант» үйірмесінің мүшелері Төле би, Қазыбек би, Айтеке би, және де Хайдар Дулати бейнелерін сомдап театрландырған көріністер көрсетті. 4 алаң «Өлкеміз жас қылқалам шеберлерінің көзқарасымен» - бұл алаңда сурет салу шеберлік класын ұйымдастырып, үздік суретшілердің көрмесін жасалды. 5 алаң «PRO TARAZ» -өлкетанулық микс ойыны өткізіліп, кітап көрмелері, презентациялар ұсынылды.

Кітапхананың кітап сүйер қауымға – «Өткеніңді қадірле» атты «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан, облыс туралы және өлкеміздің ақын жазушыларының кітаптарынан ашық кітап көрмесінің тұсаукесері ұсынылды.

Ал, біздің кішкентай оқырмандар кітаптың тарихы мен шығарма кейіпкерлеріне арналған қызықты сұрақтарға жауап беріп, көңілді ойындарға қатысты, оларға да ертегішілер сиқырлы оқиғаларын дайындады. Кітапхана қызметкерлері балалардың сүйікті ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киіп, кішкентай оқырмандармен бірге ойын ойнап, билеп, көңілдерінен шықты.

Бүлдіршіндер секторы белсенді оқырмандармен бірлесіп ұйымдастырылған «Ғажайып әлемі» 3D, ұзын кітап, Панорама, дыбысты, аудио, видео т.б. әр-түрлі пішінді кітаптардан жасақталған кітап көрмесі балаларды ерекше шаттандырып, зор қуанышқа бөледі. Мұнда оларға - аламан, теңіз шошқасы, тасбақа, тотықұс пен сары шымшықты тамашалау мүмкіндігі туып, әртүрлі жануарлардың қызықты қылықтары мен мекен ететін ортасы туралы көркем безендірілген кітаптармен және журналдармен таныса алды.Осы аталып өтілген барлық алаңдардың жүлделі болған қатысушылары алғыс хаттармен, ынталандыру сыйлықтарымен және де кітаптармен марапатталды.

Кітапхана түнін өткізуге қолдау көрсеткен – Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Тараз қаласы әкімдігіне, Облыстық кинобейнетехника дирекциясы, Облыстық филармония, Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетіне, Балаларды оқудан тыс жұмыстарға баулу /ЦВР/ мекемелеріне және осы іс-шараның өтуіне демеушілік көмек көрсеткен «Мәдениет міңбері» журналының бас редакторы Азамат Есалыға өз алғысымызды білдіреміз.

Облыстық мәдениет басқармасы, облыс, қала кітапханаларының қызметкерлері, қала тұрғындары, оқу ордаларының студенттері мен оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысқан кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Акция кітапханашылардың «Қамажай» флешмоб биімен «Библио-dance» би кешімен ұласты. Кеш соңында барлық қонақтарымыз түнгі аспанға арман шамдарын ұшырып, от шашулар шашылды.

«Кітапханадағы жаңа толқын» атты бұл шара оқырмандарымыздың өмірлерінде ұмытылмас, ғажайып әсер қалдырады деген ойдамыз.


«Последний долг» (Ә.Нұрпейісов-90 жыл) әдеби портрет

2014 жыл 21 қазанда Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 90 жасқа толуына орай мерейтойы тойланды. Оның шығармашылығы жайында «Последний долг» деп аталатын әдеби портрет кеші өткізілді. Жазушының өмірі жайында қысқаша айтылғаннан кейін жүргізуші «Кровь и пот» трилогиясын таныстырды. Трилогияның автор 15 жыл бойы жазған, шығармада қазақ халқының ХХ-шы ғасыр басындағы қиын-қыстау кезеңдері, тұрмыс-тіршілігі туралы баяндалған. Теміржол колледжінің білімгерлері шығарма кейіпкерлері Еламан мен оның достары жайында сонымен қатар Ақбаланың опасыздығы мен Тәнірбергеннің қазасы жайында білді. Нұрпейісов Аралдың экологиялық жағдай жайында жазылған романын «Соңғы парыз» деп атады. Романда табиғат пен адам өміріндегі көптеген қиындықтар, өзекті мәселелер жазылған.

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акция С.Мұратбековтың «Жусан иісі» атты повесі бойынша дауыстап оқу

20 қазан 2014 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында № 13 орта мектебінің 4 «А» сынып оқушыларымен көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» атты повесі бойынша дауыстап оқу өткізілді. Акцияның мақсаты: «Бір ел – бір кітап» акциясы туралы мәлімет беру. Оқырмандарға жазушы С.Мұратбековтің өмірінен мәліметтер беру, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің құндылығын таныту, оқырмандардың ой-өрістерін, ақыл-ойларын, тіл-байлықтарын дамыту, адамгершілікке, мейрімділікке тәрбиелеу. Толығырақ: Бұл әңгімеде балаларға Қазақстанда дәстүрлі Республикалы «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР кітапханашылар ассоциациясының бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. «Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихы туралы, оның қазақ әдебиетін танымал етудегі, тарихи-мәдени және рухани мұраларымызды дәріптеп, жас ұрпақты адамгершілікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеудегі маңыздылығын әңгімеледі. Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отан сүйгіштікке, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітапты оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы биыл сегізінші рет ұйымдастырылып, ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды.

Кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылық жолына тоқталды. Биылғы жыл кітабы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» атты повесіне толығырақ тоқталып, оның мазмұнын әңгімелеп берді. «Жусан иісі» повесін оқырмандар жылы қабылдап, ыстық ықыласын білдіргендігі туралы әңгіме қозғалды. Кітапханашы оқырмандар назарына жазушының өмір жолы туралы слайд ұсынды, кітап көрмесіне шолу жасай отырып, балаларды С.Мұратбековтың басқа да кітаптарын оқуға шақырды.

13 қазан «Қазақ кино саңлақтары» (Шакен Айманов туғанына 100 жыл) (Сәбира Майқанованың туғанына 100 жыл) әдеби-музыкалық композиция

Рухты өнері және биік азаматтық иесі атанған, аса көрнекті өнер адамдарына деген ізет-ілтипатты, бауырмалдығымен өнер қауымының да, халқының да сүйіспеншілігін арттыру қадір-қасиетін оқушылардың бойына сіңіру. Оның жарқын ғұмыры халқына, өнерге қалтықсыз қызмет етудің жарқын үлгісін, өнерін оқырмандарға таныстыру мақсатында кітапхананың оқу залы секторының кітапханашысы М.Ә.Расулова №13 мектеп оқушыларының қатысуымен «Қазақ кино саңлақтары» атты әдеби-музыкалық композициясы өткізілді. Шакен Айманов аса дарынды суреткер, актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнерімен кино өнерінің қалыптасып шындалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі. Шакен сан қырлы артист болған. Оның актерлік табиғатын қай жанр болса да мүлдем жатсынбағаны театр тарихынан белгілі. Ш.Аймановтың өмірі мен өнердегі дарынды суреткер туралы кино орталығымен бірлесіп дайындаған бейне таспаны оқушыларға көрсете отырып таныстырылды. Рухты таланты мен биік азаматтық болмысымен «театрдың анасы» атанған, аса көрнекті актриса С.Майқанова ізет-ілтипатымен, бауырмалдығымен өнердегі әріптестерінің де, халқының да сүйіспеншілігіне бөленді. Оқушыларға электрондық презентация арқылы өмірін оның жарқын ғұмырлы бейнесі, өнерге қалтықсыз қызмет еткендігі туралы танысып, тамашалады. Кеш соңында кино өнерінің саңлақтарына арналып жасалған «Кино жұлдыздары» көрмесіне шолу жасалды.