1. Басты бет
  2. Басқарма туралы
  3. Афиша
  4. Ведомстволық Бағынысты ұйымдар
  5. Байланыс
Басшының блогы

Быкыбаев Дүйсеналы Дыбысалыулы

«Жамбыл облысы әкімдігінің, мәдениет архивтер және құжаттама баcқармасы»

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

СІЛТЕМЕЛЕР:

Жаңалықтар

Әлібек Әмзеұлының 70 жылдық мерейтойы өтті

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 20 желтоқсан күні ҚР Мәдениет қайраткері, өнертанушы, актер, драматург, мәдениет саласының ардагері Әлібек Әмзеұлының 70 жылдығына арналған мерейтой кеші, сондай-ақ, автордың «Қор болған Қодар-ай!» атты фантасмагориясының премьерасы өтті. Салтанатты шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков пен облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов жүрекжарды құттықтауларын жеткізе отырып, мерейтой иесіне облыс әкімінің, сондай-ақ, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты С.Үмбетов пен ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының құттықтау адресаттарын табыс етіп, халқымыздың салт-дәстүріне сай иығына шапан жапты. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б.Құлекеев те жалынды құттықтау сөздерін арнап, сый-сияпаттар жасады. Салтанатты сәттен кейін көрермендер автордың «Қор болған Қодар-ай!» атты фантасмагориясының премьерасын тамашалады. Шығармада «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы басты кейіпкердің бірі – Қодар батыр, бұрын өзі өмір сүрген ескі дәуірден бүгінгі заманға өтіп кетіп, өзі ғашық болған Баян сұлуды осы заманнан іздейді. Ондағы мақсаты – Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға жасаған зұлымдықтары үшін – Баянды іздеп тауып, одан кешірім сұрау... Осылайша, бағзы заманнан бүгінгі заманға өтіп кеткен Қодар қазіргі дәуірдің - Баян-Валентина, Баян-Варя, Баян-Виолетта, Баян-Бомж деген бірнеше Баяндарымен жолығады. Бірақ, олардың бірде-бірінің бойынан өткен замандағы Баян сұлудың асыл қасиеттерін көре алмай, аласұрады. Сол Баяндармен кездесу барысында Қодардың басынан небір шым-шытырық оқиғалар өтеді. Спектакль оқиғасы сонысымен де қызықты да тартымды.

«Ғарыш әлемі – жаңғырық» атты көрме өтті

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында Тәуелсіздік күніне орай ағымдағы жылдың 15-желтоқсанында Жамбыл Облыстық Тарихи-өлкетану Музейінің көрме залында Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, графика өнерінің шебері Фатима Таразидің «Ғарыш әлемі- Жаңғырық» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Сембина, Қазақстан Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы Айдархан Сихаев, өнертанушы Ажар Дүйсебаева, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Гүлнұр Ембердиева қатысып, жиналған жұртышылыққа қылқалам шеберінің жетістіктері, өнер жолы жайлы баяндады. Сонымен қатар, Жамбыл облысынан шыққан белгілі суретшілер Генадий Тян, Қазым Аманқосов және тағы да басқа көркемсурет жанашырлары, бейнелеу өнеріне бей-жай қарамайтын Тараз тұрғындары қатысты. Бейнелеу өнерінің сырына қаныққан Фатима Таразидің есімі жалпақ жұртқа кеңінен таныс. Жерлесіміздің бейнелеу өнері саласында ойып алар өзіндік орны бар. Бұл өнерден бөлек дизайн саласын да дамытып жүрген жамбылдық қылқалам шеберінің қиялынан туған ғажап дүниелер Австрия, Германия, Болгария, Эфиопия, Иемен, Мексика, АҚШ секілді көптеген әлем елдерінде өткен халықаралық көрмелерге қойылып, жоғары бағасын алды. Көрмеде суретшінің графикалық 80-ге жуық туындысы ел назарына ұсынылды. Кеш барысында әлемге әйгілі «Манас» эпосы тақырыбында автолитография бағытында салынған графикалық туындыларының топтамасы да көрмеге келушілердің таңдайын қақтырды. Қазақтың салт-дәстүрін сурет бетінде қылқаламмен қайта тірілткен шебер қазақ фольклорын зерттеу үстінде. Сол арқылы қазақ ауыз әдебиетіндегі ең көне жанр – ертегіні қайта жандандыра түсті. Сондай-ақ, анимация, иллюстрация бағытындағы суреттерді салуда суретшінің қиял ұшқырлығы ұшан теңіз. Өнердің мұндай түрімен елімізде тек саусақпен санарлық адам айналысады. Осындай бірегей өнерімен танылған тараздық талант иесі бүгінде Әлемдік деңгейдегі суретші ретінде мойындалды.

Тараз қаласының мемлекеттік архивінде 2017 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай, «Тәуелсіздік кезіндегі архивтік құжаттар, фото құжаттар» көрмесі өткізілді. Бұл іс-шараға архив мекемелерінің басшылары, қызметкерлері, жоғары, арнайы орта оқу орындарының білімгерлері қатысуымен өткізілді. Бұл көрмеге тарихи тағылымы мол Тараз қаласының мемлекеттік архивінде сақтаулы тұрған тарихи маңызы бар құжаттар және жеке тектік құжаттар топтамасы көрермендерге ұсынылды. Осы құжаттардың ішінде көрмеде ерекше орын алған Социалистік Еңбек Ері – 100 жастағы ардагер ана Мәрзия Ибрагимова апаның, Параолимпияда ойындарының чемпионы - Зульфия Габидуллинаның, Өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрсипат Салықованың және т.б. есімдердің құжаттары орын алған.Бұл көрмені 70 оқу орнының білімгерлері тамашалады.

АЛАШ: ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің №14 залында «Алаш: Тәуелсіздік жолында» атты көрме ашылды. Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналған көрме залының ашылу салтанатына жоғары оқу орындарының білімгерлері, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Көрмеге келушілерге музей қызметкерлері Алашордалықтар және Алаш үкіметі туралы толымды мәлімет берді. - Қазақ қанша мәңгілік ел болып тұрса, Алаш идеясы да сонша жасайды. Сондықтан, бүгінгі шарамыздың да мақсаты солардың идеясын насихаттау. Көшбасшыларымыз бен зиялылырымыздың Алаш үкіметін құру жолында жасаған үлкен жұмыстары бүгінгі ұрпақ үшін тарих. Көрмемізде сол тарихтан сыр шертетін көптеген нақты деректер келтірілген,- деді облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры Гүлнұр Ембердиева. Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің, қазақ сөзінің синонимі етіп алды. 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен Екінші Жалпы қазақ-қырғыз съезінде Алашорда ұлт кеңесі, яғни үкіметі құрылды. Съезде қабылдаған шешімінің 6-бабында: «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша ұлттық кеңес құрылсын. Мұның аты «Алашорда» болсын. Үкіметтің уақытша тұратын орны – Семей қаласы» делінген. Алашорда үкіметі құрылып, құрамы сайланып, оның басшылығын Әлихан Бөкейханов қолына алды және құрамына Ахмет Байтұрсынұлы, Тұрар Рысқұлов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай сынды сол кездегі қазақ елінің бетке ұстар қайраткерлері енді. Партияның басты мақсат-міндеттері автономиялы қазақ мемлекетін құру, жердің қазаққа қайтарылуы, Құрылтай жиналысын өткізу, дін жағдайы және өзге де өзекті мәселелерді шешу болды. Бұл оқиға Тәуелсіздіктің алғашқы қадамы болып есептеледі. Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз – ұлттық рәміздерімізді қастерлеу, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, тарихымызды тану, салт-дәстүрлерімізді ұмытпау. Бұл тұрғыда музей маңызды рөл атқарады. Тарих беттерін айғақтайтын асыл қазыналарымызды сақтау, халыққа жеткізу, насихаттау музей қызметкерлерінің басты міндеті. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарып кетеді. Тәуелсіздік күніне орай ашылған көрмеге келушілер халқымыздың еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өрлейтін терең із қалдырған қайраткерлеріміздің еңбектерімен, «Алаш» партиясының тарихи құжаттары мен оның көшбасшылары жайында еңбектермен танысты. Сонымен қатар, көрмеде Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған тың деректер мен көне суреттер де көрініс тапқан. Көрменің ашылуы барысында облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Археология және этнография» бөлімінің ғылыми қызметкері Алдияр Сұраншы қонақтарды музей маржандарымен таныстыру мақсатында экскурия жүргізді. Алдағы уақытта «Алаш: Тәуелсіздік жолында» атты көрме залындағы экспозициялар жаңа есімдермен, материалдармен, тың деректермен толығады.

1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғылыми-әдістемелік» бөлімі меңгерушісі Жұлдыз Алманқұлова және экскурсия жүргізуші Жамал Ақпанның ұйымдастыруымен өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығында «Біздің Елбасы» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында мемлекет басшысының музей қорындағы Елбасының тарихи суреттері, Жамбыл облысына және Тараз қаласына жасаған іс-сапарларының фотосуреттері, кітаптары қойылған жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Іс-шарада «Ғылыми-әдістемелік» бөлімнің меңгерушісі Елбасының өмірі, балалық шағы, отбасы және еңбек жолы жайында мәлімет берді. Сондай-ақ Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістері, жыл сайынғы халыққа арналған жолдаулары және биылғы жылы жарияланған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы турасында толыққанды ақпарат берді. Елбасының бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында облыстық музей бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарып келеді.

Жамбыл облыстық орыс драма театрының ұйымдастыруымен жылсайынғы «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» атты акциясы өтті

Ағымды жылдың 8 желтоқсанында Жамбыл облыстық қазақ драма театрының ғимаратында Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарламасы және «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға бейімдеу және айықтыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес дәстүрге айналған жылсайынғы «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» атты акция болып өтті.
Акция барысында «Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, құлағы естімейтін және нашар еститін жандарға арналған «Мейірім» мектеп-интернаты, балалар үйі, , мүгедектерді арнайы түзету мектеп-интернаты, мүгедектерді сауықтыру орталықтары Мүгедек жастар орталығының өкілдері («Нұр бала» ҚМ, «Үміт» жобалық орталығы) мүмкіндігі шектеулі балалардың жасаған туындыларының (декоративті, жапсыру) көрмесі ұйымдастырылып көпшілік назарына ұсынылды. Қатысушыларға театрда ұйымдастырылып өтіп жатқан барлық іс-шараларға атсалысып жүрген Абай атындағы Жамбыл Гуманитарлық колледжі мен Тараз сервис және технология колледжінің «технология және қызмет көрсету бөлімінің» білімгерлері фейс-арт суреттерін салып берді. Акцияға келген әр қонақтарға арналып В. Симуковтың «Литучий корабль» атты қайырымдылық ертегі сахналанды. Ертегі желісінде қалтасында соқыр тиыны жоқ, бірақ жүрегі адамгершілік, махаббат, қайырымдылық және мейрімге толы Иван турасында. Сол бағалы құндылықтары арқасында Иван басына жамандық туғанда қасынан табылатын адал достарды табады. Акция соңы артистер және көрермендер арасындағы фото сессиямен ұласты.

«Ұлттық рухты жаңғыртудағы отандық фильмдердің рөлі» тақырыбында семинар өтті

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Тараз қаласындағы «Облыстық кино орталығында» Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлттық рухты жаңғыртудағы отандық фильмдердің рөлі» атты облыстық семинары болып өтті. Оған облысымызға қарасты он аудандағы «Зерде» бейнемобиль жылжымалы клубтары мен «Сұлутөр» және «Авангард» кино театрларының меңгерушілері қатысты. Шара аудандардағы «Зерде» бейнемобиль жылжымалы клубтарының өзара байланысын жақсарту, «Зерде» бейнемобиль жылжымалы клуб меңгерушілерінің кәсіби біліктілігін арттыру, сала жұмысында кездесетін өзекті мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын пайдалануда өзара тәжірибе алмасу, алда атқарылар жұмыстардың бағытын белгілеп алу мақсатында өтті. Семинарды алғысөзбен бастаған Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев ұлттық рухты жаңғыртуда мәдениет қызметкерлерінің, әсіресе, отандық фильмдерді насихаттап жүрген «Зерде» бейнемобиль жылжымалы клубтарының алар орны ерекше екендігіне тоқталып, алда атқарылуы қажет шараларды айтып өтті. Семинар барысында қатысушылар назарына ұсынылған «Орталықтың бір күні» атты деректі фильмде «Облыстық кино орталығының» бір күндік жұмыс барысы қамтып алынып, отандық фильмдерді насихаттауда басты назарға алынуы керек тұстар көрсетілді. Семинарда оқылған «Облыстық кино орталығының» директоры Сайлаубек Лесбаев «Ұлттық рухты жаңғыртудағы отандық фильмдердің рөлі», Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлутөр» кинотеатрының меңгерушісі Сатыпалды Бердеков «Кино және көрермен», Шу ауданы «Зерде» бейнемобиль жылжымалы клубының меңгерушісі Жанат Ескараева «Шалғай ауыл тұрғындарына отандық фильмдерді насихаттаудың бүгінгі жағдайы», Талас ауданы «Зерде» бейнемобиль жылжымалы клубының меңгерушісі Ербол Наршаұлы «Отандық фильмдерді насихаттауда жаңаша әдістерден пайдалану» атты баяндамаларында бүгінгі қазақ киносының тынысы мен оны дамыту жолында атқарылуы тиіс бірқатар мәселелер көтерілді. Семинарда жарыс сөзге шыққан бір топ қатысушылар оқылған баяндамалар мен онда ұсынылған роликтерге жоғары баға берді. Семинар соңында отандық фильмдерді насихаттауда ерекше белсенділік танытқан бірнеше қызметкерлер Жамбыл облыстық әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Облыстық кино орталығының» Алғыс хаттарымен марапатталды.

Латын әліпбиі турасында жиын өтті

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ТарМУ-нің магистранттары арасында «Латын әліпбиі қазақ тілінің тынысын кеңейтеді» тақырыбында ой толғам өтті.

Ой талқыға М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің доценті,тарих ғылымдарының кандидаты С. Бақторазов шақырылып, баяндама жасау барысында латын әліпбиінің тарихына тоқталды. Сонымен қатар, ТарМУ-нің аға оқытушысы А.Көбесова «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаға шолу жасады.

Қос өңір ақындары арасында жолдастық кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 8-ші желтоқсаны күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ТИГУ-дың спорт кешенінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының айтыс ақындарының арасында «Ақынға парыз көп ойлау, артық та етпес доп ойнау» атты кіші футболдан жолдастық кездесу өтті. Елбасының мақаласында көзделген тапсырмаларды жүзеге асыру, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының айтыс ақындарының арасында шығармашылық байланыс орнату, өзара тәжірибе алмасу, Тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығы туралы мағлұмат беру мақсатында өткен спорттық шараға қос өңірдің республикаға белгілі Бекарыс Шойбеков, Біржан Байтуов, Даурен Ақсақалов, Ербол Қамбатыров, Нұрлыбек Құрманов, Әсет Дүйсебаев сынды бірқатар азулы ақындар қатысты. Бағдарлама бойынша оңтүстіктің ақындарын «Руханият» орталығының қызметкерлері мен ұйымдастырушылар «Қазақ хандығы» монументінің қасында күтіп алды. Одан әрі ақындар «Руханият» орталығымен танысты. Спорттық шара басқарма басшысының орынбасары Зүбайра Жарқынқызының құттықтау сөзімен басталды. Өз сөзінде Зүбайра Жарқынқы ақындар арасындағы спорттық байланыс жастарды салауатты өмір сүруге шақырудың ерекше тәсілі екенін, жастар осындай тұлғалардан өнеге алып өсетінін атап өтті. Жолдастық кездесу қызу әрі тартысты өтіп, жанкүйерлер қолдауларын аямады. Нәтижесінде алаң иелері қонақ командаға 5-3 есебінде есе жіберді. Қағаз бетінде қалам жүгіртіп, аламан айтыста сөзден өрнек салған ақындар осылайша бақтарын футбол алаңында сынады. Қос командаға спорттық шараға белсене қатысқандары үшін басқарма басшысының алғыс хаты мен сыйлыққа белгілі журналист Оралхан Дәуіттің «Ақ самаурын» кітабы табысталды. Олжалы қайтқан шымкенттік ақындар шараны ұйымдастырушыларға ерекше ықыластарын білдірді.

«Естен кетпес есті әндер» атты ретро концерт өтті

Үстіміздегі жылдың 7-ші желтоқсанында «Баласағұн» ОКЗ-да еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының аясында, Астана қаласының 20 жылдығына орайластырылған Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл облыстық филармониясы «Ескірмеген есті әндер» атты ретро ән кешін ұйымдастырды. Концерт шымылдығы Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің орындауындағы «Венгер биі» шығармасымен ашылып, ҚР Мәдениет қайраткері Рәзия Мадыханованың орындауындағы Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнімен, Қазақстанның Мәдениет саласының үздігі Жанатек Кәдіровтың орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әнімен, Индира Хамзина, Әділет Әбдікерімов, Фариза Досболова, Жанатбек Кәдіровтердің орындауында «Құстар әні» әндерімен кеш шырайы қыза түсті. Концерт барысында көрермендер ішінен сүйікті ретро әндерін, Шәмші Қалдаяқовтың бірнеше шығармаларын орындаған қонақтар да болып, жалпы жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, бұл кештің Қазақстандық ретро ән кештеріне ұқсамайтын тұсы концертте Анны Германның «Эхо любви», Владимир Матецкийдің «Луна, луна», Консуэло Веласкес Торестің «Вésame mucho» сынды бірнеше Ресей, шетел әндері орындалды. Сондай-ақ, ескірмейтін есті әндер қатарында Кеңес Дүйсекеевтің «Өмір-өмір», Теміржан Базарбаевтың «Қаздар қайтып барады», Мұрат Құсайыновтың «Қуанышым менің», Ескендір Хасанғалиевтың «Гүл сезім, тағы да басқа әуезді әндері орындалып, көрермен жүрегін тәтті мұңға, сағынышты сазға бөлей түсті.

«Бір кітапты бір мерзімде оқу» акциясы өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жас ұрпаққа насихаттау, оны жүзеге асыру, жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылдың 7-ші желтоқсанында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің мәжіліс залында «Туған жер» жобасының «Туған жер – туған ел» базалық бағытындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында «Бір кітапты бір мерзімде оқу» (С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы) акциясы өткізілді. Акцияға филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқытушысы – Әбілов Меңдібай Әбілұлы, №12, 39, 53 мектеп-гимназияларының және А.Гайдар атындағы №35 мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Шара барысында жиналған қауымға акцияның бағдарламасына сәйкес Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, «100 кітап» жобасы туралы айтылды. Шараны филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқытушысы – Әбілов Меңдібай Әбілұлы ашып, оқырмандарға болашақ білімді және бәсекеге қабілетті жастардың қолында екендігі, еліміздің өсіп-өркендеуі мен қарыштап дамуына үлес қосу үшін кітапты көп оқып, өзімізді-өзіміз жетілдіріп отыруымыз керектігі жайында сөз қозғады. Акция «Қамар сұлу» романына қысқаша түсініктеме жасаумен басталып, оқырмандар роман желісімен танысты. Шараға қатысушы оқырмандар роман үзінділерін кезекпен дауыстап оқып, кітапхана қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Романдағы Қамар бейнесін қазіргі әйел адамының қоғамдағы рөлімен салыстыруға бола ма?» деген сұрақ бойынша пікір алмасты.Роман бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздарына сөз беріліп, әрқайсысы өз ой-пікірлерін білдірді. Акцияға байланысты «Рухани жаңғыру – болашаққа жарқын жол!» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге 70 дана кітаптар қойылып, шараға 155 оқырман қатысты.

Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Сұрым ауылдық Үлгілі (Модельді) кітапханасының тұсаукесері

24 қараша күні Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Сұрым Үлгілі (Модельді) ауылдық кітапханасы мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің веб-сайтының тұсаукесер рәсімі өтті. Мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл кітапханаларын жаңғырту, оларды көпфункционалды коворкинг орталықтарына айналдыру, заман талабына сай жаңаша жабдықталып, материалдық-техникалық базасы нығайтылған, ақпараттық технологиялар көмегімен жергілікті тұрғындарға жаңа үлгідегі түрлі ақпараттық қызмет түрлерін ұсынуға бағытталған кітапханамен таныстыру. Жиналған қауымды олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және осындай рухани, мәдени демалыс нысанының ашылумен Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, жазушы, журналист, ақын, композитор Мырзахан Ахмет, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова, Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұса Шонбаев, ауыл ақсақалы, ардагер ұстаз Сайлаубек Оразбаев құттықтады. «Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясы аясында жазушы, ақын Мырзахан Ахмет кітапханаға өзінің кітаптарын сыйға тартып, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдиновамен бірге салтанатты түрде жібек лентаны қию рәсімін өткізді.

«Туған жер» жобасының «Туған жер – туған ел» базалық бағытындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында «Бір кітапты бір мерзімде оқу» акциясы өткізілді

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Аталған бағдарламаны жас ұрпаққа насихаттау, оны жүзеге асыру, жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу мақсатында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жер» жобасының «Туған жер – туған ел» базалық бағытындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында «Бір кітапты бір мерзімде оқу» (С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы) акциясы өткізілді.

Акцияға филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқытушысы – Әбілов Меңдібай Әбілұлы, №12, 39, 53 мектеп-гимназияларының және А.Гайдар атындағы №35 мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында жиналған қауымға акцияның бағдарламасына сәйкес Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, «100 кітап» жобасы туралы айтылды. Шараны филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқытушысы – Әбілов Меңдібай Әбілұлы ашып, оқырмандарға болашақ білімді және бәсекеге қабілетті жастардың қолында екендігі, еліміздің өсіп-өркендеуі мен қарыштап дамуына үлес қосу үшін кітапты көп оқып, өзімізді-өзіміз жетілдіріп отыруымыз керектігі жайында сөз қозғады.

Акция «Қамар сұлу» романына қысқаша түсініктеме жасаумен басталып, оқырмандар роман желісімен танысты.

Іс-шараға қатысушы оқырмандар роман үзінділерін кезекпен дауыстап оқып, кітапхана қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Романдағы Қамар бейнесін қазіргі әйел адамының қоғамдағы рөлімен салыстыруға бола ма?» деген сұрақ бойынша пікір алмасты.

Роман бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздарына сөз беріліп, әрқайсысы өз ой-пікірлерін білдірді.

Акцияға байланысты «Рухани жаңғыру – болашаққа жарқын жол!» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру [Мәтін] / Н.Назарбаев. - Астана, 2017. - 55 б., Торайғыров С. Қамар сұлу [Мәтін] /С.Торайғыров. - Алматы: Атамұра, 2002. - 240 б., Торайғыров С. Дүние дөңгелегі айналады. Таңдамалы [Мәтін] / С.Торайғыров. - Алматы: Халықаралық Абай клубы, 2009. - 356 б., Торайғыров С. Асыл сөз. Өлеңдер мен дастандар [Мәтін] / С.Торайғыров. - Алматы: ҚАЗақпарат, 2005. - 117 б., Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры [Мәтін] / С.Торайғыров. - Алматы: Жазушы, 1987. - 160 б. кітаптары қойылды.

Тиімділігі: Іс-шараға 155 оқырман қатысып, кітап көрмесіне 70 дана әдебиет қойылды.

«Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» атты семинар-кеңес өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай басқарма қызметкерлері мен басқармаға қарасты мәдениет, архив мекемелерінің басшылары және кадр қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» атты семинар-кеңес отырысы өтті.

Семинар-кеңеске түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Әмірбеков Ерболат Ерланбекұлы және Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ақылбаев Олжас Бақытұлы шақырылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөнінде нақты берілген тапсырмаларды, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының нормаларынан туындайтын міндеттерді, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын орындау үшін мемлекеттік қызметшілер мен мекеме басшыларына қатаң бақылау жүргізу тапсырылған болатын. Осы орайда Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы бірқатар түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, облыстық қазақ драма театры өңірдегі аудандарда «Құмсағат ғұмыр-өмір өлшемі», «Аса мәртебелі Сейф!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы қойылымдарын сахналады. Бұл туралы семинар кеңес отырысында басқарма басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы сөз қозғап, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп этикасы жөнінде, жемқорлық жәйттарының қоғам өміріне тигізер зияны турасында баяндап өтті.

Сондай-ақ, жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлықты болдырмауға ықпал ету мақсатында арнайы дайындалған бейнеролигі қызметкерлердің назарына ұсынылды.

Семинар соңында қызметкерлер өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.

«БІР ОТАН! БІР ТАҒДЫР! БІР ЕЛБАСЫ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Үстіміздегі жылдың 29-қарашасында «Баласағұн» ОКЗ-да Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, халық шығармашылығы орталығы, облыстық филармонияның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» атты облыс өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасы өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін мерекелеу. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ілгерілету мақсатында игі шара арқылы облыс өнерпаздарының қанатына серпіліс беріп, өнерін облыс жұртшылығына кеңінен насихаттау, таныту мақсатында өткен шараға облыс жұртшылығы арнайы келіп, өнерпаздарға қошемет көрсетті. Концерт 15 минуттық Елбасы туралы деректі фильммен басталып, «Әдемі ау» халықтық би ансамблінің «Әдемі-ау» биімен, Елбасының сүйіп орындайтын қазақ әндерінің ән-шашуымен жалғасын тапты. Сондай-ақ бағдарламада «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Меркі әуендері» фольклорлық этнографиялық тобы, «Ақкербез» би ансамблі, «Балауса» балдық би тобы және Қазақстанның Мәдениет қайраткері Анна Вундер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Оңал Азаматова, Мадина Сағынбекова, Асель Уашева, Шу ауданынан Айгүл Махашева, Мадияр Шалабаев, Ербосын Қасымбеков сынды тағы да басқа өнер шеберлерінің әндері мен шығармалары орындалды. Орталық концерт залының фойесінде «Ұлы даланың ұлы перзенті» атты Елбасының еңбектері мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы қалам қозғаған белгілі авторлардың кітаптары, облыстық кітапханалардың кітап қорындағы 1000 данаға жуық басылымдармен қамтылған экспозиция қонақтардың назарына ұсынылды. Мұнымен қоса «Тәуелсіздік туы астында» атты кітап инсталляциясы және «Елбасы. Ел бірлігі. Ел сенімі», «Ұлт мақтанышы – Елбасы», «Ерен Елбасы – кемел көшбасшысы», «Ел тірегі – Елбасы», «Елбасы әлемі: Тұлға. Саясаткер. Жасампаз», «Елбасы: «Нұрлы жол», «Мәңгілік ел», «Елбасы – ел мақтанышы, ел тірегі» атты тараулардан тұратын кітап көрмесі жасақталды. Сондай-ақ, көрермендер Елбасының тағылымды ғұмырын әспеттейтін «Өмір өткелдері», «Суреттер сыр шертеді» тақырыбындағы фотокөрмені тамашалады.

Аймақтың киелі жерлері таныстырылды

Таразда ағымдағы жылдың 27-28 қараша аралығында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көзделген мақсаттарды жүзеге асыру бағытында Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының тарихи мəдени ескерткіштерді қорғау жəне қалпына келтіру дирекциясының ұйымдастыруымен «Əулиеатаның киелі жерлері» атты экспедициясы өтті. Экспедицияға «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы бойынша республиканың барлық аймағын аралап жүрген «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығының басшысы Берік Əбдіғалиұлы, белгілі саясаттанушы,журналист, қоғам қайраткері Əміржан Қосанов, мемлекет жəне қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарым қатысты. Экспедиция аясында шақырылған қонақтардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, басқарма басшысы, мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің басшылары қатысып, Тараздың тарихи және киелі орындары туралы түрлі зерттеулерді зерделеді. Дөңгелек үстелден соң қонақтар арнайы брифингке қатысып журналистердің «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы бойынша сауалдарына жауап берді. Келесі күні арнайы келген меймандар Тараздың жұмбаққа толы Ақыртас тарихи кешенін, Айша бибі, Қарахан кесенелерін аралап, тарихи орындардың ерекшеліктерімен танысты.

«Қазақ әдебиетінің арқары»
бренд-автор-шоу кеші
жазушы Несіпбек Дәутайұлымен кездесу

Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру аясында «Қазақ әдебиетінің арқары» атты бренд-автор-шоу кеші өтті.

Кеш «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Қазақ әдебиеті» газетінің проза жанры бойынша сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі және Астананың 10 жылдығына арналған медальдардың иегері, Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің жеңімпазы, жазушы Несіпбек Дәутайұлының 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Мазмұнды кездесуге кештің кейіпкері Несіпбек Дәутайұлымен қатар ағаның ізбасарлары «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, ақын Хамит Есаман, «Ақ жол» газетінің бөлім бастығы, ақын Табиғат Абаилдаев, «Арай» газетінің бөлім бастығы, ақын Нұржан Қадірәлі, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер, және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы Арайлы Жақсылық және Тараз қаласының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының білімгерлері қатысты.

Айнұр Бақыт, Бейбарыс-Сұлтан Өміртай есімді жас ақындар Несіпбек Дәутайұлының шығармашылық тұлғасына арналған арнау өлеңдерін оқыды. Ағаларының әуезді әңгімесін тыңдаған жас ақындар да өз туындыларын оқып. Кездесу соңында Шохан Уалиханов атындағы облыстық кітапхананың басшысы Эльмира Елеусізқызы сөз алып, жазушыға ыстық лебізін білдірді. Сонымен қатар кітапхана ұжымы Несіпбек Дәутайұлына оқырман қауымның алғысын жеткізді.

Таразда мәдениет қайраткері Ержан Рысметовтың кеші өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына үн қосу, бойымызға ұлттық рух беретін қазақтың күй, саз өнерін насихаттау, кеш иесінің шығармашылық жетістігін паш ету мақсатында қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің әртісі, ҚР Мәдениет қайраткері Ержан Рысметов Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала күйлері» атты шығармашылық кешін өткізді.

Концерт барысында кеш иесі Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі және фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен, сондай-ақ жеке орындауда төл туындыларын, қазақ композиторларының күмбірлеген күйлерін тарту етті.

Концертке ҚР еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Дүйсенбек Өмірәлиев, дәстүрлі әнші Қарлығаш Жамбаева, күйші Талғат Орынтаев, Қазақстанның Мәдениет саласының үздігі қобызшы Сәуле Маманова және шәкірттері мен «Томирис» бишілер ансамблі қатысты.

Тараз төрінде сазгер Дүйсенәлі Бықыбаевтың әндері әуеледі

Бүгін Тараз қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ілгерілету мақсатында, «Туған жерге туыңды тік!» акциясы аясында сазгер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаевтың «Ән – ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті.

Концерт шымылдығы Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің орындауында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мұхтар Рахманқұловтың дирижерлығымен кеш иесінің "Бабалар рухы" күйімен ашылды. Қазақтың əн əлемінің алтын қазынасын өзінің сыршыл да əуезді туындыларымен толықтырып жүрген сазгердің шығармаларын облысымызға, республикаға белгілі Айгүл Мақашева, Жанатбек Кəрібаев, Оңал Азаматова, Ғани Мəтебаев, Маралбек Бабақұлов, Нұрлан Əмірбетов, Мадина Сағымбекова, Жанна Асанқұлова, Əсел Уашева, Мейіржан Самылтыров, Қайсар Көкішев сынды әншілер нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ, əн кешіне елімізге белгілі эстрада жұлдыздары Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров, Əділ Сламхан мен Дана Махамбаева, "Астана" квартеті, "Алатау" триосы, Қайнар Қатбай арнайы қатысты.

Дүйсенəлі Бықыбаев лирик сазгер ретінде əншілер мен композиторлар қауымының арасында үлкен сый мен құрметке ие. Күллі қазақ даласына əуелей жеткен əндерін қазіргі таңда бірталай эстрада жұлдыздары орындап, тыңдарман қауымның құлақ құрышын қандырып жүр. Кеште көрермен назарына облыстық қазақ драма театрының əртістері "Əн-ғұмыр" атты компоизициялық қойылым ұсынды. Қойылым барысында Дүйсенəлі Бықыбаев өзінің рухани ұстазы саналатын белгілі композитор Мэлс Өзбековтың "Келші, Құланға" атты танымал əнін сахна төрінде көрермен халыққа арнайы орындап берді.

Концерт соңында Досымжан Таңатаров кеш иесінің əніне, белгілі ақын Ғайни Əлімбекқызының өлеңіне жазылған "Қаздар қайтып барады" атты жаңа əннің тұсауын кесті. Өз сөзінде эстрада жұлдызы орындалған əн Дүйсенəлі Дыбысалыұлымен творчестволық байланысты жаңғыртқан туынды екенін тілге тиек етті. Əуезді əн кеші бір топ əншінің орындауында Дүйсенəлі Дысыбалыұлының "Жаса мəңгі Астана" атты əнімен рухты нотада аяқталды. Шара соңында кештің басты кейіпкеріне Жамбыл облысы әкімінің ықылас гүлі табысталды.

«Үміт қанатында» фестивалі зағип жандардың жұлдызын жақты

Ағымдағы жылдың 21-қарашасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен зағип оқырмандарды мәдени-әлеуметтік сауықтыра отырып, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру мақсатында облыстық драма театр ғимаратында «Үміт қанатында» облыстық фестивалі өтті.

Фестивальға «Мен әлемді жүрегіммен сеземін» еркін тақырыптағы эстрада әндерін орындау, «Жүректен шыққан жырларым - туған өлкеме» - авторлық шығарма, «Көк тудың желбірегені» - өлең оқу, «Музыка өрнегі» - аспапта орындаушылар, «Біз жасаған бұйымдар» - қолөнер номинациялары бойынша барлығы 23 үміткер бақ сынады.

Аталған өнер сайысына Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының орынбасары, қазылар алқасының төрайымы – Сембина Зүбайра Жарқынқызы, Жамбыл Жабаев атындағы «Руханият» орталығының меңгерушісі - Ахметжан Өзбеков Орынбасарұлы, ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, облыстық филармония әншісі – Мәдіханова Рәзия, Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының мәдени ұйымдастырушысы Рәзия Есенбекова Ахатқызы, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тараз» коорпоративтік қорының орынбасары Джамаева Алмаш Тұрлұханқызы төрелік етті. Фестивальға Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері, «Болашақ» мектеп-интернатының мұғалімдері мен оқушылары, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Өздерінің физикалық мүмкіндігіне қарамастан өнерлерін ортаға салып, жүрек түкпіріндегі асқақ армандарын халық алдында паш еткен өнерпаздар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жарық әлемнің әппақ нұрына бойларына біткен ерекше таланты арқылы бөленіп жүрген зағип жандар осылайша өнер байқауында бақ сынап, барлық номинациялар бойынша үздіктер қатарынан көрінді.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында сазгер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Дүйсенәлі Бықыбаевтың «Ән - ғұмыр» атты шығармашылық кешінің
БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ

Өтетін орны: «Баласағұн» ОКЗ

Өтетін мерзімі: 2017 жылғы 24 қараша сағат 18-00

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ілгерілету мақсатында «Туған жерге туыңды тік!» жобасы аясында, халық арасындағы танымал Саят Медеуовтың орындауындағы «Еліктей ерке қыз», Досымжан Таңатаровтың орындауындағы «Біз екеуміз» атты әндерінің және өзге де эстрадамызға танымал әндердің авторы, сазгер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Дүйсенәлі Бықыбаевтың «Ән - ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтеді. Белгілі сазгердің шығармашылығын, әндерін жамбылдық жұртшылыққа паш етіп, өскелең ұрпаққа ән өнерінің қадір-қасиетін ұғындыру мақсатында өтіп жатқан шығармашылық кеште композитордың ең таңдаулы әндері орындалмақ.

Кеш қонақтары: облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов, басқарма басшылары, ардагерлер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, облыс жұртшылығы.

Қайырымдылық шарасы ретінде өтетін концертте белгілі эстрада жұлдыздары Досымжан Таңатаров, Саят Медеуов, Әділ мен Дана, Гүлнұр Өмірбаева, «Аламан», «Астана» топтары, Айгүл Мақашева және облысымызға белгілі өнер иелері мен шығрамашыл ұжымдар кеш иесінің авторлық әндерін орындайды.

Сонымен қатар, кеш барысында Д.Бықыбаевтың «Ән - ғұмыр» атты кітабының және альбом-дискісінің тұсаукесері өтеді.

Жамбыл облыстық орыс драма театры 50 жылдық мерейтойын атап өтті

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 2017 жылдың 17 қарашасында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Жамбыл облыстық орыс драма театры 50 жылдық мерейтойын атап өтті.

Театрдың 50 жылдығын атап өту іс-шарасы ағымдағы жылдың 16 қарашасынан бастау алған болатын. Мерейтой барысында қала тұрғындары мен қонақтары үшін П. Мэрименің «Кармен» атты трагедиялық қойылымы ұсынылса, 17 қараша күні таңғы сағат: 10.00-ден бастап театр ғимаратының кіре беріс есігі алдында жанды дәліз ұйымдастырылып, «Балауса» циркінің әртістері өнер көрсетті. Сондай –ақ театр әртістері орыс халқының ұлттық билерін билеп, ғимараттың бірінші қабатында «Ложкари» атты мектеп оқушыларынан құралған ансамбль түрлі әндердің әуендерін орындады. Салтанатты жиын театрдың ширек ғасырдағы тарихы, театр құрылуына септігін тигізген директорлар, режиссерлер, артистер турасында баяндайтын «50 жылдан бері біргеміз» атты деректі фильмнің көрсетілімімен басталып, театр репертуарында қамтылған қойылымдардың үзінділерінен сахналанған театрландырылған қойылым көрермен назарына ұсынылды.

Түрлі бағыттағы ән-билер орындалып, көпшілік театр әлемінің қыр-сырына қанығып, ерекше күйге бөленді.

Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Мырзашева Гульнафиз Советханқызы және республикамыздың өзге де аймақтарының облыстық театрларының директорлары мен режиссерлары арнайы қатысты. Қонақтардың барлығы сахна төріне шығып театрдың 50 жылдығымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Шара соңында театр директоры Ақылдос Тілеубайұлы мерейтойға ұйытқы болған Жамбыл облысы әкімі мен Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына көрсетіліп жатқан қолдау-қошеметтеріне алғыс білдіре отырып, өзі басқарып отырған театр ұжымына мол табыс тіледі.

Облыс әкімінің орынбасары Манжуов Ерқанат Нұрбапаұлы әкімдік атынан театр артистері Евгений Орлов пен Виктор Дадаевқа ақшалай сыйлықпен марапат қағазын табыстады. Ал, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсен Дыбысалыұлы басқарма тарапынан бірнеше қызметкерге қаржылай сыйлықпен марапат қағазын табыстады. Театр директоры мен бас әкімші «Еңбек даңқы» төс белгісімен наградталды. Мұнымен қоса театрдың бірнеше қызметкерлері қажырлы еңбектері үшін түрлі марапаттарға ие болды.

Сондай-ақ, ҚТҚО-ның төрағасы Жаманқұлов Тұнғышбай Аль-Тарази жиын барысында сөз алып, 50 жылдық мерейлі тойымен құттықтай келе, театр басшысына марапат қағазын ұсынды.

«Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас» кездесу кеші

2017 жылдың 10 қарашада оқырмандардың санасына латын әліпбиі жайында дұрыс көзқарас қалыптастырып, еліміздің әсіресе жастардың болашағы үшін жасалып жатқан істерге баға беріп, оның мазмұнын терең түсінуге жетелеу мақсатында Облыстық балар мен жасөспірімдер кітапханасында «Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.

Кездесу кешіне «Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту» басқармасының «Тілдерді дамыту» бөлімінің басшысы Ахметова Мөлдір Ануарбекқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушылары Омаркулова Ляззат Кенжебекқызы, Еспенбетова Гүлнұр Таласбайқызы, №23 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Керімбаева Бақыткүл Керімқұлқызымен оқырмандар қатысты.

Іс-шара барысында Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген ұлттың рухани дамуының бағыттары мен алдағы жылдары іске асырылатын міндеттер жайында айтылып, оның ішінде латын әліпбиі жөнінде тереңірек сөз қозғалды. Шақырылған тіл мамандары латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашып, тіл тазалығын, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алатынымызды айтты. Сондай-ақ мамандар тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келе жатқан кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамайтынын жеткізді. Тақырыпқа қатысты арнайы слайд көрсетіліп, кездесу кешіне қатысушылар қонақтарға сауалдарын қойды. Жаңа әліпби жайында оқырмандар өз пікірлерімен бөлісті.



"РУХЫҢДЫ ҰЛЫҚТА" АКЦИЯСЫ ОБЛЫС АУДАНДАРЫНДА

2017 жылғы 7 қараша күні Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының аясында Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасы мен Жастар саясаты мəселелері басқармасы бірлесіп «Рухыңды ұлықта» атты акциясын ұйымдастырды.

Аталған шараның мақсаты - әрбір Қазақстан азаматының санасын рухани жаңғырту, тұрғындардың, әсіресе өскелең ұрпақты туған жерін сүюге және патриоттық рухта тәрбиелеуге айрықша ынтамен атсалысу, тұрғындарға, жастарға ұлттық деңгейдегі өзекті мәселе - рухани мұраны дәріптеу, жалпы ұлттық қызығушылықты ояту, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығы туралы мағлұмат беру, келушілердің қызығушылығын арттыру.

Акцияға қатысушы спикерлерді Руханият орталығында бір топ белсенді жастар мен Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенəлі Бықыбаев жəне мәдениет қызметкерлері салтанатты түрде шығарып салды.

Акция Байзақ ауданынан бастау алды.

Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының меңгерушісі Ахметжан Өзбеков іс-шараның мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.

Мазмұнды шараға облыстық кино орталығы директорының міндетін атқарушы Сайлаубек Лесбаев, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейсекүл Исматова, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының экскурсоводы Айніл Əбуəлі, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы Арайлым Абдуалиева, жас ақын Арайлы Жақсылық белсене қатысты.

Іс-шара барысында спикерлер Жамбыл атындағы "Руханият" орталығының жұмысы, 100 жаңа есім жобасы туралы баяндап, жастарға ұлттық тәрбие беру бағытында өз ойларын ортаға салып, әлеуметтік тақырыптарда бейнероликтер көрсетті. Акция Ескендір Хасанғалиевтің танымал "Атамекен" əнімен қорытындыланды.

«Рухыңды ұлықта» атты акциясы Тұрар Рысқұлов ауданында жалғасып, аудан жастары, ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындарының қолдауын тапты.

Акция барлық барлық аудандарында өтеді.

«Латын әліпбиіне көшу: мәселелері мен болашағы»
дөңгелек үстел өтті

2017 жылғы 25 қазанда Шохан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу: мәселелері мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының орынбасары А.Асқарбеков, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы А.Қайназарова, ТИГУ-дің Түркітану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, ф.ғ. докторы, профессор Қ.К.Малгаздаров, ТарМПИ доценті, ф.ғ. кандидаты Г.М.Қарынбаева, Мемлекеттік тілді дамыту орталығының аға оқу әдіскері А.Ж.Алишева және қалалық орта мектептері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Жиынға жиналғандар латын қарпіне біртіндеп көшудің негізгі сұрақтары мен мәселелерін қызу талқылап, болашағы мен басымдықтарын анықтауға тырысты.

«Рухани жаңғыру аясындағы кітапханалар міндеті» атты облыстық онлайн семинар өтті

Үстіміздегі жылдың 1 қараша күні Шохан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары аясында Жамбыл облысының мемлекеттік кітапханалар жүйесі мамандарының міндеттерін айшықтау, кәсіби дағдылармен алмасу, біліктілікті арттыру, кітапханалар қызметінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгеру, ауыл кітапханашыларының жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерге, қайраттылық пен жігерлілікке бағыттап, машықтау арқылы өңірдегі кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастырып, дамыту мақсатында «Рухани жаңғыру аясындағы кітапханалар міндеті» тақырыбында облыстық, аудандық кітапханалар қызметкерлерінің қатысуымен облыстық онлайн семинар өтті.

Іс-шараға онлайн жүйесінде өңірдің 10 аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің қызметкерлері, ауыл кітапханашылары қатысты.

Семинар барысында қоғамның мәдени дамуының формацияларына негізделген кітапхана қызметі аясында кітапханашылар ой бөлісіп, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының психологиялық ойындарды өткізу тренерлері, «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, асс/профессор Тойганбекова Шынар Малимбайқызы мен аталмыш оқу орнының аға оқытушысы Джаксылыкова Үміт Сауқымбекқызы «Кәсіби шеберлікті шыңдау жолы» тақырыбында арнайы тренинг өткізді.

«Ашық қоғамға - ашық архивтер» тақырыбындағы
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің
Жамбыл облысындағы күндері

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Өтетін уақыты мен мекенжайы:
1 қараша 2017 ж., сағ.: 9.30
Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 7
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғимараты
ҚР Тұңғыш Президенті мәжіліс залы, 4-қабат.
2 қараша - Тараз қаласының мемлекеттік архиві
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті Архиві, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
2017 жылдың 1, 2 қараша күндері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Президенті Архиві мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениетғ архивтер және құжатама басқармасының ұйымдастыруымен «Ашық қоғамға- ашық архивтер» атты Жамбыл облысында ҚР Президенті архивінің күндері өтті.
Іс-шараға Б.Ә.Жапаров - Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры; А.Сейсенбаева - ҚР Президенті Архивінің ақпараттық-әдістемелік қызметі басқармасының бас сарапшысы; М.Жылгелдинов - ҚР Президенті Архивінің ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану басқармасының басшысы, бас сарапшы; Г.Бекишева - ҚР Президенті Архивінің мемлекеттік есепті қамтамасыз ету, құжаттарды жинақтау, сақтау басқармасының басшысы; Д.Бықыбаев - Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы; С.Мадиева - Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары; Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасының, Сарыағаш, Созақ аудандарының мемлекеттік архивтерінің өкілдері, Жамбыл облысының, Тараз қаласының және аудандық архивтердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.
Архив күндері М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің фойесінде ҚР Президенті Архивінің сирек кездесетін құнды архивтік құжаттардан жасқаталған көрмесімен басталды. Көрмеге 1920 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы бойынша бірегей құжаттар қойылған. Көрмедегі өткен ғасырдың 20 жылдарындағы қазақ тілінің латын графикасын жүзесе асыру туралы құжаттарға аса көңіл бөлінді.
Семинардың салтанатты ашылуында Борис Әлікенұлы Жапаров бұл аталмыш күндерді ұйымдастыру, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді іске асыруға, оның ішінде Қазақстанның архивтерін жаңғыртуға, олардың бәсекелік қабілеттілігін дамыту және еліміздің архив саласыдағы еңбек ресурстарының сапасын көтеруге бағытталғанын ерекше атап өтті.
Іс-шараның ашылу рәсімінде Тараз қаласы атауының өзгеру тарихы туралы мағлұматтарды қамтитын ҚР Президенті Архивінің қорларындағы архивтік құжаттар көшірмелерін тапсыру сәті орын алды.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Архиві мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы арасындағы Ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. Келісім мақсаты- бірлескен жобаларды іске асыру, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, құжаттық көрмелерді ұйымдастыруды өткізу, кеңес беру және ақпараттық қызметтер көрсету, электрондық архив құру, зерттеу жобаларын өткізу (Қазақстандағы 1930 жылдардағы ашаршылық: құжаттар және фактілер», «Қазақстандық әскери тұтқындар», Қазақстан халқының интерактивті картасы т.б.) және т.б.
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ұжымы архивтік жұмыстар бойынша шеберлік сағаттарын жүргізді: құжаттардың мемлекеттік есебін жүргізу, олардың сақталуын қамтамасыз ету, жинақтау, ғылыми-анықтамалық аппарат құру, сұраныстарды орындау, құжат жинақтарын әзірлеу және т.б.
Оған қоса, ғылыми-анықтамалық аппаратты қолдану және жетілдіру сұрақтары бойынша әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарда өлкетанушы, жазушы, журналист, архив ісі саласының ардагері Мақұлбек Қайыпбекұлы Рысдәулет те сөз алды. Семинарға қатысушылардың тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға ҚР Президенті Архивінің ағымдағы қызметі бойынша толық нақты жауаптар берілді.
2 қарашада Тараз қаласының мемлекеттік архивінде семинардың жалғасы өтті.
Екінші күнгі семинарда «Электрондық архив» атты бейне таныстырылымнан басталып, электрондық архив бойынша мамандардың шеберлік сағаттарымен жалғасын тапты.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде арнайы брифинг ұйымдастырылды. Мұнда Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Б.Ә.Жапаров Президенті Архивінің қызметі мен ұйымдастырылған шаралар жөнінде мәлімет берсе, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары С.Мадиева Жамбыл облысындағы архив саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар, қонақтар Жамбыл облысы мен Тараз қаласының мемлекеттік архивтерінің жұмыстарымен, облыстық архивте ұйымдастырылған арнайы көрмемен таныстырылды.
Тараз қаласының мәдени көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында қонақтарға «Руханият» облыстық орталығына және «Көне Тараз» музейіне саяхат ұйымдастырылды.

2017 жылдың 30 қазанында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 04.12.2015 жылғы №434-V Заңына және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҚМ 11.12.2015 жылғы №648 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428 қаулысы бойынша «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы» Ережесі бойынша басқармаға қарасты мекемелердің бас есепшілерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті. Семинарға Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас мамандары Кунедилов Жеңіс Жолдыбайұлы және Тәттібаева Айдана Жанатқызы қатысты. Семинар барысында Ж.Кунедилов мемлекеттік сатып алуға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға, А.Тәттібаева мемлекеттік бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженің негізгі жолдарына жете назар аударып тоқталып өтті. Семинарды қорытындылай келе, басқарма басшысының орынбасары Амалов Лесбек Сарсембекұлы өткізіліп отырған шаралардың өте маңызды екенін айтып, алдағы уақытта аталған нормалардың талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

2017 жылғы 24 қазанда облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру туралы» өткен брифингте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысында атқарылып отырған жұмыстарды атап өтті. Өткен жылы ұлт Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен қазақ халқының ұлы ақыны Ж.Жабаевтың 170 жылдығына орай Жамбыл атындағы «Руханият» орталығы ашылды. Биыл 308,0 млн. теңгеге «Баласағұн» орталық концерт залының сыртына күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. «Рухани қазына» кіші бағдарламасына мәдениет саласы бойынша 27 жоба енгізіліп, «Туған жер» жобасына – 25 жоба, «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасына – 1 жоба, «Заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасына – 1 жоба ұсынылды. Қазақстанның сакралды картасының тізіміне Жамбыл облысынан 8 тарихи-мәдени нысандар енгізілді. Сәулет ескерткіштері: Тектұрмас кесенесі ХІV ғ., Қарахан кесенесі ХІІ ғ., Айша бибі мазары ХІ-ХІІ ғғ., Бабажы Хатун мазары Х-ХІ ғғ., Байзақ батыр Мәмбетұлының кесенесі; Археологиялық ескерткіштер: Ақыртас сарай-кешені VІІІ - ІХ ғғ., «Ежелгі Тараз қалашығы» І-ХІХ ғғ, «Меркі-Жайсан ғұрыптық кешені». Облыста туристік кластерді дамыту мен туристерді өңірге тарту мақсатында академик «К.И.Скрябиннің үй-мұражайы» мен Қарахан кесенесі жанында орналасқан «Ортағасырлық мешіт» қайта қалпына келтіріліп, ортағасырлық Ақыртас кешені қайта жаңғыртылып оған баратын жол жөнделді. Биылғы жылы Бектөбе (7,0 млн), Георгиевск (5,0 млн.), Тамды (7,0 млн.), Саудакент (5,0 млн.) қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Алдағы жылдары осы нысандарға консервация, музеефикациялау жұмыстарын жүргізу және микросакралдық нысандарға енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Облыстық жобалық офиске жаңадан «Шу өзені аңғарындағы түркілердің киелі ескерткіштері» атты жобасы ұсынылып, өз деңгейінде зерттелмеген, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін Жамбыл облысы, Шу өзенінің аңғарында және Меркі елді мекенінен 37 шақырым қашықтықта орналасқан Меркі-Жайсан ескерткіштерінің бұған дейін ашылмаған құпиялары мен сырларын ұғуға бағытталатын болады. Жоба аясында шет елдік және отандық тюрколог мамандарды тарту Такаши Осава (Жапония), Боталов Сергей (Ресей), Максим Мордовин (Венгрия), Баян Тотев (Болгария), Бекир Дениз және Омер Займоглуларды (Түркия) тарту көзделіп отыр. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Меркі аудандық музейіне Халықаралық Карл Фаберже орденінің иегері, зергер Б.Әлібай музей қорына қымбат бағаланатын зергерлік бұйымдар топтамасын сыйға тартты. М.Ыбыраев, Д.Таңатаров, С.Медеуов, т.б. өнер жұлдыздары өздерінің ауылдарының мәдениет ошақтарына музыкалық аспаптар, кітаптар, т.б. қажетті заттар табыстап, шеберлік сағаттарын өткізуде. «Бір өлең, бір әуен» жобасының нәтижесінде қасиетті Жамбыл өңірі, Тараз туралы 10-нан аса әндер жазылды. Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында өлкеміздің шежірелері, тарихы, ақын, жазушылары, өнерпаздарының шығармаларын зерттеп, электронды базаға енгізу мақсатында М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтымен жұмыстар жүргізілуде. Жамбыл облысында туған халық композиторлары мен қазіргі заман сазгерлерінің шығармаларынан «Әулиеата өңірінің музыкалық мұрасы» атты шығарылған 8 дискідегі жинақты жалғастыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық архив ісі саласына қатысты мамандардың қатысуымен Жамбыл облысының мемлекеттік архиві «Мөр - тарих таңбасы» атты архив құжаттарының көрмесі мен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сонымен қатар, «Тараз зерттеулері» атты кітап шығару межеленіп отыр. Сондай-ақ, Қазақтан Республикасының Ұлттық музейі, Ұлттық кітапхана, Қазақстан Республикасының ұлтық архивінің сарапшылары, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының мамандары шақырылып, шеберлік сағаттары, семинарлар ұйымдастырылды. Басқа өңірлерде жоқ «Жамбыл облысының архитектуралық ескерткіштері» голограммасы бүгінгі таңда облыстық тарихи-өлкетану музейіне орнатылды. Басқарма басшысы сөзін қорытындылай келе келер ұрпақтың рухани байлығын дамытып, эстетикалық талғамын жоғарылату, ұлтжандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында атқарылып отырған жұмыстар жоспарлы жалғасын табатындығын айтты.

«Ең үздік ауылдық клуб – 2017», «Театр.KZ» облыстық байқауы Жамбыл және Сарысу аудандарында жалауын көтерді

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб – 2017», «Театр.KZ» байқаулары Жамбыл және Сарысу аудандарында шымылдығын көтерді.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтетін байқаудың негізгі мақсаты аудандардағы ауылдық клуб мекемелеріне үлгі болуға лайықты клуб мекемесінің үлгісін жасау, мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасының нығаюына ықпал ету, ауыл тұрғындарына талапқа сай үлгілі қызмет көрсетілуін және клуб қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, облыстағы «халықтық» театрларының, драма үйірмелеріне қатысушылардың біліктілігін жоғарылату, шығармашылықтың дамуына және шығармашыл жастар мен тұрғындардың халық театрларына көптеп қатысуына ықпал ету болып табылады.

Ерлан Әуесов, Ғани Садырбаев, Тамара Әбдікерімова, Дутбаева Эльмира, Ақсұлу Үсенбаева, Нұралы Абдуллаев сынды мәдениет саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар кәсіби мамандар төрелік ететін байқау бір апта бойы Жамбыл облысына қарасты барлық аудандардың мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарында өтетін болады.

Ал бүгін аталған ауқымды байқау Жамбыл ауданына қарасты Гродекова мәдениет үйінде басталды. Мәдениет үйінің фойесінде қазылар алқасы мен көрермендерге қолөнер шеберлері мен суретшілердің, ағаштан түйін түйген шеберлердің көрмесі ұсынылды. Қалың көпшілік өнерпаздардың «Туған жерге туыңды тік!» атты әдеби-сазды кешін тамашалады. Кешке Жамбыл ауданының осы аумағында тұратын түрлі ұлт өкілдері қатысып, отанға деген патриоттық сезімдерін көрерменге жүрек жарды ән,биімен жеткізді. «Ауылдық клуб», «Клуб қызметкері» атты қос номинациядан тұратын «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб – 2017» конкурсында қазылар алқасы ауылдық клубтың типтік ғимаратта орналасуы, штат бірліктерімен қамтамасыз етілуі, айлық тоқсандық, жарты жылдық жоспарлар, есептер, нормативтік құжаттардың дұрыс толтырылуы мен орналасуы, мәдениет қызметкерлерінің этикалық нормаға сай жұмыс атқаруы, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәдениет саласына қатысты тармақтарының орындалуы сынды бірқатар талаптар бойынша ғимарат ішін аралап, құжаттармен танысып, мамандарға өз сын ескертпелерін айтып, ой бөлісті.

Одан әрі қазылар алқасының құрамы Сарысу ауданы Жайылма ауылына жол тартып, ондағы «Жайылма» ауылдық клубының жұмысымен танысты. Клуб өнерпаздары жиналған жұртшылыққа «Алаштың Асанәлісі» атты Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтың 80 жылдық мерейтойына арналған мазмұнды кеш ұсынды. Жоғарыда атап көрсетілген талаптар бойынша клубтың жұмысымен етене танысқан қазылар алқасы «Театр.KZ» байқауының талабы бойынша Сарысу аудандық мәдениет үйінде қазақ театр өнерінің асыл жауһары Қыз Жібек драмасынан үзіндіні тамашалады. Қойылымның мазмұны мен халықтық театр әртістерінің көрсеткен өнері хақында қазылар алқасының төрағасы ҚР мәдениет қайраткері Ерлан Сатыбалдыұлы пікір білдірді.

Дәстүрлі байқау ары қарай Талас, Байзақ және басқа да облыс аудандарында жалғасын табады.

«Ең үздік ауылдық клуб – 2017», «Театр.KZ» облыстық байқауы Талас ауданында жалғасын тапты

Бүгін кеше ғана жалауын көтерген «Ең үздік ауылдық клуб – 2017», «Театр.KZ» облыстық байқауы Талас ауданында өтті.

Ат басын қарт Қаратаудың қазыналы мекеніне бұрған қазылар алқасы «Ең үздік ауылдық клуб – 2017» байқауы бойынша Бөлтірік және Бостандық ауылдық клубтарының шығармашылық жағдайы, метериалдық-техникалық базасы, құжаттары, қазандықтарын көріп, жалпы жағдайларын біліп, мәдениет ошағының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Бөлтірік ауылдық клубының ұжымы қазылар алқасы мен көрермендерге бүлдіршін балаларға арналған «Тәй-тәй шоу» атты сайыс ұсынды.

Ал Бостандық ауылдық клубында ауданға белгілі сазгер, музыкант, мәдениет саласында жылдар бойы табанды еңбек еткен азамат Серік Керімбековтың шығармашылығына арналған «Сазгер» атты музыкалық кеш өтті. Кешке ауыл тұрғындары жиналып, сазгердің шәкірттері оның ерекше туындыларын нақышына келтіре орындады.

«Театр.KZ» байқауы бойынша Талас ауданының халықтық театры «Еңлік-Кебек» пьесасынан бір сағаттық қойылым көрсетті. Қазылар алқасы қойылым соңында драматургия, театр өнері жайында кәсіби көзқарастарын ортаға салып, әртістерге сын-пікірлерін айтты.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан облыстың мәдениет саласына үлкен қозғау салатын қос байқау ертең Байзақ, Тұрар Рысқұлов аудандарында өтеді.

«Еркін елдің ертеңі – жастар» атты білгірлер сайысы өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткендей, жастарды рухани тәрбиелеу бағытында 2017 жылдың 19 қазанында Керімбай атындағы №12 орта мектепте Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Еркін елдің ертеңі – жастар» атты білгірлер сайысы өтті.

Сайысқа мектептің жоғары сынып оқушылары мен ұстаздары және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Сайыста оқушылар «Таныстыру», «Бәйге», «Қасиетті жетілік», «Кім тапқыр?», «Отаным менің – Қазақстан», «Көкпар» атты 6 айналым бойынша бақ сынасты.

Бірінші айналымда оқырмандар өздерінің топтары мен төсбелгісін таныстырып өтсе, екінші айналымда топ басшылары Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті пәндерінен қойылған сұрақтарға жауап берді. Ал үшінші және төртінші айналымдарда екі топтың мүшелері білімнің әр саласы бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Бесінші айналым шығармашылық тапсырмаларға арналды, ал алтыншы айналымда қатысушылар білім, тәлім-тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тауып өзара бәсекеге түсті.

Іс-шараға байланысты «Ел ертеңі – білімді жастар» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

Кітап көрмесіне Елбасы Н.Назарбаевтың жастар жайлы айтқан қанатты сөздері, жастардың Елбасымен өткізген кездесулерінде бірге түскен фотосуреттері қойылды. Сонымен қатар, әдебиеттанушы, сыншы, жазушы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың жастарға арнап жазған еңбектері қойылды.

Іс-шараға 30-дан аса оқырман қатысып, кітапханаға жаңадан 15 оқырман тіркелді.

Қылқалам шеберінің көрмесі өтті

Ағымдағы жылдың 14 қазанында облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Геннадий Тянның шығармашылығына 40-жыл толуына орай, «Менің Қазақстаным» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылуы өтті.

Көрме «Менің Қазақстаным», «Май», «Тектурмас», «Пыль веков», «Көкпар», «Қыз қуу», «Ловля лошади», «Белые розы», «Ночь» және осы сынды 60-қа жуық туындылар қойылған 3 залды қамтыды. Көрменің ашылуына 100-ге жуық адам келіп, суретшінің еңбектерін тамашалады.

Мазмұнды шараға суретшінің республиканың түкпір-түкпіріндегі арнайы шақыртылған қонақтары, қала жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Жарқынқызы қылқалам шеберіне Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасын табыстады.

Іс-шара барысында экскурсоводтар қонақтарды көрмедегі суретшілердің туындыларымен таныстырды. Айта кетерлік жәйт, аталған көрме 1 айға жалғасады.

Оқырмандар Тараз тарихын зерделеді

2017 жылдың 11 қазанында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында Шохан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Тараз қаласының тарихи атауының қайтарылғанына 20 жыл толуына орай «Талайғы Тараз талайды таңқалдырды» тақырыбымен библиокеруен өтті.

Танымдық шараға ЖОО білімгерлері мен кітапхана жанындағы клуб үйірмелерінің мүшелері қатысты.

Қатысушыларға туған өлкеміздің табиғаты, тарихы, мәдениеті туралы ақпарат беріліп, кітап қорындағы әдебиеттер насихатталды.

Шарада Тараз қаласының тарихы туралы айтылып, слайд арқылы шаһардың тарихи- мәдени ескерткіштері мен қаланың көрнекті жерлерінің суреттері көрсетілді.

Сонымен қатар «Тарих астанасы - Тараз» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Тараз халқы Дүйсенбек Өмірәлиевтің әндерімен сусындады

2017 жылдың 9 қазанында Жамбыл облыстық филармониясында ҚР еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Дүйсенбек Өмірәлиевтің шығармашылығына арналған «Туған жер» атты концерт өтті.

Ғасырлар қойнауынан жеткен рухани мәдениетімізді насихаттау мақсатында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында өткізілген шараға «Алатау» фольклорлық ансамблі, дәстүрлі әншілер Оңал Азаматова, Ерлан Ибаділдаев, Жақсылық Қалтешев сынды өнер иелері қатысты.

Өнерпаздар концерт барысында бірге «Сайра бұлбұл», «Сәулем-ай», «Көкшолақ» сынды Дүйсенбек Өмірәлиевтың репертуарындағы барлық әндерін орындады.

Кешке жиналған көпшілік әндердің тарихымен сусындап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Сазгер, дирижер, КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Өз елім!» атты концерттік бағдарламасы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ү.ж. 12 қазанда «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен композитор, дирижер, КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Өз елім» атты концерттік бағдарламасы өтті.

Аталған шара сазгер Н.Тілендиевтің шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпаққа рухани азық сыйлау, жас өнерпаздарды халыққа таныту мақсатында ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарламада дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұхтар Рахманқұловтың жетекшілігіндегі Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Кәусар» вокалдық ансамблі, ҚР Мәдениет қайраткері Анна Вундер, сонымен қатар танымал әншілер Оңал Азаматова, Маралбек Бабақұлов, Торғын Орынбаева, Маралбек Бабақұлов, Ғани Мәтебаев, Мәдина Сағынбекова, «Мерей» дуэті және тағы да басқа облыстық филармонияның әншілері өнер көрсетті.

Концерттік бағдарлама композитор туралы деректі фильмнің көрсетілімімен басталды. Концерт барысында оркестрдің орындауында «Ата толғауы», «Әлқисса», «Аңсау», «Қабан жырау, «Көш керуен», «Махамбет» атты күйлері мен «Алатау, «Өз елім», «Сарыжайлау», «Әже туралы ән»,«Жүрегім менің», «Күндер-ай», «Аралдағы жеңеше», «Біздің ағай тамаша» т.б. жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған баға жетпес лирикалық әндері орындалды.Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған ән кешін сағына күткен көрермен композитордың әндерін әншілермен бірге орындап, концертке қатысқан өнер жұлдыздарына ыстық қошеметтері мен ықыластарын жаудырды.

Ш.Мұртазаның 85-жылдығына арналған «Заманның заңғар тұлғасы» атты жастар арасындағы жабық мүшайраның марапаттау рәсімі

2017 жылғы 12 қазанда жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында халық жазушысы Шерхан Мұратазаның 85 жылдығына арналған «Заманның заңғар тұлғасы» атты жастар арасындағы республикалық жабық мүшайраның марапаттау рәсімі өтті.

Ақпан айында жарияланған жыр бәйгесіне республиканың түкпір-түкпірінен 25 ақыннан 50 шығарма келіп түсті. Ақындар мүшайра талабына сай екі тақырыпта, Шерхан Мұртазаның шығармашылығына және Жамбыл облысына арнаған өлеңдерін тапсырды.

Жазушылар Одағының басқарма төрағасының бірінші орынбасары - Жанарбек Әшімжан; ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі - Қайырбек Асанов; Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы - Көсемәлі Сәттібай; «Жас алаш» газеті бас редакторының орынбасары - Оралхан Дәуіт; айтыскер ақын, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының меңгерушісі - Ахметжан Өзбеков қазылық еткен мүшайраның алдын ала отырысы өтіп, жеңімпаздар анықталған болатын.

Халық назарына «Руханият» орталығының фойесінде Шерхан Мұртазаның тағылымды ғұмырынан сыр шертетін фильм мен қойылым ұсынылды. Шара барысында басқарма басшысы Д.Бықыбаев сөз алып, Шерхан Мұртазаның ұлт руханияты үшін сіңірген еңбектері хақында әңгіме өрбітіп, жеңімпаз жас шайырларға шабыт тіледі.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық жыр мүшайрасының бас жүлдесін белгілі жас ақын, «Қараша хаттары», «Ағаштың бүрі» кітаптарының авторы Хамит Есаман иемденді. І орын дарынды ақын түркістандық Батырхан Сәрсенханға бұйырса, ІІ орынды облыстық «Ақ жол» газетінің мәдениет бөлімінің басшысы, рухты ақын Табиғат Абаилдаев қанжығасына байлады. Жүлделі ІІІ орынды нәзік те сыршыл ақын ару Ажар Ерболған еншіледі. Ал, байқаудың ынталандыру сыйлықтарына оралдық Шерхан Талап, Жамбыл облысынан Арайлы Жақсылық, Данияр Әлімқұл, Әлішер Сәрсенбіұлы ие болды. Мүшайра жүлдегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан қомақты қаржылай сыйлықтар тағайындалды.

Жүлдегерлер Шерхан Мұртазаның ұлағатты ғұмырына, қазақ руханиятына сіңірген еңбегіне арнаған жырларын оқып, шараға келген қонақтар ақындарға ризашылықтарын білдірді.

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі берілді.

Осыған орай Тараз қаласының зиялы қауым өкілдері және «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы – жастар саясатының әлеуеті» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылары кітапхананың «Дәуір данасы» атты тұсаукесеріне қатысты. Қаламыздағы Дінмұхамед Қонаев көшесінде орналасқан заңғар тұлғаның ескерткішіне гүл қою рəсімінен басталған шарада қазақтың белгілі ақын қызы Үміт г, Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Карентаев Амангелді сөз сөйледі.Нұрғиса Тілендиевтің Қонаевқа ән арнамақ болғандағы шығарылған «Өз елім» әні облыстық филормонияның әншісі Жанатбек Қадыров орындады.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облыстық Д.А.Қонаев атындағы қорының төрағасы Аманбай Əлсейіт ұлы тұлғаның 105 жылдығына арнайы шығарылған мерекелік медальын Дінмұхамед атамыздың өмірін, қызметін, жасаған ірі істерін дəріптеп, зерттеген белгілі облыс азаматтарына тақты. Жиналған көпшілікке Д.А.Қонаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Шын аты оның – тектілік пен тазалық» кітап көрмесі ұсынылды. Ұлы тұлға Д.А.Қонаевқа арналған бұл көрме «Altais Group» ЖШС бас директоры, кәсіпкер Жұмабаев Алимбектің кітапхана оқырмандарына тартуы болып табылады. Көрменің шолуын әдеттегідей кітапханашылар емес, жас ақын Дидар Апбасов жүргізді.

«Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы – жастар саясатының әлеуеті»
Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы – жастар саясатының әлеуеті» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Әр облыстардан келген кітапхана мамандары, орта мектеп кітапханашылары, аудан, ауыл балалар кітапханаларының меңгерушілерімен қатысып отырған бұл ғылыми-практикалық конференция кітапхана саласының мәртебесін көтеріп, жаңа үлгідегі жұмыс түрлерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Ғылыми-практикалық конференция «Тараз – қазақ әдебиетінің алтын бесігі», «Кітап баспалары балалар үшін...» тақырыптарындағы кітап көрмесінің презентациясымен басталды. Конференцияның ашылуында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Сембина Зубайда Жарқыновна, Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Каленова Нұргүл Қасымхановна т.б. қонақтар сөз сөйледі. Әрі қарай іс-шара пленарлық отырысқа жалғасты.

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі берілді. Осыған орай Тараз қаласының зиялы қауым өкілдері және «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы – жастар саясатының әлеуеті» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылары кітапхананың «Дәуір данасы» атты тұсаукесеріне қатысты. Іс-шара барысында қазақтың белгілі ақын қызы Үміт Битенова, Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Карентаев Амангелді сөз сөйледі. Нұрғиса Тілендиевтің Қонаевқа ән арнамақ болғандағы шығарылған «Өз елім» әні облыстық филормонияның әншісі Жанатбек Қадыров орындады. Жиналған көпшілікке Д.А.Қонаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Шын аты оның – тектілік пен тазалық» кітап көрмесі ұсынылды. Ұлы тұлға Д.А.Қонаевқа арналған бұл көрме «Altais Group» ЖШС бас директоры, кәсіпкер Жұмабаев Алимбектің кітапхана оқырмандарына тартуы. Көрменің шолуын әдеттегідей кітапханашылар емес, жас ақын Дидар Апбасов жүргізді.

Биыл дәстүрлі «Кітапхана түні» квест-шоуы «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы – жастар саясатының әлеуеті» Республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты кітап кеңістігін кеңейтіп, оқуды дәріптеу. Бос уақытты тиімді өткізудің жаңа түрлерін ұйымдастыру, оқырмандарды кітапханаға тарту. Биылғы «Кітапхана түнінің» айырмашылығы, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстаннан облыстарынан келген, мамандардың қатысуында. Кітапхана түні 3 бөлімнен тұрады 1. Айтыс, 2. Мақал-мәтел, 3. Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығы мастер класс. Сондай-ақ аудандық балалар кітапханалары қазақ үйлерін тігіп, этнауылда ұлтық құндылықтарымызды дәріптеді. Жамбыл облыстық орыс драма театрынан келген ертегі киіпкерлері қызықты көрністер көрсетіп балаларға жақсы көңіл күй силады.

Айтыста жасөспірімдер еркін айтыс түінде сөз жарыстырды. Арнайы тақырып қойылмаған бұл айтыстың түрі оқырмандардың өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Мақал-мәтелдер интелектуалдық ойынында қатысушылар қазақтың тәрбиелік мәні зор мақал-мәтелдерін айтып жарысқа түсті. Төрт кезеңнен тұратын бұл ойын оқырмандардың тіл байлығын дамытып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тереңінен түсінуге мүмкіндік берді. Іс-шаралардың барлығында оқырмандарға тапсырмалар мен сұрақтар қойылды, осы сұрақтарға дұрыс жауап берген оқырмандарға «ой теңгелер» берілді. Балалар оны буфеттегі тәттілерге айырбастап, қуанышқа кенелді. Іс-шараға қатысушылар бір уақытта өтіп жатқан іс-шаралардың әр біріне қатысып, оқырмандардың белсенділіктеріне таңырқады. Сондай-ақ өтіліп жатқан іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып жақсы лебіздерін білдірді.

Балаларға от-шашу ұйымдастырып, жақсы көңіл күй сыйлаған демеушілеріміз Ордабаева Гүлнар мен «125» білім беру орталығының директоры Есенов Әлібек Қамбарұлы сияқты азаматтар мен азаматшалар қатары өсе берсін деп тілейміз.

29.09.2017ж. Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы – жастар саясатының әлеуеті» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның секциялық жұмыстары жүргізілді. «Библиография саласындағы инновациялар» атты 1-секцияда Оңтүстік Қазақстан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Ахликулова Фая Фаридовна «Балалар кітапханасы когнитивтік ресурс ретінде» тақырыбындағы баяндамасын оқып, тәжірибесімен бөлісті.

«Кітапханадағы өлкетану жұмысы: жетістіктер, әдістер, идеялар» атты 2-секцияда білікті мамандар - Солтүстік Қазақстан облысынан әдіскер Исаева Айгүл, Қостанай облысынан - библиограф Сайрамбаева Жұмабике, Ақтөбе облысынан - кітапханашы Қайнақаева Азатгүл, Батыс Қазақстан облысынан -әдіскер Жаңабергенова Жанаргүл тәжірибелерімен бөлісті. Кітапханадағы өлкетану жұмысы – кітапхана саласындағы ең маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Сол себептен жастарға туған өлкесінің табиғатын, ата-бабаларымыздың асыл мұраларын, Отанын сүюге және ұлттың өнегесін қорғауға тәрбиелеу жұмыстары бұл секцияның негізгі мақсаты.

Ғылыми-практикалық конференцияның «Печа-Куча» форматындағы секцияның қатысушыларын ең белсенді десек артықтық емес. Өйткені мұндағы қамтылған: «Кітапхана – шығармашылық алаңы», «Идеялар иірімі», «Іздену! Табу! Енгізу!», «Кітапханалық ассорти» тақырыптары кандай да болмасын кітапханашына бейжәй қалдырмайды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, заманауи кітапхана саласын дамытуда не нәрселерді басты назарда ұстау керек, көпшілік іс-шаралардың ұйымдастырылуы, оқырмандармен өткізілетін жұмыстың жаңа түрлері үнемі іздеу үстінде болу керек деген шешімге тоқталды.

Конференцияның соңы қортынды пленарлық отырыспен аяқталды.

2017жылдың 29 қыркүйекте Жамбыл облысы, Байзақ аудандық мәдениет үйінде дәулескер домбырашы, композитор Нұрғиса Тілендиев атындағы «Кел, еркем, Алатауыңа!» V Республикалық әншілер және күйшілер конкурсы өтті. Шара басында «Шолпан» халықтық ән-би ансамблі өнер көрсетіп, өз аймақтарының намысын қорғай келген үміткерлер мен қазылар алқасы қызыл кілеммен жүріп өтті.

Меймандарға Н.Тілендиевтің шығармашылығынан кітап көрмесі ұсынылды. Байқаудың шымылдығын Байзақ ауданының әкімі Рахматілдә Рахманбердиев пен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Жарқынқызы құттықтау сөздерімен ашып берді.

Музыка әлемінің марғасқасының шығармашылығын кеңінен наисхаттап, қазақ ән әлемін жас буын өнерпаздармен толықтыру мақсатында өткізіліп отырған өнер сайысына Астана, Алматы қалаларынан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан барлығы 23 үміткер қатысты.

Байқауға Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Саят Медеуов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мұхтарбай Рахманқұлов, Казақстан Республикасының мәдениет қайраткері, күйші, сазгер Аман Малдыбаев әділ төрелік етті.

Сонымен, əділ қазылардың төрелігімен күй аталымы бойынша Астана қаласының үміткері Батырлан Əбенов I орын, Құдайбергенов Дарын II орынға ие болды. Ынталандыру сыйлығымен алматылық Нұрберген Қырғызбаев пен бірге Жамбыл облысының үміткері Рауан Жексенбі маратталды. Əн номинациясы бойынша ынталандыру сыйлықтарымен павлодарлық Жібек Айтбаева, Батыс Қазақстан облысынан Таңат Жексенбаев марапатталды. Жүлделі III орынға жамбылдық Дулат Жасұзақ, Оңтүстік Қазақстан облысынан Еркебұлан Құрасбек, Алматы облысынан Ағлақова Ұлжан ие болды. II орынның жүлдесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан Бек Нуриддин лайықты деп табылды. І орынға қызылордалық Аружан Қойшығара ие болды.

Үміткерлер екі кезеңде өнерлерін ортаға салып, халықтың зор қошеметіне ие болды. Байқауда күллі қазақ елінің болмысын, өр болмысын танытатын Нұрғиса атамыздың «Құстар қайтып келеді», «Сағындым ғой», «Сөнбейді, әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» сынды шоқтығы биік туындылары орындалды.

Ал, Нұрғиса Тілендиев атындағы байқаудың биылғы бас жүлдесін көрерменнің ыстық ықыласына ие болып, əділ қазыларды таңдай қақтырған Тараз қаласының əншісі Əсел Уашева жеңіп алды. Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

«Инновациялық жобалар – кітапхана тартымдылығының жаңа пішіні»
облыстық тәжірибелік семинар

Жыл сайын Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі облыстық тәжірибелік семинары ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Талас аудандық орталық кітапхана базасында «Инновациялық жобалар – кітапхана тартымдылығының жаңа пішіні» тақырыбында өтті. Семинардың мақсаты: кітапханашылардың жаңа кітапханалық және ақпараттық технологияларды игеру арқылы кітапхана қызметінде инновацияларды енгізу, кітапханалардың кәсіби қызметінің тиімділігін арттыру, дәстүрден тыс қызметтердің аясымен мамандардың кітапханалық-ақпараттық білімін кеңейту және осы тақырыптар аясында тәжірибе алмасты. Семинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының Ғылым, менеджмент және маркетинг қызметінің жетекшісі Назырова Саулеш Сапабекқызы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бастығының орынбасары Сембина Зубайра Жарқынқызы, облыстық, қалалық, аудандық кітапханалар директорлары, әдістемелік және қызмет көрсету бөлімдерінің меңгерушілері және балалар мен жасөспірімдерге қызметкөрсететін бөлім қызметкерлері қатысты.

«100 кітап» жобасы аясында «Бір кітапты бір мезгілде оқу»
(С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» раманы бойынша)

акция Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жер» жобасының, «Туған жер-Туған ел» базалық бағытының «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында , «100 кітап» жобасы қабылданған. Аталған жоба аясында «Бір кітапты бір мерзімде оқу» (С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы) акциясы өткізілді.

Акцияға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Үміт Қыранқызы Битенова, «Жастар ресурстық орталығының» мамандары, қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен ұстаздары,Тараз қаласының студент жастары қатысты.

Іс-шара барысында жиналған қауымға акцияның бағдарламасына сәйкес

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы жобалар мен іс-шаралар реестірінде бекітілген «100 кітап» жобасы туралы айтылды. Шараны Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Үміт Қыранқызы Битенова ашып, сөз сөйледі.

Акция, романға қысқаша түсініктеме жасаумен басталып, кітапхана қызметкелері кітапқа аннотация берді.

Іс-шараға қатысушы оқырмандар роман үзінділерін кезекпен-кезек дауыстап оқып, кітапхана қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Роман бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздарына сөз беріліп, өз ой-пікірлерін білдірді.

Акцияға байланысты баннер ілінді, «Рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі жасақталды, көрмеге Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар және ақынның шығармалары, «Қамар сұлу» романы қойылып, насихатталды.

Акцияның мақсаты әлеуеті биік, мәдениеті жоғары маман қалыптастыру; жастарды кітап оқуға тарту, оқырмандардың мәдени және рухани білімін көтеру; сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру; ұлттық және әлемдік әдебиеттерге деген қызығушылықты тудыру.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасыларын қоғамға бейімдеу, бедерлі нүктелі қаріптерді, Брайль әдебиеттерін оқуға насихаттау, отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындыру, патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында «Менің отбасым – салауатты өмірде» атты отбасылық сайыс өткізілді.

Сайысқа үш отбасы қатысты. Көз мүгедектері арасында өткізілген отбасылық сайыс ерекше қызығушылықта және үлкен тартыста өтті. Сайыс соңы I орынды Абдуәлі отбасы, ІІ орынды Сейсенбаевтар отбасы, ІІІ орынды Әбішовтер отбасының жеңісімен аяқталды.

Сайысқа қатысқан кітапханамыздың тұрақты «Отбасылық оқырмандары» өз өнерлері мен білімдерін ортаға салып, жан-жақты шеберліктерін көрсетті.

Қордай ауданы өнерпаздарының концерті өтті

2017 жылдың 6 қыркүйегі күні Тараз қаласындағы тарихи «Төрткүл» керуен сарайында Байзақ ауданы өнерпаздарының концерті өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Қордай аудандық мәдениет және тілдерді дамытуы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға халықаралық, республикалық би байқауларының жүлдегерлері халықтық «Аққу», «Махаббат» би ансамбльдері, «Ойжайлау» ұлт-аспаптар ансамблі, «Қордай» халық театры, халықтық «Соседушки» ансамблі қатысты. Концерт барысында ән салған «Насиқа» әжелер тобы, Құндыз Байболатова, Жаңыл Оңғарова сынды өнерпаздар көпшілік ықыласына бөленді.

30 - тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы
күніне орай өткізілген іс-шара

2017 жылдың 28 тамызында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі №2-шң Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында 30-тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай музей қорының археологиялық, этнографиялық жәдігерлерінен "Ата заң - ел тірегі" атты жылжымалы көрме жасақтады. Көрмені қырықтан астам қарттар тамшалады. Көрме бойынша қазақ және орыс тілдерінде экскурсия жүргізілді. Аталмыш мекеме қарттарына филармонияның концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Халықаралық «Анадолу күндері» мәдениет және өнер фестивалі

2017 жылдың 11-20 тамыз аралығында Анкара қаласында Етимисгут муниципалитеті мэриясының ұйымдастыруымен Халықаралық «Анадолу күндері» мәдениет және өнер фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты – түбі бір түркітілдес елдердің өзара ынтымақтастық, достық қарым-қатынасын нығайтып, бауырлас мемлекеттердің рухани мұрасын кеңінен насихаттау. Шығармашылық ұжымдарды бір алаңда тоғыстырып, әр халықтың ұлттық музыкасын және өнерпаздарын таныстыру. Осыған сәйкес, биыл 14-ші рет өткізіліп отырған халықаралық фестиваль барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында 14-ші тамыз күні Анкара қаласында «Қазақстан кеші» жүзеге асты. Фестиваль аясындағы Қазақстан кешіне Жамбыл облысы әкімдігінің қоолдауымен Т.Рысқұлов ауданының «Әдем-ау» бишілер ансамблімен Меркі ауданының «Меркі әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблі арнайы барып, қатысты.

Жамбылдық өнерпаздарды Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы қабылдап, екі ел арасындағы мәдени байланыстар мен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Түркиядағы халықаралық өнер мерекесіне өнерпаздарын жіберген облыс және аудан әкімдеріне ризашылық білдірді.

Сондай-ақ, делегация мүшелеріне шығармашылық табыс тілеп, Түркия Республикасында қазақ рұханиятын насихаттауға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.

Жамбылдық өнер делегациясын Етимисгут муниципалитетінің басшысы Энвер Демирел мырза қабылдап, айтулы шараның көздеген мақсатына тоқталды.

50 мың көрермен жиналған Түркия еліндегі дүбірлі фестивальге Қазақстан атынан қатысқан екі ұжым өз өнерлерін жоғары деңгейде тарту етті.

«Электрондық құжат айналым» Ережесі тақырыбында Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелерге семинар өткізілді

«Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі 2017 жылдың тамыз айының 17 жұлдызында «Электрондық құжат айналым» Ережесі тақырыбында Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты 25 мекемелерге семинар өткізді.

Семинардың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бөлім басшысы Д.Рахманов, 1-ші дәрежелі мұрағатшы С.М.Сапарбекова, мұрағатшы А.С.Барлықбаева Қазақстан Республикасының архив ісі және құжаттама бойынша нормативтік-құқықтық актілерге қысқаша шолу жасап өзгерістерімен таныстырды. Ұлттық архив қорына жалпы түсініктеме берді.

Болашақта барлық құжат айналымы электрондық форматта жүргізілуіне байланысты «Электрондық құжат айналымы» ережесі түсіндірілді. Құжаттама жасау, құжаттарды дайындау мен рәсімдеу, құжаттаманы басқару, құжаттарды тіркеу тәртібімен, құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптармен таныстырды. Істер номенклатурасын әзірлеуді, кіріс, шығыс құжаттардың, істер номенклатурасының, ведомтсволық архивтерге құжаттардың түсуі мен шығуын есепке алу кітабының үлгілерін слайдпен көрсетті.

Семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының архив ісі және құжаттама бойынша нормативтік-құқықтық актілердің тізімі таратылды.

Зағип оқырмандарды өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі спортшылармен, танымал азаматтардың рухани бағыттағы жетістіктерін мақтан тұтып, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 13 тамыз спорт күніне орай «Өмірге құштар жандар» атты кездесу кеші Рио - паралимпиадасының еркін стильде жүзуден чемпионы Зульфия Габидуллина мен тірек – қимыл аппараты зақымдалған және көру қаблеті төмен спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионат иегері Әбілхасымқызы Салатанаттың қатысумен өткізілді.

Кеш барысында келген қонақтар өз өмірлері мен жеткен жетістіктері, өздерінің мүмкіндігі шектеулігіне қарамастан спортың үлкен шыңына шығу оңай жолмен келмегеніндігі туралы қызықты әнгімелеп берді. Спортшылардың жеткен жетістіктері туралы бейнеролик пен слайд жүргізіліп отырды.

Кездесу көз мүгедектеріне жаңа бір серпіліс пен өмірге құштарлық сыйлады. Кездесу кеші қызықты пікірталаста, патриотты түрде өтті.

<Жері суы дуалы, талантқа бай Жуалы/h3>

2017 жылдың 11 тамызында Тараз қаласындағы Төрткүл керуен-сарайында жұлдызды Жуалы өңірінің таланттары өнер көрсетті. Аудан өнерпаздарының мерекелік кеші «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткізіліп отыр.

Бауыржандай даңқты батырды, Шерхан Мұртазадай дана жазушыны, Бақытжан Ертаевтай өр тұлғаны өмірге әкелген қасиетті топырақтың тараздықтарға берген сыйы мол болды. Керуен-сарайға кірген бетте Жуалы ауданы өнер мектебінің ұстаздары мен шәкірттерінің, аула клубы мүшелерінің қолөнер туындылары, майлы бояумен салынған суреттерінен аспан астындағы көрмесі ел назарына ұсынылды. Әзербайжан, шешен, славян ұлт өкілдерінің бұйымдары қонақтардың назарын аударып, келген көпшілік көз майын тауысып жасалған дүниелердің әдемілігіне тәнті болып жатты.

«Мәртебелі елім» атты концерт барысында облыс пен республикаға есімі белгілі Жаңабаевтар әулетінің кішкентай өнерпаздары, «Қызғалдақтар» ансамбілінің бишілері, Жасын тобы, Айбар Сәбит, Мадина Сванбаева, Нұрай Қайрат, Қайсар Асылбеков, Сәкен Бәйімбетов, Салтанат Мейіржанқызы Гүлнәр Қашкеева сынды өнер иелері қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Жуалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мұрындық болуымен өткен думанды кеш соңы жігіттер үштігінің «Ұлы дала» атты ғажап әнімен аяқталды.

АСТАНАДА «ЭКСПО-2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ОРАЙ ӨТКЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бес күн бойы астаналықтар мен елорда қонақтарына ежелгі Тараздың 2000 жылдан асатын тарихын таныстырып, Әулиеата жерінің тұмса табиғатын әнге арқау етіп, бас қаланың абыройын асқақтатып, Сарыарқаның сары даласына 1500 шақырым жерден керуен аттандырып жұртшылықты таң тамаша еткен Жамбыл облысының мәдениет күндері өз мәресіне жетті.

Бір жұма ішінде мамыр айында Тараздан Астанаға бет бұрған «Көне Тараздан – асқақ Астанаға тарту» этно-керуенінің елордаға жетуі, «Ханшатыр» ойын сауық орталығы маңындағы «Ғашықтар саябағында» Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйытқы болуымен өткен Жамбыл облысының аудан өнерпаздарының күн сайынғы мерекелік концерттері, «Қазанат» қалалық ипподромындағы Этноауылда өткізілген мәдени-көпшілік шаралар, аспан астындағы «Тараз-тарихтың діңгегі» атты көрмесі, ЭКСПО маңындағы Амфитеатрда қалың көпшілікті, елордаға келген туристерді өнерлерімен таң-тамаша еткен Қазақстанға белгілі мәдениет қайраткерлері мен облыс әншілерінің «Әуені әсем Әулиеата» атты гала концерті, облыстық ақындар айтысы, Жамбыл облыстық қазақ және орыс драма театрларының аншлаг жасаған қойылымдары, ұлттық спорт ойындарының өткізілуі, Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің көрме-жәрмеңкесі, қолданбалы қолөнер шеберлерінің көрмесі және бұдан өзге бірнеше атаулы шараның барлығы еліміздің әлем алдында абыройын асқақтатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Тараз жерінің үлкен тартуы болып саналады.

Осы аптаның ішінде Астана қаласының жұртшылығы Тараз жерінің тарихымен танысып, ұлттық сәлт-дәстүрімізбен сусындап, ән мен жырға бөленіп шат-шадыман күйге бөленді.

26-шілде мен 30 шілде аралығында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Жамбыл облысы күндері өз деңгейінде өтті. Бұл атаулы күндерге Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасына қарасты барлық мекемелер, аудандардың өнер ұжымдары, ЖОО өнерпаздары белсене атсалысты. Осы бес күн ішінде қазақ ұлтының барлық салт-дәстүрлері дәріптелді. Бұл мәдени көпшілік шаралардың басты ерекшеліктері — Ұлы Жібек жолы бойындағы керуен тоқтаған Тараз жерінен тарту ретінде «Көне Тараздан – асқақ Астанаға тарту» атауымен үлкен керуеннің елордаға келуі және «Ханшатыр» ойын-сауық орталығының алдындағы «Ғашықтар саябағына» тарихи Тараздың 300 ден аса көне археологиялық жәдігерлермен бірге әмбебап, жаңа технологиялы голлограммасы бар киіз үйдің астаналықтардың назарына ұсынылуы болды. Тағы айта кетерлік жәйт, осы орында көпшілік үшін күн сайын аудан өнерпаздарының концерті қойылды. Астаналықтардың мәз-мейрам, шаттыққа толы жүздерін көріп, «ЭКСПО-2017» көрмесіне сый ретіндегі Жамбыл облысының мәдениет күндері өз деңгейінде мәнді, мазмұнды болып өтті деген ойдамын — деді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет,құжаттама және архивтер басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев.

Мәдениет күндерінің ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев пен бірге Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов арнайы қатысып Тараздықтардың мерейін асырды. Мәдениет күндері барысында Тараздық Әсел Уашева, «Ақкербез» би ансамблі, Бахром Муминов, «Bryce» тобы сынды жас таланттардың жұлдызы жанғаны жасырын емес. Оны халықтың ерекше қошемет қолдауынан айқын аңғардық.

Астаналықтардың түрлі шаралар барысында бұл өнерпаздарға деген құрметі мен ықыласы ерекше болды. Осылайша жоғары дәрежеде өткен Жамбыл облысының мәдениет күндері «Ханшатыр» ойын сауық орталығы маңындағы «Ғашықтар» саябағында облыс өнерпаздары мен эстрада жұлдыздарының «Таразым – тарих ақ таңы, Астанам – елдің мақтаны!» атты гала концертімен аяқталды. Қорытынды шараға елімізге танымал және Әулиеата өңірінің мақтаныштары Сәуле Желдібаева, Құрмаш Маханов, Индира Расылхан, Оңал Азаматова, Мадина Сағымбекова, Маралбек Бабақұлов, Жанна Асанқұлова сынды әншілер мен өнерпаздар қатысты.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Астана қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасының тікелей ұйымдастыруымен өткен Жамбыл облысы күндері талайға дейін бұқараның есінен кетпесі мәлім. Жамбылдықтар осылайша Астанаға арнайы ат арылтып келіп, дүбірлі әрі маңызды күндерді керемет деңгейде өткізіп, өз діттеген мақсаттарына жетті.

Астанада "Бір өлең, бір əуен" əн-жыр кеші өтті

Бүгін Астана қаласындағы "Ханшатыр" ойын-сауық орталығы маңындағы Ғашықтар саябағында "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне орай Жамбыл облысы күндері аясында "Бір өлең, бір əуен" əн-жыр кеші өтті.

"Хұснихат" əдебиетті қолдау қоры мен Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасы облыстық халық шығармашылық орталығы ұйымдастырған əдеби-сазды кеш былтырғы жылдан бері Тараз қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласындағы "Қазақстандағы жүз жаңа есім" жобасында көрсетілгендей, Жамбыл өңірінің басшысы да елге белгілі талантты жастарды қолдап отырады. Осы ізгі мақсатпен дарынды жас ақындар іріктеліп, олардың өлеңдеріне жазылған əндер Астана төрінде əуеледі. Əдеби-сазды кешті Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, қазақтың дара ақыны Маралтай Райымбекұлы ашып, бас қалаға арнауын оқыды. Шараға Жамбыл облысы əкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов және Мəдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенəлі Бықыбаев, Облыстық халық шығармашылық орталығының басшысы Ғани Садырба арнайы қатысып, ақындар мен əншілердің өнерін астаналықтар мен бірге тамашалады. Концерт барысында жамбылдық Хамит Есаман, Олжас Сəндібек, Жұлдыз Бейсекова, Олжас Отар, Назерке Оңғар, Наурызбек Саршаев, Асхат Абзалбек, Раушан Жөкеева, Самал Тоқпанов, Нұржан Əлішев, Əсел Назаралы сынды қаламгерлер өз туындыларын оқып, белгілі əнші ҚР мəдениет қайраткері Ғани Мəтебаев, Жұлдыз Дүйсенбиева, Бақытқали Қонысбаевпен қатар бірнеше талант иелері əннен шашу шашты. Концерттің қызғана шағында белгілі əнші ҚР мəдениет қайраткері Маралбек Бабақұлов дүйім қазақтың маңдайына біткен ғажап ақын, Тараз топрығаның тарпаң ақыны Серік Томановтың күллі алаш даласына əуелей жеткен "Аузынан айдың түскен қыз əнін орындап, көрермендердің жүрек қылын тербеді. Əдеби-сазды əн кешінің соңғы нүктесін ерекше дауыс иесі, əнші Əсел Уашева, Жанна Асанқұлова, Мейіржан Самылтыров ақын Самат Тоқпановтың сөзіне жазылған əнмен қорытындылады. "Хұснихат" əдебиетті қолдау қорының басшысы, халықаралық "Алаш" əдеби сыйлығының лауреаты, аталған жобаның авторы Ғалым Қалибекұлы сахна төріне шығып, жыр оқып, Тараз жерінде басталған бұл жоба Тараздықтардың астаналықтарға тартуы екенін атап өтті.

Ертең дəл осы жерде "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласындағы Жамбыл облысының мəдениет күндері "Таразым - тарих ақ таңы, Астанам-елдің мақтаны!" атты гала-концертімен өз мəресіне жетпек.

Астана қаласында "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Жамбыл облысы күндерінің мəдени шаралар жалғасын тауып жатыр. Соның бірі бүгін "Хан шатыр" ойын сауық орталығы маңындағы Ғашықтар саябағында өткен "Əулиеатадан əн шашу" мерекелік думанды кеші. Тараз топырағының қадір-қасиеті мен ғажап өнерін астаналықтар мен қала қонақтарына таныстыру мақсатында өткен шараға Жамбыл облысына белгілі өнер иелері қатысты. Мерекелік думанды тамашалаған халық өнерпаздарға шабыт беріп, қошемет көрсетті.

Жамбыл облысы күндері аясында өткізілетін мəдени - іс шаралар ертең, яғни 28-шілде сағат 11:00-де дәл осы орында "Қыз Жібек" саунд-трегімен басталып, "Қазанат" ипподромындағы этноауылда күні бойы Жамбыл облысы қолданбалы қолөнер шеберлерінің көрмесімен, "Көне Тараздан тағзым" хореогрофиялық композициясымен, "Жамбылым қандай тамаша"атты шығармашылық концертімен, ақындар айтысымен және бірқатар маңызды мəдени көпшілік шаралармен жалғасады. Ежелгі Тараздың тарихы мен мәдениетіне сусындағыңыз келсе алдағы үш күндегі Жамбыл облысының өнерпаздары ұсынатын тамаша шаралардан қапы қалмаңыздар!

Жамбыл облысы күндері аясындағы мәдени шаралар "Қазанат" ипподромындағы Этноауылда жалғасын тапты

Бүгін, яғни, 2017 жылдың 28-шілде күні Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай, Жамбыл облысы күндері аясында «Қазанат» қалалық ипподромы аумағындағы Этноауылда бірқатар мәдени-көпшілік шаралар болып өтті.

Астаналықтар мен қала қонақтары үшін арнайы Жамбыл облысы қолданбалы қолөнер шеберлері көрме ұйымдастырып, өз бұйымдарын халық назарына ұсынды. Шара барысында этноауылға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев бас сұғып қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен, ағаш ұсталарының ыдыстарымен, былғары шеберлерінің жасаған ат әбзелдерімен танысты. Ары қарай мәдени шара «Этно Мюзик Холл» концерт залында Жамбыл облыстық филармониясы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің «Күй керуені» атты концерттік бағдарламасымен жалғасты. Мерекелік концерт бағдарлама бойынша Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйытқы болуымен «Жамбылым қандай тамаша!» атты шығармашылық концертке ұласты. Екі бөлімнен тұратын концерттің шымылдығын «Әдемі-ау» халықтық би ансамблі бастаса, Жуалы ауданының этно тобы бірнеше халық әнімен күй орындап жиналған қауымды бір серпілтті. Кенен Әзірбаевтың өнерін дәріптеуші белгілі дәстүрлі әнші Қарлығаш Қожағазина құлақ құрышын қандырар «Бұлбұлға», «Туған жер» сынды әндерін елге арнады.

Концерттің жоғары деңгейде өтуіне бұдан басқа «Самға» тобы, дәстүрлі әнші Айгүл Мақашева, Жаңыл Оңғарова, Динара Диханбаева, «Әдемі-ай» дуэті, Күлімкөз Прімқұлова сынды Жамбыл облысымен қатар республикаға белгілі талантты өнер иелері атсалысты. Мәдени шаралар легі Жамбыл облысына белгілі Айтмұхамед Исақов, Нұрлыбек Құрманов, Мейіржан Жекебаев, Әсет Дүйсебаев, Дидар Апбасов, Дархан Әбдіманап сынды азулы ақындардың айтысымен тәмәмдалды.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне арнайы тұрғызылған «Қазанат» ипподромындағы ұлттық – мәдени этноауылда өткізілетін мәдени-көпшілік шаралар мұнымен аяқталмайды. 29-30 шілде күндері осы жерде көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, қазақ күресі, асық ату, бес тас, алаңдағы тоғызқұмалақ ұлттық ойындарынан көрсетілім, құсбегілер мен тазы иттер көрмесі өткізіледі.

Бүгін 2017 жылдың 27-ші шілде күні ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Жамбыл облысының күндеріне арналған іс-шаралар барысында "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы алдындағы " Ғашықтар" саябағында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шыгармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл, Байзақ, Т.Рысқұлов аудандарының концерті өтті. Мерекелік іс-шараға аталған аудандардан "Шахан" халық театры "Айша бибі" көрінісін сахналаса, "Әдемі-ау" халықтық би ансамблі билерін орындады, "Әдемі-ай" дуэті әсем әндерін орындап жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Жамбыл ауданының өнерпаздары "Тоқымқағар" салт-дәстүрін қойды. Думанды шара Өнербек Нурбаев пен Алмахан Исабаевтың "Көк тудың желбірегені" әнімен аяқталды.

«Еңбек қауіпсіздігі туралы талаптар және жер сілкінісі кезіндегі іс-шаралар»

Бүгін 2017 жылдың 25 шілде айында Тараз қаласының мемлекеттік архивінде мекеме қызметкерлері арасында «Еңбек қауіпсіздігі туралы талаптар және жер сілкінісі кезіндегі іс-шаралар» тақырыбында нұсқама әңгіме жиыны болып өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы №165 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік архив мекемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жалпы талаптар мен нұсқамалар жөнінде түсініктемелер айтылды. Мекеме қызметкерлеріне Азаматтық қорғау туралы ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V ҚРЗ-нан қысқаша мағлұматтар берілді. Әңгіме барысында жер сілкінісі кезіндегі сақтық шаралар туралы бірнеше слайдтар көрсетілді.

Тараз қаласының мемлекеттік архивінде 2017 жылдың 26 шілде айында мекеме қызметкерлері арасында «Ислам-Діни экстремизм мен терроризмге қарсы» тақырыбында ұжымдық талқылау жиыны болып өтті.

Тараз қаласының мемлекеттік архиві директорының міндетін атқарушы А.С.Рахимбаева діни экстремизм және терроризммен күресу және оның алдын алу шараларын күшейту керектігін атап көрсетті. Жиналыста тақырыпқа сай қысқаша видеоролик пен слайд көрсетілді.

Тақырыпқа байланысты баяндама оқылып, қызметкерлер арасында атаулы мәселелер талқыланды.

2017 жылдың 25 шілдесінде Жамбыл облыстық соты ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалысында қойылған тапсырмаларды орындау үшін әрі мәдени-танымдық жұмыстар мен әуесқой шығармашылық саладағы жан-жақты ынтымақтастықты құру мақсатында, Жамбыл облыстық сотының атынан облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаев, "Қазақстан Республикасының Судьялар одағы" жəне облыстық филиалының төрағасы Т.Сұлтанова, Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы міндетін атқарушы С.Мəдиева ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды.

Аталған іс-шарада Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан "Тараз-ғасырлар куəсі атты" жылжымалы көрме жасақталып, 200-ге жуық археологиялық, этнографиялық жəдігерлер мен зергерлік бұйымдар жəне Тараз суретшілерінің туындылары орын алды.

Іс-шараның салтанатты ашылу барысында Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абидов Нұрмухаммат Махаматұлы облыстық музей көрмесіне жоғары баға берді.

Сонымен қатар қонақтар мен музей қызметкерлері "Қазақстан-Тараз" жəне "77-ТV" телеарналарына сұхбат берді.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Астана қаласында Жамбылы облысы күндері басталды

Бүгін Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында қала қонақтары мен елорда тұрғындарына тарихи Тараз қаласының мәдениетін таныстыру, астаналықтарды қазақ даласындағы Ұлы Жібек жолы бойындағы ең ежелгі шаһардың рухани өмірімен сусындату мақсатында Жамбыл облысы күндері басталды. Атаулы шараның шымылдығы 2017 жылдың 20 мамырында Тараз қаласынан «ЭКСПО-2017» көрмесіне сый ретінде аттанған «Көне Тараздан – асқақ Астанаға тарту» этно-мәдени керуенін «Ханшатыр» ойын сауық орталығы маңындағы «Ғашықтар саябағында» орналасқан ашық аспан астындағы «Көне Тараз әлемі» тарихи-мәдени экспозициялық кешенінде күтіп алу рәсімімен ашылды. Шараға Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов бастаған арнайы делегация және зиялы қауым өкілдері қатысты. Шара барысында қолөнер шеберлерінің өнерінен сыр шертетін «Шеберлер ауылы», ұлттық орталықтардын «Достық» ауылы, ақ жаулықты әжелердің ән тартуы, «Қарахан мен Айша бибі» көрінісі, «Наз» би ансамбілі, Тараз қаласы, Жуалы ауданы, Қазақстан халқы ассамблеясы және Жамбыл облысының жоғарғы оқу орындарының концерттік бағдарламалары мен салт-дәстүр көріністері ұйымдастырылды.

Осы жерде облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тараз – тарихтың алтын діңгегі» атты көшпелі көрмесі қойылып, күні бойы тарихы ғасырлар қойнауынан бастау алатын қаламыз туралы музей қызметкерлерінің таныстырылымы да қатар жүрді. Көрмеде облыстың және 2000 жылдан аса бай, мазмұнды тарихы бар қаланың сақ кезеңінен Қазақ хандығының қалыптасу кезеңіне дейінгі тарихы қамтылған. Көрмеге 300-ден астам жәдігерлер қойылып қала халқының назарына ұсынылды. Бүгінгі мәдени-көпшілік шаралар кешкі сағат 20:00-де Жамбыл облысының Талас, Сарысу аудандарының концерттік бағдарламасымен, сағат 21:30 да "Əуені əсем Əулиеата" атты мерекелік концертімен жалғасады.

«Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі»
атты дөңгелек үстел

Іс-шараны Талас аудандық соттың судьясы Байтасова Маржан Каленовна ашып, жүргізді. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге аудан әкімдігінің мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы А.Майкенова, аудандық «Талас тынысы» газетінің тілшісі Мадина Жарас және музей қызметкерлері қатысты.

«Дөңгелек үстел» жұмысын аша келе, М.Каленовна, Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында қазақстандықтардың ХХІ ғасырдағы ұлттық санасын дамытудың нақты жолдарын ұсынғанын және рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтау қажеттігін атап көрсетті. «Расында, қазіргі жаһандану дәуірінде біз жат идеологиялардың ықпалына өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды насихаттау арқылы төтеп бере аламыз. Сондықтан да қазақ халқының бай тарихи мұрасын сақтай отырып, біз қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімін барынша дамытуға тиіспіз», - деді.

Шара барысында сөз алған А.Майкенова Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына өз қөзқарасын байыпты түрде жеткізді.

Баяндамашылар халқымыздың мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтары арқылы жас ұрпақтың санасын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Осы ретте олар Мемлекет басшысы айқындаған прагматизм, бәсекелік қабілет, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму, сананың ашықтығы секілді қоғамдық сананы жаңғыртудың іргелі бағыттары бойынша ауданда кешенді іс-шаралар жүргізіліп отырғандығын алға тартты.

Жиын соңы пікіралысу мен мақалада айтылған әрбір жоғарғы мәнді идеяларға жан-жақты қолдау көрсетіп, көкейлерінен шыққандығын жеткізді.

«МӨР – ТАРИХ ТАҢБАСЫ»

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 12-шілдесінде облыстық көрме залында «Мөр - тарих таңбасы» атты архив құжаттарының көрмесі мен дөңгелек үстел басында әңгіме өтті. Көрмеге мөрдің шығу тарихы және қалыптасуы туралы материалдың мәтіні және Әулиеата өңірінің тарихынан сыр шертетін ауқымы бір ғасырды қамтитын құжаттарға басылған мөр үлгілері қойылды. Оның айналасына қазақ хандарының мөрлерінің көшірмелері айшықталды. Әр мөрдің сипаттамасы беріліп, негізі – құжаттың «мекен-жайы» көрсетілген. Көрме материалдарын жинақтау үшін архив қызметкерлері екі жылдай уақытын жұмсап, әр мөрге зерттеу, зерделеу және өңдеу жұмыстарын жүргізді. Көрмені тамашалауға мәдениет және архив саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды.

Дөңгелек үстел басындағы әңгімені Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева ашып, жүргізіп отырды.

Сара Қабылбекқызы өз сөзінде: «Бүгін облыстық мемлекеттік архивтің өткізіп отырған іс-шарасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі мен Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласына орайластырылып өткізіліп отырғандығын айтқым келеді.

Мөр мемлекеттік ғана емес, жекелеген адамдардың тарихы. Сіздер өздеріңіз жаңа ғана тамашалаған мөрлер архив құжаттарындағы мың түрлі таңбаның бір бөлшегі ғана. Бұл көрмені өткізудің техникалық жағынан қиыншылықтары болғанын жасырғым келмейді. Құжаттардағы мөрлерді өңдеп, көрерменнің назарларына ұсыну үшін арнайы жабдықтар мен мамандар қажет. Бір қуаныштысы – бұл міндетті облыстық архивтің Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімінің қызметкерлері шама-шарқынша орындады», - деді.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел басындағы әңгімеге арнайы шақырылған қонақтар Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Жамбыл облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Мәдениет қайраткері, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Тәкен Молдақынов, ардагер журналист, өлкетанушы Мәскеу Нокрабеков, тарих ғылымының магистрі, облыстық кино орталығының директоры Нұрхат Серікбаев көрме жайлы өз пікірлерімен бөлісіп, жаңаша ақпараттар берді. Облыстық өлкетану музейінің директоры Гүлнұр Ембердиева мөрлердің тарихымен ендігі кезекте музей қызметкерлері де тереңірек зерттеу, іздеу жұмыстарын жасайтындығына сендірді.

Облыстық архив ардагері, Қазақстанның Құрметті журналисті, идея авторы Мақұлбек Рысдәулет: «Мөр көрмесін өткізу өте сирек кездеседі. Бүгінгі таңда мөрдің тарихы мен тағылымы туралы сфрагистика деп аталатын ғылым айналысатындығын айта кеткім келеді. Бұл салада біздің елімізде де нақты жұмыстар көп атқарылған емес. Соған қарамастан осы саланың дамуына кішкентай да болса үлес қосу үшін архив қызметкерлері екі-үш жылдан бері талмай, қажымай еңбек етті», - деп көрме мөрлері туралы баяндады. Облыстық архив қызметкерлері Н.Қожамарова мен С.Зейнуллаұлы мөрлерді жеке-жеке таныстырып, әңгімеледі.

«Ұлы дала сазы» дәстүрлі өнер концерті өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында, 10 маусым – 10 қыркүйек аралағында өтетін іс шаралардың жоспарына сәйкес 2017 жылдың 12-ші шілде күні «Ұлы дала сазы» атты дәстүрлі өнер концерті өтті.

Дәстүрлі ән өнерін дәріптейтін шара Тараз қаласындағы «Төрткүл» керуен сарайында түңғыш рет өткізіліп отыр.

Іс-шараны құттықтау сөзімен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары З.Ж.Сембина ашты.

Концерт Байзақ ауданының «Шолпан» ән-би ансамбілінің орындауындағы «Бақтыбайдың күйі» туындысымен ашылды. Сондай-ақ, шараға Кенен атамыздың өнерін насихаттаушы әнші, облыс мақтанышы Қарлығаш Қожағазина, термеші Айгүл Мақашева, Нұрлан Әмірбеков, күйшілер – Дидар Басықараев, Әбдікерімов Қаршыға, тағы да басқа өнерпаздар қатысып, қаламыздың бірқатар зиялы қауым өкілдері қонақ болды.

Дәстүрлі ән өнерінің әлеміне еніп, қазақ музыкасының зор мұрасына сусындаған халық, концерт соңында қошеметтерін аямай, өнер иелеріне алғыстарын айтты. Белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Әлібек Әмзеұлы концерттің мән-маңызы жайлы ойын айтып, келген көрермендер мен шараның ұйымдастырушыларына ыстық лебізін білдірді.

«Көне Тараздан – асқақ Астанаға» керуен Қарағанды қаласында

2017 жылдың 15-ші шілде күні "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне аттанған "Көне Тараздан - асқақ Астана" этнографиялық керуені Қарағанды қаласына жетті.

Жамбыл облысы əкімдігінің Мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасы, Тараз қаласы жəне Сарысу, Жуалы аудандарының əкімдігі бірігіп өткізген шараға Жамбыл облысы əкімінің орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы , Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ирина Любарская, Жамбыл облысы əкімдігінің Мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенəлі Дыбысалыұлы, Облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Ғани Садырбаев, сонымен қатар, Қарағанды облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Мүлікұлы Ағымбаев қатысты.

Керуенді Қарағанды қаласының бас қақпасында қарсы алу барысында Еркебұлан Мүлікұлы сөз алып, көшке ақ жол тіледі. Қарағанды қаласының орталық Бұқар жырау көшесінен жүріп өтіп, орталық саябаққа жеткен керуенді Жамбыл облыстық қазақ драма театры тарихи қойылыммен күтіп алды.

Одан әрі Жамбыл облыстық филормониясы керуеннің Арқа жеріне ат басын бұру құрметіне жергілікті халыққа концерттік бағдарлама ұсынды.

Шара барысында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының актері Кеңес Жұмабеков керуенге сәт сапар тілеп, ақ батасын берді.

Керуен соңғы бекет бас қаланы бағытқа алып тарихи Тараздың аманатын елордалықтарға жеткізбекке жолға шықты.

«Отанды сүймек иманнан» атты облыстық жыр бәйгесінің
МӘЛІМЕТІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын халыққа насихаттау, дәстүрлі дінімізді, қасиетті ораза айын өлеңмен ұлықтап, ел бірлігін жырға қосу мақсатында 2017 жылдың мамыр – маусым айлары аралығында Жамбыл атындағы «Руханият» орталығы мен орталық «Һибатулла Тарази» мешіті бірлесіп, «Отанды сүймек иманнан» атты облыстық жыр бәйгесін жариялаған болатын.

Бәйгеге барлығы 25 шығарма келіп түсті.

Ағымдағы жылдың 28 маусым күні орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің мәжіліс залында жыр бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Қазылар алқасының ұйғарымымен бас жүлде ақын Хамит Есаманға (Тараз қаласы), І орын ақын Үміт Битеноваға (Талас ауданы), ІІ орын ақын Серік Қалиевке (Жамбыл ауданы) берілсе, ІІІ орынды екі ақын Есет Досалы мен Ералы Әблезовтер (Тараз қаласы) бөлісті. Ынталандыру сыйлықтары Нұрболат Сатымқұл (Тараз қаласы), Алтай Сағындықов (Байзақ ауданы), Баймахан Ахмет (Тараз қаласы) сынды 3 ақынға берілді. Сондай-ақ, қатысқан барлық ақындарға алғыс хаттар тапсырылды.

2017 жылдың 15 маусым айында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қордай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жоспарға сәйкес «Қордай ауданы архивіне 30 жыл толуына орай «Қордай тарихы - архив құжаттарында» атты семинар және көрме өткізілді.

Семинарға аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, қоғам қайраткері Қ.Уәли, аудан әкімінің орынбасары Б.Жаманкөзев және Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары С.Мадиева қатысты.

Қатысушылар архив құжаттары негізінде жасалған Қордай ауданының тарихы туралы мәліметтермен танысты, Қазақтың халық ақыны, жыршы, термеші, жырауы, Ұлы Жамбылдың шәкірті Кенен Әзірбаевтың фото құжаттармен, деректі фильммен үзінді көріп жақсы әсер алды.

Архив құжаттары негізінде «Қордай тарихы - архив құжаттарында» атты кітапша шығарылды.

2017 жылдың 13 маусым күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тараз қаласы мемлекеттік архиві» КММ-де Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының толықтыру көздері болып табылатын 19(он тоғыз) мекемелеріне құжаттама, құжаттаманы басқару, жаңадан келіп түскен нормативтік құжаттарды жұмыс барысында пайдалану бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау, кәсіби білім беру және бұқаралық ақпарат құралдары салалары бойынша т.б. мекемелерге семинар сабағы өткізілді.

6 маусымда Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұымдастыруымен «Мәңгілік алау» аллеясында «Әдебиетті өлке» атты /ашық аспан астында/ әдеби-саяхат өткізілді. Іс-шараның мақсаты өлкеміздің тарихын, өлкеміздегі ақын – жазушыларымыздың рухани асыл мұраларын насихаттап жас ұрпақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. арнайы кітапханаға оқырмандар тартуда кітапхананы білетіндерге «көңілді смайлик», білмейтіндерге «таң қалған смайлик» (мекен-жайымыз жазылған) таратылды. Шара барысында Тараз техникалық колледжінің білімгергері, №10 орта мектебінің, №21 орта мектебінің оқушылары қатысып, өлкеміздегі ақын – жазушыларымыздың жырларын мәнерлеп оқыды. Тараз қаласының тарихы атауы қайтарылғанына 20 жыл толуына орай орта ғасырдағы Тараз туралы деректерді оқырмандарға жеткізу мақсатында «Тараз-ғасырлар куәсі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға шолу жасалынды. Әдеби - саяхатқа көрермендер көп жиналып өте қызықты да, көңілді өтті. Кітапханаға жаңа 15 оқырман тартылды.

2017 жылдың 8 маусым күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тараз қаласы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының толықтыру көздері болып табылатын 30 (отыз) мекемелеріне құжаттама, құжаттаманы басқару, жаңадан келіп түскен нормативтік құжаттарды жұмыс барысында пайдалану бойынша семинар сабағын өткізілді.

7 маусымда дәстүрлі «Біз кітапханаға барамыз» атты қысқа мерзімді сағ: 11.00 – 15.30 аралығында жаздық лагері арнаулы кітапханада зағип оқырмандардың тілегі бойынша 7 маусым мен 9 маусым аралығында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – арнайы кітапхананың зағип оқырмандарының көп балалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету, білім алуға, оқуға деген ынтасын арттыру, кітапханаға тарту. 7 маусым күні балаларға арналған «Біз кітапханаға барамыз» атты қысқа мерзімді жаздық лагердің ашылу салтанаты «Біз бақытты баламыз» атты ертеңгілікпен басталды. Бұл күн –балалардың шулы да көңілді мерекесі ғана емес, сондай-ақ балалардың құқығын есіне салатын, иманды да әділетті, қоғамның қалыптасуына жағдай туғызатын мереке болды. Олай дейтін себебіміз, балалардың қызығушылығын арттыра түсетін «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанына орай «Бақытты балалық шақ» тақырыбында қағазға сурет салу байқауы ұйымдастырылды. 8 маусымда лагерьдің екінші күнінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанына орай балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен оларды еңбектің ең нашар түрлеріне тартуға жол бермеу, балаларға көмек көрсету түрлері туралы ақпараттылық деңгейін арттыру , балалардың өз мүдделерін қорғауды үйрету мақсатында «Бала еңбегін қорғау» - атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс –шарада «Біз зорлық – зомбылыққа қарсымыз» - тақырыбында слайд көрсетілді». 9 маусымда лагердің үшінші күнінде мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың балаларына арналған жаздық лагерінің жабылу салтанатында «Бала еңбегіне қарсымыз» - атты ән кеші өткізілді. Ән кешінен соң балаларға қазақ драма театрына «Күл патша» - атты қойылымды көру ұйымдастырылды. Театрдан келген соң «Көп оқыған, көп біледі» атты мақал-мәтел, жаңылтпаш айтып жарысып, соңы ұлттық «Бестас», «Ханаталапай» ойындарын ойнады. Жаздық лагерьде белсенділік танытқан балаларға алғыс хат пен сыйлықтар берілді. Бұл шараға қатысқан балалардың ата-аналары өте риза болып кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын айтты

«Көне Тараздан – асқақ Астанаға» этнографиялық керуен Меркі ауданында

2017 жылдың 8 маусым күні «Көне Тараздан – асқақ Астанаға» этнографиялық керуенді Меркі ауданының Т.Рысқұлов ауылдық округі «Атшабар» алаңының аумағында Меркі ауданның әкімшілігі мен этно-мәдени орталықтар қарсы алды. Ауылдың тұрмыс-тіршілігі, қонақ жайлылығы мен салт-дәстүрі, мәдениеті, әдеп-ғұрпы көрсетілді.

Осыған орай, іс-шара барысында толығымен жабдықталған қазақ үйлер, өнерпаздарға арналған сахна, алтыбақан және ұлттық қыз келіншектер самаурын қайнатып, бие сауып, күбі пісіп ауылдың тұрмыс тіршілігін бейнеледі. Керуенді тамашалап келген ауыл тұрғындары, керуенді ауыл сыртына дейін шығарып салып, керуен өз бағытымен Шу ауданына жол тартты.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 2 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл толуына орай мемлекеттік рәміздердің - халқымыздың рухын, ұлттық нышандарын көрсететін ерекше қастерлі белгілерін, оны құрметпен мақтан тұту, ой өрісін кеңейту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Жарқырап елтаңба, жайқалсын туымыз» атты әдеби – жыр кеші өткізілді. Шара барысында Мемлекеттік әнұран орындаладып, ҚР-ның мемлекеттік рәміздерінің шығу тегі мен авторлары туралы қысқаша түсініктеме беріліп, Ақбаев Н. «Елім менің», «Көк тудың желбірегені» әндерін орындап, кітапхана қызметкерлері ұлттық рәміздер туралы өлеңдер оқылып, «Рәміздерім - мақтанышым» атты бейнеролик айналып тұрды. Кеш соңын «Туған жер» атты (слайд) көрсетіліп, «Атамекен» әнімен аяқталды. Кеш патриоттық сезімде өтті.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ХАЛЫҚ РУХЫ

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері бүгінгі жұмыс күнін республикамыздың Мемлекеттік Гимнін айтудан бастады. Одан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиеваның төрағалығымен 4 маусым Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл толуы қарсаңында облыстық архивте салтанатты дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Дөңгелек үстелде Сара Қабылбекқызы Мемлекеттік Рәміздеріміздің сипаттамаларына тарихына тоқтала отырып, оның қасиеті мен киесі туралы әңгімеледі. Әрбір Қазақстандық азамат мемлекетіміздің рәміздерінің сипаттарын ғана біліп қоймай оны құрметтеу аса маңызды екеніне тоқталды.

Дөңгелек үстелге арнайы «Мемлекеттік рәміздер – халық рухы» атты көрме ұйымдастырылып, қызметкерлерге түсіндірілді. Дөңгелек үстелде Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Қалдыкүл Башенова, облыстық архивтің ардагері Мақұлбек Қайыпбекұлы Рысдәулет, архив қызметкерлері Назым Қожамарова мен Балайым Көпсекбаева сөз сөйледі. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Гимнін орындаумен аяқталды.

Мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы Мырзатай Жолдасбековтың 80 жылдығына орай 2 маусымда облыстық қазақ драма театрында «Атанғаным Мырзатай – ел арқасы» атты шығармашылық кеші өтті. Кешке М.Жолдасбеков, И.Жақанов, облыс әкімі К.Көкрекбаев, облыстың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесі, қала жұртшылығы т.б. қатысты. Аталған шарада Д.Таңатаров, Н.Өнербаев, А.Балажанова, Г.Бөкейханқызы, Г.Сарина өнер көрсетті.

Сонымен қатар, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында М.Жолдасбековпен зиялы қауым өкілдерінің кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш барысында М.Жолдасбеков «Руханият» орталығына өзінің 6 кітабын сыйлап, тілек кітабына И.Жақанов екеуі тілектерін жазды. Ақын Ғ.Әлімбекова мен жас ақын А.Жақсылық М.Жолдасбековқа арнаған өлеңдерін оқыды.

МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ - 80 ЖАСТА

2017 жылдың 27-мамырында жерлесіміз, белгілі ғалым, Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков 80 жасқа толды. Бұл мерейлі күнді атап өту мақсатында республика және Жамбыл облысы көлемінде түрлі іс-шаралар өткізілуде. Осыған орай Жамбыл мемлекеттік архивінің көрме залына «Мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог, ғалым Мырзатай Жолдасбеков - 80 жаста» атты құжаттар көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда М.Жолдасбековтің өмір тарихынан сыр шертетін суреттер, құжаттары, ғалым туралы айтылған ой-пікірлер және Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде сақтаулы тұрған жеке тектік қорының тізімдемелерінің көшірмелері қойылған.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 2 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл толуына орай мемлекеттік рәміздердің - халқымыздың рухын, ұлттық нышандарын көрсететін ерекше қастерлі белгілерін, оны құрметпен мақтан тұту, ой өрісін кеңейту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Жарқырап елтаңба, жайқалсын туымыз» атты әдеби – жыр кеші өткізілді.

Шара барысында Мемлекеттік әнұран орындаладып, ҚР-ның мемлекеттік рәміздерінің шығу тегі мен авторлары туралы қысқаша түсініктеме беріліп, Ақбаев Н. «Елім менің», «Көк тудың желбірегені» әндерін орындап, кітапхана қызметкерлері ұлттық рәміздер туралы өлеңдер оқылып, «Рәміздерім - мақтанышым» атты бейнеролик айналып тұрды.

Кеш соңын «Туған жер» атты (слайд) көрсетіліп, «Атамекен» әнімен аяқталды. Кеш патриоттық сезімде өтті.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ХАЛЫҚ РУХЫ

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері бүгінгі жұмыс күнін республикамыздың Мемлекеттік Гимнін айтудан бастады. Одан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиеваның төрағалығымен 4 маусым Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл толуы қарсаңында облыстық архивте салтанатты дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Дөңгелек үстелде Сара Қабылбекқызы Мемлекеттік Рәміздеріміздің сипаттамаларына тарихына тоқтала отырып, оның қасиеті мен киесі туралы әңгімеледі. Әрбір Қазақстандық азамат мемлекетіміздің рәміздерінің сипаттарын ғана біліп қоймай оны құрметтеу аса маңызды екеніне тоқталды.

Дөңгелек үстелге арнайы «Мемлекеттік рәміздер – халық рухы» атты көрме ұйымдастырылып, қызметкерлерге түсіндірілді. Дөңгелек үстелде Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Қалдыкүл Башенова, облыстық архивтің ардагері Мақұлбек Қайыпбекұлы Рысдәулет, архив қызметкерлері Назым Қожамарова мен Балайым Көпсекбаева сөз сөйледі. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Гимнін орындаумен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық кино орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргіннің басталуының 80 жылдығына орай, облыстық орыс драма театрында, қала мектептерінде, облыстық тарихи өлкетану музейінде «Жансебіл», «Ашаршылық», «Т.Рысқұлов», «Репрессии» атты көркем және деректі фильмдер көрсетілді.

«31 мамыр - Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу» күні

Меркі аудандық тарихи – өлкетану музейінде 2017 жылдың 29 мамыр күні, 31 мамыр Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, қуғын сүргіннің зардап шегушісі А.Т.Шидаковпен кездесу өтті.

Шидаков Асланбек Тапалаевич 1943 жылы 4 қарашада Кавказ елінен жер аударылып келген, қазіргі кезде Меркі ауданының Құрметті азаматы. Аталған іс – шараға аудандық этно – мәдени орталығының ассамблея өкілдері және №9 кәсіптік лицейінің білімгерлері қатысты. Кездесуде Шидаков А.Т білімгерлерге қиын- қыстау кезіндегі бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді. Сөз соңында Шидаков А.Т жастарға жарқын болашақ тілеп осындай іс-шара өткізіп отырған музей ұжымына алғысын білдірді.

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндерге өз қоғамында өнерлі, білімді, озық болуға тәрбиелеу мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Балғын балалар біздің болашағымыз» атты ертеңгілік болып өтті.

Ертеңгілікте «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанын басшылыққа ала отырып, бала еңбегін пайдалану түрлерін, балаға қатысты зорлық - зомбылықты алдын алу мен күресу туралы айтылып, «Біз бақытты баламыз» атты бейнеролик көрсетіліп, әртүрлі сұрақтарды талдап, пікірлері тыңдалды. №11 орта мектебінің оқушысы Әбдуали А. ұлттық би «Қамажай», «Ча – ча» биін билесе, № 53 орта мектептің оқушысы Сатымбек Д. «Қасиетті домбыра», «Балдәурен» әндерін орындап берді. №10 орта мектебінің оқушысы Іргебаев Ә. «Самға» әнін орындап, қыздары «Флешмоб» биледі. №10 орта мектебінің оқушысы Қосубақ Е Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» атты монологынан үзінді оқылды.

Шара соңында «Көтеріңкі көңіл күй» жаттығуымен «Ұшты ұшты» ойынымен аяқталды. Ертеңгілікке қатысқан балаларға балмұздақтар таратылып берілді. Ертеңгілік өте көңілді де, қызықты өтті.

«Біз бақытты балдырған»
бэби-шоу

2017 жылдың 1 маусымында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде» «1-маусым балаларды қорғау» күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты балалар шығармашылық көрме ұйымдастырды. Аталған көрмеде Тараз қаласының «Мектептен тыс оқыту» орталығының мұғалімдері суретші Мельниковтар отбасыларының жеке шығармашылық туындылары қойылды.

Іс-шараны облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Ғ.Алимжанова құттықтықтау сөзін айтып, шығармашылық табыс тіледі.

Көрмеде мектептен тыс оқыту орталығы оқушыларының жеке шығармашылық жұмыстары әр түрлі жанрда жазылған. Көрмеге 200-ден астам жұмыстары көрсетілді. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар тарту етілді.

Көремеге 200-ден астам қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты,

«Біз бақытты балдырған»
бэби-шоу

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Біз бақытты балдырған» атты бэби-шоу өткізілді. Іс-шараға №13 балабақшаның тәрбиешілері мен балалары, №8 Төле би атындағы мектеп-гимназиясы жанындағы жазғы лагерде демалушылар қатысты.

Іс-шараның мақсаты балаларға шын көңілден шаттық көңіл-күй сыйлап, әр-түрлі ойындар ойнату арқылы жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету, бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Аталмыш іс-шара «Ертегілер әлемі» атты әнімен басталды. Ертегі кейіпкерлері балаларды қарсы алып, түрлі спорттық ойындар ойнауға шақырды. Кітапхананың кішкентай оқырмандары «Тышқан мен мысық», «Ұшты, ұшты», «Қимақ» «Сақина жасыру» атты ойындарын ойнап, белсенділік танытты. Балабақша бүлдіршіндері «Кір қуыршақ», «Кукарела», «Лента» биін билеп, өлеңдер оқып, мерекеге атсалысты. Мерекелік кеште барлық балаларға тәттілер мен балмұздақ беріліп, ең үздік қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. Мереке соңында балалар «Біздің Қазақстан» тақырыбына бормен асфальтта сурет салды. Балалардың назарына «Ілулі кітап» көрмесі ұйымдастырылып, «Алдар Көсе», «Менің атым Қожа», «Тазша бала», «Қазақ ертегілері», «Гарри Поттер», «Рикки-тикки-тави» сияқты көптеген кітаптар ұсынылды.

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – XX ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап аталып келеді. Осы күнге орай жас ұрпақты сырға толы тарихымыздың қойнауына тереңірек үніліп, Отансүйгіштікке баулып, олардың санасы мен жүректерінде еліне, жеріне деген адалдық пен сүйіспеншлік, халқының тарихына деген құрмет сезімдерін арттыру мақсатында мекемеде іс-шаралар өтті. Кітапхана фойесінде «Тәуелсіздік туы астында» атты тұрақты кітап көрмесінде «Тарих шындығы: оқиғалар, тағдырлар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, тарихи танымды кеш өтті. Кітапханашылар Қазақстанда 103 мыңнан астам адамның қуғын-сүргінге ұшырағаны, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілгендігі, олар қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болғандығы, кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер» жеген жалалар жауып, халықтың оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастырғандығы туралы мағлұматтарды айтты. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды. Тиімділігі: 25 оқырман қатысып, кітап көрмесінен 18 басылым қолға берілді.

Кітапхананың абонемент секторының кітапханашылары «Қасіретті жылдар жылнамасы» атты тақырыбында клип шолу ұйымдастырды. Іс-шара барысында кітапханашылар ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналатындығын, әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аямағандығын жеткізді. Іс-шарада кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалынды. Тиімділігі: 22 оқырман қатысты. Сонымен бірге, «Тарихтан тағлым-өткенге тағзым» атты бейне реквием өтіп, 30 оқырманды қамтыды.

«31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты іс-шара

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Жұртшылықпен кездесу» залында өскелен ұрпаққа зобалаң жылдардағы бастан кешкен қасіретті түсірдіру,патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу,халқымыздың өткен тарихын құрмет көрсету мақсатында «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты іс-шара өтті.Музей қызметкері Әмірбек Нұрзат «1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргінге ұшыраған жамбылдықтар» атты тақырыбында,ТАРГПИ білімгерлері Аяпберген Айдар «»1931-1933 жылдардағы ашаршылық» және Сарымолдаев Хасан «Политические репрессии на территории Казахстана» тақырыптарында баяндамалар оқылды.Келесі кезекте музей қызметкері Ж.Ақпан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған фотосуреттер тақтасы бойынша өз баяндамасын оқыды.Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында көрермендер назарына Облыстық кино орталығының арнайы мамандары келіп Тұрар Рысқұлов туралы деректі фильм ұсынылды.

«Көне Тараздан асқақ Астанаға» этнографиялық керуен Байзақ ауданында

2017 жылы 29 мамыр күні Байзақ ауданы аумағында Байзақ, Жамбыл аудандары мен ТарМПИ-дің ұйымдастыруымен этнографиялық ауыл құрылып ұлттық ойындар, салт-дәстүрлерге бағытталған мәдени көпшілік іс-шаралармен «Көне Тараздан асқақ Астанаға» этнографиялық керуенді қарсы алды. Қарсы алу барысында алтыбақан, киіз үйлер тігіліп, «Қыз ұзату» көрінісі, ұлттық ойындар: кір тасын көтеру, қол күрес, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, аудандағы қолөнершілер,өнерпаздар көрмесі ұйымдастырылды.

ТАРИХЫМЫЗДЫҢ АҚТАҢДАҚТАРЫ

31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 2017 жылдың 29 мамырында Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті мен Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Ұрпақтардың зердесін өшіре алмас ғасырлар, Әрқашанда елдесің, ұмытылмас асылдар!» атты тақырыппен дөңігелек үстел басындағы әңгіме және архив құжаттары негізіндегі «Жазықсыз жазаланғандар» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелді Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов ашып, өткенімізді еске алып, оның тарихын тану арқылы мемлекетімізді мәңгі ету керектігін айтты. Негізгі баяндаманы Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ардагері, Қазақстанның Құрметті Журналисі Мақұлбек Қайыпбекұлы Рысдәулет жасады. Ол өз сөзінде саяси қуғын-сүргін сонау 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістен кейін-ақ бастау алғандығын, оның жалғасы 1928 жылғы ірі байларды тәркілеу, колхоздастыру, тіпті Ұлы Отан соғысынан кейін де қуғын-сүргіннің тоқтамағандығын айтты. Соның бір мысалы – облыстық архив сақтауындағы белгілі экономист ғалым Түймебай Әшімбаевтың ісі. Мақұлбек Қайыпбекұлы - Жамбыл өңірінің тарихын зерделеуде көп еңбек етіп келе жатқан өлкетанушы. Сондықтан да ол өз баяндамасында архив құжаттарындағы нақты, деректі мысалдарды көптеп келтірді. Сөзінің соңын «тарихты білу - әр азаматтың өзі туылған ауылды тануынан басталатындығымен» қорытындылады. Сондай-ақ дөңгелек үстел басында университетінің тарих ғылымының доценті Ж.Б.Аягөзов, тарих кафедрасының аға оқытушысы Т.Серив, филология ғылымдарының доценті А.Б.Белботаев өз ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстелді Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Т.Шертаев қорытындылап, өңіріміздің тарихи тұлғалары туралы роликтер дайындап, оларды жергілікті арналардан, мәдени-көпшілік саябақтардағы таблолардан жиірек беруді ұсынды. Іс-шараның соңында дөңгелек үстелге қатысушылар архив құжаттары негізінде әзірленген көрмені тамашалады. Көрмеге саяси қуғын-сүргіннің құрбндары болған қазақтың біртуар азаматы, қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың, Алашордашылардың бірі, қоғам қайраткері болған С.Айтхожиннің және өзге де Әулиеаталық азаматтардың құжаттары қойылды.

«Ертіс - Павлодар өңірінің тарихы» атты көрме

2017 жылы 25 мамыр күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық тарихи – өлкетану музейінде Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ертіс - Павлодар өңірінің тарихы» атты көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Көрмеде Павлодар өңірінің тарихын баяндайтын археологиялық, этнографиялық, нумезматикалық, фотосуреттер, құжаттар және қару-жарақтар коллекциялары қойылды. Баянауыл өңірі тарихта аты әйгілі Олжабай мен Жасыбай, Малайсары, Баян, Қабанбай мен Бөгенбай сынды батырлардын және Бұхар жырау бабамыз, ұлы ойшыл Мәшкүр Жүсіп Көпеев, Қазақстан Тәуелсіздігіне айтарлықтай үлес қосқан ғалымдар, ақын жазушылардың фотосуреттері мен құжаттары қойылған. Көрменің ашылу рәсімінде Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нұрахметова Гүлнар Баркенқызы ашып беріп, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ембердиева Гүлнұр Бақытқызына Павлодар облыстық мәдениет басқармасының атынан алғыс хатын табыс етті. Сонымен қатар көрмеге келген қонақтарға экскурсия жүргізді.

Көрмеге қала тұрғындары мен қонақтары, ЖОО және колледж білімгерлері, мектеп оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

«Мен балаң жарық күнде сәуле қуған» атты әдеби кеші

Бір мезгілде бүкіл ел болып, бір кітапты оқып-талқылау болып табылатын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының кезекті кезеңін өткізуге «Жыл кітабы – 2017» таңдауына қазақ әдебиетінде жаңа арна, тың серпін туғызған ерекше тұлға, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу және насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған» атты әдеби кеші «Мәңгілік алау» аллеясында өткізілді.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері мен №10 орта мектебінің оқушылары ақынның шығармаларынан өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Өткізіліп жатқан іс-шараға қызығушылық танытқан кітап сүйер қауымға Сұлтанмахмұттың шығармалары жазылған жарнамалық парақшалар, бүктемелер таратылып, әдеби кешке қатысуға, кітаптарын оқуға шақырылды.

18 мая 2017 года в центре «Руханият» имени Жамбыла на кануне празднования «Дня культуры и искусства» руководитель управление культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области Д.Д.Быкыбаев поздравил своих коллег и вручил благодарственные письма и ценные подарки. В своем поздравительном слове руководитель управлений пожелал коллегам счастья, здоровья, радости, благополучия и творческих успехов работе.

Жамбыл облысының әкімі К.Н.Көкрекбаев Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мересі қарсаңында 2017 жылдың 18 мамырында қабылдау өткізіп, 15 адамды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, облыс әкімінің Алғыс хаты мен сыйлықтар табыс етті.

Сөз соңында марапатталушылардың атынан Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі, Еңбек сіңірген артист – М.Ж.Әлімбетова, Тараз қаласы мемлекеттік архивінің директоры Б.Ж.Абдыкаримова облыс әкіміне алғыстарын білдіріп, жұмысына жеміс тіледі.

Әбдімомын Желдібаев пен Аяз Бетбаевтың шығармашылығынан
«Домбыраның қос ішегі» атты облыстық дәстүрлі өнер байқау

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 18 мамыр күні Мойынқұм ауданы, Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде Әбдімомын Желдібаев пен Аяз Бетбаевтың шығармашылығынан «Домбыраның қос ішегі» атты облыстық дәстүрлі өнер байқауы өтті.

Өнер байқауын салтанатты түрде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Л.Амалов пен Мойынқұм ауданының әкімінің орынбасары Б.Есеев ашып, қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Байқаудың ашылуында барлық қатысушылар біріңғай Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады.

Байқауға облысымыздың аудандары мен Тараз қаласынан барлығы 24 үміткер қатысты. Оның ішінде жыршы-термеші - 14, ұлттық аспаптар-10.

Қазылар алқасының құрамында Асылхан Шүңіреков-Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облыстық филармониясының «Тараз» триосының әншісі, Әбдімомын Желдібаев- Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, сазгер, күйші, Аяз Бетбаев- Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, жыршы-термеші, Эльмира Дутбаева- Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі.

Конкурстың қорытындысы бойынша:

Жыршы-термешілер номинациясы:

І орын- Рланов Бағдат (Шу ауданы)

ІІ орын- Әбдікадіров Мейіржан (Мойынқұм ауданы)

ІІІ орын- Абдрахманов Жанарбек (Сарысу ауданы)

Ұлттық аспаптар номинациясы:

Ынталандыру- Қарасаев Айбек ( Тараз қаласы)

І орын- Шыныбаева Құралай (Жамбыл ауданы)

ІІ орын- Алайдар Ришат (Меркі ауданы)

ІІІ орын- Дастанұлы Рүстем (Тараз қаласы)

Ынталандыру- Әлімқұл Ерболат ( Тараз қаласы)

Қалған қатысушылардың барлығына алғыс хаттар тапсырылды.

Жамбыл облыстық орыс драма театры
«Салют Победы» қайырылымдық акция ұйымдастырды

Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте – бірте алыстап барады. Бірақ адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес. Өскелең ұрпақты адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу ол бүгінгі заманың басты талабы болып табылады. Биыл 72-ші рет Ұлы Жеңістің қуанышын тойлап отырмыз және бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан үшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашан да ұмытылуға тиісті емес.Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына біздер тізе бүгіп, бас иеміз. Міне, біз сол тамаша Жеңістің 72 жылдық ұлы мерекесін атап өту, сонау қаһарлы күндері жеңіс үшін қан майданда ерлік көрсеткен азаматтарға бас иіп алғыс айту үшін Жамбыл облыстық орыс драма театрының ұжымы 2017 жылдың 6 мамырында «Салют Победы» қайырылымдық акциясының аясында соғыс ардагерлері, тыл ардагерлері, әскери- интернационалист жауынгерлерді Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығы мерекесімен құттықтау үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырып өткізді. Аталған театрландырылған көрініске ЖОО-ның білімгерлері, қала мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары, Қалалық Ардагерлер үйінің ардагерлері, тыл ардагерлері, әскери- интернационалист жауынгерлер шақыртылды. Театр ғимаратының үлкен залында 400 –ден астам көрермен қатысты. Концерт барысында орыс драма театрының артистерінің орындауында соғыс жылдарындағы әндер, өлеңдер айтылып, шағын көріністер сахналанылады. Әйгілі «Выходила на берег Катюша» атты әнін театр актрисалары: А. Избасарова, А. Скрепкова және режиссер көмекшісі М. Сыздықованың орындады. Сондай-ақ Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың, тыл ардагерлердің құрметіне театр тарапынан сый-сыяпат табысталды. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алу рәсімі де ұмыт қалмай ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік жарияланылды.

Жамбыл облыстық филармониясы «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра» атты 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарламасын қаламыздағы «Майская рощя» саябағында қойып, Анна Вундер бастаған филармония әншілері, Қайсар Көкішов, «Иірім» триосы, «Кәусар» вокалдық ансамблі қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған «Ешкім де, ештене де ұмытылмайды» атты білімгерлер арасында сайыс ұйымдастырылды.

Музейдің №14 залында Абай атындағы Жамбыл педагогикалық колледжінің білімгерлерімен IV кезеңнен тұратын сайыс өтті. Сайыс алдында білімгерлер назарына Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы туралы 20 минуттан тұратын деректі фильм көрсетілді. Фильмнен кейін білімгерлер «Қыран» және «Достар» деген екі топқа бөлініп, өз өнерлерін көрсетуге дайындық жұмыстарын жүргізді.

-1 тур. Қатысушы топтар өздері дайындап әкелген Жеңіс тақырыбына қатысты қойылымдарын көрсетті.

-2 тур. Жеңіс тақырыбына байланысты мағыналы сурет (картина) салып жарысты.

-3 тур. Топтар өз өнерлерін ортаға салды (ән,би,мәнерлеп оқу).

-4 тур. Капитандар арасында жарыс өтті, капитандарға 1 минутта 20 сұрақ қойылды.

Сайыстың әділ-қазы алқаласы мүшелері болып, директор орынбасары Ғ.Әлімжанова, бөлім меңгерушілер Л.Хапилина, Қосалиева және Т.Көпсекбаев сайланып, өздерінің әділ бағаларын қойып, сайыстың өз деңгейінде өтуіне атсалысты. Сайысқа қатысушыларды бағалау жүйесі 5-10 баллдық жүйемен есептеліп,бағалау кезінде қатысушылардың актерлік шеберліктері,тақырыпты терең ашуы сахналық киімдері,ұжымдық татулықтары ескеріліп нәтижесінде «Қыран» тобы жеңіске жетті. Сайыс соңында екі команда мүшелеріне де сыйлықтар табыс етіліп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«ЖУАЛЫ ЖҰЛДЫЗДАРЫ»

29-сәуір күні Жуалы жерінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Жуалы ауданының мемлекеттік архиві, Жуалы ауданының әкімдігі 1-мамыр – Қазақстан халықының бірлігі және 7- мамыр – Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында даңқты жерлестерін шақырып, мемлекеттік архивке жеке тектік құжаттарын сақтауға алғаны туралы куәлікті салтанатты түрде тапсыру мақсатымен Жуалы жұлдыздары» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Кездесу кешіне архив құжаттары негізінде құжаттар көрмесі жасалды.

Әрбір отандасымыздың, жастардың патриоттық сезімін арттыру үшін аймақтарда өлке тарихын көбірек насихаттап, туған жеріне көмек қолын созып жүрген жандарға кұрмет көрсету мақсатымен өткізілген кездесу кешіне Жуалының жұлдызы биік ел азаматтары ауған соғысының ардагері, Халық Қаһарманы, Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасуына ерекше үлес қосқан генерал-лейтенант Бахытжан Ертаев пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры, заң ғылымдарының докторы Сейтжан Мелдебекұлы Қойбақов арнайы шақырылды. Іс-шараны аудан әкімі Бахтияр Бейсембайұлы Көпбосынов ашып, Жамбыл облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсеналы Дыбысалыұылы Бықыбаев жүргізіп отырды.

Салтанатқа Жамбыл облысы және Жуалы ауданы әкімдіктерінің басшылары, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылары, Жамбыл облысы, қалалық, аудандық архивтерінің директорлар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылып, Жуалы ауданының мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, ауданның құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері, аудан жастары, Жуалы ауданында орналасқан әскери бөлімнің сарбаздары қатысты. Сондай-ақ кездесу кешіне Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров те арнайы қонақ ретінде келді.

Салтанатты іс-шараның бастамасы құжаттары мемлекеттік архивке сақтауға алынғандығын растайтын құжат тапсыру рәсімімен басталып, кеш қонақтары өздерінің дара жолы туралы әңгімеледі. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева архив саласы бойынша баяндама жасады. Іс-шара концерттік бағдарламамен және Қазақстанның Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерейтойын асқақтата отанымыздың құрметіне әскери азаматтар дауыстап құттықтаумен аяқталды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, аудан жұртшылығы өз ризашылықтарын білдірді.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне
«Достығымыз жарасқан» мерекелік бағдарлама

Кітапханада, Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру, Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу және басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету мақсаттарында, «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» орай «Достығымыз жарасқан» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.

Іс-шараға қонақ ретінде кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында келген аудандық, ауылдық балалар кітапханаларының дәріс алушы кітапханашылары қатысты. Кітапхана қызметкерлерінің орындауында қазақ, украин, татар және өзбек ұлт өкілдерінің ұлттық киімі, дастарханы, салт-дәстүрі мен өнері тамашаланды. Оқырмандар мен қонақтар Отандас басқа ұлттардың салты, ұлттық киімі, тағамдары және тілімен жақынырақ танысып, ақпарат алды. Мерекеде тілі бөлек, діні бөлек болған ұлттардың Отаны бір, туған жері ортақ Қазақстан екені көрсетілді.

Мерекелік бағдарлама «Достығымыз жарасқан» атты кітап көрменің библиографиялық шолуымен аяқталды.

Елбасының Жолдауы мен
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
атты мақаласынан туындайтын Қазақстан халқының
бірлігі мен ынтымағы туралы дөңгелек үстел

2017 жылдың 27 сәуір күні Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінде Елбасының жолдауына қатысты арнайы шақырылған қонақ пен архив қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Өз жұмысының білгірлері ынтымақтық пен жолдау жайында пікірлерін білдірді. Салмақты да салиқалы сөз толғады.

Арнайы қонақ ретінде шақырылған тарих ғылымының докторы, доцент Е.Қ.Серікбаев өз сөзінде: Елбасының Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында халықтық ынтымақ пен бірлікті нығайту бағытындағы ұстанымдарға көп тоқталды.

Облыстық архивтің ардагері Қарақұлова Шолпан Дүйсенбайқызы жастар бойына патриоттық пен ұлтжандылықты оятып, туған елге, жерге деген махаббатың шексіз болуы керектігін тілге тиек етті. Қоғамдағы орын алып жатқан келеңсіз жағдайлар мен саяси шиеленістерге де тоқталды. Жастарға ақ жол тілеп, еңбекке шақырды.

Толымды да толғақты сөздерімен ой толғаған облыстық архивтің ардагері, жазушы ағамыз Мақұлбек Рысдәулет Қайыпбекұлы Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатына көңілі толатындығын айтты. Мәдениетке көп көңіл бөлу Қазақстанда мекен ететін қазақтарға арналғаны хақ. Өзімізге көңіл бөлер уақыт туды. Жаһандану заманынында жетілмесек, рухани қазынамызды дамытпасақ дамыған елдердің құрығына ілініп, жұтылып кетеріміз айқын. Ақпараттық қоғамда өз тіліміз бен дінімізді аман алып қаларлықтай иммунитет қалыптастыруымыз керек екендігін жеткізді.

Облыстық архивтің директоры дөңгелек үстел басындағы әңгімені қорытындылап, бүгінгі іс-шара облыстық архив қызметкерлерінің бойында патриотизмдік рухты, жоғары мәдени-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыратындығына сенім білдірді. Алдағы келе жатқан 1-мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күнімен құттықтап, еліміз аман, жұртымыз тыныш болуын тіледі.

«ЖАҢАРҒАН ЖАМБЫЛЫМ» АТТЫ І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭСТАРАДА ӘНШІЛЕРІ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ
АҚПАРАТ

Ұйымдастырушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Жамбыл облыстық филармониясы

20-сәуір, 2017 жыл, Тараз қаласы, «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Жамбыл облыстық филармониясы «Жаңарған Жамбылым» атты І Республикалық эстрадалық әншілер конкурсы өтті.

Іс-шараның мақсаты: Жамбыл облысынан шыққан композиторлардың әндерін кеңінен насихаттау, эстрадалық әндерді орындайтын жас таланттарды іздестіріп, оларды халыққа таныту, өнерге баулу болып табылады.

20-сәуір күні сағ. 09.00-де «Баласағұн» ОКЗ-ның 2-қабатындағы фойеде қалалық, облыстық Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және қазылар алқасының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Конференцияны басқарма басшысы Д.Бықыбаев жүргізді. Туындаған сұрақтарға қазылар алқасының құрамы толық жауап беріп, ұсыныстар қабылданды.

Конкурсқа 70-ке жуық үміткерлер өтініш білдіріп, іріктеу кезеңінен Республикамыздың Астана, Алматы, Ақтөбе, Орал, Семей, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Балқаш, Қызылорда, Түркістан, Шымкент және Тараз қалаларынан, Жамбыл облысынан, тіптен Қырғыз Республикасынан 33-і өтіп өнер көрсетті.

Конкурстың талаптары мен шарттары бойынша 17-35 жас аралығындағы эстрада әншілер қатысты. Үміткер алғашқыда Жамбыл облысы композиторларының бір әнін, екінші еркін тақырыпта ән орындады.

Конкурты Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, композитор Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаев құттықтау сөзімен ашты.

Қазылар алқасының құрамында: қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, әнші, композиторАлтынбек Қоразбаев, мүшелері: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, әнші БағдатСәмединова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мейрамбек Бесбаев, Халықаралық әншілер конкурстарының лауреаты, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегері, ұстаз МийраЖылгелдінова, Республикалық конкурстардың лауреаты, Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Ғани Мәтебаев болды.

Іс-шараның ашылу салтанатында конкурсанттар Б.Әліқұловтың сөзіне жазылған Ғ.Мәтебаевтың «Жайна жамбыл» әнін бірге шырқап, көрермендерді тәнтті етті.

Бұл өнер байқауын қаламыздың орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студент жастары, қала және облыс тұрғындары тамашалады.

Ақпараттық демеушілер «Қазақстан-Тараз» және «77» телеарналары болды. «Баласағұн» ОКЗ ғимараты конкурсқа сай безендірілді, облыстық музей «Көне Тараз шақырады» атпен көрме ұйымдастырып, көрермендер ықыласынан шықты.

Аталған конкурстың қазылар алқасының қорытындысы бойынша 8 лауреат анықталды:

«Бас жүлде» және 500 000 теңге қаржылай сыйақы иегері - Мейіржан Самылтыров (Тараз қаласы);

І орындар және 200 000 теңге қаржылай сыйақы иегерлері: Ақеке Құрбан (Тараз қаласы), Гүлнар Көшенова (Қарағанды облысы, Саран қаласы);

ІІ орындар және 150 000 теңге қаржылай сыйақы иегерлері: Балдат Бейсеқожа (Тараз қаласы), Қазбек Әбу (Жамбыл облысы);

ІІІ орындар және 100 000 теңге қаржылай сыйақы иегерлері: Жанна Асанқұлова Тараз қаласы), Халид Орынқұл (Талдықорған қаласы), Айкерім Битанова (Өскемен қаласы).

Дипломанттар мен арнайы номинация иегерлері 50 000 теңге қаржылай сыйақымен марапатталды:

«Жас талант» - Берік Жорабеков (Тараз қаласы);

«Жарқын дауыс» - Нұрсұлтан Байгунов Оңтүстік Қазақстан облысы);

«Жаңа есім» - Дархан Қабыл (Тараз қаласы);

«Көрермендер көзайымы» - Айдос Ергеш (Астана қаласы).

Қалған 21 өнерпаз Алғыс хаттармен және 20 000 теңге қаржылай сыйақылармен марапатталды.

Қазылар алқасының төрағасы бұл конкурстың ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, жыл сайын өтуге тиіс екенін дүйім жұртқа мақтанышпен жеткізді. Сонымен қатар, конкурсанттардың кәсіби дайындығына ризашылығын білдірді.

Іс-шара 20-сәуір сағат 19.00-де «Ризамын туған халқыма!» атты концертке жалғасты. Концертте ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Бағдат Сәмединова, ҚР еңбек сіңірген әртісі Асылхан Шүңіреков бастаған «Тараз» триосы, Сая Махабте т.б. және конкурстың «Бас жүлде» иегері Мейіржан Самылтыров, І орын иегерілері Ақерке Құрбан мен Гүлнар Көшенова өнер көрсетті.

«Мен–қазақ, қазақпын деп мақтанамын» библиодайвинг

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу мақсатында жыл сайын өткізілетін «Бір ел-бір кітап» Республикалық акциясы аясында 2017 жылы жалпыхалықтық оқуға Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына орай таңдалып алынған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірін, қыршын кетсе де, барлық саналы ғұмырын халқына арнаған ұлы тұлғаның шығармашылығын облыс халқына таныстыру, жастардың бойына С.Торайғыровтың тәлімін, тағылымын насихаттау мақсатында «Мен–қазақ, қазақпын деп мақтанамын» атты библиодайвингті қаладағы қоғамдық көліктерде өткізді. Сәуір айының 18-19 күндері әр түрлі бағыттардағы №23,19,30 қалалық қоғамдық көліктерде кітапхана қызметкерлері «Бір ел-бір кітап» акциясының тарихына тоқталып, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.

«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды...»

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңістің 72 жылдығымен және Ардагерлер қозғалысының 30 жылдығымен құттықтап, сый-сыяпат көрсету; жастарға ардагерлердің ерліктерін дәріптеу мақсаттарында Ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды...» атты мерекелік кеш өткізілді.

Іс-шараға 35 ардагер, ТарМУ-дың 10 білімгерімен кітапхана ұжымы қатысты. Мерекелік кештің басты кейіпкерлері: Мамедова Зоя Алиқызы, Передереева Анастасия Николаевна – Ұлы Отан соғысының ардагерлері; Бекмұсаева Тұрсынай – тыл ардагері, Алтын алқа иегері, Батыр ана; Жаңабаева Бүбісара – тыл ардагері, Батыр ана, құрметті теміржолшы; Ералиева Людмила Абдрахмановна – тыл және еңбек ардагері.

Кітапхана мерекеге сай безендіріліп, ардагерлердің фотосуреттерінен жасалған слайд-шоу көрсетіліп, «Ардагерлер – ардақты асыл жандар!» сурет көрмесі мен «Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты кітап көрмелері қойылды.

Іс-шара барысында қонақтарымызға арнайы гүл шоқтары сыйланып, мерекелік дастархан басына жайғасты. Әрдайым құрметке лайық кісілердің өміржолы, жасаған ерліктері айтылып, сұрақтар қойылды. Облыстық филармония әншілері концерттік бағдарламасын ұсынды.

Кеш соңында ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ өмір мен өшпейтін ерлік үшін шынайы алғыс айтылды.

2017 жылдың 14 сәуірі күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен театр ұжымы мүшелерінің қатысуымен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын саралап түсіндіруге және Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістерді дәйектеп, зерделеуге арналған басқосу болып өтті.

Бірінші болып сөз сөйлеген театр директоры Б.Бекжанов: Мемлекет басшысының 2017 жылдың 12 сәуірінде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының мән-маңызын түсіндіре келе, оны мемлекетіміздің идеологиялық саясатында жасалған жасампаздық ірі қадам әрі әлемдегі 30 алдыңғы қатарлы елдің қатарына қосылу үшін ең қажетті шарттардың бірі деп есептейтіндігін жеткізді.

Өз кезегінде сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрсифат Салықова: «Еліміздің Негізгі Заңына енгізілген өзгерістер - еліміздегі демократиялық процестердің тереңдей түскенін білдіреді» атты тақырыпта баяндама жасады.

Ал, театрдың труппа меңгерушісі Сантөре Пірманов: Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселесі» жөніндегі 2017 жылдың 25 қаңтарындағы Қазақстан халқына Үндеуінің мәнін терең түсіндіре келе, Елбасының үстіміздегі жылғы Қазақстан халқына Жолдауына және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына да тоқталып, өз сөзін: «Бұл құжаттардағы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы мен Рухани жаңғыруымыз – еліміздің одан әрі ілгері басуына бастайтын сара жол болмақ» деп аяқтады.

ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚ – ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ БАСТАУЫ

2017 жылдың 12 сәуірде Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінде Қазақстан Республикасының діни экстремистер мен террористерге қарсы күрес аясында өткізілген «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» атты дөңгелек үстел басындағы әңгіме өтті.

Дөңгелек үстелді Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры Қ.И.Башенова ашты. Қатысушыларды таныстырып, қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризмнің әлемге төндірер қаупі жайында айтты. Осындай іс-шаралар өткізу маңызды екендігіне тоқталды. Дөңгелек үстелге облыс әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы ҚЫРҒЫЗБАЕВ Бағлан Еркінұлы шақырылды.

Дін қай заманда болмасын өзекті. Адамзат баласының технологиясы қарыштаған заманда дін тақырыбы ушығып тұрғаны рас. Сондықтан да бұл мәселені зерттеу, халық арасында кеңінен түсіндіру қажеттілігі туындады. Дін саласының қызметкері Қырғызбаев Бағлан Еркінұлы орын алып жатқан саяси ахуалды ерте кезден бастап архив қызметкерлеріне баппен түсіндірді. Зұлым пиғылды экстремистік топтарды ажырата білу үшін адамдардың сауатты болуы аса маңызды. Тек саналы, сауатты, көзі ашық қоғам ғана арбауға түспей, алдыға жылжиды. Теріс дінді уағыздаушылар туралы көрсетілген видеороликтер архив қызметкерлерін қызықтырды. Үгіт құралдарының тиімділігі жөнінде тартысты пікірлер айтылды.

Осы айда орын алған Санкт-Петербург метрополитенінде орын алған жарылыс Ресеймен көршілес отырған бізге өз қауіпсіздігімізді күшейту керек екендігін айғақтады. Сондай-ақ елімізде экстремистік топтарды түбегейлі көзін құртар заңның қабылдануы кейінге шегерілу себебін Қазақстанның саяси сахнада маңызы бар іс-шара – ЭКСПО-2017-мен байланыстырды. Радикалды топтарға бірден қарсылық көрсету олардың қарсы әрекеттеріне әкеліп соғуы мүмкіндігін айтты. Сол себепті де Елбасы әуелі кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді алға тартып отыр. Соның бір мысалы – радикалды топтардың мүшесі болып, террористік, экстремистік әрекеттер жасаған, үгіттігендерді азаматтығынан айыру жөніндегі шешімі.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Конституциялық реформаны мәдениет, архив қызметкерлері арасында талқылауға арналған жиналысы

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Конституциялық реформаны мәдениет, архив қызметкерлері арасында талқылау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жиналыс өтті.

Іс-шараның мақсаты: Жолдаудың еліміздің болашағы үшін маңыздылығын және оның мән-мағынасын тек экономикалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар барлық салада, оның ішінде адами капитал сапасын да жақсартудағы мәнін ашу, Конституциялық реформалардың еліміздің беделін өрістетудегі келешек ұрпақтың алдына қойылатын міндеттер мен әртүрлі саладағы жоғары жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі екендігін жеткізу.

Іс-шараның мақсаты: Жолдаудың еліміздің болашағы үшін маңыздылығын және оның мән-мағынасын тек экономикалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар барлық салада, оның ішінде адами капитал сапасын да жақсартудағы мәнін ашу, Конституциялық реформалардың еліміздің беделін өрістетудегі келешек ұрпақтың алдына қойылатын міндеттер мен әртүрлі саладағы жоғары жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі екендігін жеткізу.

Іс-шараға Жамбыл облысының мәдениет, архив қызметкерлері қызметкерлері қатысты.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы № 10 орта мектебінің 8, 9, 10 сынып оқушылары арасында жас ұрпаққа нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, және зиянды әдеттерден арылуға тәрбиелеу мақсатында «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты кездесу кеші өткізілді.

Кеш қонағы Жамбыл облысы наркологилық диспансерінің дәрігер - лекторы Омарова Ләззат Баншипайқызы қатысып жастарға адам ағзасына зиян келтіретін заттардан аулақ болу жайлы дәріс оқып, оқушылардың нашақорлық жайлы сауалдарына жауап беріп отырды.

Кеш барысында есірткі жайлы слайд жүргізіліп, «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты бейнеролик көрсетілді. Іс – шараға № 10 орта мектебінің психологы мен мейірбикесі қатысып өз ойларын ортаға салды. Кеш өте қызу пікірталаста өтті.

«Жамбыл ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс» атты дөңгелек үстел болып өтті. қатысқан мекемелер: архив мекемесінің қызметкерлері, аудандық кітапхана қызметкерлері мен аудандық мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас маманы Қалисаев Ерлан және «Шұғыла-Радуга» газеті редакциясының тілшісі Қабылбеков Ілияс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіруге бағытталған.

«Аудан соғысында от кешкендер» тақырыбына арналған
дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттаама басқармасының «Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік архиві» КММ-де Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл толуына арналған «Ауған соғысында от кешкендер» атты жауынгер интернационалистермен дөңгелек үстел өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары М.Тлепов, аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Әміреев, АШМ-нің аудандық аумақтық инспекциясының басшысы С.Мақұлбаев, Новосель ауылдық округінің әкімі Е.Шабеев, аудандық мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен Ауған соғысы ардагерлері мен архив қызметкерлері қатысты.

Аудан архивінің директоры Серіккүл Нұрқалиқызы Жекебаева аудандық архивке тұрақты сақтауға жеке тектік құжаттарын өткізген азаматтарға куәліктерін тапсырды.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, экстремизмге теріс көзқарасын қалыптастыру, қоғамға қарсы ұйымдастырылған діни ағымдардан аулақ болуға тарту мақсатында, «Діни экстремизим – ақиқат діннің жауы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға қалалық «Кеңесхан қажы» - мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы және Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жоспарлау және ұйымдастыру» бөлімінің инспекторы Мейірбек Аян Алпысбайұлы қатысып, қатысушыларға аталған тақырып бойынша толық мәлімет берілді.

Сербия Республикасы Белград қаласында өткен ХҮІ Халықаралық «Славия 2017» фестивалі өтті

ХҮІ Халықаралық «Славия 2017» фестивалі жылсайын наурыз айының алғашқы күндерінде ұйымдастырылып өтіледі. Байқаудың басты құндылығы барлық Халықаралық фестиальдердің қалыптасқан дәстүрін ұстану болып табылады. Фестивальді ұйымдастырып өткізуші «Славия» театрының директоры Батрич Жаркович пен оның жұбайы Лилияна Жаркович.

Байқауға әділ қазылық ету үшін атақты театр саласының қайраткерлері, әйгілі артистер, дүмді театртанушылар мен театр сыншылары шақыртылады. Алдын ала әлемнің барлық түкпір-түкпірінен қатысушы театр ұйымдарының әртістері, режиссерлері іріктеліп, өздерінің шеберлік дәрежесін көрсету үшін Славия Мемлекеті Белгард қаласына шақыртылады. Байқаудың басқа фестивальдерге қарағанда өзгешілігі артистің біліктілік шеберлігі мен режисерлердің жұмыс деңгейіне қарай жүлдегер анықталып, бір ғана жүзден жүйрік деген театр ұжымы «Бас жүлделік» номенациясы бойынша марапатталады. Биылғы жылы байқауға сегіз мемлекеттің театр ұжымы түрлі жанрдағы қойылымдармен қатысты.

Жамбыл облыстық орыс драма театрының ұжымы Қоюшы – режиссер Қуандық Қасымовтің 2016 жылы сахналаған Эдвард Родзинскийдің пьессасының желісі бойынша сахналаған «НЕРОН и Я» атты қойылымды ұсынған болатын. Аталған қойылым жоғарғы дәрежеде өтіп, әділ-қазылар алқасының көңілінен шықты. Орыс театры мен Эстон елінің R.А.А.А.М. театры Аугуст Кицбергтің «Обретень» атты қойылымын сахналау арқылы Бас жүлделік орынға шыққанымен, қазылар алқасының ұзақ кеңесулерінен соң байқаудың нәтижесі Эстон елінің тарапынан оңтайлы шешім тапты, ал, орыс драма театры 1 орынды иеленді. Дегенмен бұл театр ұжымы үшін үлкен жетістік пен дәреже болып табылады.

Аталған фестивальдерді ұйымдастырып өткізіп тұру басқа өңірлермен мемлекеттердің театр ұжымдарының өңерлерімен таныса отырып, біліктілік шеберлігін шыңдауға көп септігін тигізіп тұрады. Орыс театры ұжымы үшін Ресей Мемлекеті Театр Қайраткерлерінің Одағының театр тану және театр сыншысы бөлімінің меңгерушісі, РФ Мәдениет саласының үздік қызметкері өнертану ғылымының кандидаты Макарова Эленора Германовнамен танысып, достастық қарым-қатынаста мәмлеге келу үлкен жетістік болды. Эдвард Родзинскийдің пьессасының желісі бойынша сахналаған «НЕРОН и Я» атты қойылымында кейіпкерлерді сомдаған артистердің жұмысы мен режиссердің тапқырлығы, сонымен қатар тұтас қойылым Макарова Эленора Германовнаның көңілінен шығып, алдағы уақытта РФ Мәскеу қаласында өтетін «Встречи в России» атты Халықаралық фестиваліне және «Золотая Маска» байқауны конкурстан тыс қатысып өнер көрсетуге ұсыныс берді.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы 22 Наурыз мейрамына орай Ұлы Отан соғысы ардагері Артуганов Алексей Павловичті Ұлыстың Ұлы күнімен мерекесімен құттықтап, азық-түлік пакетін сыйға тартты. Қарт ардагер ризашылығын білдіріп, алғысын жаударды.

«Жыл басы наурыз» атты дөнгелек үстел

Ұлыс күнi татулық тойы, шаруа, ынтымақ, сенiм, көңiл Ұлыс күнi татулық тойы, шаруа, ынтымақ, сенiм, көңiл мерекесi. Ата - бабамыздың озық дәстүрін жалғастыру мақсатында, Жамбыл аудандық мемлекеттік архив қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шараға Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы және Жамбыл аудандық «Шұғылы - Радуга» газетінің бас редакторы Сансызбай Махамбетқұлов қатысты. Кездесу барысын Жамбыл аудынының архивінің директоры К.Күлекеева жүргізіп, іс-шара барысында Жамбыл ауданы» «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Наурыз» мерекесінің шығу тарихы туралы және қазақи салт-дәстүрлер туралы өз пікірлерін, ойларын ортаға салды. Кездесу соңында келген қонақтарға дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Мұндай игі іс- шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына татулық, байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын!

Талас аудандық тарихи-өлкетану музейі
Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесінде «Атамұра-ұрпаққа мирас» Астана – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған аудандық қолөнер шеберлерінің көрме-сатылымының өткізілгендігінің мәліметі

Халқымыз Ұлыстың ұлы күніне үлкен үміт артып, оны асыға күтеді. Көгілдір көктеммен бірге келетін әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырту күні. Ұлыстың ұлы күні – Наурыздың тарихи тамыры тереңде. Ізгілік мерекесі дейтініміз, оның адамзатты жақсылыққа, бауырластыққа үндейтін тіршілік мұраттарымен қабысқан ерекшелігінде жатыр.

Талас жерін мекен еткен сан алуан ұлт пен ұлыс өкілдерін жақындастыра түсіп, татулық тұғырын биіктеткен мереке жыл сайын жақсы істердің бастауына айналып келеді. Осы айшықты істерге аудандық музей де бір кісідей жұмылып аудандағы қолөнерші шеберлердің көрме –сатылымын ұйымдастырды. Көрме-сатылымға шеберлер Сейітов Асанхан жұбайы Маханова Беғайша, Құттымұратова Жұмакүл, ұста Бүркіт атсалысты. Көрмеге қазақтың ұлттық киімдері, ұлттық нақыштағы көрпешелер, киіз үйдің жабдықтарыжәне гипстен тауық, қораз, асық т.б. Қолөнершілер бұл түрлі бұйымдарын халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне кәде-сый ретінде апармақшы. Көрме-сатылымды аудан халқы жақсы қабылдап, өз қажетіне керекті бұйымды сатып алып жатты. Қазақи ою-өрнектермен безендірілген шеберлердің өнімдері мереке көркін ашып тұрды.

Бөлім меңгеруші К. Қарабаева.

«Тараз қаласының мемлекеттік архиві» КММ-де 2017 жылдың 27 наурызында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» туралы заңын негізге ала отырып, «Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі» ережелерін талқылау болып өтті.

Халықтың мемлекеттік қызметшілерге сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған бұл кодекстің талаптарын барлық мемлекеттік қызметкерлер белгіленген стандарттарға сай орындауға міндетті екендері айтылып, мекеме қызметкерлері аталған мәселелермен толық келісті. Тақырыпқа байланысты баяндама оқылып, слайд көрсетілді.

Ағымдағы жылы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы ерекше аталып өтті. Облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің әртістері мен өнерпаздарының театрландырылған көрінісі, концерттік бағдарламасынан өзге, түркітілдес мемлекеттердің бұлбұлша сайраған әншілері мен мың бұралған бишілері «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында орталық «Достық» алаңында өз өнерлерін көрсетті.

Концерттік бағдарламада Түрікменстаннан келген «Лебап» би ансамблі «Түркмен» ал, Сербия Республикасынан келген «Свети Джарджа» би ансамблі «Сербия» халық билерін билеп, жиналған қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады. Грекия елінің «Динклер ханымэли» би ансамблі Бати Тракья әуендерінен поппури ұсынып, қазақтың «Еркем-ай» әнін көрермендермен бірге шырқады. Солтүстік Кипрден келген Дюлек Нафиз «Чат Капы» әні мен түрік әндерінен поппури орындап, жас буынды асыр сала билетті. Оның өнеріне ризашылығын білдірген жастар ду қол шапалақтап, ерекше қошеметтерін білдірді. Сондай-ақ, Саха-Якутия Республикасының әртісі Артур Семенов Жамбылдықтарға деген сый-құрметін шаңқобызда ойнаған әсем әуенімен жеткізді. Орталықтағы тыңдармандар оның өнеріне қатты тамсанды. Келген қонақтардың тағы бірі – Молдованың Гагауыз елінен келген «Дюз-Ава» ансамблі түрлі аспаптарда «Гагауыз сюитасы» әнін орындаумен концерттік бағдарламаны қорытындылады. Наурыз мейрамын тамашалауға жиналған көпшілік көтеріңкі көңіл сыйлаған түркітілдес мемлекеттердің өнерпаздарына алғыстарын жаудырды.

«Ұлыстың ұлы күні- әз Наурыз»

Кеше, 17 наурыз 2017 жылы Тараз қаласының мемлекеттік архивінде «22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай» іс-шара болып өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары, қызметкерлері және Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің басшысы қатысты. Мекеме қызметкерлері қазақтың ұлыттық салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Келін түсіру», «Бет ашар» салт-дәстүрлері бойынша көрініс көрсетілді және мекемеден зейнетке шыққан ардагерлер шақырылып, дастархан жайылды.

22 наурыз күні Облыс көлеміндегі мәдениет және өнер мекемелерінде, орталық «Ұлыстың ұлы күніне» арналған театрландырылған көрініс, концерттік бағдарламалар мен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Мерекелік шара барысында облыстық "Достық" алаңында түркітілдес мемлекеттердің (Түркменстан, Солт.Кипр, Молдова, Башқортостан, Саха-Якутия) өнерпаздары және қайраткерлерінің қатысуымен Халықаралық Наурыз концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Үш тілді меңгерген әртүрлі сала өкілдерінің алған білімі мен тәжірибесін шыңдау, тілдік орта қалыптастыру
мақсатында құрылған «Тілдік алаң» отырысы өтті

Әрбір халықтың тіліне оның өткені, яғни тарихы, сол халықтың мекен еткен ортасы, өзге ұлттармен өзара қарым-қатынасы нәтижесінде, ішкі-сыртқы факторлардың әсері болатыны тіл ғылымы саласында дәлелденген. Тіл деген - үнемі өсіп, өзгеріп тұратын динамикалық құбылыс. Мемлекеттік тіліміздің өркендеуіне, пайдалану аясының кеңеюіне және ел азаматтарының орыс, ағылшын тілдерді меңгеруіне еселі еңбек отырған аудандық тілдерді оқыту орталығының және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Тілдік алаң» алғашқы отырысы болып өтті.

Отырысқа облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғ.Боранбаева, Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы П.Оспанов, Н.Молдабекова, А.Абдрахманова және А.Сейтқадырова қатысты.

Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пернебек Оспанұлының құттықтау сөзін білдіріп, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы - Молдабекеова Нұрбану Оңғарбекқызы өткізіліп отырған «Тілдік алаңның» ережесін, мақсат-міндетін түсіндіріп өтті.

Кезекті сөз алған Тілдерді оқыту орталығының ағылшын тілі оқытушысы –Сейтқадірова Ардақ шараға қатысушыларға өз ойын ашық және еркін ағылшын тілінде жеткізуіне толық мүмкіндіктері бар екендігін, отырысқа емен-еркін қатысып отыруларына айтты.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – өмірдің гүлі»
тақырыбында мерекелік кездесу кеші

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік кездесу кеші ұйыдастырылып, өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушылардымейірімділікке, ата-анаға деген сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Кездесу кешінежерлес ақынымыз, сазгер, әнші Битенова Үміт Қыранқызы және Қазақстанның үш дүркін барысы Бейбіт Ыстыбаевтың анасы Жұматаева Ләззат Аяшқызы, сонымен қатар№37, №38 мектеп оқушыларымен мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысындакеш қонақтарына оқырмандар арнау өлеңдер жолдады. Келген қонақтардың өмір жолдары оқырмандарға таныстырылып, оларға сұрақтар қойылды.

Ақын Үміт Битенова өнер жолындағы қызықты сәттерімен бөліссе, атақты қазақ күресінің алыбы Бейбіт Ыстыбаевтың анасы отбасы мен баласы жайында әңгіме өрбітті. Кітапхананың кітап қорында сақталған Үміт Битенованың кітаптарынан тұрақты оқырмандар өлеңдер оқып, халыққа кең танымал әндерін шырқады. Сондай-ақ «Ана – өмірдің гүлі» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, арнайы дайындалған слайд көрсетілді.

«Аңызға айналған аналар» атты фотогалерея көрмесі өтті

Тараз қаласының мемлекеттік архивінде «Аңызға айналған аналар» атты фотогалерея көрмесі болып өтті. Фотогалерея көрмесіне Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшылары, Жамбыл облыстық, Тараз қалалық және аудандық мемлекеттік архивтерінің басшылары, Жамбыл облысының, Тараз қаласының «Құрметті азаматы» атақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және ҚР Үкіметінің жоғары наградаларына ие болған ардақты аналар мен қаланың, ауданның дамуына зор үлес қосқан мақтаныштары, ару қыздары, облысымыздың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Атап айтатын болсақ, Габидуллина Зульфия Раухатқызы, Қоңырова Самиха Қоңырқызы, Қожамжарова Дария Пернешқызы, Назарбекова Күләш Айтбайқызы, Салықова Нұрсифат Рахымбайқызы, Султанова Кульбарам, Сейдалина Қосайкүл Сатыбалдықызы, Рахымжанова Мәкен Рахымжанқызы, Кушекова Гүлнара Жалалқызы фотогалерея көрмесіне келіп тамашалады.

1 Наурыз - Алғыс күні

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде «1 Наурыз - Алғыс күні» мерекесіне орай Жамбыл облысына 1941-1958 жылдары шешен, ингуш, қарашай, қырым татарлары, грузиндер, әзербайжандар, гректер, ирандықтар т.б. ұлт өкілдерінің қоныс аударғаны туралы құжаттардағы мәліметке сүйене отырып, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Мадиева Сара Қабылбекқызы «24 хабар» телеарнасына сұхбат берді. Өз сұхбатында облыстық, қалалық, аудандық партия комитеттерінің құжаттарына сүйене отырып қазақ еліне жаңадан көшіп келген ұлттарға ерекше ықылас, тілектестік білдіргенін және бейімделуіне жағдайлар жасалғандығын, тіпті әр қоныс аударған отбасын үймен, жұмыспен, ірі қарамен қамтамасыз етілгендігі туралы мәліметтерді есептер, анықтамалар, баяндамалары бар партия құжаттарынан келтірді.

«Ел бірлігі - мемлекет тұрақтылығының кепілі» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында «Экстремизмге жол жоқ» тақырыбында аудандық өнер мектебінің суретші оқушыларының сурет көрмесі өтті

Талас аудандық тарихи-өлкетану музей мен аудандық өнер мектебінің суретшілерінің ұйымдастырумен музей экспозиция залында «Экстремизге жол жоқ» атты сурет көрмесі өткізілді.

Шарада алғашқы болып сөз алған музей бөлім меңгерушісі К.Қарабаева:

-Діни экстремизм діннің, имандылықтың атын жамылып әуелі жамағатты жағымды ниетімен баурап алып, біртіндеп түпкі мақсатын жүзеге асыруға дендеп кірісетінге ұқсайды. Қазіргі кезде экстремистік ыңғайға көше бастаған ағымдардың түпкі мақсатынан басында бейхабар болдық емес пе? Жетпіс жыл бойы атеизмнің бесігінде тербелген қоғамның сырттан келген ислам дінінің уағызшыларын құдды бір құтқарушылардай қабылдағаны тағы бар. Сөйтсек, исламның ішіндегі түрлі ағымдар елімізде оқу орындарын ашып, қайырымдылық қорларын ұйымдастырып, санамызға соны идеологияны сіңіріп, «таза дінге» үндей бастағанын кейін білдік қой. Ғасырлар бойы ұлттық дәстүрді ұлықтап, өзара үйлесімін тауып келген дініміз «таза емес» болып шықты, - деді. Жиын барысында сөз алған музей экскуршысы Сидалиева Марина бейне-ролик мен слайдпен сөйлеп, таныстырды.

Ал, «Өнер» мектебінің сурет пәнінің мұғалімі Анастасия Рыжова бұл ағымдар біздікі емес екенін, аулақ журу жайында сөз сөйледі.

Колледж мұғалімі А.Джумабева - діни сауатымызды ашып, дәстүрлі ислам дінімен жүрсек ағымдағылардың сөзі жүрмейді, жұмыстары тоқтайды, - деді. Білімгерлер мен оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар қайтарылды.

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына
28 жыл толуына орай көрменің өткізілді

Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 28 жыл толуына орай Талас аудандық тарихи-өлкетану музей мен Д.Қонаев атындағы орта мектебі әдеби сазды тарихи-көрме ұйымдастырды.

Шара барысында музей экскурсия жетекшісі Сидалиева Марина «Ауған соғысы: тарих, шындық, тағылым» атты баяндама ұсынды. «Ауған алапаты» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге аудандағы Ауған соғысы ардагерлерінің майдан даласындағы түскен суреттері, мерзімді басылым беттеріне шыққан мақалалары, қойын дәптері, Ауған елінің ақшасы қойылды.

Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері Талғат Сәрсеков және Сәкен Есқараев қатысты. Іс-шара патриоттық әндермен өрнектеліп, музей әкімшілігі тарапынан ардагерлерге сый-сияпат табысталды.

Кеш соңында бірқатар Ауғандық ардагерлер аудандық музейге келіп, көрмені аралап, жәдігерлермен танысты.

«Тараз қаласы мемлекеттік архиві» КММ-сі Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 60 мектеп және 53 бала бақшаларына «Іс жүргізу және архив ісі» бойынша кең көлемінде семинар сабағын өткізді. Аталған 113 мемлекеттік мекемелерінің құжаттамалық қызметінің мамандары қатысып, архив саласы қызметкерлерінен толық мағлуматтар алды.

Тараздағы «Достық» үйінде мәдениет қызметкерлеріне
Елбасы Жолдауы түсіндірілді

«Ежелгі Тараз қалашығы» аумағында орналасқан «Достық» үйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевтің қатысуымен Жамбыл облысындағы Мәдениет саласы қызметкерлерінің басын қосқан жиын өтті.

Жиын барысында Қуатжан Серікқазыұлы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мәселен, жолдауда айтылған 5 негізгі басым бағытты кеңінен түсіндіріп, халыққа жеткізді.Аталған жиынға қатысқан музей, театр, кітапхана тағы да басқа мәдениет саласының қызметкерлері, өлкеміздегі өнер адамдары жауапты хатшы Қуатжан Серікқазыұлына аймақтағы мәдениет салаларына қатысты сауалдар жолдап, толымды жауаптар алды.

Сонымен қатар жауапты хатшы алдағы өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі жөнінде министрліктің кәзіргі атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып, жиынға қатысушы мәдениет саласының қызметкерлерінің де, еліміздің әлемдік қауымдастық алдындағы абырой-беделін, танымдылығын арттыра түсуге игі ықпал етер Көрмеге қызу атсалысуларын сұрады.

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті

2017 жылыдң 24 ақпан күні Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Жамбыл атындағы Руханият орталығының ұйымдастыруыменОблыстық қазақ драма театрында Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты басқармаға қарасты мекемелер арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Іс-шараның ашылу салтанатындаЖамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасарыМ.Жинақбаева құттықтау сөз сөйледі.

Өнер сайына мәдениет басқармасына қарасты 12 мекемеден екі қызметкерден қатысты, барлығы 24 қатысушы.

Қазылық жасағанақын,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері– Қ.Асанов, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары–М.Жинақбаева, ақын, Жамбыл атындағы Руханият орталығының меңгерушісі –А. Өзбеков.

Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы бойынша:

І орын- А.Байжанов, Ж.Абуова (Облыстық халық шығармашылығы орталығы)

ІІ орын- А.Санатбаева (Облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы)

ІІІ орын- А.Ахметова (Облыстық филармония)

Ынталандыру дипломдарымен Б.Мырзатаева - (Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы), Г.Қырғызбай - (Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы), Г.Қырықбаева -(Облыстық орыс драма театры) марапатталды.

Қалған қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылды.

«Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында, 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай №10 орта мектебі 10 сынып оқушыларымен «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты әдеби - сазды кешөткізілді.

Іс – шараның мақсаты: Оқырмандарға мемлекеттік тілдің өркендеп оянуына, мәртебесін биік ұстау жөнінде, ана тіліміздің ерекшеліктерін насихаттау.

Шара барысында тіл туралыМұзафар Әлімбаевтың «Ана тілім күмбірле сарайында», Несіпбек Айтұлының «Ана тілі», Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі»өлендер оқылды.

«Азаттықты аңсаған айбынды Алаш»

Шара барысында 1916 – 1917 жылғы елі үшін жанын пида еткен ұлт – азаттық көтерілісшілері мен желтоқсан көтерілісінің қаһармандары туралы слайд , ал Амангелді Иманов туралы бейнеролик көрсетілді.

«Қазақ өнерінің бірегей тұлғасы»
дивертисмент кеші

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында әнші, Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың 80 жас мерейтойына орай «Қазақ өнерінің бірегей тұлғасы» атты дивертисмент кеші ұйымдастырылды.

Кітапханашылар әдемі баритон дауысқа ие әншінің өмірі мен оның тынымсыз, толассыз, үзілмес шығармашылық жолын, орындаған әндерін оқырмандарға таныстырды.

Кеш барысында әншінің өмірі мен тағдырластарымен бірге жүрген кездеріндегі сұхбаттары мен әндері архивтен алынған бейне таспа арқылы оқырмандарға көрсетілді. Кешке қатысқан кітапхана жанындағы «Дәстүр» клубының мүшелері, «Айрат» дуэті Нұрғали Нүсіпжановтың репертуарындағы Әсет Бейсеуовтың «Алтыным», Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әндерін нақышына келтіріп орындап, оқырмандардың көңілін көтерді.

Жамбыл медицина колледжінің білімгерлері Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында», «Келе жатыр құс қайтып» әндерін ерекше көңіл-күймен қабылдады.

Сонымен бірге, жастар арасында Н.Нүсіпжановтың орындауындағы әндер бойынша жарыс өткізіліп, сыйлықтар тапсырылды.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
тақырыбындағы Жолдауын насихаттау мақсатында
кинокөрсетілім ұйымдастырылды

2017 жылдың 6 ақпанында «Облыстық кино орталығы» КМҚК кинозалында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кинокөрсетілім болып өтті. Кинокөрсетілімге Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары М.Жинақбаева мен басқарманың мамандары қатысты. Сонымен қатар кино көрсетілімге мәдениет басқармасына қарасты «Облыстық халық шығармашылығы орталығы», «Облыстық қазақ драма театры», «Облыстық орыс драма театры», «Облыстық филармония», «Облыстық Ш.Уалиханов атындағы Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы», «Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы», «Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасы», «Облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы», «Облыстық тарихи-өлкетану музейі», «Облыстық архив», «Қалалық архив» қызметкерлері ат салысты. Кинокөрсетілімде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуінің бейнеролигі мен «Тәуелсіздік толғауы»аттыдеректіфильмдеркөрсетілді. Жиын Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ж.Жинақбаеваның үндеу жайында қорытынды сөзімен аяқталды.

«Жаһандық бәсекеге қабілетті Қазақстан»
атты дөңгелек үстел болып өтті

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарияланған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына орай«Жаһандық бәсекеге қабілетті Қазақстан» атты дөңгелек үстелбасындағы әңгіме өтті. Дөңгелек үстелді Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Қ.И.Башенова жүргізіп отырды. Архив директоры өз сөзінде Елбасының 31.02.2017 жылы Қазақстан халқына Жолдау жасағанын хабарлады. Ендігі кезекте сол жолдау бойынша жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтып, бүгінгі өткізіліп отырған дөңгелек үстел Жолдау тақырыбына арналғандығын жеткізді. Жолдау туралы кеңінен түсіндіру үшін сөз кезегіархив ардагері, Қазақстанның Құрметті журналисі М.Рысдәулетке берілді. Ол өз хабарламасында Қазақстан жаңа жолға, жаңғыру жолына түскендігін айтты. Жаңа заман – техника, нанотехнологиялардың заманы. Жаңа технологияларды игере отырып, ұлттық рухымызды ұмыт етпеу - парыз. Рухы төмен халық өспейді. Рухы, көңіл-күйі көтеріңкі ел ғана болашаққа қадамын нық басады. Өзі жетіп тұрған адам жан-жағына қарайласады, қарайласпаған жағдайда да кесірін тигізбесі анық. Сондықтан да Елбасы қай кезде де елімізде орта тапты қалыптастыру керек екендігін айтады.Орта тапты көбейту үшін елімізде шағын кәсіпкерлікті дамытуға негізгі күш жұмсалуда. Кәсіппен айналысамын дегенге пайызы төмендетілген несиелер, субсидиялар беріледі.Мұның өзі –үлкен жеңілдік.

Қазақта «қадам басқан қыр асар» деген сөз бар.Жаһандану заманының талабы көп. Жаңа білімдер игерілуі тиіс. Жұмыста жаңа талаптарға сай құралдар қамтамасыз етілуі керек. Мұның бәрі – жаһандану, жаңғыру.

Жолдауда жемқорлық мәселесі тағы да айтылды. Жемқорлық болған жерде өсу болмайды. Бізде демократия. Оның бір дәлелі – біз еркін сөйлеп, еркін жүреміз. Қолда барымызды бағалай білейік. Келешек ұрпаққа қалдырар мұрамыз – дәстүрімізді сақтау жайында ойланайық.

«Тараз қаласы мемлекеттік архиві» КММ-де 2017 жылдың 1 ақпанында «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I Заңына» енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы семинар сабағы болып өтті.

Семинар сабақта Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға жеке-жеке талдама жасалып, қызметкерлер арасында талқыланды. ««Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I Заңына» өзгертулер мен толықтырулар енгізу мақсаты- архив саласын дамыту, қызметін жетілдіру болып табылатындығын бір ауыздан айқындады.

«Елбасы жолдады - елі қолдады»
баспа ақпарат

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті халқына арналған «Қазақстанның Үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында «Елбасы жолдады – елі қолдады» атты баспа ақпарат іс-шарасына жиналды.

Елбасының кезекті Жолдауын қызметкерлер мен оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, оның басты мақсаты: елдің әлеуетін көтеру мен елді мекендердің инфрақұрылымдарын жақсарту екенін, ұлттық экономиканың түр-тұлғасын жаңа форматқа көшіруге бағытталғанын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның модераторы, кітапхана директоры Абдинова Э.Е. ашып, Жолдаудың негізгі 5 басымдығымен қатысушыларды кеңінен таныстырды. Сонымен қатар, модератор, жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысы бар әлеуметтік мекеме қызметкерлері ретіндегі кітапханашылардың еліміздің адам капиталын құрастырудағы маңызды рөлін атап өтті. Жолдауды талқылауға қатысқан абонементтік қамтамасыз ету секторының меңгерушісі А.Ахметбекова, құжаттарды жинақтау, өндеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің кітапханашысы Ш.Ералиева Жолдаудағы төртінші басымдық - адам капиталының сапасын жақсарту төңірегінде ойын ортаға салды. Оның ішіндегі білім саласы, кәсіптік білім беру, денсаулық саласындағы медициналық сақтандыру жүйесі, әлеуметтік қамтамасыз ету саласына қатысты тармақтарына ерекше тоқталып, Елбасының көрегендігіне таңданысын жеткізді.

Кезекті сөзді оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Б.Тоқсанбаева алып, Жолдаудың саяси бағыттары елдің сыртқы және ішкі экономикасына үлкен нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлықпен күресудегі бағыттарына, діни экстремизмге қатысты тармағына тоқталды.

Мерзімді басылымдар секторының меңгерушісі К.Тұрсынбаева Жолдауды қолдау аясындағы мерзімді басылымдар беттерінде осы күндері жарияланған мақалаларға библиографиялық шолу жасады.

Сөз сөйлегендер әріптестерін барша Қазақстан халқымен бірге Елбасы Жолдауын барынша қолдап, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып, Жолдаудың негізгі қағидаларын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау мақсатында түрлі ақпараттық, көпшілік-мәдени іс-шаралар өткізуге шақырды.

«Жағдай қалай, жас қалам?» атты жас жазба ақындармен
дөңгелек үстел өтті

2017 жылғы 31 қаңтада Жамбыл атындағы «Руханият» орталығынының мәжіліс залында «Жағдай қалай, жас қалам?» атты жас жазба ақындардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты - жас қаламгерлердің шығармашылық бағыттарын байыптау, ұлтқа, болашаққа пайдалы шығармалардың жазылуына ықпал ету, әуесқой клуб құру, туындаған мәселелерді бірлесіп шешуге ұмтылу.

Дөңгелек үстелге жас жазба ақындар Нұржан Қадырәлі, Арайлы Жақсылық, Нұрболат Жолдасбек, Дархан Әбдіманап, Нұрлыбек Құрманов, Дархан Аппазов т.б. қатар БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара басталмас бұрын жас қаламгерлердің көзқарасы, ұстанымдары, ой-пікірлерімен танысу мақсатында сауалнама таратылды.

Дөңгелек үстелді ақын Ахметжан Өзбеков жүргізіп отырды. Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары М.Жинақбаева алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталып, ақындардың көкейлерінде жүрген ойларын ортаға салуға шақырды. Облыстық халық шығармашылығы орталығының бас редакторы Т.Әбдікәрімова орталықта жас жазба ақындармен бірлесіп жүргізілген іс-шараларға шолу жасаса, орталықтың көркемдік жетекшісі Э.Дүтбаева 2017 жылы наурыз айында өтетін «Бір әуен, бір өлең» атты жобамен таныстырып, ұсыныстарын беру қажеттігі жөнінде айтты.

Ақындар Н.Қадырәлі, Н.Жолдасбек, А.Жақсылық поэзия әлеміндегі жаңалықтар мен шешімін табуды қажет ететін мәселелер жөніндегі ойларын ортаға салды.

Іс-шара барысында жас қаламгерлердің әуесқой бірлестігі құрылып, жетекшілігіне жас ақын А. Жақсылық бірауыздан сайланды. Алдағы уақытта осы клуб бірлестігінің ұсынысымен жас жазба ақындардың поэзия кештері, түрлі кездесулер, поэтикалық дуэльдер, әлеуметтік желілерде поэтикалық жастар ортасын құру т.б іс-шаралар жоспарын әзірлеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Соңында жас ақындар өздерінің өлеңдерін оқып, іс-шара жақсы көңіл күймен аяқталды.

«Халықтың бастапқы терроризмге қарсы әрекеті және діни экстремизм» семинар дәріс

Жамбыл облыстық балалар мен жасөсірімдер кітапханасында 2017 жылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша семинарлық кестеге сәйкес 26 қаңтарда кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Халықтың бастапқы терроризмге қарсы әрекеті және діни экстремизм» тақырыбында семинар дәріс өткізілді.

Аталған семинарда Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД-нің терроризмге қарсы орталығының қызметкері Нигметов Марат және Жамбыл облысы ішкі істер басқармасының экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Тәжиев Малик Нарбаевич «Халықтың бастапқы терроризмге қарсы әрекеті» тақырыбында семинар дәріс оқыды. Берілген мәліметтер барысында, теріс ағымдардағы адамдардың қоғамға қауіпті екендігі, «нағыз» терроризм мен қоса «жалған» терроризм айтарлықтай мәселе тудырып отырғанын, телефондық террористер көбіне балалар мен жасөспірімдер болатынын, әрбір ата-ана өз балаларына терроризмнің қауіпті екендігі туралы түсіндіруі және мұндай жағдайда әрқайсымыздың мұқият болуымыз туралы айтылды. Қазіргі кезде елімізде бел алып бара жатқан 15000, ал облысымызда 1200 адамның бар екендігі және оларға шектеу қою жайында Парламентте арнайы заң қарастырылып жатқандығына тоқталды. Семинар соңында «Діни экстремизм мен терроризм» жайында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.

«Ән әлемнің падишасы»

Халық Қаһарманы Роза Бағланованың 95жасқа және Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың 80 жасқа толуына орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Ән әлемнің падишасы» атты ән кеші өткізілді.

Кештің мақсаты қазақ ән өнерінің дара тұлғасы, Кеңес Одағының халық әртісі, Халық қаһарманы, Роза Бағланова мен Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Нұрғали Нүсіпжановтың ғұмыр жолы мен жасаған еңбектерін кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау.

Іс – шараға арнайы шақырылған Жамбыл облыстық филармонияның әртістері Р.Бағланованың және Н.Нүсіпжановтың орындауындағы әндерді айтып, кешті көңілді өткізді.

Бүгін Тараз қаласында Қазақ КСР Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың туғанына 105-жыл толуына орай ескерткішіне гүлшоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға облыс, қала әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Гүл қою рәсімінен кейін шараға қатысушылар Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында арнайы ұйымдастырылған 8 бөлімнен тұратын кең көлемді «Ғасырдың дара перзенті» кітап көрмесі мен «Шын аты оның Тазалық пен Тектілік» атты электронды презентациясын тамашалады.
Презентация үстінде Оңтүстік Қазақстан облысының «Ботбай» ұрпақтарының өкілдері кітапханадағы ұйымдастырылған шараға ризашылығын білдіріп, Д.А.Қонаевтың портреті бейнеленген кілемді, Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қорының Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы, Жамбыл облысының құрметті азаматы А. Карентаев кітапханаға «Дінмұхамед Қонаев және Әулиеата өңірі» Естеліктер 1-кітабын, «Д.А. Қонаев» атты өмірі мен қызметі туралы брошюраны сыйға тартты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа қазақтың ұлы ойшылы Абайдың әкесі – Құнанбай Өскенбайұлы туралы түсірілген «Құнанбай» фильмінің шығармашылық тобы лайық деп танылса, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық қазақ драма театры» КМҚК-ның бірінші дәрежелі актрисасы Нұрсифат Салықова Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. ҚР әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық әдебиет және өнер қайраткерлері үшін қоғам мен мемлекет алдындағы ең жоғарғы марапат болып саналады. Мемлекеттік сыйлық ҚР азаматтарына екі жылда бір рет отандық мәдениеттің дамуына үлес қосқаны үшін өнер және әдебиет адамдарына беріледі. Естеріңізге сала кетсек, «Құнанбай» тарихи көркем фильмі былтыр қыркүйек айында прокатқа шықққан. Осы жылдың қыркүйек айында Ресейдің Липецк қаласында өткен XII Халықаралық мұсылман кино фестивалінің негізгі байқауында көрсетілген болатын.

«ТАРАЗ – ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ»

2017 жылы 06-қаңтарда Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің» ұйымдастыруымен «ТАРАЗ – ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ»атты құжаттар көрмесі мен дөңгелек үстел басындағы әңгіме өтті.

Осыдан жиырма жыл бұрын 1997 жылы 8-қаңтарда Жамбыл қаласының киелі де, қасиетті орындарының бірі Қарахан кесенесінің алдында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жамбыл қаласына Тараз атауын беру туралы тарихи Жарлығына қол қойды. Бұл Жарлық біздің, Тәуелсіз Қазақстанның, тарихын айшықтаудың жаңа беті болатын. Себебі ғасырлардан тамыр тартқан орта ғасырда Жібек жолының інжу маржаны болған Талас өзенінің бойындағы байырғы Тараз атауын қайта жаңғырту тарихымызды айқындауға жол ашты. Тараз атауымен бірге халқымыздың тарихы да жаңа белеске көтерілді.

Тарихи оқиғаға байланысты құжаттар мен фото суреттер көрмесі ұйымдастырылып, дөңгелек үстел басында әңгіме өтті. Іс-шарада сол тарихи оқиғаның айғағы болған жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының бейне репортажы көрсетіліп, салтанатты сәт еске алынды. Оның мәні мен маңызы айшықталды.

Құжаттар көрмесіне сол кездегі Жарлықтың көшірмесімен қатар Елбасына «Тараз қаласының Тұңғыш Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімнің көшірмесі де қойылды. Тарихи сәттің көріністері бейнеленген суреттермен қатар қаланың бүгінгі, совет өкіметі кезеңдеріндегі фотосуреттеріде көрмеге қойылды.

Дөңгелек үстел басындағы әңгімені Қазақстанның Құрметті журналисі Мақұлбек Қайыпбекұлы Рысдәулет бастап, жүргізіп отырды. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Қабылбекқызы Мәдиева сол кезде Жамбыл қаласы әкімшілігінің қызметкері ретінде тарихи оқиғаның куәгері болғаныдығы туралы естеліктер айтты. Облыстық архивтің директоры Қалдыкүл Икрамханқызы Башенова, Тараз қалалық мемлекеттік архивтің директоры Бахыткүл Жарқымбайқызы Әбдікерімова, облыстық архивтің бас қор сақтаушысы Жібек Әзімжанқызы Есентаева Тараз қаласының бүгіні мен өткені туралы, архив құжаттарындағы деректер туралы әңгіме қозғады.Облыстық архивтің бөлім басшысы Назым Қожамарова көрмеге қойылған фото және құжаттар туралы әңгімеледі.

Облыстық БАҚ өкілдерін алғыс білдіру рәсімі өтті

2016 жылы сағат 27 желтоқсанда Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығы аясында және Облыстың бас музейінің 85 жылдығына орай облыстық БАҚ өкілдерін музей жұмысын жариялауда орасан зор еңбектері үшін алғыс білдіру рәсімі өткізілді.

Аталған іс – шара салтанатты сәттен басталды, БАҚ өкілдерінің мүшелері және музей қызметкерлері қатысты. Музейдің жылды қортындылау іс-шарасына музеймен тығыз жұмыс атқарған редакция ұжымдары мен тілші қауымдарына алғыс білдіріп, марапаттау рәсімі өтті.

Сөз, Қоғам және Ар жауапкершілігін арқалаған журналистер қауымы болып саналады.Әрине журналистердің бұл еңбектері әркез жоғары құрметке лайық. Ел дамуы мен тәуелсіздікті нығайту жолында сіңірген еңбектері орасан екендігі анық. Міне сол еңбектерінің бірі әрі үлкені Музейдің - уақыт пен ұрпақты байланыстыратын ата – баба мұрасы сақталған киелі орын екендігін бүгінде барша қазақстандықтар, жамбылдықтар музейдің жұмысымен танысып қана қоймай, Қазақ халқының өткен тарихын, мәдени мұрасын, асыл қазынасын көзбен көріп, жүрекпен сезіп таныстырып келеді.

Осындай мақсатта ұйымдастырылып отырған іс – шарада БАҚ өкілдеріне музейдің 85 жылдығына арнайы шыққан «Музей – тарих айнасы» атты журнал - альманах және бүктемелер сыйға берілді.

Марапатталғандар: Облыстық «Знамя труда» газеті редакциясы, «Жамбыл Тараз» газеті редакция ұжымдарына алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыс етілді.«Ақжол» , «Арай» газеті редакция тілшілерімен қатар, «77 - tv», «Қазақстан - Тараз» телеарналарының тілшілерінеде алғыс білдіріп, сый құрмет көрсетілді.

«АРХИВ –ТАРИХ ШЕЖІРЕСІ» атты конференция өтті

2016 жылдың 23 желтоқсанда Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғимаратының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мәжіліс залында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Архив - тарих шежіресі»атты облыстық конференция өтті. Конференцияға Жамбыл облысыәкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы мен архив бөлімінің қызметкерлері, Жамбыл облысының мемлекеттік архивтерінің директорлары мен қызметкерлері, мұрағаттарда жеке тектік құжаттары сақтаулы атпал азаматтар Сағындық Ордабекұлы, Бәтес Шәйменқызы, Сағат Сұлтанұлы және Нұркүл Құлтайқызы Оспанбекованың бастаған бір топ архив саласының ардагерлері қатысты.

Конференцияның басы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында облысымыздағы архив саласының тарихы жайында жазылған «Архив – тарих шежіресі» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді. Кітаптың авторы Қазақстанның Құрметті журналисі, жазушы, архивтанушы Мақұлбек Қайыпбекұлы Рысдәулет.

Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Қабылбекқызы Мәдиева жүргізді және «Жасампаз 25 жылда архив асқан асулар» тақырыбында баяндама жасады. Конференцияда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жанындағы «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Жанна Мәмбетқызы Сейтқұлова«Архивтегі этностар тарихы туралы деректер», Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы «Жүсіп Баласағұн» атындағы Түркістан өлкесінің тарихи-зерттеу орталығының жетекшісі Ордалы Молдалыұлы Қоңыратбаев«Өткенімізді білу – келешек үшін», Жамбыл ауданының Ақбұлым ауылындағы Баймырза Беспаев атындағы мектептің ардагер-ұстазы, өлкетанушы Жамбыл Баймырзаұлы Беспаев «Барымызды бағалап, жинақтап, сақтау - парыз», Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің мұрағаттанушысы, Қазақстанның Құрметті журналисі Мақұлбек Қайыпбекұлы Рысдәулет «Н.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» кітабындағы ұлық қағидалар» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Іс-шара соңын Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаев қорытындылап, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында марапатталған архивистерді құттықтап, өз сөзінде: «Облыстың, қаланың, ауданның тарихын жинақтап, сақтап және құжаттарды саралау, жариялау аса маңызды екені белгілі. Бұл мұрағатшылардың басты міндеті. Осы бағытта үйлесімді жұмыс жүргізіп келе жатқан мұрағаттардың тарихын жинақтау қажеттілігі туындап отыр.

Тәуелсіздік жылдары ғана барлық аудандар да және Тараз қаласында архивтер жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда облыстағы мұрағат мекемелерінің саны 12-ге жетіп отыр, ондағы 200-дей қызметкер өңірдің өткен тарихын зерделеп, асыл мұраны халқымыздың ертеңіне пайдалану жолында аянбай еңбектенуде.

Бүгінгі күні жеке және заңды тұлғалардан әр түрлі өтініштер түседі. Орта есеппен жылына 14000-нан аса өтініш түседі. Олардың бәріне белгіленген уақытта жауап беріледі. Бұл деректің артында қаншама еңбек, төгілетін тер бар екенін екінің бірі біле бермейді.

Қазіргі кезде бір ғана Жамбыл облысының мемлекеттік архивтерінің сақтауында 4441-ге жуық қор және 800 мыңға жуық құжат жинақталған. Хронологиялық тұрғыда құжаттар 1917 жылдан осы күнге дейінгі уақытты қамтиды. Бұл құжаттарда өңірде жүргізілген индустрияландырудың, ұжымдастырудың және мәдени құрылыстың негізгі кезеңдері айшықталған. Кез келген тарихи құжат ұлттық қор болып есептелінеді. Сондықтан да сақтау, зерделеу өте маңызды. Осы мақсатты орындау үшін архив құжаттарын жариялауға соңғы кездері ерекше мән берілуде.

Алдағы уақытта мұрағатшылар басқа тақырыптарда да қалам тербейді. Мұның бәрі бүгінгі ұрпаққа, болашақ үшін аса қажет. Осыны назарда ұстаған мұрағатшылар тарихи құжаттармен жұмысты бүгінгіден де жақсартып, зерделеу, сараптау, анықтау бағытында жүйелі жұмыстарды жүзеге асыратын болады» - деді.

«Ақындық таным мен айту мәдениеті» атты дөңгелек үстел туралы мәлімет

2016 жылдың 21 желтоқсанда Жамбыл атындағы Руханият орталығында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ақындық таным мен айту мәдениеті» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты - ұлттық мәдениетімізді сақтау, жас ұрпаққа айтыс өнерінің маңыздылығын ұғындыру, айтыс өнерінің мәселелері туралы пікір алмасу. Аталған жиынға 14 айтыскер ақындар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған іс-шараны Жамбыл атындағы Руханият орталығының бөлім меңгерушісі айтыскер ақын Ахметжан Өзбеков жүргізіп отырды.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасының басшысы Д.Бықыбаев дөңгелек үстелді ашып, облыста ақындар айтысын дамытуға бағыттаған шараларға тоқталса, Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғ.Садырбаев алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар туралы, орталықтың бас редакторы Т.Әбдікәрімова облыста 2015-2016 жылдары өткізілген ақындар айтыстары мен ақындарға орталық тарапынан көрсетілген жұмыстарға сараптама жасады.

Дөңгелек үстел барысында облысымызға танымал айтыс ақындары А.Исақов, А.Бекмұсаев, Е.Досалы, К.Сәрсенбаева, Б.Жұмабеков «Қазақстан Тараз» телеарнасының тілшісі М.Нұрланқызы көкейде жүрген ойлары мен ұсыныстарын жеткізді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
арналған «Тәуелсіздік таңдары» атты мәдени-танымдық концерт өтті

2016 жылдың 15 желтоқсанында Тараз қаласындағы №5513 әскери бөлімінің акт залында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңдары» атты мәдени-танымдық концерті ұйымдастырылды.

Іс-шара әскери бөлімнің салтанатты жиналысымен басталып, облыстық филармониясы өнер иелерінің концерттік бағдарламасына ұласты. Жиналған көрермендерге «Ақкербез» би ансамблінің орындауында «Жайлауда» қазақ биі, дуэт Сұлужан Әбенова мен Марғұлан Әлсейітовтың орындауында «Ауыл жатыр той жасап», «Алатау» триосы және Жұлдыз Уксикбаева, Айгүл Есекееваның орындауында «Біз біргеміз» әні, «Кәусар» квартетінің «Жаса туған жер», «Брайс», «Иірім» әншілер тобының және т.б. әсем әндері ұсынылды.

Сондай-ақ, көрермендерге «Тәуелсіздік толғауы», «Тәуелсіздік тұғыры», «Тәуелсіздік таңдары» деректі фильмдері көрсетіліп, мекеме фойесінде тарихи жәдігерлерден (археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қыш ыдыстар, құмыралар, су құйғыштар, қола шырақдандар) және облыстық қылқалам шеберлерінің туындыларынан тұратын жылжымалы көрме қойылды.

Концерт соңында әскери қызметкерлер құттықтау сөздері мен ерекше ілтипаттарын білдіріп, салтанатты кешті ұйымдастырушы мекемелерге Алғыс хаттар тапсырылды.

Бұл игі іс-шара №2035 әскери бөлімінде, қалалық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында да жоғары деңгейде ұйымдастырылған болатын.

«Ақын. Сатирик.Журналист» атты кездесу кеші

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында 2016 жылдың 15 желтоқсаны күні Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Әулиеталық оқырмандар мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп жүрген ақын, сатирик, Қазақ радиосының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, журналист Бақытжан Советұлының 50 жасқа толу мерейтойына орай шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ақын. Сатирик.Журналист» атты кездесу кеші өтті.

Іс-шараны кітапхана директоры Эльмира Абдинова ашып, жүргізіп отырды. Кеш барысында Бақытжан Советұлы өз шығармашылығы төңірегінде ой өрбітіп, көрермендердің сауалдарына жауап беріп, сатиралық өлеңдерін оқыды. Абай атындағы педагогикалық колледж білімгерлері Ә.Жәнібек, С.Абаева, З.Тойшыбековалар ақынның өлеңдерін оқып, сатиралық қойылымдар қойды. Сондай-ақ, 20 жылдан астам бір салада қызмет атқарған Асқарбек Сейілхан, досы Құрманғазы Демешов, ел аузындағы әңгімелерді жинақтап, жазып жүрген журналист Оралхан Дәуіт және облыстық Ақжол газетінің тілшісі Есет Досалы Егемен Қазақстан газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Бақытжан Советұлы туралы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, оқырмандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кітапхана жанынан құрылған «Қаламгер» клубының мүшелері сатиралық өлеңдері жайында пікірлерін білдірді. Іс-шара соңында кітапхана директоры Э.Абдинова Бақытжан Советұлына шығармашылық табыс тілеп, сый-сияпат көрсетті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
«Жаңа Есім - 2016» Гала концерті

2016 жылдың 14 желтоқсанда «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жаңа Есім - 2016» Гала концерті өтті.

Концерт Сарысу ауданының халықтық атағы бар «Айжанқыз» би ұжымының «Тәуелсіздік тұғыры» композициялық биімен ашылды.

Гала-концерттің ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғ.Садырбаев құттықтау сөз сөйлеп, басқарма басшысы Д.Бықыбаев облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жобалар аясында Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай өткен «Тыңда, дала, Жамбылды!» атты республикалық әнші-термешілер байқауының үздік 12 термесі, Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» әншілер конкурсының және «Жаңа Есім-2016» Гала концертінде орындалатын үздік әндері енген СD дискілердің тұсауын кесті.

Бұл Гала- концерттің ерекшелігі облыстық кастингтен өткен «Жаңа Есім - 2016» иегерлері: Ғ.Бірімқұл (Шу ауданы), Н.Қойшыманов (Байзақ ауданы), Т. Сейілғазы (Жамбыл ауданы), Ж.Сәрсенбаева (Жамбыл ауданы), Сүндет Әсел (Жамбыл ауданы), А.Ибрагимова (Жамбыл ауданы), Ә.Тұраров (Тараз қаласы) тәлімгерлік еткен облыстық филармонияның белгілі Назима Үсенова, Маралбек Бабақұлов, Оңал Азаматова, Жақсылық Ажмұханов секілді өнер иелерімен бірге жұп болып ән шырқады. Сондай-ақ, арнайы «Жаңа Есім 2016» номинанты белгісімен және дипломмен марапатталды.

Халықтық «Вояж» шоу балеті, халықтық «Айжанқыз» би ұжымының мың бұралған бишілері орындалған әр әнді ерекше билерімен көрерменді тәнті етті.

Гала-концерт соңында «Жаңа Есім» гимнін барлық кастинг жеңмпаздары мен олардың тәлімгерлері қатысушылармен бірге шырқады.

Жобаға арнайы «Жаңа есім» гимнін жазған және жеңімпаздар орындаған жаңа әндердің авторлары қонақ ретінде шақырылып, халық қошеметіне бөленді.

«Сыбайлас жемқорлық - қоғамдық дерт» тақырыбында
пікір алмасу өтті

2016 жылдың 9 желтоқсан күні «Тараз қаласының мемлекеттік архиві» КММ-де «Сыбайлас жемқорлық - қоғамдық дерт» тақырыбында қызметкерлер арасында пікір алмасу өтті.

Жиналыста сыбайлас жемқорлық (пара) туралы слайд көрсетілді. Мекеме басшысы Б.Абдыкаримова мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты проблемаларды атап өтіп, олармен күресу баршамыздың міндетіміз екендігін, біз өзімізден бастап, жемқорлыққа қарсы шектеулерді орындап, қызмет мәртебесін қызметтік емес мақсаттарда пайдаланбау, азаматтардың құқығы мен заңды мүддесіне нұқсан келтірмеу міндеттерін басты назарда ұстау қажеттігін және алда тұрған мақсаттарды шешу үшін біздің жұмысымызда бірлесе адал жұмыс істеу маңыздылығын айтты.

2016 жылдың 29 қараша күні Тараз қалалық мемлекеттік архивінде «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Ащық есік күні өткізілді. Мұрағаттық анықтамаларын беру мемлекеттік көрсетілетін қызетті берушіге, ХҚКО-на құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтің нәтижесі бекітілген стандартқа сай күнтізбелік 15 күн ішінде, ал мұрағаттық анықтаманың нәтижесі қанағатсыз болған жағдайда 3 күн ішінде жауап берілетіні туралы заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру басты міндет!»

Бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі-сыбайлас жемқорлықпен күресу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін жүйелендіру және күшейту мақсатында Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 Қаулысы қабылданған болатын.

Қабылданған құжаттарға сәйкес, барлық мемлекеттік органдар өзіндік құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті.

Осыған байланысты, 2016 жылдың 7 желтөқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру басты міндет!» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге аудандық архивтің қызметкері, байланыс торабының және Халыққа қызмет көрсету ортылығының қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, ықпал ететін негізгі факторларды анықтау, Заңдар мен ережелерді дұрыс түсіндіру. Келген әрбір қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу үшін, жауапкершілік екені туралы ескертілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша, оның ішінде тәртіпті сақтау, құқықтық оқытуды тұрақты түрде жүргізу, сұраныспен келген әрбір азаматтардың өтініштерін дер кезінде қабылдап, нақты әрі сапалы түрде анықтамаға жауап беру туралы айтылып, іс-шара сұрақ-жауап, пікір алмасумен жалғасты.

Мекемеде қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таба беретін болады.

«ЖАМБЫЛ ЖАУҺАРЫ» атты виртуалдық шығармашылық конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы «Халық қазы – өнер таразы» ұстанымын ұстанып, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойы аясында «Жамбыл жауһары» атты виртуалдық шығармашылық конкурс ұйымдастырды. Өнер додасының бір артықшылығы, әлеуметтік желі қолданушыларының белсенді қатысуымен өтті. Яғни, әр қатысушының қаламынан туған шығармаларды «Вконтакте» әлеуметтік желісінің қолданушылары өзінің талғам-таразысынан өткізіп барып, дауыс берді (лүпіл лайк басу арқылы). Өлкеміздің өзгеше ерекшеліктерін, қоғамның азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыруды көксеген өнер аламанының фотосурет және бейнелеу номинациялары бойынша 123 шығармашылық жұмыстары конкурсқа жіберілді. Дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаздар да анықталды. Облыстық көрме залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «ЖАМБЫЛ ЖАУҺАРЫ» атты виртуалдық шығармашылық конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Конкурс қорытындысы бойынша Бейнелеу өнері номинациясы бойынша 1718 дауыс жинап, үздік өнер көрсеткен Тұрар Әбумансұр (Тараз қаласы)- I орынмен, 1195 «лайк» жинап, үздік өнер көрсеткені үшін – Бауыржан Тажимуратов – (Жуалы ауданы) – II орынмен, 319 дауыс жинаған Айдар Сейтканов (Жамбыл ауданы)- III орынмен марапатталды. Фотосурет номинациясы бойынша 6650 дауыспен Қайсар Турсунбаев (Тараз қаласы) – I орынмен, 5874 дауыс жинаған Нұрдәулет Исатаев (Меркі ауданы) – II орынмен, 4543 дауыс- Нұршаш Ермаханова (Сарысу ауданы) – III орынмен марапатталды. Соңында марапаттау рәсіміне жиналған көрермендер саксафонның жанды орындауында байқау жұмыстарының көрмесін тамашалады

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бүгінгі күннің қажеттілігі. Себебі, сыбайластық қоғамның, бүкіл бір мемлекеттің ыдырауына әкеліп соғады. Сондықтан да Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «100 нақты қадам» бағдарламасын енгізіп, бағдарлама аясында 2015 жылдың соңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңы қабылданды.

9 - желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай 2016 жылдың 6 желтоқсанында Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы мемлекетттік қызмет істері министрлігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Әлібеков Серік Айдарұлы қатысып, Жамбыл өңіріндегі сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қалай жүріп жатқаны, жаңғырған заңның негіздері жайында айтты. Дөңгелек үстел басында облыстық архив қызметкерлерімен пікір алмасудан кейін, департамент әзірлеген арнайы видеороликтер көрсетілді. Іс-шараның соңы алдымызда келе жатқан Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаумен, келешек ұрпақты адал азамат болуға тәрбиелеу керек деген тілектермен қорытылды.

«Қариялы ел – қазыналы ел»
ардагерлермен кездесу кеші

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Қариялы ел – қазыналы ел» тақырыбында кітапхана ардагерлерімен кездесу кешін өткізді. Іс-шараның мақсаты: жас мамандарға ардагерлердің еңбек жолын үлгі тұту, үлкенді сыйлай білуге және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Іс-шара барысында шақырылған қонақтарымызға арнайы сөз беріліп, өмірлерінің қызықты кезеңдерімен бөлісті.Кітапхана ұжымы ардагерлерімізге ән шырқап, өлеңдер оқыды.

Сонымен қатар арнайы кітап көрмесі жасалып, слайд көрсетілді. Іс-шара соңында ардагерлерімізді Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, сыйлықтар ұсынылды. Кітапхана ұжымында Тәуелсіздігімізбен құрдас қызметкеріміз Н.Сағатбековаға сый құрмет көрсетілді. Кездесу кешіне қатысқан оқырмандарымыз үлкен кісілердің сөздерінен үлгі алып, өнегелі ой түйді.

«Мен өлкемді зерттеймін» жас жеткіншектер шығармашылық байқауының V кезеңі «Ежелгі Тараз»

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Мен өлкемді зерттеймін» жобасының V – кезеңі «Ежелгі Тараз» тақырыбына арналып 29 қараша күні өткізілді. Жас жеткіншектер жобасына 8 үміткер қатысып өздерінің зерттеп, дайындаған жобаларын слайд арқылы қорғап шықты. Жетекшілерімен келген қатысушылар Тараз қаласының тарихы тереңде жатқанын айтып, көптеген тың деректермен бөлісті. Әділ қазы алқасы әрбір қатысушыларға сұрақтар қойып отырды. Байқаудың бас жүлдесі №25 орта мектептің 11 «А» сынып оқушысы Жайылғанова Еркежанға әмбебап ас әзірлегіш (мультиварка) берілді, І орын Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 11 «Б» сынып оқушысы Қасымбай Бауыржанға шырынсыққыш (соковыжималка) табысталса, ІІ орын №6 орта мектептің 6 «Б» сынып оқушысы Махмудова Ренатаға тоқ шәйнек (электрический чайник), ІІІ орын иегері Иван Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Ким Оксанаға үтік (утюг) берілді. Сонымен қатар жетекшілері де алғыс хаттармен марапатталды. Осындай жобалардың одан әрі жалғасын табатынына үміткерлер сенім білдіріп жақсы көңіл күймен тарасты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтің
«Туған елім-тұғырым!» атты шығармашылық кеші туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында «Баласағұн» ОКЗ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтің «Туған елім-тұғырым!» атты шығармашылық кеші өз дәрежесінде өтті.

Кеш «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың өткен ғұмырына көз жүгіртуден басталып, облыстық филармониясы Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің орындауында композитордың «Жетісу сазы», «Толғау», «Самғау», «Нұрсұлтан» поэмасы, «Шабыт», «Ерке сылқым» сынды тағы басқа көптеген күйлерін тамашалаумен жалғасты. Кеш барысында көрермендер тарапынан күйші ағамызға шығармашылық өмірі жайында көкейтесті сұрақтар қойылып, барлығын тәнті еткен жауаптары тыңдалды. Сондай-ақ, әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Сәуле Желдібаева мен немересі Әбдімомын Нұрғиса әннен шашу шашты. Ал, 52 жыл мәдениет саласында еңбек етіп келе жатқан композитормен шығармашылық жайында тікелей сұхбатты облысымыздың Халықаралық көркемөнерпаздар одағының мүшесі, Халықаралық қазақ-қырғыз айтысының бас жүлдегері, ақын Алик Бекмұсаев жүргізді.

Мерейтой соңында кеш иесіне шапан сыйға тартылып, Жамбыл облысы әкімінің ықылас гүлі тапсырылды. Концертке Шу ауданының әкімі, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы Манжуов пен Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаевтар қатысып, өз құттықтауларын жеткізді.

отчет о гастролях ЮКО 2016

«Ұлы дала ұлағаттары» атты дөңгелек үстел

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елдігімнің ер тұлғасы – Елбасы» іскерлік портрет аясында «Ұлы дала ұлағаттары» дөңгелек үстел басына Жамбыл облыстық ардагерлер Кеңесінің мүшелері мен кітапхананың жас оқырмандары жиналды.

Іс-шараның мақсаты: жас оқырмандарға елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеруге көмектесу, қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, жастар жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ұялату, құрметтеуге баулу.

Жиын барысында ардагерлер, зиялы қауым және жастар өкілдері Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Ұлы дала ұлағаттары» еңбегін қызу талқылады.

Еңбектің әр тарауына сөз сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі Ж.Кәрібаев, банк мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметтері кәсіподақ комитеті облыстық филиалының төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі О.Есіркепов және Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі Ж.Майханов тоқталып өтті.

Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Қаламгер» клубының мүшелері, мектеп олимпиядаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық жанындағы «Полияциялық академия» үйірмесінің курсанттары, ТИГУ білімгерлері қатысты. Жалпы іс-шараға 70 адам қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылында қол жеткізген жетістіктерімізді паш ету, өзара тәжірибе алмасу, патриоттық әндерді насихаттау, өнерпаздардың шығармашылық белсенділігін арттыру, халықтың рухани мәдениеті мен мәдени байланысты мақсатында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ӘНІМ САҒАН АРНАЛАДЫ, ҚАЗАҚСТАН!» атты 25 үздік әндер акциясы өтті. Ғасырларға тең осы 25 жыл ішінде Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері ұшан теңіз. Біз мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мұның барлығы да Елбасының дара да дана саясатының арқасы. Ал, бүгін біз Тәуелсіздік жылдары ішінде толағай табыстарға қол жеткізген, іргесі берік, келешегі кемел мемлекет болғандығымызды әсем әндер арқылы паш етілді. Сонымен қатар Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнап алғаш рет шығарылған 4 жанрды қамтитын Жамбыл облыстық филармониясының СД жинақтарының тұсауы кесілді. Акцияға белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салған Жамбыл облысы ішкі істер департаменті қызметкерлерінен жасақталған хор ұжымы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы «Тараз» гарнизондық әскери бөлімдерінің көркемөнерпаздар ұжымы, Жамбыл облыстық филармониясы, қалалық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттер хор ұжымы, Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының көркемөнерпаздар ұжымы, Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатының көркемөнерпаздары марапатталады, «Мерей» тобы, «Талас» квартеті және Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қазақстанның Мәдениет қайраткері, композитор Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаевтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткен «Тәуелсіздік -тұғырым, мәдениетім - мәртебем!» атты Жамбыл ауданының Байзақ ауданындағы мәдениет және өнер күндері туралы ақпарат.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жоспарына сәйкес Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік -тұғырым, мәдениетім мәртебем!» атты Жамбыл ауданының Байзақ ауданындағы мәдениет өнер күндері үстіміздегі жылдың 25 қараша күні ұйымдастырылып, өткізілді.

Өзара тәжірибе алмасу аясында аудандардағы болып жатқан жаңаша өзгерістерді таныстыру, халықтың тұрмыс-салтын, әдет ғұрыптарын насихаттау, ауыл өнерпаздарының, жас таланттардың шығармашылық белсенділігін арттыру, халықтың рухани мәдениетін, ұмыт қалған халық шығармаларын жандандыру, ауданаралық мәдени байланысты нығайту мақсатында өткен Жамбыл ауданының мәдени іс-шарасы Байзақ аудандық мәдениет үйінің фойесінде Жамбыл ауданының зергері Мұхтар Қасымбековтың, қылқалам шеберлері Әділхан Әшімбаев, Айзат Темірбек пен Оңлабай Айбектің, қолөнер шеберлері Жібек Шәдіқожақызы, Жанар Орынбаева, Рыскүл Нұрманова, Сәрсенкүл Әбдікәрімованың, ағаш шеберлері Талғат Тәшметов, Жаңабіл Айдарбековтың шығармашылық еңбектерінен ұйымдастырылған көрмесінен бастау алды.

Байзақ аудандық кітапханасында ақын, фантаст, жазушы Байтанағали Төлентаевпен кездесу және Байзақ аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Мұхтарбай Рахманқұловпен кездесу өткізілді.

Кездесулерден кейін Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы атынан Іңкәрбекова Гүлфайруз Қапарқызының құттықтау сөзімен «Тәуелсіздік тұғырым – мәдениетім мәртебем!» атты Жамбыл ауданының көркемөнерпаздарының екі бөлімді концерттік бағдарламасына ұласты.

Концерттік бағдарлама Жамбыл ауданының өнерпаздары, «Аса сазы» халықтық ән-би ансамблі және оның мың бұралған бишілер тобы, «Дарын» халықтық театры қатысты. Концерттік бағдарламаның екінші бөлімін жүргізушілер жаңа әдіс пайдаланып, көрерменмен өнерпаздардың арасындағы байланысты орната отырып жүргізгені өте ұтымды болды.

Форма апталық есеп 21-26 қараша

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім мәртебем!» атты Мойынқұм ауданының Қордай ауданындағы мәдениет және өнер күндері туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім мәртебем!» атты Мойынқұм ауданының Қордай ауданындағы мәдениет және өнер күндері ү.ж. 23 қараша күні Қордай аудандық мәдениет үйінде өтті.

Мәдениет үйінің фойесінде Мойынқұм ауданының қолөнер шеберлері мен ауданның жетістіктері жайлы сурет көрмесі, екі мәрте Социалистік еңбек ері Ж.Қуанышбаев атындағы музейінің Ж.Қуанышбаевтың өмір тарихынан ұйымдастырылған көрмені көпшілік қауым тамашалады.

Іс-шара «Мойынқұм», «Құмөзек» халық театрларының И.Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы желісімен қойылған спектакльден басталды.

Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұқашев Мәлік Мұратәліұлы, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Жамангөзов Бейқұт Тілебалдыұлы және Облыстық халық шығармашылығы орталығы директоры Садырбаев Ғани Кәдірсізұлы жиналған көпшілік қауымды құттықтап сөз сөйледі.

Мойынқұм халықтық ән-би ансамблінің «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім мәртебем!» атты концерттік бағдарламасымен Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, «Күміс» медалінің иегері, белгілі композитор, Мойынқұм халықтық ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі дирижері Біржан Толыбаев Қожағұлұлы бастаған өнер иелері мен «Ерке сылқым» бишілер тобы өнер көрсетті.

Концерттік бағдарламада Мойынқұм ән-би ансамблі «Балбырауын», «Ерке сылқым» күйлерін орындап, Ш.Қалдаяқовтың «Мойынқұмда» әнін М.Сейділдаев, М.Калиакпаров, Ғ.Иетаевтар орындауымен аяқталды.

Қордай ауданы әкімінің атынан Мойынқұм ауданы әкімшілігіне Құрмет грамотасымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атынан сый-сияпат жасалынды.

Тараз қаласында «Үміт қанатында» атты фестиваль өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Тараз қалалық мәдениет үйінде «Үміт қанатында» атты мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында фестиваль өткізілді.

Ғимараттың фойесінде кітапхана туралы және тифлоқұралдар жайлы банер қойылып, «Біз жасаған бұйымдар» атты қолөнер бұйымдарынан көрме жасалынды.

Фестивальдың мақсаты көз жанарынан айырылған азаматтарды әлеуметтік сауықтыру, зағип жандарды мәдени – рухани сауықтыра отырып, жанын жадыратар жүректеріне шырақ сыйлау және мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру, қоғамның назарынан тыс қалдырмай қоғамда өз орнын тауып, биік белестерге жетіп жүрген зағип жандарға қамқор болу.

Фестиваль 5 аталымнан тұрады:

1. «Мен әлемді жүрегіммен естимін» - ән номинакциясы бойынша бір ән/қатысушылардың қалауынша фонограмма-минус жанды дауыспен немесе аспаптың сүйемелдеунде еркін тақырыптағы эстрада әндерін орындау.

2. «Жүректен шыққан жырларым – туған өлкеме» - авторлық шығарма номинациясы бойынша бір шығарма (ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл).

3. «Көк тудың желбірегені» - өлең оқу номинациясы бойынша бір өлең /патриотық тақырыптағы ақындардың өлеңдерін жатқа оқу.

4. «Музыка өрнегі»- аспаптаорындаушылар номинациясы бойыншабір шығарма орындау /домбыра, қобыз, аккардеон, скрипка.

5. «Біз жасаған бұйымдар» - қолөнер номинациясы бойынша / ағаштан, темірден, ою-өрнектер, құрақтар, бисерден жасалған бұйымдар.

Фестивальға Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері, «Тараз-Ғасыр», «Қайнар» колледж студенттері, «Болашақ» мектеп-интернатының мұғалімдері мен оқушылары, облыстық және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Фестивальға барлығы 23 үміткер қатысып, әр аталымға 3 орыннан берілсе, қалған қатысушыларға ынталандыру мақсатында мадақтау грамотасы және ақшалай сыйлықтар берілді.

Фестивальдің нәтижесі бойынша:

І кезең:
1 орын – Садығұлов Ербол, Пирманов Махмут
2 орын –Абдуллаев Қайрат, Сейсенбаева Үртай
3 орын – Издаш Ерасыл, Пирманов

ІІ кезең:
1 орын – Унгарбаева Қолқанат
2 орын – Тайтелиева Ақжүніс
3 орын – Анарбек Ұлдана

ІІІ кезең:
1 орын – Мелдебекова Рабиға
2 орын – Кутубай Батырхан
3 орын – Сертеков Бернар

ІVкезең:
Игиликова Мадина ( қатысқаны үшін)

V кезең:
1 орын – Разниченко Виктор
2 орын – Молдабек Жансерік
3 орын – Үсенбаева Анапия

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткен «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім - мәртебем!» атты Байзақ ауданының Жамбыл ауданындағы мәдениет және өнер күндері өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім - мәртебем!» атты Байзақ ауданының Жамбыл ауданындағы мәдениет өнер күндері үстіміздегі жылдың 16 қараша күні ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шараның мақсаты Тәуелсіздіктің 25 жылдығында қол жеткізген жетістіктерді паш ету, өзара тәжірибе алмасу аясында аудандағы болып жатқан жаңаша өзгерістерді таныстыру, халықтың тұрмыс-салтын, әдет ғұрыптарын насихаттау, ауыл өнерпаздарының, жас таланттардың шығармашылық белсенділігін арттыру, халықтың рухани мәдениетін, ұмыт қалған халық шығармаларын жандандыру, ауданаралық мәдени байланысты нығайту болып табылады.

Іс-шара Жамбыл аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Тарихы терең, қойнауы кең өлке» атты кітап көрмелері, сондай-ақ, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының бірнеше ғасырдан бері сақталған жәдігерлері, киіз үй жабдықтары, әшекей бұйымдары, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Концерттік мерекелік бағдарлама «Шолпан» халықтық ән-би ансамблінің орындауында Құрманғазының «Серпер» күйінен бастау алса, «Шолпан» халық ән-би ансамблінің бишілері көрерменнің көзайымына айналды. «Шахан» халық театры Елен Әлімжанның «Абылайдың анты» драмасынан үзінді көрсетті. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткерлері Көпжасар Арынұлы, Алмахан Исабаев, Өнер Нұрбаев бастаған өнер иелері халыққа әннен шашу шашып, аудан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді. Шара Әділет Әбдікәрімовтың орындауында Қасқырбай Нарбатырдың «Мақтанышым Отаным» әнімен аяқталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және
1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым, мәдениет мәртебем!» атты Талас ауданында өткен Сарысу ауданының мәдениет және өнер күндері өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым, мәдениет мәртебем!» атты Сарысу ауданының мәдениет және өнер күндері Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында өткізілді.

Іс-шара «Жеңіс» алаңында Сарысу ауданының зиялы қауымының қатысуымен митингі өткізіліп, гүл шоғы қойылды.

Талас ауданы «Ұлбике ақын» атындағы аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Ел іші – өнер кеніші» атты аудандық бейнелеу өнері мен қолөнер шеберлерінің көрмесін көпшілік қауым тамашалады. Көрмеде аудандық Төкен Махашов атындағы өлке - тану мұражайында сақталған қазақ халқының ертеде пайдаланған тұрмыстық бұйымдары қойылды. Аудандық мәдениет үйінің «Талант» халықтық көркемсурет студиясының шығармашылық бұйымдарынан «Жаңатас «ЕХРО - 2017» аясында ауданның жас суретшілерінің қиялынан туған заманауи - сәулетті ғимараттары , жеке бейнелеу өнерінің шығармасынан М.Омаровтың «Қобыз үні», «Тәуелсіздікке 25 жыл», «Тәуелсіз елім», «Желтоқсан ызғары», студия мүшелері С.Әйтімбетовтың «Доспанбет жырау», «Заман аруы», Қ.Жамансариеваның«Тәуелсіздік», «Тіршілік», А.Бабанованың «Раушан гүлі», «Вазадағы гүл», «Тырналар» т.с.с шығармалары болды.

Сонымен қатар Техникалық шығармашылық орталығы, Балалар мен жасөспірімдер орталығы, өнер, саз мектептері және орта мектептердің шығармашылық орталықтарының бейнелеу және қолөнер бұйымдары қойылды.

«Тәуелсіздік тұғырым, мәдениетім –мәртебем!»атты театрландырылған мерекелік ән – шашуы басталды. Сахна ашылмай тұрып ақындар жыр шашуын арнады. Сахна пердесін Тәуелсіздік жолында күрескен тарихи тұлғалар қазақтың хандары Керей, Жәнібек, Кенесары, билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер мен батырлар Махамбет, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай сынды елі үшін, жері үшін күрескен тау тұлғалар, Желтоқсан оқиғасының жастары, Абылай ханныңТәуелсіздік туын жас ұрпаққа ұсынуы, туды желбірете ұстаған жас ұрпақ, «Көк тудың желбірегені» атты әні шырқалып, «Айжанқыз»би ұжымының композициясымен көрініс көрсетілді. Осы тұста Ж.Дәукенованың орындауында «Қазақ елі» атты ел рухын көтеретін ән орындалды.

Көрініс біткен соң жүргізушілер салтанатты түрде Таластық ағайынмен сәлемдесу,Сарысу мен Талас жұртының Қаратау баурайында ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қос ауданның қойнауы кенге бай, ән мен жырдың мекені деп бастап, аудан әкімі Нарбаев Балабек Жанбекұлы мен Талас ауданының әкімі Рысмендиев Болат Қанатбайұлы жиналған көпшілік қауымды құттықтап сөз сөйледі.

Іс-шара жалғасы Сарысу ауданының өнер шеберлерінің концертімен ұласты.

Фольклорлық ансамбльдің орындауында Құрманғазының «Балбырауын» күйі мен Н.Тілендиевтың «Әлқисса» күйлерін орындады. Жеке орындауда фольклордың жас қүйшісі Ғазиз Төлешов болды.

«Айжанқыз» би ұжымы «Шашу» биін билесе,жас әнші Н.Сақтаған

«Отырарда болған той» әнін орындады. «Тек алға» атты әнін қыздар үштігі орындаса, «Якут» биін «Айжанқыз» би ұжымының бишісі Аяулым Амантаева биледі. Ш.Қалдаяқовтың «Отырарда болған той» әнін жас әнші Назерке Сақтаған орындады.

Дәстүрлі әнші Ахат Кенжебаев «Молдабай» әнін домбыра аспабымен орындаса, «Илигай» әнін Жігіттер үштігі орындады.

Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткен «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім - мәртебем!» атты Т.Рысқұлов ауданының Жуалы ауданындағы мәдениет және өнер күндері өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жоспарына сәйкес Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік -тұғырым, мәдениетім мәртебем!» атты Т.Рысқұлов ауданының Жуалы ауданындағы мәдениет өнер күндері үстіміздегі жылдың 11 қараша күні ұйымдастырылып, өткізілді.

Әр өңірдің тарихы таңбаланған мәдени мұраларын танытып, ұлттар мен ұлыстардың ынтымақ-келісімдерін көрсете білуіне кеңінен жол ашқан игі дәстүр - аудандардың мәдениет күндері. Іс-шара аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, халық қаһарманы, жауынгер-жазушы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қою рәсімінен бастау алса, Қарасаз ауылдық мәдениет үйінде Басқар Битанов атындағы театр ұжымы Ш.Айтматовтың «Бетпе-бет» драмасы сахналанып, көрермендердің қошеметіне ие болды.

Жуалы аудандық кітапханасының оқу залында Т.Рысқұлов ауданының құрметті азаматы, ақын Қуандық Шолақтың 75 жас мерейтойына арналған «Қаламы қарымды, Азаматтық ұстанымы биік ақын» атты кездесу кеші өткізілді.

Ал, Жуалы аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Тәуелсіздік - елімнің еркіндігі» атты Т.Рысқұлов аудандық қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде аудандық тарихи-өлкетану мұражайында сақталған жәдігерлер, суретшілердің суреттері, шеберлердің қайталанбас бұйымдары, сондай-ақ, кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Мереке аудан өнерпаздары әзірлеген «Тәуелсіздік – тұғырым, мәдениетім – мәртебем!» атты мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Концерттік бағдарлама Т.Рысқұлов ауданының әкімі Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақов және Облыстық орыс драма театрының директоры Ақылдос Тлеубайұлы Тәжиевтың құттықтау сөзімен ашылды. Осыдан кейін сахнаға көтерілген өнерпаздар ауданның атын әнге қосып, асқақтатты. «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблінің әншілері, аты алысқа тараған «Сударушка» халықтық фольклорлық ансамблі әннен шашу шашса, «Әдемі-ау» халықтық бишілер тобы көрерменнің көзайымына айналды. 35 жылдық тарихы бар «Сұлутөр» халықтық вокалды аспапты ансамблі 80-90-шы жылдардағы ретро әндерді шырқап, аудан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленсе, түрлі халық әндері, жергілікті сазгерлердің әндері жүректердің қылын шертті.

Іс-шара соңында Жуалы ауданының әкімі Бахтияр Бейсембайұлы Көпбосынов құттықтау сөз сөйлеп ерекше көңіл күй сыйлаған Т.Рысқұлов ауданының өнерпаздарына өз алғысын білдірді.

ҚазақстанРеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚРТұңғышПрезидентікүнінеорайөткен «Тәуелсіздік -тұғырым, мәдениетім - мәртебем!» атты Қордай ауданының Мойынқұм ауданындағы мәдениет және өнер күндері өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім мәртебем!» атты Қордай ауданының Мойынқұм ауданындағы мәдениет және өнер күндері ү.ж. 11 қараша күні ұйымдастырылып, өткізілді.

Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерді паш ету, облыс халқының мәдениет пен өнерге деген ықыласын арттыру, ұлттық салт-дәстүр, мәдениет пен әдебиет, өнерді насихаттау мақсатында өткен Қордай ауданының мәдени іс-шарасы Кенен Әзірбаев атындағы мұражай және қолөнер шеберлерінің көрмесімен бастау алды.

Мәдени іс-шараға Қордай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары, Халықтық «Қордай» театры, «Махаббат», «Аққу», «Ойжайлау» фольклор тобы қатысты.

Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде «Қордай» халық театрының Т.Ахтановтың «Ант» драмасы көрермендерге қойылды.

Мойынқұм ауданының жұртшылығына «Тәуелсіздік- тұғырым, мәдениетім-мәртебем» аттыҚордай ауданының өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Концерттік бағдарлама Мойынқұм ауданының әкімінің орынбасары Есеев Бахытжан Жаппарұлы, Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Кадирсизұлы Садырбаев жәнеҚордай ауданының әкімінің орынбасары Жамангозов Бейқұт Тілепалдыұлының құттықтау сөздерімен ашылды.

Іс шара барысында Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Есеев Бахытжан Жаппарұлы аудан тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлаған Қордай ауданының өнерпаздарына, аудан әкімдігіне, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына алғыс білдірді.

Концерттік бағдарламада Кенен Әзірбаевтың әні «Туған жер» әнінұлт-аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен Облыстық, Республикалық байқауларының жүлдегері «Алтын адам» сыйлығының иегері, «ҚР мәдениет саласының үздігі» Қарлығаш Қожағазина орындаса, «Ойжайлау» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуіменӘйгерім Барманбековахалық әні «Дейсалдым» әнін шырқады.

Іс-шара соңы желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоғын қою рәсімімен аяқталды.

Жалпы түрлі жанрдағы екі бөлімнен құралған концерттік бағдарламасында жергілікті сазгерлердің әндерімен қатар халық әндері, классикалық әндер және би, театр қойылымдарын Мойынқұмныңаудан жұртшылығы ыстық ықыласпен қабылдады.

«Дүниеніжүреккөзіменкөрген»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаныңда көзі көрмесе де асыл сөздің мәнін білетін, әдебиет пен өнерді медет тұтқан оқырмандары арасында «Дүниені жүрек көзімен көрген» атты зағип ақындармен кездесу кеші өткізілді.

Іс – шара барысында зағип ақындар өз өмірі, шығармашылығы туралы кыскаша әнгімелеп, өз шығармаларынан өлендер оқып берді. Қонақтарға арнайы кітапханада Л.Брайль жүйесі бойынша басылып шығарылған «Жүрегімде өнген сөздің дәні бұл...» атты зағип ақындардың өлендер жинағы сыйға тартылды.

Талас аудандық тарихи-өлкетану музейі
«Теріс пиғылды ағымдардан сақ болайық»
\дөңгелек үстел\

Аудандық музейде діни экстремизм мен терроризмге қарсы «Теріс пиғылды ағымдардан сақ болайық»атты дөңгелек үстел өтті.

Мәні зор бұл кешті аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пернебек Оспанов алғысөзбен ашты.

Аудандық мешіттің бас имамы Н.Әлиев діни экстермизм мен терроризм туралы баяндап, сөз соңында:

Ғаламтор кеңістігіндегі экстремистік идеялар тарататын сайттардың еркін қолжетімділігі де маңызды себептердің бірі болып табылады. Мұндай сайттарды екіге бөліп қарастыруға болады. Сондай-ақ, сайттағы түрлі шейхтардың уағыздары бейне-жазба түрінде таратылады. Уағыздарда зайырлы биліктің исламға жат екендігі, мұндай мемлекет басқарушылары, дін қызметкерлері «діннен шыққандар» деген пікір мейлінше, дәлелді айтылып, оларға бағынбауға шақырады. Мұндай ақпараттар сауаты төмен, өзін мұсылман санайтын адам санасында қысымдағы мұсылмандарды құтқару мен халифат сипатындағы мемлекет құруға қатысу, қажет болса, құрбан болу туралы ой туындатады. Өз ойын сайтта берілетін жихадқа шығу, шахид болу туралы хадистер мен аяттар арқылы нығайтып, өзгермес ұстанымға, өмірлік мақсатқа айналдырады.

Сол себепті, мұндай мәселені шешу ұлттың келбетін сақтаудың кепілі болмақ. Бір ұлттың діни ұстанымдар негізінде бөлінуі салдарынан тұтас мемлекеттердің тұрақтылығы шайқалғандығын тарих көрсетіп берді. Аталмыш мәселенің алдын алу керек, - деді.

Аудандық жергілікті полиция қызметкері А.Қуаныш, экстремистік топтардың және терроризмнің шығу тарихы жайлы және оның алдын алу туралы жан – жақты айтып берді.

Дөңгелек үстел өте әсерлі өтті. «Діннен адасқан ағымдар» атты бейне-ролик көрсетілді.

Музей бөлім меңгерушісі К.Қарабаева, өскелең ұрпаққа теріс діни ағымдардан төнетін қауіп-қатер жайында баяндама оқыды. Жастар өздерін толғандырып жүрген, сұрақтарын қойып, өздерін мол ақпарат алды.

2016 жылдың 4 қарашасында «Баласағұн» ОКЗ-да Ел Тəуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Жамбыл облыстық филармония өнерпаздары "Ұлы дала - Ұлысым" атты концерті өтті.

ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығына жəне 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Т.Рысқұлов ауданында Жуалы ауданының өнерпаздарының қатысуымен "Тəуелсіздік-тұғырым, Мəдениетім-мəртебем" атты мəдениет жəне өнер күндері өтті.

«Дыбысталған кітабым, жанымдағы сырласым»

Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын бағалай алуға, кітапты дұрыс пайдалану туралы насихаттап, кітапхананың ең үздік оқырмандарының өмірі мен еңбек жолдарын таныстыру мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін кітапханасында «Дыбысталған кітабым, жанымдағы сырласым» атты үздік оқырмандар бенефисі өткізілді.

Кеш барысында үздік оқырмандарымыздың өмір-баяны туралы слайд көрсетіле отырып, оқыған кітаптарына шолу жасалды, көрермендер тарапынан сұрақтар қойылып, әдеби кітаптардан үзінділер оқылды, бенефисциянттар өздерінің оқыған кітаптарының қызықты әңгімелерімен бөлісті. Сонымен қатар іс- шара барысында қойылған сұрақтарға жауап берді.

Бенефиске Қазақ соқырлар қоғамының қоғамдық бірлестігінің “Тараз” коорпоротивтік қорының мүшелері мен № 1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

31 қазан 2016 жылы «Азаматтық альянс ассоциациясы» ЗТБ және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Мәдениет саласының сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атақаратын рөлі» тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырылып өткізілді. Аталған іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметкерлері қатысты.

Бекітілген бағдарламаға сәйкес мекеме басшысының орынбасары М.Жинақбаева мәдениет саласындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.

Сонымен қатар Облыстық кино орталығының басшысының м.а. Н.Серікбаев қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті орнықтыру мақсатында облыс аумағында көрсетіліп жүрген фильмдерге жеке тоқталып түсіндіріп өтті.

Сөз соңында «Азаматтық альянс ассоциациясының» төрағасы, аталған дертпен бүкіл қоғам болып бірлесіп күресуге шақырды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және
1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, «Тәуелсіздік-тұғырым,
әдениетім-мәртебем» атты Меркі ауданында өткен Шу ауданының мәдениет және өнер күндері өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Шу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім -мәртебем» атты облыс аудандарының мәдениет және өнер күндері ү.ж. 28 қазан күні Меркі ауданынан бастау алды. Шу ауданының өнерпаздары Меркі жеріне кеп өз өнерлерін паш етті.

Тәуелсіздік атты қасиетті ұғымның тарихи мәні мен сипатын ашу арқылы еліміздің қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін насихаттау, облыс халқының өнерге деген ынтасын арттыру, ұлттық бірлікті қалыптастыру мақсатында, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын паш ету, мақтан тұту, дәріптеу арқылы қазақтың ұлттық мәдени мұрасын, өнерін насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

Мәдени-көпшілік іс-шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев бастаған өнер иелері Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші Ж.Досжанова, «Шу еркесі» халықтық ән-би ансамблі, дирижері Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері А.Өскентаев, «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі, жетекшісі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ә.Келгенбаев, «Ерке сылқым» бишілер тобы, «Шу» театры, ұлттық мәдени орталықтар өкілдері және аудан өнерпаздары қатысты.

Іс-шара Жауғаш батыр Қырбасұлының ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Гүл қою рәсіміне Шу, Меркі ауданы әкімдерінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қызметкерлер, ауыл тұрғындары қатысты.

Меркі аудандық мәдениет үйінің фойесінде Шу ауданының қолөнер шеберлері, мүсінші, суретшілердің шығармашылық еңбектерінен көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде Қ.Қораласбаевтың тас мүсіндерінен қашалып жасалған «Арман», «Отан» т.б дүниелері, Б.Малдыбаевтың отан, туған жер тақырыбына арналған суреттері, Б.Жақсыбаевтың қолынан шыққан домбыра, қобыз, дастархан үстелі т.б дүниелері көрермен көңілінен шықты.

Меркі аудандық кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың Меркі ауданының оқырмандарымен кездесу кеші өтті.

Меркі аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тұғырым – мәдениетім мәртебем!» атты Шу ауданы көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы өткізілді. Концерттік бағдарламада халық әндері мен М.Өзбековтың, А.Қоразбаевтың әндері айтылды, Құрманғазы мен Ә.Желдібаевтың күйлері орындалып, «Шу еркесі» халықтық ән-би ансамблінің бишілері өнер көрсетті.

Іс-шара «Шу» театрының «Құдалар» траги-комедиясын сахналаумен жалғасын тапты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай
Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» атты
VIII Республикалық әншілер конкурсы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» атты VIII Республикалық әншілер конкурсы өтті.

Қонақтарға театр фойесінде Қордай аудандық К.Әзірбаев әдеби-мемориалдық музейінде сақталған Кенен Әзірбаевтың қолданған заттары, фотоальбомдары, домбырасы және т.б. көрме, ЛЭД экранда Кенен атамыздың өмір деректерінен фильм ұсынылды. Театрдың кіші залында баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, конференцияға байқаудың құрметті қонағы Кененнің ұрпағы, қазақтың халық ақыны, жезтаңдай әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағы мен Композиторлар одағының мүшесі - Төрткен Кененқызы, Қазылар алқасының төрағасы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері - Рамазан Стамғазиев қатысты.

Конкурс Кенен атамыздың өмірі жайлы деректі фильмнен басталды.

Іс-шараның салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Жанке Тимур Амантайұлы қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Конкурсқа Республикамыздың Астана, Алматы қалаларынан және Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан барлығы 23 үміткерлер қатысты.

Қазылар алқасының төрағасы - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының доценті Рамазан Стамғазиев.

Қазылар алқасының құрамында Кенен Әзірбаев атындағы I Республикалық «Шырқа, даусым!» әншілер конкурсының лауреаты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы - Шолпан Даржанова, Кенен Әзірбаев атындағы II Республикалық «Шырқа, даусым!» әншілер конкурсының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті оркестрінің әншісі - Ардақ Балажанова, Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші - Саят Медеуов, Кенен Әзірбаев атындағы I Республикалық «Шырқа, даусым!» әншілер конкурсының лауреаты, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі - Оңал Азаматова болды.

Конкурста қатысушылар екі кезең бойынша бақтарын сынады. Марапаттау рәсімінде Кененнің ұрпақтары Бақытжан Кененұлы мен Төрткен Кененқызына сый-сияпаттар жасалды.

Конкурстың бас жүлдесі автокөлікті Кенен Әзірбаевтың ұрпақтары ұсынды.

Конкурс қорытындысы бойынша Бас жүлдені Рақымбай Данияр иеленді. (Алматы қаласы)

І орын - Бектұрсын Қайратбек (Алматы облысы)

ІІ орын - Құрбанәлі Мұхаммед (Оңтүстік Қазақстан облысы)

ІІІ орын - Оңғарбай Айдос (Астана қаласы)

Арнайы Төрткен Кененқызының жүлдесі Асанбаева Айданаға (Алматы қаласы) берілді.

Ынталандыру дипломдарымен Мубаракқызы Сандуғаш (Қызылорда облысы), Таңнұр Манура (Алматы қаласы), Белгібай Мақпал (Алматы қаласы) марапатталды.

Қалған үміткерлерге алғыс хаттар мен сый-сияпаттар тапсырылды.

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» айдарымен «Кітапхана әлемінің сиқырлы түні-2016» квест шоуы өтті. Квест шоу Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Д.Бықыбаевтың құттықтау сөзімен ашылып, кітапхана қызметкерлерінің орындауындағы «Кітапхана гимнімен» ұласты. Квест шоудың негізгі мақсаты – кітапхана ісін дамыту, жаңа серіктестермен қарым-қатынас орнату, оқуға деген қызығушылықты оятып, кітапханаға жаңа оқырман тарту. ЖОБЖК қызметкерлері кітапсүйер қауыммен тығыз байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылатын бұл шара 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тараз қаласының мемлекеттік архиві» КММ-де 28 қазан 2016 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2013 жылғы 6 ақпанындағы №27 бұйрығының 5,6,7,8 қосымшаларын басшылыққа ала отырып, ұйымдар архивінің жиынтық төлқұжатының рәсімдеу мақсатында, мекемедегі іс—қимыл барысында құралған құжаттар туралы семинар сабағы өткізілді. Семинарға Ұлттық архив қорының толықтыру көздері болып табылатын – ұйымдардың тізімінен35 мемлекеттік мекеме шақырылып оның ішінде 31 мекеме қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойына орай өткізілген «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстелі

Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік архивінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Т.Рысқұлов аудан әкімінің аппарат жетекшісі М.Өмірзақов, ҰОС ардегерлері - М.Қойбақов және Ж.Мырзахметов, Т.Рысқұлов ауданының Құрметті азаматтары – А.Абдраймова және Қ.Даулетов, Қ.Шолақ, К.Мырзалиев, С.Махамбетов, Қ.Бижанов, «Желтоқсан ақиқаты бірлестігінің» мүшесі Н.Бейсенова және мекеме қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Дөнгелек үстел барысында желтоқсан оқиғасына қатысты слайдтар, видеолар көрсетілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына сурет көрмесі және кітаптар көрмесі қойылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген «Жылдың үздік кітапханашысы» облыстық байқауы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Жылдың үздік кітапханашысы» облыстық байқауы өткізілді.

Облыстық байқаудың қоғамдағы кітапхана имиджін, мамандық беделі мен әлеуметтік мәнін көтеруге ықпал жасайтын сала мамандарының өз кәсіби біліктілігі мен білім деңгейін жоғарлатуға, олардың өз қызметіне деген шығармашылық көзқарастарының қалыптасуын ынталандыруда маңызы үлкен. Байқауға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен 35 жасқа дейінгі 1 ауылдық кітапханашыдан, барлығы 10 қызметкер қатысты.

Қатысушылар «Кітапхана-мақтанышым, Кітапханашы-мамандығым» (слайд, бейнебаян, поэзия немесе проза түрінде өзін және қызметін таныстыру); Мақсаттық-кітапханалық бағдарлама жобасын ұсыну (еркін тақырыпта); «Сегіз қырлы, бір сырлы» өнердегі өрісі (ән салу, би билеу, сурет салу т.с.с. міндетті түрде демеушілер тобымен); Интеллектуалдық ой-өріс әдебиет, мәдениет, тарих, өнер, ғылым, ұлттық салт-дәстүр туралы сұрақтар; «Білу сенің міндетің, КБЖ-нің негізін!» - кітапханалық-библиографиялық жіктеу бойынша практикалық тапсырма; «Қазақы дастарқан - ұлт мақтанашы» (кітап қорындағы әдебиеттерде көрсетілген ұлтымыздың ұмыт болған тағамын ұсыну) бойынша бақтарын сынап, озық ойы мен кәсіби білімін, шеберлігін көрсетті. Әділ-қазылардың шешімімен Бас жүлде Меркі аудандық кітапханасының кітапханашысы Т.Керімқұлова, І орын - Сарысу аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Г. Мамаева, ІІ орын - Жамбыл аудандық Құмтиын ауылдық кітапханасының кітапханашысы Э.Мамбеталиева, ІІІ орын - Т.Рысқұлов аудандық Ақбұлақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы М.Нұрсұлтанова иеленді.

Байқауға қатысқан кітапханашылар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Жуалы аудандық мəдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты аудандық патриоттық ән байқауы өтті. Байқауға 9 өнерпаз қатысып, I-орынды Қарабастау ауылының өнерпазы Мұхамеджан Ақниет, II-орынды Талапты ауылының өнерпазы Меріржанқызы Салтанат, III-орынды Теріс ауылының өнерпазы Өмірхан Диана иеленді.

«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»

2016 жылдың 25 қазанында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тараз қаласының мемлекеттік архиві» ғимаратында «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» өткізілді. Тараз қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының №1, №4 бөлімдерінің мамандары келіп жеке және заңды тұлғаларға www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және тікелей келу арқылы жасалатыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға БАҚ өкілдері қатысты.

«Тараз қаласының мемлекеттік архиві» КММ-не сұраныстар хат жолдау, электронды пошта, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және тікелей келу арқылы жасалады. Мұрағат анықтамаларын беру облыс бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 2016 жылы 25 қазанына дейін – 951 сұраныс орындалып жауап берілді. Электрондық түрде – 369 мұрағат анықтамасы орындалды. Мұның барлығы мұрағаттық анықтамаларды алудың қолжетімділігін қамтамасыз етері сөзсіз.

Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай 2016 жылдың 25 қазанында Жамбыл облысы əкімдігі мəдениет,архивтер жəне құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен "КазФосфат" ЖШС-гі қызметкерлеріне арналған облыстық филармония өнерпаздарының қатысуымен "Қазақтай елміз ғаламат" атты мерекелік концерті өтті.

Сонымен қатар, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Тараз – ғасырлар куәсі» тақырыбында көрме жасақтады, ал облыстық кино орталығы «Тәуелсіздік тұғыры», «Тәуелсіздік толғауы» және «Тәуелсіздік таңдары» атты деректі фильмдерін көрсетті.

«Қазіргі қоғамдағы лаңкестік - бұл экстремистік іс-әрекеттер» тақырыбында дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес, Жамбыл облысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2014-2017 жылдарға арналған іс-шара жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылғы 20 қазанда «Қазіргі қоғамдағы лаңкестік - бұл экстремистік іс-әрекеттер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Отырысқа мәдениет және мұрағат мекемелерінің қызметкерлері, Дін істері, жастар саясаты басқармаларының және БАҚ өкілдері, барлығы 35 адам қатысты.

Іс-шара барысында Дін істері проблемасын зерттеу орталығының «Ақпарат және түсіндіру» бөлімінің басшысы С. Мутанов «Дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттамасы» тақырыбында, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы «Тарих және археология» бөлімінің ғылыми қызметкері А.Шәйділдаев «Экстремизм мен терроризм ХХІ ғасырдың індеті» тақырыбында баяндамалар оқыды. Сондай-ақ, діни тақырыпта бейнероликтер көрсетіліп, шара соңы пікір-таласқа жалғасты.

С целью профилактики религиозного экстремизма и терроризма, а так же по борьбе с коррупцией, в Жамбылском областном русском драматическом театре,сегодня, 25 октября был организован и проведён политический час: «Опасно для жизни» и «Скажем коррупции-нет!». Были приглашены:
-представитель отдела по борьбе с религиозным экстремизмом и терроризмом ДКНБ Нигметов Марат Женисович,
-старший специалист управления по делам религии акимата Жамбылской области Динмухаммед Саурыбай,
- имам Центральной мечети «Хибатулла Тарази», теолог Тильманбетов Танат Кенесбаевич,
- главный специалист Департамента Государственной службы и противодействию коррупции Жамбылской области Алибеков Серик Айдарович.

Вел политический час директор Жамбылского областного русского драматического театра Тәжиев Акылдос Тлеубаевич, который представил приглашённых и предоставлял им слово для выступления.

Были приглашены тележурналисты с «77 ТV» и «Жамбыл-Тараз», которые проводили интервью и запись встречи с коллективом театра. Доклады выступающих сопровождались показом видеороликов и слайдов по теме профилактики религиозного экстремизма и терроризма и борьбе с коррупцией, а так же докладчики отвечали на вопросы сотрудников театра и журналистов.

Жасөспірімдерге діни тәрбие беру, дінді уағыздау арқылы балаларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, имандылыққа үйрету.Оқушыларға қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, экстремизмге теріс көзқарасын қалыптастыру мақсатында Соқыр және нашар көретін арнайы балаларға арналған «Болашақ» мектеп – интернатында

14 қыркүйекте 7-11 сынып оқушылар арасында «hибатулла Тарази» мешітінің наиб имамымы Ғалымбек Төлегенұлының қатысуымен «Діни экстремизмге жол бермеу – баршамыздың міндетіміз»атты ой бөлісуөткізілді.

Іс-шараға қатысқан мектеп-интернаттың директоры Тойшыманова Гүлзира Джақсыбекқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсел Тоқтағұлқызы және дінтану мұғалімі Жанат Ергешқызы оқушылардың діни экстремизмге қатысты ойларына бағыт және кеңес беріп отырды.

Шара барысында кітапханашы Гүлнұр Қырғызбай діни экстремизм жайлы слайд арқылы түсіндіре отырып «Діни экстремизм – опат болудың жолы» атты бейнероликпен байланыстырды. Бейнероликтен кейін «hибатулла Тарази» мешітінің наиб имамымы Ғалымбек Төлегенұлы оқушыларға имандылықтың тәрбиелік мағынасы жайлы уағыз және діни экстремизмнің теріс жолдарын түсіндіріпоқушылар сұрақтарына жауап берді. Ой бөлісу діни тұрғыда оқушылар мен ұйымдастырушылар арасында өз ойларын ортаға салып, қызу пікірталаста өтті. Шара соңында кітапханашы «Терроизм мен экстремизм – қауіпті кесел» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Тараз қаласының мемлекеттік архивінде 2016 жылдың 18 қазан күні «Діни экстремизмнің алдын алу – әркімнің міндеті» тақырыбында қызметкерлер арасында пікір алмасу болып өтті.Архив басшысы мемлекеттіміздің тыныштығына нұқсан келтіретін терроризм, экстремизм мәселесін айтты.

Елімізде және шет елдердегі діни экстремизм мен терроризмге байланысты болып жатқан мәселелерді архив қызметкерлері ортаға салып,талқылады. Діни ағымдар және дінді жамылып әрекет ететін топтар жайында ақпараттар берілді.

«Діни экстремизмнің алдын алу – әркімнің міндеті» тақырыбындабаяндама оқылып, тақырыпқа сай слайд және қысқа метражды видео роликті қызметкерлерге ұсынды.

Пікір алмасу соңында архив қызметкерлері діни экстемизм- елімізге төнген індет, онымен күресу бәріне міндет екені айқындалды.

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе отырып «Тәуелсіздік жолы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға Тараз қалалық маслихатының депутаты Серікбол Берікқожа, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек және «Жас отан» жастар қанаты мүшелері мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Іс-шараны қалалық маслихатының депутаты Серікбол Берікқожа ашып, кезекті сөз Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбекке берілді. Іс-шара барысында жас кітапханашылар К. Ахметова «Сен қазақсың», К.Ахметова «Тал бесікке тербелген тәуелсіз ел», Ш. Мамасерікова «Тәуелсіздік ел өрені», Лесбек Сайлаубек «Тәуелсіздік ел бағы», Қалқаман Сарин «Тәуелсіздік», Сәндібек Жұбаниязовтың «Тәуелсіздік» атты өлеңдерін оқып, кітап көрмесіне шолу жасады. Сонымен бірге, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері кітапхананы аралап, әр бөлімнің жұмысымен танысты.

25 жыл Көкдөнен

Облыстық халық шығармашылығы орталығы жəне Т.Рысқұлов аудандық мəдениет үйі бірлесіп, Көкдөнен ауылдық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік - ән-жырым» атты аудандық байқау өткізді. Байқауға 15 үміткер екі кезең бойынша жарысқа түсіп, I-орынды Ақбұлақ ауылынан келген Нұрдаулет Әшімхан, II-орынды Қарақыстақ ауылының өнерпазы Асқар Бақтияр және Сөгеті ауылының үміткері Бекзат Жәнібек, III-орынды Новосель ауылынан келген Аружан Ермахан, Жаңатұрмыс ауылының үміткері Олжас Керімбай, Құмарық ауылының өнерпазы Толқын Орынбай иеленді.

ҚазақстанРеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығынаорай өткен
Әзімбек Жанқұлиев атындағы «Алты Алашқа танылған ақын еді...» атты ІV- облыстық ақындар айтысы

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Байзақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 14-шы қазан күні Байзақ аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орайӘзімбек Жанқұлиев атындағы «Алты Алашқа танылған ақын еді...» атты ІV- облыстық ақындар айтысы өтті.

Айтыстың баспасөз конференциясына облыстағы тілшілер шақырылды. Баспасөз конференциясынаоблыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары –С.Кенжебаев жәнеақындар айтысының қазылар алқасының төрағасы-Әлібек Әмзеұлы қатысты.

Айтыс Әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінде 10.00 де басталды.Байзақ ауданы әкімі Мұратхан Шүкеев құттықтау тілегін айтып, ақынның анасы Күлән апамызға сыйлық тарту етті. Айтыстың жүргізушісі Әлмахан Исабаев жыр бәйгесіне төрелік айтушы қазылар алқасын таныстырды. Қазылар алқасының төрағасы Әлібек Әмзеұлы ҚР Мәдениет қайраткері, ардагері, театртанушы драматург; Шырын Мамасерікова – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі; Ахметжан Өзбеков – айтыскер ақын, Халықаралық, Республикалық, облыстық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүлдегері; Қасқырбай Нарбатыр – ақын, сазгер, Байзақ ауданының Құрметті азаматы; Эльмира Дутбаева – Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі.

Облысымыздың барлық аудан мен Тараз қаласынан жалпы 16 ақын қатысып, өнер көрсетті. Жыр жарысының екінші кезеңі түс қайта мәресіне жетті.

Әзімбек Жанқұлиев атындағы «Алты Алашқа танылған ақын еді...» атты ІV- облыстық ақындар айтысының Бас жүлдесін Байзақ ауданының ақыны Алтынкүл Қасымбековаға иеленіп, жүлдені Байзақ ауданы әкімі М.Шүкеев тапсырды. I-орынды Қордай ауданынан Күміскүл Сәрсенбаева алса, II-орын жүлдесін талантты жас ақындар (Жамбыл ауданы) Нұрлыбек Құрманов пен (Жуалы ауданы)Қанат Мырзахан бөлісті. III-орынды Айтмұхамбет Исақов (Жамбыл ауданы), Дархан Әбдіманат (Байзақ ауданы), (Талас ауданы) Ербол Қамбатыров сынды ақындар алды. «Әзімбек Жанқұлиев» атындағы арнайы жүлдесін (Тараз қаласы) Есет Досалы иеленді.

Айтысқа қатысқан барлық ақындарға сыйлықтар тапсырылып, марапат жасалынды.

Діни экстремизимге жол бермеу –баршамыздың міндетіміз.

Оқушыларды қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, экстремизмге теріс көзқарасын қалыптастыру мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Болашақ» мектеп интернатында «Діни экстремизимге жол бермеу –баршамыздың міндетіміз» атты ой бөлісу сағаты өткізілді.

Шара барысында «Діни экстремизм – опат болудың жолы» туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, діни экстремизм туралы түсінік және « hибатулла Тарази» мешітінің бас имамымен оқушылар ой бөлісіп, өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қойып, ой – пікірлерін ортаға салды.

2016 жылдың 14 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен «Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» сонымен қатар «Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары» тақырыбында, басқарма қызметкерлері және басқармаға қарасты мекеме басшыларының қатысуымен семинар кеңес өткізілді.

Семинарға Жамбыл облысы әкімі аппаратының персоналды басқару бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, Әдеп жөніндегі уәкілі Көшербаева Айжан Жасболатқызы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикасы басқармасының бас маманы Әлібеков Серік Айдарұлы қатысты.

Семинар барысында Серік Айдарұлы сыбайлас жемқорлықпен күрес тарихына, Қазақстан Республикасында аталған дертті жою мақсатында қабылданып жатқан нормативтік құқықтық актілерге, сыбайлас жемқорлықпен күресудің ең негізгі жолдарына жете назар аударып тоқталып өтті.

Келесі сөз кезегін алған Айжан Жасболатқызы жаңадан қабылданған Әдеп кодексінің нормаларына тоқталып, оның ішінде Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функцияларын семинарға қатысушыларға хабардар етті.

Семинарды қорытындылай келе басқарма басшысы Бықыбаев Дүйсенәлі Дыбысалыұлы осындай өткізіліп жатқан іс-шаралардың өте маңызды екенін айтып, алдағы уақытта аталған нормалардың талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

«Музей – уақыт пен ұрпақтар байланысы» атты
республикалық ғылыми-практикалық конференциясы туралы ақпарат

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың 13 қазан күні Жамбыл облыстық драма театрында Жамбыл облыстық тарихи өлкетану музейінің 85 жылдығына арналған «Музей – уақыт пен ұрпақтар байланысы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның салтанатты ашылуы өтті.

Конференцияның ашылу салтанатында 85 жылдың тарихы музейдің жетістіктері, еңбек еткен ардагерлері, құнды жәдігерлері туралы шығарылған «Музей - тарих айнасы» атты журнал – альманахтың тұсаукесері өткізілді.

Ғылыми-практикалық конференция жұмысына Мадияр Елеуов - Әл-Фараби атындағы ҚҰУ – нің «Археология, этнология және музеелогия» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., ҚР-ның «Еңбек сіңірген қайраткері», Тәкен Молдақынұлы Молдақынов – Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Тарихи- мәдени қорық-мұражайының директоры, ҚР-ның «Еңбек сіңірген қайраткері», Ералы Шардарбекұлы Ақымбек – PhD – докторы, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ – нің «Археология, этнология және музеелогия» кафедрасының аға оқытушысы және Дөкей Әбдікерімұлы Талеев - Әл-Фараби атындағы ҚҰУ – нің «Археология, этнология және музеология» кафедрасының доценті, т.ғ.к. қатысып, баяндама оқыды.

Конференцияда облыс аймағындағы археологиялық зерттеу жұмыстарының кезеңдері қарастырылып, талқыланды.

Іс-шара барысында облыс әкімі, басқарма басшысы және «Нұр Отан» партиясының атынан бірнеше музей қызметкерлеріне алғыс хаттар тапсырылды.

Сонымен қатар, облыс тұрғындарының назарына музей қорынан бірегей жәдігерлерден жасақталған көрме ұсынылды.

Конференция соңында музей ардагерлеріне сый - сияпат көрсетіліп, облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

«Тәуелсіздік–тұғырым, Қазақ хандығы- ғұмырым»
атты мәдени-көпшілік іс-шарасы бойынша
мәлімет

2016 жылдың 6 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына және Қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихына, өткеніне, дәстүріне, мәдениетіне және мұрасына құрметпен қарауға бағытталған іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Іс-шара Тараз қаласы «Көне Тараз» мәдени-тарихи орталығында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының үйлестіруімен ұйымдастырылды.

Мәдени-көпшілік шараға облыстағы 12 мәдениет, архив мекемелері, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» республикалық қорық-мұражайы, мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы, Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп-интернаты қатысты.

Шараның салтанатты ашылуындағы облыстық филармонияның ұлттық аспаптар оркестрі, мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы, Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты ұжымдарының домбыра оркестрлерінің (110 домбырашы) қатысуымен өткен Құрманғазы күйлерін орындаудан «Күй шеруі» музыкалық флешмобы көрермендердің қошеметіне ие болды.

Ертегі әлеміне саяхат жасаған «Ғажайыптар алаңында» облыстық орыс драма театрының артистері фейс-арт ұйымдастырып, ертегі кейіпкерлері, ашық алаңдағы «Амфитеатрда» облыстық қазақ драма театрының «Қыз Жібек» саунд-трегі, қимылсыз мүсін бейне түрінде тарихи тұлғалар, батырлар кейіпкерлері өз көрерменің тапты.

Облыс архивтері қорынан жасақталатын «Мұрағат – тарихи қазына» тарихи көрмесінде ЕлТәуелсіздігі мен Қазақ хандығына туралы құжаттар көшірмелері, фотоальбом және кітап көрмелері ұсынылса, «Достық» алаңында Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен облыстағы этномәдени бірлестіктердің көрмесі өтті.

Сонымен қатар, «Ақындар ауылында» айтыс ақындары Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын, Қазақ хандығын, бүгінгі Жамбыл жерін жырлай отырып, суырып салма шеберліктерін көрсете білді. Айтысқа Айтмұханбет Исақов, Есет Досалы, Алик Бемусаев, Дархан Әбдіманат, Нұрлыбек Құрманов, Ернұр Бейсенов, Дидар Аббасов қатысты.

Облыстық халық шығармашылығы орталығы келушілер арасында өткізген «Ән-көңілдің ажары» караоке- ән айту сайысында қызығушылардың саны артып, халық әндері, ретро-әндер, қазіргі қазақстандық композиторлардың шығармалары орындалды.

Ашық аспан астындағы «Кино әлемінде» Облыстық кино орталығының ұйымдастыруымен Елбасының өмірі мен еңбек жолы туралы түсірілген қазіргі кинематографтардың туындылары көрермендерге ұсынылды.

Облыстық кітапханалар «Жыр кеші» - жазба ақындар оқулары, кітап арбаты, «Оқимыз – демаламыз» библио-керуен іс-шарасын ұйымдастырды.

«Ұлы дала ойындары» алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы қазақтың ұлттық ойындарын, (асық ату, қазақша күрес, тоғызқұмалақ т.б), сондай-ақ, аңшы иттер, бүркітшілер көрмелерін өткізіп, келушілерді ойынға тартты.

«Саусағынан өнер тамған шеберлер» алаңында Облыстық халық шығармашылығы орталығы, Облыстық тарихи-өлкетану музейі мен көрме залы қолөнерші, суретшілер көрмесін ұйымдастырса, «Өнер алаңында» облыстық филармониясы әртістері келушілерге мерекелік концерттік бағдарламасын (халық әндері, ретро әндер, түрлі би композициялары) ұсынды.

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы көпшілікке сауда-саттық ұйымдастырады.

Жамбыл обылыстық балалармен жасөспірімдер кітапханасы мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты ортаға тарту мақсатында 9-шы қазан «Мүгедектер күніне» орай «Өнер әлеміне - саяхат» атты фестивальі өтті. Іс-шараның мақсаты балаларға мерекелік кеш ұйымдастырып, көңіл- күйлерін көтеру. Қиындықтарға мойымай өнер жолын да бірге алып жүрген жандармен жақынырақ танысу. Сонымен қатар балалардың кітапқа деген құштарлығын ояту, балаларды ертегі оқу арқылы кітап оқуға дағдыландыру. Ерекше балалардың өмірін қуаныш пен мерекеге бөлеу.Сөздерді және анық айтуын қадағалау, сөздік қорын молайту. Фестиваль барысында әсем әуен де, ырғақты би де, поэзиялық оқулар да оқылды. Бейнелеу өнеріне жақын балалар өз ойларын ақ қағаз бетіне түсірді. Балалардың бірін – бірі силап, достық қарым-қатынас жасап, өзінің жалғыз емес екендігін сезіне білу бұның өзі мүмкіндігі шектеулі бала үшін алға басылған үлкен қадам. Кітапханашылар оқырмандарды өнерге, шығармашылыққа шыңдау арқылы олардың ой өрісін дамытуда.

Кездесу соңында Жамбыл обылыстық балалармен жасөспірімдер кітапханасына саяхат жасап, жаңа әдебиеттермен таныстырылды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты ортаға тарту мақсатында кітапхана оқырманы ретінде тіркелді.

III Республикалық Ықылас Дүкенұлы атындағы «Жез киік» атты
қобызшылар конкурсының
мәліметі

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 29-шы қыркүйек күні Қалалық мәдениет үйінде III Республикалық Ықылас Дүкенұлы атындағы «Жез киік» атты қобызшылар конкурсының баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына облыстағы тілшілер шақырылды. Баспасөз конференциясын ашқан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев және конкурстың қазылар алқасы, елімізге белгілі қобызшылар Қазақбаев Әлқуат - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Мұсақожаева Раушан - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, Шәріпбаева Ақнар- Х.Досмухамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің «Музыка және өнер» кафедрасының меңгерушісі байқаудың маңыздылығына тоқталып өтті. Ал, Ы.Дүкенұлының ұрпағы, Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі Жанкеқызы Гулнар Ықылас Дүкенұлының өмірі мен шығармашылығы туралы айтты.

30 қыркүйек күні іс-шара Ықылас Дүкенұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Қалалық мәдениет үйінің фойесінде өткен Ықыластың ұрпағы Ақнар Шәріпбаеваның «Ақнар» СD дискісі және «Елдің Ықыласы» ән жинағы мен «Бұлақ көрсең, көзін аш» кітаптарының тұсау кесер салтанатында Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы Орынбеков және Сарысу ауданының зиялы қауымы қатысты.

Конкурстың салтанатты ашылуында Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы Орынбеков қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Сарысу ауданынан келген делегация ұйымдастырушыларға алғыс айта отырып, Ықылас Дүкенұлының ұрпағы Алтын апаға сый-сияпат көрсетті.

Конкурсқа Республикамыздың әр өңірінен Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстары мен Алматы, Астана қалаларынан 20 үміткер қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Алмаз Балтабаев (Жамбыл облысы) иеленді.

Прима-қобыз номинациясы бойынша:

І орын- И.Абекенова (Астана), Ф.Амантаева(Алматы);

ІІ орын- А.Қисярова (Алматы), И.Жандашова (Алматы)

ІІІ орын- Әділхан Ақжол (Алматы), А.Қапият (Астана), Н.Қалмен (Алматы);

Қобыз номинациясы бойынша:

І орын- Ф.Кошегулова (Астана);

ІІ орын - А.Тұрғанов (Алматы), Ж.Мустафина (Солтүстік Қазақстан облысы);

ІІІ орын – Г.Магазова (Алматы), С.Панзаева (Астана)

Арнайы жүлделер жеңіп алғандар: «Жез киік»- Акмарал Нурланкызы (Жамбыл облысы), «Аққу»- С.Куанышкалиева (Атырау облысы), «Үкілі Үміт» - Ә.Смаил.(Алматы).

10 маусым 2016 жылы «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Б. Бегалиевті шақыра отырып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың тәртібін сақтау» тақырыбында семинар-кеңесі ұйымдастырылып өткізілді.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу, қызметтік міндеттерді атқару кезінде әрбір адамның сыбайлас жемқорлықты тудыратын жағдайларға қарсы тұруы және жемқорлыққа итермелейтін іс-әрекеттердің алдын-алу жөніндегі мәселелер талқыланды.

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Б. Бегалиев өз сөзінде Жемқорлыққа итермелейтін іс-әрекеттер туралы сонымен қатар сыбайлас жемқолық – бұл жеке адамның өз басының мүддесіне қарай пайдалануы жайлы бірнеше ауқымды мәселелерге тоқталып өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша айтылған мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырып өткізу жайлы шешім қабылданды.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер
және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» КМҚК-ны
Б. Нұрланқызы



14 маусым 2016 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлерімен Сыбайлас жемқорлыққа байланысты жоспарының талаптарын орындау мақсатында «Мен жомқорлыққа қарсымын» және «Сыбайлас жемқорлық ғасыр індеті» тақырыптарында карикатуралық көрме сонымен қатар лекция ұйымдастырылып өткізілді.

«Мен жемқорлыққа қарсымын» атты тақырыпта карикатурадан Халықаралық байқаулардың дипломанты, республикалық байқаулардың жеңімпазы Қали Қораласбаевтың карикатура жұмыстарынан іріктелген көрме бұрышы ашылып, көрмеде карикатуралық жұмыстардың 40-қа жуығы көрсетілді.

Музейдің Кинодәріс залында Жамбыл политехникалық колледждің 2-ші курс білімгерлерімен «Сыбайлас жемқорлық ғасыр індеті» атты тақырыпта лекция оқылып, қысқа метражды деректі фильм көрсетілді.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану Музейі
М. Жаппасова

«Ана тілі – білімнің кілті»

22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілі күніне орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп – интернатында «Ана тілі – білімнің кілті» атты әдеби сазды кеш өткізілді.

Кештің мақсаты оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.

Шара барысында оқушылар өз ана – тілі жайлы өлеңдері оқып,би – билеп –өз өнерлерін ортаға салды. Кеш соңында оқушыларға сыйлықтар таратылып берілді.

24 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан «Тарихы терең Тараздан тағзым» көрмесінің ашылуына дайындық жұмыстары.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 23-25 қыркүйегінде Астана қаласында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Жамбыл облысының күндерін өтуде.

23 қыркүйек - М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Жамбыл облыстық орыс драма театрының қойылымдары (С.Маршактың «Кошкин дом» атты балаларға арналған ертегісі, Ш.Айтматовтың повесі желісімен сахналанған «Пегий пёс, бегущий краем моря» атты қойылымы);

24 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан «Тарихы терең Тараздан тағзым» көрмесінің ашылуы;

- Бейбітшілік және келісім сарайында Жамбыл облыстық филармоинясы өнерпаздарының «Ұлы дала - ұлысым!» концерттік бағдарламасы;

- Жастар театрында Жамбыл облыстық қазақ драма театрының қойылымы (М.Әуезовтың повесінің желісі бойынша Н.Оразалиннің «Қилы заман» тарихи драмасы);

- М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Жамбыл облыстық орыс драма театрының қойылымдары (С.Маршактың «Кошкин дом» атты балаларға арналған ертегісі, Ф.Буляковтың «Выходили бабки замуж» атты комедиясы);

24-25 қыркүйек - Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде концерттік бағдарлама;

25 қыркүйек - Жастар театрында Жамбыл облыстық қазақ драма театрының қойылымы (М.Әуезовтың «Еңлік - Кебек» трагедиясы).

8 қыркүйек – Отбасы күні
«Отбасы – аялы алақан мекені»
өнгеге сағаты

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторы №13 орта мектептің 6-сынып оқушыларының қатысуымен Отбасы күніне орай «Отбасы – аялы алақан мекені» тақырыбында өнеге сағатын өткізді.

Мақсаты: балалардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Ата-ананы құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу. Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату.

Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға Отан үшін отбасының маңызы зор екенін айтты. Отбасындағы әке, ана, бала арасындағы қарым қатынастың берік болуы қоғамға қажет екендігін ашып түсіндірді. Оқушылардың осы тақырыпқа деген қызығушылығын байқадық. Іс-шара соңында «Отбасы - қоғамның іргетасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге қойылған әдебиеттер мен басылымдар: Байжанова Ж. «Семья бақыты», Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. «Әдептану», Байжанова Ж. «Ұлыма ұлағат», Арғынбаев Х. «Қазақтың отбасылық дәстүрлері», Кәмәлашұлы Б. «Қазақ халқының туыс-туғандық жүйесі, ұрпақ өсіру, тәрбиелеу дәстүрі, үйлену ғұрыптары», «Отбасы» журналы, «Отбасы және денсаулық» журналы.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жамбылым-ән бесігім!»атты жергілікті сазгерлердің облыстық байқауы

9 қыркүйек күні Қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жамбылым-ән бесігім!»атты жергілікті сазгерлердің облыстық байқауы өтті. БайқаудаЖамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев ашып, байқауға қатысушы үміткерлерге ақ тілегін арнады.

Байқауға облысымыздың аудандарынан барлығы 12 үміткер қатысты. Үміткерлерге екі ән, біріншісі Жамбыл облысына арналған шығармалар болса, екіншісі еркін тақырыптағы әндер орындалды.

Байқауға қазылар алқасының төрағасы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, сазгер, күйші Әбдімомын Желдібаев, мүшелері Н.Тілендиев атындағы мектеп интернатының музыка жетекшісі, Қазақстанға танымал сазгер Әуесхан Салабеков және Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Эльмира Дутбаева қазылық етті.

«Жамбылым-ән бесігім» атты жергілікті сазгерлердің облыстық байқауының І орын жүлдесін Тараз қаласының үміткерлері Мәлік Ақүрпеков пен Нұржан Жаңабаев иеленді.

ІІ орынды Байзақ ауданынан қатысқан сазгер Жанатбек Тұрғумбаев пен Меркі ауданынан қатысқан Шәбден Өмірәлиев алды.

ІІІ орынды Жуалы ауданының сазгері Нұржан Әлішев пен Сарысу ауданының сазгері Төлеу Үшқоңыров иеленді.

Ынталандыру сыйлықтарын Талас ауданынан Асқарәлі Жылқыбаев, Тараз қаласынан Жандос Омаров, Мойынқұм ауданынан Болатбек Әбішев иеленді. Қатысқандардың бәрі диплом, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Менің отбасым – салауатты өмірде»

8 қыркүйек - Отбасы күніне орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында отбасылық оқырмандар арасында «Менің отбасым – салауатты өмірде» атты отбасылық сайыс өтті.

Сайыс бес кезеңнен тұрды. Бірінші «Тегін білу тектілік» кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырып өтті; екінші «Өнерлінің өрісі кең» кезеңінде саяскерлер өз өнерлерін көрсетсе, үшінші «Дәм-думан» атты кезеңінде отбасылар ерекше ас мәзірін дайындады; төртінші «Спорттық ойындар» кезеңінде дойбыдан жарысты; бесінші «Ақылды отбасы» кезеңінде қатысушылар қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы қойылған сұрақтарға жауап берді. Сайыс соңында жеңімпаздар мараппаталып сыйлықтар тапсырылды.

ХХХІ жазғы Олимпиадасының
күміс жүлдегері, Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметовпен
кездесу кеші

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 5-21 тамыз күндері аралығанда алғаш рет Оңтүстік Америкада, Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2015 жылғы әлем чемпионы, 2010 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 2013 жылғы Азия Чемпионатының қола жүлдегері, қазақстандық дзюдошы, жерлесіміз Елдос Сметовпен кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Бразилия жерінде өткен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында әлемнің мықтылары бас қосқан аламанның бірінші күнінде-ақ, күміс медаль еншілеп, исі қазақты шаттыққа кенелткен Елдос Сметовтің ержүректілігін жастар арасында насихаттау, жастарды патриоттыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Кеш модераторы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаев барша қазақстандықтар Бразилия жерінде өткен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен спортшыларымызға жанкүйерлік танытқанын тілге тиек етіп, сол дүбірлі додада күміс медаль еншілеп, исі қазақты шаттыққа кенелткен Елдос Сметовтің ержүректілігін айрықша атап өтті.

Кешке арнайы шақырылған Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы, мәдениет қызметкері Мақұлбек Рысдәулет күллі қазақ жұртына тарту еткен жарқын жеңісімен саңлақ спортшыны құттықтап, олимпиадалық даңқысының әрі қарай арта түсуіне тілек білдірді.

Елдос Сметовке жастар тарапынан сұрақтар қойылып, тартымды кездесу еркін әңгіме алаңына айналды. Кеш соңында кітапхананың қадірлі қонағына сый-құрмет көрсетілді.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске - 100 жыл
«Даладағы дабыл» әңгіме презентация

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басталғанына 100 жыл толуына орай Ыбырай Алтынсарин атындағы № 49 мектепте «Даладағы дабыл» атты әңгіме презентация ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жастарға 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың сипатын, сол кездегі ұлт зиялыларының ұстанған бағытын айқындап түсіндіру, жастардың бойында елжандылық пен отаншылдық қасиеттерін шыңдау. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи мәнін, көтерілістің себептері және басталуына тереңінен тоқталып, тарихтың әлі де ашылмай келе жатқан тың деректері презентация арқылы айтылып өтті. «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске - 100 жыл» атты кітап көрмесіне қойылған басылымдарға шолу жасалды. Көрмеге Қазақстандағы 1916ж. ұлт-азаттық қозғалыс картасын, көтеріліс басшыларының фотосуреттері және олардың қазақ халқының ұлттық мүддесін жақтаған істері жайында қысқаша мәліметтер қойылды. «Қаһарлы 1916 жыл»; «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы»; «Әулиеата уезіндегі ұл-азаттық көтерілістер»; «Жауды шаптым ту байлап» т.б. кітаптар мен мерзімді басылымдар пайдаланушылар назарына ұсынылды.

87 тармақ өкім хаты

Бұл бөлімде бірегей цифрлі өнім - «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы ұсынылған.

Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстан туралы нағыз энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3Д нысандар, панормалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен іскерлік топтардың өкілдері үшін таптырмайтын құрал болады.

Cіз сонымен бірге Қосымшаның толық нұсқасынhttp://mfa.gov.kz/media/MAE%20KZ/setup.exe файл түрінде жүктеп, кейіннен оны өзіңіздің компьютеріңізге орната аласыз.

Мобильді құрылғыны қолданушылар үшін App Store және Play Market нұсқалары ашық.

«Ұлы елдің ұлы істері» атты дөңгелек үстел

02 қыркүйек 2016 жылы Тараз қаласының мемлекеттік архивінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Тараз қаласының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы елдің ұлы істері» атты дөңгелек үстел басқарма басшысы Д.Д. Бықыбаевтың басшылығымен болып өтті.Іс шараға Тараз қаласының Құрметті азаматтары, облыс және қала басшылары, облыстың архив саласының басшылары, мәдениет қайраткерлері ғалымдар мен баспасөз өкілдері шақырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты- Тәуелсіз Қазақстанның экономикасы , ғылымы мен мәдениетінің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып, еңбектерімен елге силы болған облысымыздың айтулы азаматтарының аттарын тарих парағына жазып,есімдерін ел жадында мәңгі сақтауға қалдыру. Осындай құрметке лайық деп танылған:мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеге,экономика ғылымының кандидаты Мырзақасым Байбековке,Құрметті энергетик Мырзахан Бұрхановқа, доцент Тәуекел Жаңақұловқа, профессор Сағат Жүнісбековке,өнертапқыш-инженер Әсембек Жұмабаевқа,профессор Мұратбек Қасеновке,полиция ардагері- полковник Болат Құлекеевке, профессор Иркин Мараджаповқа Тараз қаласының мемлекеттік архивіне құжаттарын тапсырғандығын растайтын төлқұжаттарды басқарма басшысының орынбасары С.Қ. Мәдиева салтанатты жағдайда тапсырды.

Сонымен бірге, Қазақ хандығының 550 жылдығының Тараз жерінде тойлануына арналып құрастырылған «Тараздағы тарихи той» атты кітаптың таныстырылымы болып өтті. Кітап Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Тараз қаласы мемлекеттік архивінің тапсырмасыменқалалық архивтің мұрағатшысы С. Досымбеков құрастырған.

Іс- шараға облыс Әкімінің орынбасары Ерқанат Нұрбапа ұлы Манжуов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.Бұл шараға көрші Оңтүстік Қазақстан облысының архив саласының басшылары қонаққа шақырылып, тәжірибе алмасты. Айтулы айтыскер ақын Айтмұханбет Исақов Құрметті азаматтарға арнап, жырдан шашу шашты.

«Алға бастайтын жол»
ардагермен кездесу

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі ұйымдастырған «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында «Алға бастайтын жол» тақырыбында Семей және Сарышаған ядролық полигондарында көлік жүргізушісі қызметін атқарған Б.Мустафин мен оның жұбайы Х.Мустафинамен кездесу ұйымдастырды. Кездесу Б.Мустафиннің шаңырағында өтті. Арнайы үйіне барған кітапханашыларға денсаулығы сыр берген Бөгенбай ата Семей полигонының зардаптарын, сол жерде дүниеге келген балалардың қорқынышты бейнесін айта отырып, осы қасіреттің қайталанбауын тіледі. Семей қасіретін көрген атаға кітапхана атынан естелік тарту етіліп, жұбайы Хатима апайға бейбітшілік пен татулық нышаны ретінде Ақ орамал жабылды.

«Заңды білу заман талабы»
кездесу кеші

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының абонемент секторының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Заңды білу заман талабы» атты кездесу кеші өтті. Кешке Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының құқықтық қызметінің бас маманы Шеримов Нұрсұлтан қонақ ретінде шақырылып, осы тақырып аясында Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балалар бөлімі, кітапхана қызметкерлері мен жалпы оқырмандарға заңды білу заман талабы жайында мардымды мағлұматтар берді. Кеш соңында «Алға Қазақстаным» атты әуені орындалып, оқырмандардың патриоттық сезімдерін оятты. Оқырмандардың көкейлеріндегі сұрақтарға тиісті жауаптар берілді..

Жамбыл облыстық орыс драма театры 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай ұйымдастырып өткізген іс-шараларының ақпаратын жолдайды. Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Сондықтан, қазіргі кезде басты міндет – жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың Республика Конституциясына деген дәстүрлі құрметін дамыту.

Жалпы Конституция күнін мерекелеу халықтар бірлігін нығайтуға, жастарды отансүйгіштікке баулуға, патриоттық тәрбие беруге септігін тигізеді. осы орайда, Конституция күні мерекесін атап өту мақсатында театр ұжымы 2016 жылдың 24 тамызында М.Бартеневтің «Считаю до пяти» атты қойылымымен мүмкіншілігі шектеулі балаларды сауықтыру орталығының балаларына арнап көшпелі қойылымды тегін сахналанды. Сонымен қатар осы игі істің жалғасы ретінде ағымды жылдың 26 тамызында М. Бартеневтің «Я считаю до пяти» атты ертегісімен ақыл - ойы кем балаларға арналған интернат үйіне көшпелі қойылымды қайырылымдық акция аясында көрсетіп қана қоймай тәрбиеленіп жатқан балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қойылымға көңілі толған аталған мекеменің басшысы Қожамқұлова И. Е. театр әкімшілігіне «Алғыс хатты» табыстап, алдағы уақытта биік шыңдардан көрініп, осындай іс-шараларына атсалысып жүрген театр ұжымына алғыс, тілектерін білдірді.

"Жер шары - бейбітшілік планетасы" атты акция

Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ядролық қауіпсіздік жөнінде IV саммитте жарияланған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай «Жер шары – бейбітшілік планетасы» атты синхронды акцияны қолдау мақсатында "Жер шары - бейбітшілік планетасы" атты акция өткізілді. Акцияда кітапхана директоры Э.Абдинова «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда болған Ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммитте сөйлеген сөзі бүкіл ғаламға ой салды десек қателеспейміз. Елбасы өркениетті әлемнің болашақта сақталу-сақталмауы туралы Адамзатқа үн қатты. Өзінің «Әлем. XXI ғасыр» деген саммиттегі манифесіне Нұрсұлтан Әбішұлы жер өркениеті 15 мыңнан астам соғысты бастан кешіріп, миллиондаған адам қаза болып, ғалам зор қасіретті бастан кешіргенін айтып өтті. Қару-жарақтың ішінде жаппай қырып-жоятын күші бар ең қауіпті түрі – ядролық қару екенін, ендігі соғыс адамзатты түгел қырып жіберетінін еске салып, әлемді ойлануға шақырды. Осынау ұланғайыр жеріміз – ата-бабаларымыздың қасық қаны, шыбын жанымен қорғап, аманат еткен, аналарымыздың көз жасымен суарылған құнарлы, берекелі – жер анамызды ұрпақтан ұрпаққа аман жеткізу парызымыз» - деп, акция барысындағы үндеумен кітапхана ұжымын таныстырды. Жер шарының қасіреті ядролық қаруға қарсы ақындардың өлеңдері оқылды. Іс-шара барысында слайд көрсетілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ағымдағы жылдың 26 тамызында 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Коституциясы күніне орай мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімін өткізді.

Салтанатты рәсім басқарма басшысы Дүйсеналы Дыбысалыұлы Бықыбаевтың кіріспе сөзімен басталды. 2016 жылы мемлекеттік қызметке жаңадан кіріскен басқарманың бас мамандары Ширимов Нұрсұлтан Алиханұлы мен Сауранбекова Венера Еркінбекқызы ҚР Конституциясына қолын қойып тұрып, жиналған ұжымның алдында елдің Конституциясы мен заңдарын сақтап, халыққа адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант етті. Бұл қызметкерлерге басқарма басшысы қызметтегі абыройының арытып, еңбектерінің жемісті болуын тілеп, өз құттықтауын жеткізді. Одан кейінгі кезекте рәсімге қатысушылар мен ант қабылдаушылар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнін орындарынан тұрып, бірге орындады.

«Жемқорлық індет, жою міндет » атты дөңгелек атты үстелдің ақпараты

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының инновациялық-әдістемелік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Жемқорлық індет, жою міндет » атты дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш іс-шараға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің» заңгер маманы Мәди Айдаров және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында жемқорлықтың алдын алумен зиянды әдеттерден аулақ болу төңірегінде сөз қозғалды. Осы тақырып шеңберінде арнайы бейнероликтермен слайдтар көрсетілді. Жиын соңында қызметкерлер көкейлерінде жүрген сауалдарына мардымды жауап алып өзара талқыласты.

«Туың болсын әрдайым»

ҚР тәуелсіздігінің 25 жыл толуына және Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің туылғанына 50 жыл толуына орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Туың болсын әрдайым» атты әдеби-портрет кеші өткізілді.

Іс – шараның мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азаматтардың, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсету, ұлтжандылық және патриоттық сезім қалыптастыру.

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өткізген
«Ақ орамал» республикалық акциясы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV самитте жарияланған «Әлем.XXI ғасыр»манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесінің мұрындық болуымен, «Ақ орамал» республикалық акциясын Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Облыстық перинаталдық орталықта өткізді.

Аталмыш акция жаңа туылған нәрестелерді перзентханадан шығарған кезде жас босанған аналарға ақ орамал мен гүл шоқтары және нәрестеге арналған «Салпан құлақ» алғашқы жуыну жабдықтары тарту етілді. Іс-шара барысында үш ана мен үш нәрестелерге сый-сыяпаттар көрсетілді. Жиын соңында аналарымыз кітапхана ұжымына алғыстарын білдіріп жатты .

Қазақстан ядролық қарусыз әлем көшбасшысы атты Конференциясы өтті

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы және әдістемелік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен тамыз айының 15 жұлдызында Қ.Сармолдаев атындағы балалар үйінде «Қазақстан ядролық қарусыз әлем көшбасшысы» кең ауқымды конференция өткізді.Осы шараға арнайы Жамбыл облысы жастар мәслихаты жөніндегі маманы келіп соғыссыз әлем атты баяндамасына шолу жасады. Оқушылар бұл тақырыпқа қызыққандары соншалықты, сұрақтарын бірінен кейін бірі қойып жатты. Осы тақырыпқа орай слайдтар мен бейнероликтер де көрсетілді. Сондай- ақ бұл іс-шара «Бейбітшілік пен қауіпсіздік» атты кітап көрмесімен жалғасын тапты.Тақырып аясында мәліметтер мен суреттер қойылды. Іс-шара соңында оқушылар көрмемен жеке жеке танысып, өзара талқыласып жатты.

«Ақындық – әйел үшін ерек сынақ»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында жерлес ақынымыз Күләш Ахметованың 70 жасқа толу мерейтойына «Ақындық – әйел үшін ерек сынақ» атты кездесу өткізілді. Кеште қазақтың біртуар ұл-қыздарының біріҚазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы, ақын Күләш Ахметова мен отасқан жары, ақынҚайырбек Асанов зағип оқырмандар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға өмірбаяндарынан сыр шерте отырып, өлеңдерін оқып жыр сүйер жамиғатты тәнті етті. Қазақтың жалынды жауһар жырларымен танылған аяулы ақын қызымызбен кездесуге келген Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының емделушілері ән айтып,өз өнерлерімен ризашылықтарын білдірді.

«Өміргеқұштаржандар»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 12-13 тамызда - Спорт күніне орай мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын кеңейту, спортқа деген құлшынысын арттыру мақсатында облыстық «Қанағат» спорттық мүгедек жастар қоғамындағы спортшылармен «Өмірге құштар жандар» - атты кездесу кеші өткізілді.

Кеш қонақтары: Акрамов Фахридин - Қазақстан Республикасының пауэрлифтингтен бірнеше дүркін чемпионы; Приданова Вера - Қазақстан Республикасының параолимпиядалық ойындарының үстелтенисінен бірнеше дүркін чемпионы; Мырзагалиева Зарина - Қазақстан Республикасының параолимпиядалық ойындарының жүзуден және арбадабилеуден бірнеше дүркін жүлдегері; Каравдина Наталья - Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының параолимпиядалық ойындарының жүлдегері; Наметов Нуриддин ( І топ көзмүгедегі) – облыстық қол күресі мен дойбы ойынының жеңімпазы.

Қайсар жандар оқырмандар сұрақтарына жауап бере отырып өздерінің спорт жолындағы өмірлерімен бөлісіп, мүмкіндігі шектеулі емес, мүмкіндіктерінің шексіз екендіктерін көрсете білді. Кездесу кеші өте қызықты, тартымды пікір-таласта өтті.

«Жемқорлықпен күрес – жалпыхалықтық іс» дөңгелек үстел

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша Департаментінің қызметкері Мади Айдаровтың қатысуымен «Жемқорлықпен күрес – жалпыхалықтық іс» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске атсалысу.

Іс-шара барысында арнайы шақырылған қонақ сыбайлас жемқорлықтың түрлерімен таныстыра келе, оның ішінде жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі - парақорлық екендігі жайлы айтты. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытылу қажеттілігі, яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтын, үлкен қылмыс ретінде саналатын жағдай, - деп қоғамдық сана қалыптасуының керектігіне тоқталған М.Айдаров, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша Департаментінің парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатқандығы туралы айтып өтті.

Жүргізген дәрісін М.Айдаров бейнеролик көрсетілімімен сүйемелдеп отырды.

Тиімділігі: кітапхананың 45 қызметкері қатысты.

Сыбайластық – ел арасын бұзар» атты дөңгелек үстел басындағы әңгіме

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының қызметкерлерді жұмысқа қабылдау барысында туындайтын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында берілген тапсырмасына орай Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде «Сыбайластық – ел арасын бұзар» атты дөңгелек үстел басындағы әңгіме өткізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің маманы Берік Бегалиев пен Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инпекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторы Әйгерім Мұстафаева арнайы шақырылып, архив ұжымы арасында түсіндіру жұмысын жүргізді. Мекемеге жұмысқа тұру кезіндегі сыбайластықты болдырмау мақсатында мемлекет тарапынан ұйымдастырылған бағдарламалар жайында әңгімеледі. Сыбайластықтың басты қаупі – ел бірлігін бұзып, берекені жоятындығын жеткізді. Оның алдын алу алу үшін елдің құқықтық сауатын ашып, жұмыссыз қалып қоюға деген қорқынышын басу керек деген пікірлерін білдірді. Білікті де білімді, бойына адамгершілік қағидаларын сіңірген мамандар саны көбейсе, сыбайластықтың саны азаяры сөзсіз.

Еңбек инспекциясының мемлекеттік инспекторы азаматтық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері жайында және жұмыс берушінің құқықтары жайында хабардар етті. Оның Еңбек кодексіндегі берілген баптарымен таныстырып, қажетті ақпаратты телефон арқылы алуға болатындығын хабарлады.

«Дін және қоғам»

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелер мен кәсіпорындарда діни эктремизмнің алдын алу іс-қимыл жөніндегі 2016 жылға арналған іс жоспарына сәйкес 25 шілде 2016 жылы Тараз қаласының мемлекеттік архивінде «Дін және қоғам» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің «Жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің инспекторы А.Қ. Құлымбетов және архив қызметкерлері қатысты. А.Қ. Құлымбетов қазіргі таңдағы ислам дініне кеңінен мағлұмат беріп және радикалды ағымдардың қоғамға тигізетін зардаптарын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар мұрағаттанушы С. Досымбеков өз ойын білдірді, қатысушылардың арасында осы мәселе кеңінен талқыланды. Осы тақырыпқа дайындалған кішігірім бейнероликтерін дөңгелек үстелге қатысқан қызметкерлерге көрсетіліп, үлкен әсер алды.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Ш.Уалиханов атындагы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың оқу залы секторында Тәуелсіздіктин 25 жылдыгына орай "Мәңгілік елдің Елордасы" тақырыбында 11-17 шілде аралығында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қазіргі заманғы Қазақстанның дамуы, мемлекетіміздің тәуелсіздігінің белгісі - Астананың құрылуы, Ұлт басшысы Н. Ә. Назарбаев туралы кітаптар қойылды. Көрмені кітапхана оқырмандары мен қызметкерлер тамашалады.

«Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2016» облыстық байқауы

Облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 20 маусымынан бастап, клуб мекемелерінің тұрғындарға ұсынатын мәдени-қызмет түрлерінің мазмұнын арттыру, тұрғындарға талапқа сай үлгілі қызмет көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында облыстық «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб» байқауы өтуде.

Байқауға облыс аудандарынан 5 ауылдық мәдениет үйі, 9 ауылдық клуб қатысады.

Бүгінгі таңда, Жуалы, Жамбыл, Талас, Сарысу, Мойынқұм аудандары байқауға қатысты.

Байқау барысында, Жуалы ауданы, Көлтоған ауылдық мәдениет үйі «Еншімізге бұйырған ерен бақыт» атты ауыл өнерпаздарының сазды бағдарламасын ұсынса, Т.Дүйсебай ауылдық клубында «Қымыз мұрындық» салт-дәстүрін ұйымдастырып, насихаттады.

Жамбыл ауданы Шайқорық, Сарысу ауданы Ұйым, Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық клубтары да өткізген мәдени-көпшілік іс-шараларын ұсынды.

Талас ауданы Қожағаппар ауылдық клубы «Караоке-Киллер» шоу бағдарламасын, Есейхан ауылдық мәдениет үйінде «Дипломмен ауылға» театрландырылған көрініс көрсетті.

Шу ауданы Оразалы батыр ауылдық клубы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тағзым» атты ақындар айтысын өткізді.

Байқау жалғасуда.

«1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІНІҢ ҚАҺАРМАНЫ
АҚКӨЗ ҚОСАНОВ ЖӘНЕ ТАРИХИ АҚИҚАТТАР»
атты ғылыми конференция өткізілді

Үстіміздегі жылы 1916 жылғы Ұлт-Азаттық көтерілісінің болғанына 100 жыл толады. Осыған орай Меркі ауданының орталығында 17-маусым күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Жамбыл облысының мемлекеттік архиві мен Меркі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Ақкөз батыр ұрпақтарының қолдауымен «1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІНІҢ ҚАҺАРМАНЫ АҚКӨЗ ҚОСАНОВ ЖӘНЕ ТАРИХИ АҚИҚАТТАР» атты ғылыми конференция өтті. Бұл конференцияның Меркі жерінде өтуінің де өзіндік себебі бар. 1916 жылы ең ірі көтеріліс Меркі өңірінде өткен.

Конференцияда филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Меркінің түлегі, жерлесіміз Намазалы ОМАШЕВ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫ, Ұлт-Азаттық көтеріліс туралы, оның батырлары жайлы ғылыми деректерге негізделген баяндама жасады.

Конференциямызға көрші Оңтүстік Қазақстан облысынан тарих ғылымының кандидаты, доцент Сейдулла Айкөзов, Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының жанындағы Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттейтін ғылыми орталықтың директоры, тарихшы-ғалым Ордалы Қоңыратбаев пен жазушы Мақұлбек Рысдәулеттің баяндамада тартымды болды.

Іс-шараға мұрындық болып, осы конференцияны өткізуге мүдделі болған Ақкөз Қосанұлының ұрпағы Қазихан Жұмалиев ағамыз бастаған батырдың ұрпақтары көтеріліс, оның қаһармандары және ақиқаты туралы көптеген деректер жинастырғанын да айта кеткен орынды. Меркі ауданының әкімі Бахтияр Көпбосынов осы іс-шараның жүзеге асуына зор ықпал жасап ғылыми конференцияны жүргізіп өткізді.

Конференцияға арнайы архив құжаттары негізінде «1916 жылдың тарихи деректері» атты екі стенд-көрме әзірленді. Мұнда Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде сақтаулы сот хаттамалары мен куәгерлерден, яғни болыстықтың басшылары, старшын мен «пятидесятниктердің» берген жауаптары бар құжаттар мен Орталық мемлекеттік архив, «Ғылым Ордасы» Ұлттық Ғылым Академиясының алтын қорында сақтаулы құжат көшірмелері қойылды. Бұл құжаттарда қазақтың біртуар азаматтары Тұрар Рысқұлов, Ақкөз Қосанов, Мақсұт Жылысбаев, болыс Бектен Медеров және өзге де азаматтар туралы тың деректер айтылды, көрсетілді.

Қымбатты отандастар!

Өткен жексенбіде Ақтөбе қаласында діннің атын жамылған бір топ террорист елдің тыныштығын бұзды. Ол туралы баршаңыз білесіздер. Бірақ, мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталар сәтте қанды қылмыс жасағандардың арам ниеттері іске асқан жоқ. Құқық қорғау және қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерлері үлкен қатердің бетін қайтарды. Террористердің көпшілігінің көздері жойылды, бірқатары қолға түсті, қалғандарын тиісті органдар іздеп тауып, олар заңның ең қатаң талаптарымен жазаға тартылатын болады. Қазір халықтың алаңдауына ешбір негіз жоқ, жағдай толық бақылауға алынды.

Бүгін Қазақстан теракт құрбандарын аза тұтады

Бүгін, 9 маусым күні Жалпыұлттық аза тұту күні. Өткен жексенбіде Ақтөбеде қанды қол қылмыскерлердің әрекетінен адамдардың өмірі қиылды, бірқатары ауыр жарақат алды,-деп жазады ҚазАқпарат. Бір топ лаңкес мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталар сәтте елдің тыныштығын бұзды. Осы орайда бұл күні барша халқымыз 5 мамырда қанды оқиға салдарынан қаза болған боздақтарды қайғыра еске алатын болады, еліміз ойын-сауық шараларынан бас тартып, Қазақстан халқының бірлігі мен болашағы туралы терең-терең ойлар айтылады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласында болған террористік актілерге байланысты жасаған мәлімдемесінде лаңкестер заңның ең қатаң талаптарымен жазаға тартылатынын қадап айтты. «Мен қайтыс болғандардың отбасыларына, туыс-туғандарына шын жүрегіммен көңіл айтамын. Қаза тапқан әскери қызметкерлер отан алдындағы антына адал болып, ел қауіпсіздігі жолында өшпес ерлік көрсетті. Олардың ерліктері мемлекет тарапынан лайықты бағаланатын болады. Оның үстіне 4 азамат қайтыс болды, бәрі Ақтөбенің тұрғындары. Сондықтан, мен ертеңгі бейсенбі, 9 маусым күнін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болғандардың артында отбасы, бала-шағалары қалды. Менің тапсырмам бойынша, оларға барлық қажетті көмектер жасалуда»,-деді Елбасы Мемлекет басшысы ел іші бүтін болмаса, ел де болмайтынын, қазір - нағыз елім, жерім деген отансүйгіштікті көрсететін уақыт екенін қадап айтты. «Халқымыздың қауіпсіздігі мен тұтастығы үшін бәріне де дайын екенімізді көрсететін кез келді. Қауіпсіздік пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім - ең басты байлығымыз. Біз тәуелсіздігіміздің тірегі болған бұл құндылықтарды көздің қарашығындай сақтаймыз. Мен Қазақстан халқы дүниедегі дағдарыс және бүгінгідей жауапты шақта тағы да барша әлемге елдігі мен бірлігін паш етеріне сенемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»,-деді Елбасы. Ақтөбеде 5 маусымда лаңкестік салдарынан қаза тапқан 7 адам - бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілердің есімдері:

«Паллада» дүкенінің сатушысы Максименко Андрей, 1972 жылы туған;

Зейнеткер Онищенко Николай, 1947 жылы туған («Паллада» маңынан өтіп бара жатқан);

«Күзет» қызметінің қызметкері Тәжібаев Мерхан, 1983 жылы туған;

«Пантера» дүкеніне келуші Матросов Михаил, 1981 жылы туған;

Әскери қызметші Сапар Досбол, ОҚО тумасы, 1997 жылы туған;

Әскери қызметші Майлыбаев Даниэль, алматылық, 1975 жылы туған;

Әскери қызметші Қалиев Берік, БҚО тумасы, 1978 жылы туған.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ
ТӘРТІБІН САҚТАУ

Сыбайлас жемқорлықтың басты қаупі – мемлекетті ыдырату, мемлекет қаржысын иемдену арқылы, азаматтардың жеке құқығын бұзу болып табылады. Елімізде бұл індеттің дамымауы үшін көп іс тындырылды. Оның жемісін көрер сәтте алыс емес деп ойлаймын. Қаржылық қатынастарды заң аясында реттеп отыру үшін мемлекетімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданып, заңның жүзеге асырылуын қадағалап отыратын мемлекеттік органдар құрылған. Мұның барлығы мемлекеттің тұтастығын, тәуелсіздігімізді баянды болуын дамыту аясындағы шаралар.

Қай замандарда болмасын сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы күрес ерекше қадағалауда болған. Себебі қоғамда мұндай кесел бар жерде мемлекет дамымайды, қайта кері кетеді. Сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы халықтың борышы.

08.06.2016 жылы сағат 9.00-да өткен іс-шарамыз да сол борышты өтеп, қоғамда жемқорлықтың келтірер залалы туралы ескерте отырып, кеселден арашалау мақсатында өткіліп отыр. Бұл орайда дөңгелек үстел басындағы әңгімемізге «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі ТӨЛЕНДИЕВ Қасымхан Естемесұлы қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы әңгіме жүргізді. Бұл орайда мемлекетімізде қабылданған заңдар туралы түсінік беріп, адамгершілік тұрғысынан жемқор болу - отанымызға опасыздық жасау екенін айтты. Қазақстан Республикасы мемлекетттік қызмет істері министрлігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің консультанты БЕГАЛИЕВ Берік Дүйсенбайұлы өзінің баяндамасын слайд негізінде жүргізіп, заңда көрсетілген күрделі түсініктерді халық тілінде жеңіл жеткізе білді. Сондай-ақ сыбалас жемқорлықтың болу салдарын, оның түрлерін, қылмыстық жауапкершіліктері мен адамдар арасында сыбайластық жайында қалыптасқан пікірлерді өмірлік мысалдармен келтіре сөйледі. Дөңгелек үстел басындағы әңгімені қорыту мақсатында архив қызметкерлерінің барлығына сыбайлас жемқорлықпен бірге күресу үшін арнай бланкілерді толтыру арқылы «адалдық.кз» сайтына тіркелуге шақырды.

ТӘРКІЛЕУ (КОНФИСКАЦИЯ) – АШАРШЫЛЫҚҚА БАСТАДЫ

Жамбыл облысының мемлекеттік ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 3-маусымында 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тәркілеу (конфискация) – ашаршылыққа бастады» атты дөңгелек үстел басындағы әңгіме жүргізілді.

Дөңгелек үстел басындағы әңгімені Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаев жүргізіп отырды. Негізгі баяндаманы Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ардагері, мұрағатшы Мақұлбек Қайыпбекұлы Рысдәулет оқыды. Ол 1928 жылы Жамбыл өңіріндегі аса ірі байларды тәркілеуге қатысты архив құжаттары негізіндегі мысалдарды келтіре отырып, осы тақырып аясында жүргізіп жатқан зерттеулері мен ізденістері жайында баяндады.

М.Рысдәулеттің баяндамасынан кейін Меркі ауданының тұрғындары, саяси қуғын-сүргін құрбанының ұрпақтары Бектен болыстың шөбересі Сұлтанқұлов Ермекбай мен Мақсұт Жылысбаевтың немересі Жылысбаев Байсейіт ақсақалдар сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде бүгінгі күніміз – бақытты кез екенін айтып, ынтымақ, бірлікте өмір сүрсек елдің ертеңі жарқын боларына сендірді.

Іс-шараға тарихшы ғалымдар Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнологияинститутының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымының кандидаты, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Қазақстан тарихы» кафедрасының жетекшісі Әуесхан Қадіржанұлы Шашаев пен Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттейтін ғылыми орталықтың директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ордалы Молдалыұлы Қоңыратбаев арнайы шақырылды. Ордалы Молдалыұлы сол кезеңдердегі трагедияның шығу себептері мен одақтың ұстанған саясаты жөнінде кеңінен тарқатты. Сондай-ақ 20-ғасырдағы саяси қуғын-сүргін, ашаршылық тақырыбында тарих ғылымында жүргізілген зерттеулер жайында сөз қозғады.

Дана халқымыз «өткенін білмеген ұрпақтың бүгіні бұлыңғыр, келешегі күмәнді» дейді. Ғалымдар мен қатардағы мамандардың, халықтың, ақсақалдар қауымы мен жастардың дөңгелек үстел басында бас қосып, өзара пікір аламасуы, ортаға ой салуы қоғамның ілгері басуына жетелейтін негізгі құрал. Мұндайда ұрпақтар үндестігі өз жалғасын табатыны сөзсіз.

«ТӘРКІЛЕУ (КОНФИСКАЦИЯ) – АШАРШЫЛЫҚҚА БАСТАДЫ»
атты 31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай өткізілетін дөңгелек үстел басындағы әңгіменің
ПРЕСС-РЕЛИЗІ

Өтетін уақыты: 2016 жыл, 3-маусым, сағ. 10.00

Өтетін жері: Тараз қаласы, Абай көшесі, 125 А, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ғимараты

Қатысатындар: Жамбыл облыстық, Тараз қалалық, Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Меркі, Тұрар Рысқұлов аудандарының мемлекеттік мұрағаттарының басшылары мен қызметкерлері, Меркі ауданының тұрғындары, саяси қуғын-сүргін құрбанының ұрпақтары Ермекбай мен Байсейіт ақсақал, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет саласының қызметкерлері, т.б.

Баяндамашылар:

1. Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ардагер мұрағатшысы - М.Қ.Рысдәулет

2. Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттейтін ғылыми орталықтың директоры, т.ғ.к., доцент – О.М.Қоңыратбаев

3. Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнологияинститутының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. – Ә.Қ.Шашаев

4. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетінің оқытушысы, т.ғ.к. – Б.А.Жүрсінбаев

Дөңгелек үстел басындағы әңгімені Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаев жүргізіп отырады. Негізгі баяндаманы Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ардагері, мұрағатшы Мақұлбек Қайыбекұлы Рысдәулет оқиды. Ол 1928 жылы Жамбыл өңіріндегі аса ірі байларды тәркілеуге қатысты архив құжаттары негізіндегі мысалдарды келтіре отырып, осы тақырып аясында жүргізіп жатқан зерттеулері мен ізденістері жайында баяндайды.

М.Рысдәулеттің баяндамасынан кейін Меркі ауданының тұрғындары, саяси қуғын-сүргін құрбанының ұрпақтары Сұлтанқұлов Ермекбай мен Жылысбаев Байсейіт ақсақалдарға сөз беріледі. Ол кісілер аталарының, әжелерінің басынан өткендерін әңгімелейді.

Іс-шараға арнайы шақырылған тарихшы ғалымдар 20-ғасырдағы саяси қуғын-сүргін, ашаршылық тақырыбында тарих ғылымында жүргізілген зерттеулер жайында сөз қозғайды.

Қосымша сұрақтар бойынша 45-32-50 нөмірі арқылы ақпарат алуға болады.

«Талайдың түбіне жеткен отыз жеті»
Тарихи танымдық кеш

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының абонемент және ақпараттық-библиография секторларының ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының ескерткішінің жанында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты «Талайдың түбіне жеткен отыз жеті» атты тарихи танымдық кеш өткізілді.

Аталмыш шараға Тараз политехникалық колледжінің білімгерлері мен оқытушылары қатысты.

Іс-шарада 1937-38 жылдардағы зобалаң туралы, жазықсыз жапа шеккен ақын-жазушыларымыздың көрген қиындықтары мен азаптары туралы айтылды.

Іс-шара барысында №23 орта мектептің 4 сынып оқушылары Қайратқызы Айым мен Қайратұлы Нұрым саяси қуғын-сүргінге байланысты «Халық жауы» атты өлеңді оқыды.

Тарихи танымдық кеш қатысушылардың өз ойларын ортаға салуымен аяқталды.

Іс-шараға байланысты «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесі жасалып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

Невада - Семей
Семей ядролық сынақ полигонының
жабылуына – 25 жыл

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай №13 орта мектепте 3 «А» сынып оқушыларымен ауызша журнал іс шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты Семей ядролық сынақ полигонының тарихын, апат салдарын, сынақ полигонының жабылуы туралы оқырмандарға толық ақпарат беру. Табиғатта опат болған жағдайда адамдарға әсер етуін айтып, түсіндіру.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы Жарлығы-1991 жылдың 29 тамызы күні шықты. Сөйтіп тиянақтылық пен табандылық танытқан қазақ халқы өз мақсатына жетті. Қазақстан халқы үшін, Ертістің Семей өңірінің тұрғындары үшін тендесі жоқ қуаныш, үлкен бақыт әкелді. Осы 1991 жылдын шілде айында Қарауылда өткен «Невада-Семей» қозғалысына Франция, АҚШ, Италия, Жапон елдерінің делегаттары қатысып, атом сынағын тоқтатуға өз ұсыныстарын білдірді.

Бүгінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 29-тамыз халықаралық ядролық сынаққа қарсы күн болып белгіленді. Еліміз бейбітшілік сүйгіш саясатымен әлемдік қоғамдастықта өзіндік орнын алған елдердің санатында танылып келеді.

Сабақ барысында кітап көрмесі және мерзімді басылымдардағы радиация туралы мақалалардан шолу жасалып, апат туралы суреттер ұсынылды.

Іс- шара соңында, сөз балалардың өздеріне берілді. Балалар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен мұрағаттық анықтамаларды беру туралы 2016 жылдың 26 мамыр айында «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Ашық есік күні» өткізілді. Бұл мұрағаттық анықтамаларды алу жөнінде халық арасында көп туындайтын сұрақтарға жауап алудың мүмкіндігі. Ашық есік күніне «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметі жөніндегі сұрақтарға жауап беру үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша бас маманы Д.М.Мадияров, Тараз қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының №1 бөлімінің басшысы Ғ.Б.Сейдимханов, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтеді дамыту бөлімінің бас маманы А.А.Абишева шақырылды, облыстық, қала, аудан мемлекеттік архивінің директорлары мен жауапты мамандар қатысты. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары С.Мадиева іс-шараны жүргізіп отырды. Мұнда архивке келушілер арасында үстіміздегі жылы Жамбыл облысы әкімдігімен бекітілген «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентіне» түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, бұл іс-шара барысында мұрағаттық анықтамалар тегін және заң аясында мұрағаттық құжаттар негізінде ғана берілетіндігі де айтылды. Себебі, архивке келушілер арасында олардың қызмет істеген мекемелері құжаттарын мұрағатқа өткізібегені, сондықтан да еңбек өтілін растайтын мұрағаттық анықтама бере алмайтындығы жайында естігенде, көбісі еңбек кітапшаларының бар екендігін, сондағы жазбаларды растауды талап етіп, өз наразылықтарын білдіріп жатады. Мұндайда түсіндіру жұмыстары мен заң аясындағы кеңестердің көмегі өте көп.

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде аталмыш іс-шара күнделікті жүріп жатады десек артық айтпаймыз. Себебі, дүйсенбі мен жұма аралығында архивке әр түрлі тақырыптардағы мұрағаттық анықтамалар алу үшін жеке және заңды тұлғалар үздіксіз келіп жатады. Сонымен қатар, еліміздің басқа қалалары мен өзге мемлекеттерден мұрағаттық анықтама алу жөніндегі сұрақтарымен телефон арқылы кеңес сұраушылардың да саны аз емес. Оларға архивтің әлеуметтік-құқықтық сипаттағы бөлімі қызмет көрсетіп, тиісінше өтініштерін орындап жатады.

Жамбыл облысының мемлекеттік архивіне сұраныстар хат жолдау, электронды пошта, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және тікелей келу арқылы жасалады. Мұрағат анықтамаларын беру облыс бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 2016 жылы 4 айыдың ішінде – 6591 сұраныс орындалған, оның ішінде мемлекеттік корпарация арқылы - 484 сұранысқа жауап берілген. Электрондық түрде – 259 мұрағат анықтамасы орындалған. Мұның барлығы мұрағаттық анықтамаларды алудың қолжетімділігін қамтамасыз етері сөзсіз.

Ерлік ұмытылмайды!

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен Жамбыл облысының мемлекеттік архиві 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр – Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Алексей Павлович Артуганов пен Халиулла Дармахановтың үйінде болып, оларды құттықтап қайтты. Ардагерлердің отты жылдары қан майданда Отан үшін от кешкен күндеріне, бүгінгі біздің бейбіт заманда ғұмыр кешіп жатқанымызға алғыс білдіру мақсатымен ардагерлерге сый-сяпаттар мен мерекелік дастарханға азық-түлік ұсынылды. Облыстық архивтің директоры Қ.Башенова өзінің және барша архив қызметкерлерінің атынан құттықтау сөздерін, ілтипатты лебіздерін білдірді.

Халиулла Дармаханов Ұлы Отан соғысында Сталинград шайқасында болған ардақты жауынгер. Бейбіт күндерінде облысымыздың өркендеуіне, архив саласының дамуына сүбелі үлес қосқан ардагер. Оның майдан даласындағы ерлігі туралы архив қызметкерлері өз аузынан естіп, архивте сақтаулы жеке тектік құжаттарынан куә болған.

Мұндай іс-шара архив ұжымның игі дәстүріне айналған. Отанымыздың тыныш, бейбіт күнде өмір сүруіне үлкен үлес қосқан Жеңіс солдаттарының ерлігі ұрпақ жадында мәңгі.

«Атом жарылысының зардабы»
Информ-көрмесі

Чернобыль атом электр станциясында болған қайғылы жағдайға 30 жыл толуына орай бүлдіршіндер секторында «Атом жарылысының зардабы» информ-көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Чернобыль апатының тарихын, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелен ұрпаққа насихаттау.

1986 жылдың 26-ші сәуірі барлық әлем халқының есінде мәңгілік қалатын қаралы күн. Дәл осы күні адамзат тарихында ең үлкен зұлмат жарылыс орын алды. Чернобыль атом станциясы жарылды. Биыл бұл сұмдықтың болғанына 30 жыл толып отыр. Арада осынша уақыт өтсе де оқиғаның жаңғырығы естен шығар емес.

Қазіргі оқушылар осы қайғылы оқиға мен аға буын өкілдірінің еңбектерін бірі білсе, бірі білмейді. Осы оқиғамен оқырмандарды таныстыру үшін, ақпарат беру үшін көрмеге кітаптар мен мерзімді басылымдар, баспасөз бетіне физиктердің, дәрігерлердің, саясаткерлердің осы апат жайлы айтқан ойлары бар мақалалар қойылды.

«Тынымсыз талапшылдық- іскерліктің иесі» атты
кездесу кеші

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының кітапханашылары Анар Дүйсенова мен Анар Сүгірбаеваның ұйымдастыруымен 2016 жылдың 20 сәуірінде – өлкеміздің белгілі іскер әйелдерін жастарға таныстырып, насихаттау мақсатында «Тынымсыз талапшылдық - іскерліктің иесі» атты кездесу кеші өткізілді.Келген қонақтарымыз өздерінің өмір жолдарымен,оқырмандарымызды таныстырып өтті. Аталған шараға Әйел және экономика» секциясы басшысының орынбасары, «Асыл бала» қоғамдық бірлестіктің төрайымы, қалалық мәслихат депутаты,«Good maker» жеке шаруашылық басшысы, Қайназарова Амина Рысбекқызы. «Әйел және отбасы» секциясының мүшесі, қалалық маслихаттың депутаты, Жамбыл – Тараз газетінің директоры. Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы, №49-шы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі – Жұмабекова Күлсара, кітапханашы Ақпаева Майра, «Домбыра » үйірмесінің жетекшісі – Қоспақов Сухраб және аталған мектептің 8-сынып оқушылары қатысты. Кешті кітапханамыздың мерзімді басылымдар секторының меңгерушісі – Анар Дүйсенова мен кітапханашы – Анар Сүгірбаева жүргізіп отырды. Іс-шараға байланысты жасалған «Әйел тіршіліктің тірегі» атты көрмеге библиографиялық шолу жасалып, аяқталды













«Ұлтын сүйген – ұлы тұлға»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт – азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық автономиясы Халық кеңесінің төрағасы Әлихан Бөкейханың 150 жылдығына мерейтойына орай № 10 орта мектебінде оқушыларға саясаткердің өмірі мен еңбектері, «Алаш» партиясы , «Алашорда» үкіметін құруда өз үлесін қосуы және саяси өмірі туралы таныстыру мақсатыңда «Ұлтың сүйген – ұлы тұлға» атты портрет кеші өткізілді.

Семинар сабағы

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінде 2016 жылдың 26 сәуірде қалыптасқан дәстүр бойынша семинар өтті. Онда «Архив құжаттарын пайдалану мақсаттары мен түрлері» тақырыбында әңгіме қозғалды.Бұл шын мәнінде тәжірбие алмасу сағаты болды. Оған Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер құжаттама басқармасының орынбасары С.Мәдиева, басқарманың архив қызметі бөлімінің қызметкерлері, Тараз қалалық және аудандық архивтердің директорлары, бас мамандары қатысты. Тәжірбие алмасу сағатында Ғылыми анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімінің қызметкерлері тақырып бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бөлім басшысы – Қожамарова Назым құжаттардың толықтырылуы, тарихи сипттағы сұраныстардың орындалуы, құжаттарды пайдалану тәртібі мен оқу залына келген зерртеушілерге арналған ережелерді кеңірек ашып айтып кетті. Жас мұрағатшы Зейнуллаұлы Сағындық көрмелер жайлы қысқа шолу жасап өтті. Көрменің жасалу тәртібі мен сипаттарына тоқтала отырып, ерекшелігіне, құжаттардың құндылығына баса назар аудару керек екендігін көрсетті. Мұрағатшы Зейнегүл апамыз оқу залы ережесімен кеңірек түсіндіріп, құжаттарды пайдалану үшін қандай құжаттың керек екендігін нақтылап түсіндірді. Баяндама соңы бөлім басшысына сұрақтар қойып, пікір алмасулар өтті. Арнайы семинарға қатысты қабырға көрмесі жасалынып, көпшіліктің көңілінен шықты.Бөлімнің атқарған жұмыстары, іссапарлары мен көрмелерінің нәтижесіне қанағаттанарлықтай баға берді.

Бүгін «Тараз қаласының мемлекеттік архиві» КММ-де, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 31 наурыз – 1 сәуір аралығында Вашингтонда өткен Ядролық қауіпзсіздік Саммиті шеңберінде «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифестің ұжым арасында талқыланып әңгіме-жиын сағаты болып өтті. Бұл жиында архив директоры Б. Абдыкаримова және архивші С.Досымбеков баяндама жасады. Баяндамада Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары ядролық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асырудағы бірлескен ұстанымдарын растайтыны туралы айтып өтті. Іс-шара аясында Саммит делегаттары ядролық терроризм қатерін ескерту мәселесіне арналған интерактивті пікірталасқа қатысты. 1986 жылы Семейде Ядролық сынақ жасалғанын, қаншама қазақ халқының денсаулықтарына нұқсан келгенін және дүниеге келген сәбилердің кемтар болып келгенінде қоса айтып өтті.

«Халық театрлары қойылымдарындағы сахналық қимыл және сөз артикуляциясы» атты облыстық шеберлік сабағы туралы
М Ә Л І М Е Т

Облыстық халық шығармашылығы орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2016 жылдың 15 сәуір күні М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының акт залында «Халық театрлары қойылымдарындағы сахналық қимыл және сөз артикуляциясы» тақырыбында облыстық шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағына Тараз, Шу қалалық, аудандық мәдениет үйлеріндегі халық театрларының режиссерлары мен әртістері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: сахна тілі интонациясының дискурстық сипаты, сөз артикуляциясын үйрету, сахналық қимыл, сахнадағы сөйлеу мәдениеті және сөйлеу техникасын жетілдіру, халық театрлары қойылымдарындағы сахналық қимыл және сөз артикуляциясын дамытуға бағыттау, сахналық қойылымдарды ұйымдастыруда, көрсетуде ұстанатын басты қағидаларды жетілдіру, театр режиссерларына репертуар таңдау жөнінде бағыт-бағдар беру.

Шеберлік сабағын Облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Тұрлығұлова Жанат Қамшыбекқызы ашып, қатысушыларға театр және сахна қойылымдарындағы режиссерлардың нақты ұстанымдары мен қағидалары жайында өз ойын жеткізді.

Келесі сөз кезегін алған М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР Мәдениет қайраткері, профессор Кабиева Айгүл Кабиқызы «Театр және көркемөнер ұжымының режиссурасы» тақырыбында баяндама жасаса, орталықтың көркемдік шығармашылық бөлімінің бастығы Абдуллаев Нурали Кулмаматович пен Еркебаев Дүйсебай Қалаубайұлы «Халық театрлары қойылымдарындағы сахналық қимыл және сөз артикуляциясы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары мен тәжірибелік сабақтарын өткізді. Шеберлік сабағы барысында «Дулати» халықтық жастар театрының әртістері дайындаған «Мәңгілік ел мәртебесі» атты композициясы ұсынылды.

Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы Облыстық халық шығармашылығы орталығының сертификаты табыс етілді.

«Салауатты өмір – нұрлы болашақ»
(мамандар күні)

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне байланысты Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиография секторының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» атты мамандар күні өткізілді.

Аталған шараға Жамбыл медициналық колледжінің «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының төрайымы – Тасыбаева Анель Жүнісбекқызы, Жамбыл медициналық колледжінің оқытушы мамандары – Парманова Алтынай Тамбесовна, Кудебаева Эльмира Жандарбековна және «Мейірбике ісі» тобы мен «Емдеу ісі» топтарының білімгерлері қатысты.

Іс-шарада денсаулық, салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары, зиянды әдеттерден аулақ болу тақырыптары төңірегінде сөз қозғалды. Жамбыл медициналық колледжінің «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының төрайымы – Тасыбаева Анель Жүнісбекқызы салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында білімгерлермен жасалып жатқан жұмыстары жайында айтты.

Іс-шара алты бөлімнен тұратын (Таныстыру, мақал-мәтелдер, «Бұл не?» ойын, тапқырлық, сұрақ-жауап, өнер сайысы) «Біз салауаттылықты қолдаймыз» атты сайысқа ұласып, оған «Адал жандар» және «Жүрек топтары» қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша «Адал жандар» тобы жеңіске жетті.

Іс-шараға байланысты жасалған көрмеге библиографиялық шолу жасалып, мамандар күні кітапханаға экскурсия жасаумен аяқталды.

«Край, которым я живу»
Open – air (жеңіл атмосфера)

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасынның абонемент секторының ұйымдастыруымен Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларымен «Край, которым я живу» атты Open – air (жеңіл атмосфера) өтті. Оқушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.

« Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама»
(денсаулық сағаты)

Іс-шарада Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының Мерзімді басылымдар секторының кітапханашылары Дүйсенова А, Сүгірбаева А. ұйымдастыруымен 2016 жылдың 6-шы сәуірінде «Мейірім» мектеп – интернатының 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» атты денсаулық сағаты өткізілді.

Жастарды салауаттылыққа тәрбиелеу, темекі, алкаголь ішімдіктері, есірткі және басқа да тәуелділікке ұшырататын зиянды іс-әрекеттердің алдын-алу, жас ұрпақтың сана-сезіміне салауатты өмір салттарын қалыптастыру. Жастарға салауатты өмір сүрудің артықшылығын, зиянды заттардың тұңғиыққа апарар жол екенін айтып жан-жақты сақтандыру, қоғамдағы әрбір саналы азаматтың борышы. Кітапхана қызметкерлері шара барысында зиянды әдеттің бірі – нашақорлықтың зардаптары туралы айтты. Арақ, темекі, наша қолдану секілді зиянды әдеттерден аулақ болу туралы кеңінен әңгімеленіп айтылды.

«Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің»
(Әдеби- микс).

Жамбыл облыстық балалармен жасөспірімдер кітапханасында мүмкіндігі шектеулі балалармен және олардың ата-аналарымен «Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің» атты әдеби- микс сағаты ұйымдастырылп өткізілді. Іс-шара 2 –сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай арналған. Мерекенің шығу тарихы, жалпы кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтылды. «Кітап әлеміне саяхат» атты слайд көрсетілді. Балаларға жаңа дыбыстық кітаптар, понарамалық кітаптар, энциклопедиялар, ертегі кітаптар көрмесіне шолу жасалды. Балалар кітаптарға арналған өлең шумақтарын айтып, марапатқа ие болды. Бүгінгі сағаттан алған мәліметтермен бөлісіп, ата-аналардың, тәрбиешілердің көмегімен сұрақтарға жауаптар алынды. Кездесу соңында Жамбыл обылыстық балалармен жасөспірімдер кітапханасына саяхат жасап, жаңа әдебиеттермен таныстырылды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты ортаға тарту мақсатында кітапхана оқырманы ретінде тіркелді. Балалар мен ата- аналар ризашылықтарын білдіріп, жақсы көңіл-күймен қайтты.

«Көркемөнер жүйесіндегі этно-мәдени мұралардың
сақталу мәселелері» атты облыстық семинар туралы
М Ә Л І М Е Т

Облыстық халық шығармашылығы орталығының жоспарына сәйкес 2016 жылдың наурыз айының 30 күні Т. Рысқұлов аудандық мәдениет үйінің базасында «Көркемөнер жүйесіндегі этно-мәдени мұралардың сақталу мәселелері» атты облыстық семинар өтті. Семинарға аудандық мәдениет үйлерінің көркемдік жетекшілері мен 1 әдіскер қатысты.

Семинардың мақсаты мәдени іс-шараларды ұйымдастыру үрдісінің жаңашыл бағыттары мен оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын үйрету, көркемөнер ұжымдары мен үйірмелердің жетекшілерінің кәсіби біліктілігін арттыру, шеберліктерін жетілдіру, мәдени-көпшілік шараларына жаңа әдіс, тәсілдер мен озық технология құралдарын тиімді пайдалану, байқаулар мен фестивальдер ұйымдастырып, өткізу, концерттік бағдарламалар әзірлеу, көркемөнерпаздар үйірмелеріне репертуар таңдау жөнінде бағыт-бағдар беру.

Семинарды орталықтың директорының орынбасары Ж. Тұрлығұлова ашып «Фольклор – халық мұрасы» тақырыбында, бас редактор Т.Әбдікәрімова «Көркемөнер жүйесіндегі этно-мәдени мұралардың сақталу мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Т. Рысқұлов аудандық мәдениет үйінің «Сударушки» орыс халықтық фольклорлық ансамблінің жетекшісі

Л. Левицкая, Қордай ауданы «Соседушки» халықтық орыс фольклорлық ансамблінің жетекшісі О.Сбитнева мен «Чун тян» халықтық дүнген фольклорлық ансамблінің жетекшісі Л.Бянху ансамбльдің шығармашылық жұмыстары туралы баяндап, тәжірибе алмасты. Сондай ақ, Байзақ аудандық мәдениет үйінің бөлім меңгерушісі М. Көбеева, Т. Рысқұлов аудандық мәдениет үйінің директорының орынбасары Ж. Ақшаловалар аудандағы этно ұжымдар мен үйірмелердің жұмысы туралы баяндап берсе, семинар барысында облыстық халық шығармашылығы орталығының 2015 жылы атқарған іс-шараларына шолу жасалды. Барлық қамтылған тақырыптар түгелдей бейне слайдтармен көркемделіп, отырды.

Семинардың қатысушылары Т.Рысқұлов аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған өзбек, орыс, қарашай ұлттық мәдени бірлестіктерінің қолөнер шеберлерінің туындыларын аралап танысты.

Семинар соңында жиналғандар пікір алмасып, өзара тәжірибе алмасты, қойылған сұрақтарға жауап берді. Орталық тарапынан «Ұлттық халық аспаптары. Ұқсастықтары. Тегтелуі.» атты әдістемелік нұсқау таратылды.

Талантты ақын С.Томановтың 60 жылдығына арналған
«Адасып жүрген ақ бөкен едім» атты жас ақындардың республикалық жыр мүшайрасының мәліметі

«Адасып жүрген ақ бөкен едім..» атты жас ақындардың республикалық жыр мүшайрасы 31 наурыз күні Талас ауданы Қаратау қаласында мәресіне жетті. Серік Томановтың жыр мүшайрасы сазды сипатта, көтеріңкі көңілмен өтті. Кешке мәдениет саласының ардагері Ә.Әмзеұлы, ақынның сыныптасы Ү.Сапақова, сыныптас жолдасы, сазгер Орынбасар Әбжаппаров, Республикалық «Жас қазақ» газетінің облыстағы меншікті тілшісі, ақынның құрдасы Дүйсенбек Айбеков және отбасы да қатысты. Кешке жиналғандарға ақынның өмірі мен шығармашылығынан бейнебаян және театралдық қойылымдардан үзінді көрсетілді. Облыстық филармония әншілері М.Бабақұлов, Ғ.Мәтебаев, Ә.Әбдікерімов пен аудандық мәдениет үйінің әншілері ақынның өлеңіне жазылған әндерді орындады.

Кешті облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары М.Жинақбаева ашты. Ақынның жұбайы Б.Оразбековаға сый- сияпат тартылды. Талас ауданы әкімі атынан аппараттың басшысы Қадырбек Садубаев құттықтау сөз сөйлеп, иығына камзол жауып, телевизор табыс етті.

Қазылар алқасы мен қоғам қайраткерлері мүшайраның жеңімпаздарына жүлделерін тапсырса, орын алғандар халықтың алдында шығармаларын оқыды.

Мүшайраның жүлдегерлер тізімі:
Бас жүлде Қадірәлі Нұржан (Жамбыл облысы), І орын Хамит Есаманов (Жамбыл облысы), ІІ орын Асан Ақерке (Қарағанды облысы), ІІ орын Абайдильдаев Табиғат (Жамбыл облысы), ІІІ орын Нұртас Тұрғанбек (Алматы облысы), ІІІ орын Оразбек Жалғас (Жамбыл облысы), Төлеуов Мадияр (Қызылорда облысы), Саршаев Наурызбек (Жамбыл облысы), Әлия Іңкәрбек (Алматы облысы) ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

«Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі 2016 жылдың наурыз айының 30 жұлдызында «Қазақстан Республикасының архив ісі және құжаттама бойынша нормативтік-құқықтық актілері» тақырыбында мәдениет саласына қарасты мекемелерге семинар өткізді.

Семинардың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бөлім басшысы М.Х.Саурықова мен 1-ші дәрежелі мұрағатшы Ш.Д.Каракулова Қазақстан Республикасының архив ісі және құжаттама бойынша нормативтік-құқықтық актілерге қысқаша шолу жасап өзгерістерімен таныстырды. Ұлттық архив қорына жалпы түсініктеме берді. Құжаттама жасау, құжаттарды дайындау мен рәсімдеу, құжаттаманы басқару, құжаттарды тіркеу тәртібімен, құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптармен таныстырды. Істер номенклатурасын әзірлеуді, басқарушылық құжаттаманы сақтайтын ұйым архивінің төлқұжатын толтыруды түсіндіріп, кіріс, шығыс құжаттардың, істер номенклатурасының, басқарушылық құжаттаманы сақтайтын ұйым архивінің төлқұжатының, ведомтсволық архивтерге құжаттардың түсуі мен шығуын есепке алу кітабының үлгілерін слайдпен көрсетті.

Семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының архив ісі және құжаттама бойынша нормативтік-құқықтық актілердің тізімі таратылды.

Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінде 2016 жылғы 21-25 наурыз аралығында өтетін «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» атты көрме

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Карл Фаберже орденінің иегері Б.Әлібайдың қолөнер көрмесі.

Берік Сәтінбекұлы Әлібай 1964ж. Жамбыл облысы Меркі ауданы Қызыл-сай ауылында дүниеге келген. Алматыдағы Н.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін және Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын тәмамдаған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер және дизайнерлер Одағының мүшесі, ҚР Президенті стипендиясының және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалінің, К.Фаберже атындағы Халықаралық мемориалдық қорының гауһар тасты орденінің, осы қордың «Мұсылман әлемінің құрметті зергері» орденінің иегері, халықаралық және республикалық конкурстардың жүлдегері.

Б.Әлібайдың көптеген авторлық жұмыстары Тәуелсіздік сарайының «Қолданбалы өнер және этнография» галереясында, ҚР Тұғыш Президент музейінің, ҚР Мемлекеттік орталық музейінің, ҚР Алтын және асыл тастар музейінің қорларында және жеке коллекцияларда сақтаулы.

Көптеген республикалық, бүкілодақтық, халықаралық көрмелерге қатысқан. Жеке көрмелерін өткізген. Қазақстанның Катар, Сауд Арабия, Қытай, Жапония, Түркия, Ресей, Иран, Германия, И спания, Оман, Тәжікстан, Түркменстан, Біріккен Араб Әмірлігі т.б. мемлекеттерінде өткен Қазақстанның мәдени күндеріне қатысып, қазақ халқының дәстүрлі зергерлік қолөнерін әлемге паш етіп, насихаттауда өз үлесін қосқан.

«Әйел-сұлу әлемнің көркі болар, ұлағатты ұрпақтың серті болар» Кездесу кеші

2016 жылдың 4 наурызында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жасөспірімдерге құрметті ардагерлеріміздің жолдарын үлгі қылу мақсатында «Әйел-сұлу әлемнің көркі болар, ұлағатты ұрпақтың серті болар» тақырыбында ардагерлермен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кеш қонақтары, Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары Назарбекова Күләш Айтбайқызы, еңбек ардагерлері, аналарымыз Махажанова Қалбибі мен Сейдалина Қосайкүл болды. Кездесу кешіне Жамбыл облыстық қазақ драм театры және облыстық филармония (Баласағұн) әртістері шақырылып, өнер көрсетті. Кездесу кешті Жамбыл-Тараз телеарнасына түсірді. Іс-шараға «Өмірде ана-бұлақ, ана-пана, Өмірді өркендетер ана ғана» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Жамбыл Жабаев – 170 жыл
«Абыз қария, жыры дария»
(фотошолу)

Қазақ халқының ұлы перзенті, айтыскер, сазгер, жыр алыбы, қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ғасыр ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына байланысты «Абыз қария, жыры дария» атты фотошолу өткізілді. Аталған іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 5 «б» сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

Іс-шараға қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы, Алматы қаласындағы мұражай-үйі, мұражай ішіндегі экспонаттар жайлы толық мәлімет беріліп, суреттері слайд арқылы көрсетілді.

Іс-шараға байланысты кітап көрмесі жасалып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

Мұқағали Мақатаевтың туылғанына - 85 жыл
«Мен - өмірімді жырлау үшін келгенмін»
Поэзия кеші

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының абонемент секторында Мұқағали Мақатаевтың 85 жыл толуына байланысты «Мен - өлеңімді жырлау үшін келгенмін» атты поэзия кеші өтті. Аталған іс-шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы № 49 мектеп – гимназиясының 8 сынып оқушылары мен №16 мектептің оқушылары қатысты.

Мақсаты – қалың оқырман қауымына ақынның өмірі мен шығармашылық жолын таныстырып, қаламгердің әдеби мол мұрасын насихаттау. Мұқағали жырларын жастар сүйсініп оқиды. Табиғаты таза ақын поэзиясы жастардың махаббатқа адалдық сезімін, туған жерге, туған елге сүйіспеншілік сезімін, ата-анасына деген перзенттік сезімін, адамзатқа деген адамдық сезімін тәрбиелейтін қуатқа ие. Кітапханашы ақынның өмір жолы мен әдеби бай мұрасын таныстырып, «Мұқағали мұрасы – мәңгілік» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді. Кітапхана оқырмандары мен оқушылар М.Мақатаевтың «Үш бақытым», «Туған жерім», «Фаризаға» және т.б өлеңдерін оқып, кітапханашы Сағатбекова Нұргүл өзінің жүрекжарды өлеңін арнады. Сонымен қатар, М.Мақатаевтың өмірі туралы бейнематериалдар, фото-шежіре, слайд көрсетіліп, ақиық ақынның «Саржайлау», «Есіңе мені алғайсың», «Көктемде келгенде» әндерін барша жиналған қауым қосылып орындады.

«Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық»
Топтық талқылау

Жамбыл облыстық балалармен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастыруымен «Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық» атты тақырыбында топтық талқылау өткізілді. Іс-шараға № 12 мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушыларға балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейту. Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінікті қалыптастыру. Өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту. Инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Оқушылардың достық туралы ұғымы кеңейедіту және нақтыланады. Достарға деген қарым-қатынастары қалыптасады, достықты қадірлей білуді ұғады, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйренеді.

Мұрағаттағы мереке

Бүгін 2016 жылғы 1 наурыз күні Тараз қаласы мемлекеттік мұрағат мекемесінде «Алғыс айту күні» мерекесі аталып өтілді. Мекеме басшысы Бақыт Жарқынбайқызы Абдыкаримова ұжым мүшелерін осы айтулы мерекемен құттықтап, мұрағат қызметкерлеріне өзінің алғысын жеткізді. Бұдан соң, сөз алған мұрағаттанушы Досымбеков Сатыбалды, Елімізде тұңғыш рет аталып өтіп отырған бұл мереке көктемнің алғашқы күні -Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні Елбасының жарлығымен аталып өтілуде екендігін, бұл мерекенің көпұлтты Қазақстан халқы үшін өзара татулық пен бірлікті сақтау үшін, ұлтаралық мызғымас достықты,ағайын арасындағы туыстықты, ата-ана мен бала арасындағы мейірмандылықты, отбасындағы жанұялық бір-біріне деген сыйластықты, мекеме ұжымдарындағы әріптестік өзара қарым-қатынасты, әрбір қазақстандықтың бір-біріне алғысын айту арқылы еліміздің мызғымас беріктігін сақтауға бағытталған мереке екендігін ұжым мүшелеріне жеткізіп айтты.

Жас тарихшылар мұрағатта

Осы күні Тараз қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп гимназиясының 8 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісі Аширова Назгүл Тазабекқызының бастауымен Тараз қалалық мұрағат мекемесіне келіп,мұрағат қызметкерлеріне «Алғыс айту күні» мерекесімен құттықтап, мұрағат жұмысымен танысты.

Мекеме басшысы Б.Ж. Абдыкаримова мен бөлім басшысы Г.К. Аханбекова оқушыларға мекеменің тарихы жайлы мағлұмат бере келіп,мұрағат ісінің жай-жапсарымен, мұрағат құжаттарының көрмесімен таныстырып өтті .

Мұрағаттанушы С.Д. Досымбеков еліміздің және Тараз қаласының тарихы жайлы айта келіп, мұрағаттық құжаттардың мән-маңызына тоқталып өтті.

Сынып жетекшісі Н.Т. Аширова мекеме қызметкерлеріне өзінің алғысын айта келіп, оқушылардың тарих және мұрағат саласы бойынша алдағы уақыттарда қалалық мұрағатпен бірлесіп, зерттеу ісімен айналысатындықтарын, болашақта мұрағатшы болуға қызығатындықтарын жеткізді.

Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына
арналған республикалық «Тыңда, дала, Жамбылды!»
атты жыршы-термешілер байқауы өтті

2016 жылдың 25 ақпан күні Жамбыл облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласы «Баласағұн» орталық концерт залында ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған республикалық «Тыңда, дала, Жамбылды!» атты жыршы-термешілер байқауы өтті.

Байқауға республикамыздың әр аймағынан талапкер қатысып, бақтарын сынады. Қазылар алқасының құрамында елімізге танымал өнер қайраткерлері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің "Дәстүрлі ән" кафедрасының доценті Қапаш Құлыш, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Дүйсенбек Өмірәлиев, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, сазгер, күйші Әбдімомын Желдібаев, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері жыршы-термеші Аяз Бетбаев, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің ұстазы, жыршы-термеші Елікбай Иса бар.

Қатысушылар ереже бойынша Ж.Жабаевтың жыр-дастандарынан 1 үзінді және Жетісу жыршыларының (Қабанбай, Сүйінбай, Үмбетәлі, К. Әзірбаев, Ә. Қосбасаров, А. Бетбаев т,б) шығармаларынан үзінді орындау қажет болса байқау өзінің діттеген мәресіне жетті деуге әбден болады.

Қазылар алқасының ұйғарымымен Жамбыл Жабаевтың және Жетісуда өмір сүрген ақын-жыршылардың шығармаларын нақышына келтіре орындап, көрерменнің жүрегіне жол тапқан Рахымбай Данияр (Алматы облысы) Бас жүлдені иеленді.

І орын – Тоқтағанова Мақпал (Алматы облысы) және Әбенова Сұлужан (Жамбыл облысы).

ІІ орын – Төлебай Жарасхан (Қызылорда облысы), Шалдыбеков Ерболат (Алматы облысы), Донбаев Мұратхан (Шығыс Қазақстан облысы).

ІІІ орын - Сүгірбай Марат (Қызылорда облысы), Байтасов Құрман (Астана қаласы), Шәкәрімов Төлеген (Шығыс Қазақстан облысы).

Сүйінбай атындағы арнайы жүлде – Абдирова Ғазиза (Ақтөбе облысы)

Қабан жырау жүлдесі– Жамбаева Қарлыға (Жамбыл облысы)

Сауытбек атындағы жүлде – Ысқақов Жұлдыз (Жамбыл облысы)

Бармақ ақын атындағы жүлде - Ыдырбай Байбақ (Атырау облысы)

Кенен Әзірбаев атындағы жүлде- Темірбекова Гүльмира (Шығыс Қазақстан облысы)

Аяз Бетбаев атындағы жүлде- Алпысов Абзал (Қостанай облысы)

Жеңімпаздар мен қатысушыларға ақшалай сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды.

Үстіміздегі жылдың 11-ақпанында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Еңбек Ері, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас-директоры Мұқаш Зұлқарнайұлы Ескендіровтың жеке тектік құжаттарын қабылдау рәсіміне арналған «ЕҢБЕК ЕР АТАНДЫРАДЫ» атты дөңгелек үстел басындағы әңгіме өткізілді.

Іс-шараға Жамбыл облысы мәслихатының хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, облыстық ардагерлер кеңесі ұйымының төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова, облыстық «Знамя труда» газетінің редакторы Бекет Момынқұлов, облыстық «Ақ жол» газеті редакторының орынбасары Ақылжан Мамыт, «Қазақстан телерадиокорпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Мейрамбек Төлепберген, Тараз пелагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова, «Мейірім» медициналық орталығының директоры Гүлдара Нұрымова, облыс архивтерінің директорлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және облыстық архивке құжаттарын сақтауға өткізу рәсімінің басты кейіпкері Мұқаш Ескендіров қатысты. Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов ашып, құттықтау сөзді Жамбыл облысы мәслихатының хатшысы Бағлан Қарашолақовқа берді. Дөңгелек үстел басындағы әңгімені облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев жүргізіп отырды.

Жамбыл облысының мемлекеттік архиві дөңгелек үстел басындағы әңгімені өткізуде Еңбегімен Ер атанған Қазақстанның Еңбек Ері, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Мұқаш Зұлқарнайұлы Ескендіровке құрмет көрсету арқылы еңбегін көпшілікке үлгі ете отырып, Мәңгілік Ел атану үшін еңбек басты рөл атқаратындығын айғақтауды, Ұлттық архив қорын құнды құжаттармен толықтыруды мақсат етті.

Іс-шара құттықтаулар мен ән-жырға толы болды.

«Поэзия пірі - Мұқағали»
жыр толғау кеші
М.Мақатаевтың туғанына 85 жыл

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, ««Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі және «Жастар орталығы» бірлесіп қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақын М.Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына орай XX ғасырдың таңғажайып ақыны боп танылған ақынның өмірі мен жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау, шығармашылығымен тереңірек таныстыру, поэзия құдіретін таныту, сол өлеңдер арқылы жастардың бойына халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ұялату, ақынның парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Поэзия пірі – Мұқағали» жыл толғау кешін ұйымдастырды.

Жамбыл политехникалық колледжінің үлкен залында өткен іс-шараға кітапхананың «Қаламгер» клубы мүшелері белсене атсалысты.

Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да, өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырудан бастау алған ретро стиліндегі кеш қатысушыларды ақын өмір сүрген заманына, бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген Мұқағали Мақатаевтың саф алтындай поэзиясы, оның ерекше бір көрегендік, сезімталдықпен жазылған жырлар әлеміне керемет саяхатқа алып кете барды.

Араларында ақынның өзі емес, оның албырт жырлары мен жансыз суреттері болса да, Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын, - деген жас ақындардың оқыған өлеңдері мен арнаулары, Мұқағали мұзбалақтың әлі де тірі екеніне, ақынның өзі кезінде талай болашақтарға көшеді, - деп айтқан өлеңдері жыр сүйер қауым өмірінің бір бөлшегіндей болғанына куә болдық.

«Қаламгер» жастар клубының мүшесі жас ақын Ә.Шөңгербаев сахнада Мұқағали Мақатаевтың жастық шағындағы, әрі қарай Қ.Ембергенов жас келе бастаған ақынның, ал М.Сәрсенбай болашақ жарының образдарын сомдап, ақын өмірінен үзінді көрсетті. Ал кештің құрметті қонақтары ақын, публицист Қайырбек Асанов және ТарМПИ-нің «Қазақ филологиясы» кафедрасының оқытушысы, доцент, «Жасын» әдеби шығармашылық бірлестігінің жетекшісі С.Исматова өздерінің естеліктерімен бөлісіп, Қайырбек Асанов ақын ағасынан кезінде бата алғанын әңгімелеп берді.

Кеш соңында белсене қатысқан жастарға кітапхана атынан кітаптар тарту етілді.

«Қайран жастық»
жас ақындар клубының отырысы

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жуырда ғана құрылған «Қайран жастық» өңірдің жас ақындары клубы мен кітапхана әкімшілігінің біріккен отырысы өтті. Клубтың төрағасы - ақын, бірнеше ақындар мүшәйраларының жеңімпазы, облыстық «Арай» газеті «Мәдениет және өнер» бөлімінің жетекшісі Хамит Есаманның айтуынша, әдебиетте өзінен кейін келе жатқан жас ақындарды қолдау үрдісін дамыту мақсатта құрылған клуб алдағы жылда осы бағытта жүйелі жұмыс атқаруды көздеп отыр. Қашанда жергілікті ақын-жазушыларға қолдау көрсетіп, олардың шығармаларын өңір тұрғындары арасында кеңінен насихаттап келе жатқан киелі шаңырақ Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы клуб мүшелерін бірлесе жұмыс жасауға шақырып, жас ақындар шығармашылығының дамуына кітапхана әкімшілігі тарапынан қашанда қолдау көрсетілетінін дөп басып айтты.

Э.Абдинованың ұсынысы клуб мүшелері тарапынан қызу қолдау тауып, екі жақ бірлескен жұмыс жоспарын құрды. Алдағы кітапхана жоспарлаған Жамбыл Жабаевтың 170 жыл және өмірден ерте озған жергілікті ақын Серік Томановтың 60 жылдық мерейтойларына арналған іс-шараларға әдеттегідей белсенді атсалысуға жас ақындар ниет білдірді. Сонымен қатар, кітапхана өз сайтында арнайы айдар ашып, онда жас ақындардың шығармашылы туралы кең мағлұматтар беріліп, жүйелі түрде өлеңдерін шығару жоспарын іске асыруға кірісетінін жариялады. Ол үшін, Эльмира Елеусізқызының айтуынша, ақындар өз шығармаларын ұсынса болды.

Отырысқа жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының бас редакторы Несіпбек Дәутайұлы қатысып, өзінің ақындық пен жазушылыққа байланысты көзқарасын білдірді.

Кез келген ұлттың рухани әлемiндегi терең ағыс - әдебиет туралы ой қозғаған жазушы жастарды тынымсыз еңбек етуге, қашанда ізденімпаз және сол ағысқа адал болуға шақырып, әр ақын-жазушының өзiнiң тәсiлi, өзiне тән құпиясы бар және дүниетанымы мен өз әлемi болу керектігін алға тартты. Жас ақындардың бойында пайым, парасат, азаматтық және жауапкершiлiк секiлдi қасиеттердiң бiрлiгi, үйлесiмi болу қажет, - деген жазушы жастарға өз батасын берді.

«Жақсылық жаса» акциясы аясында
кітапхананың «Үздік оқырманы» марапатталды

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қашанда өзінің тұрақты оқырмандарына ерекше көңіл бөлуге тырысып келеді. Осы орайда елімізде өтіп жатқан «Жақсылық жаса» акциясы аясында кітапхана қызметкерлері 1990 жылдан бері кітапхананың айнымас оқырманы, өзінің кітапқа деген қызығушылығымен, оқуға құмарлығымен өңір жастарына үлгі болып келе жатқан Жанатұр Утениязоваға сый-құрмет көрсетті. 26 жылдан бері кітап қорындағы кейбір әдебиеттерді бірнеше рет оқыған Жанатұр апай кітапхананың «Үздік оқырманы» атанды. 80 жастағы ақ жаулықты анаға кітапхана директоры Эльмира Елеусізқызы Абдинова бекіткен ұжым атынан Алғыс хат жеткізіліп, тұрмыстық электротехникалық құрал сыйға тартылды.

Қуанышын жасырмаған Жанатұр Утениязова кітапхана қызметкерлері мен басшысына ұзақ өмір, зор денсаулық және барша жақсылық пен жетістіктер тілеп, оларды «кітапхана оқырмандары қашанда көп болсын», - деген ақ тілектерімен шығарып салды.

Кітапхананың осы игі үрдісі жүйелі түрде жалғасын табады.

Онлайн конференция

04.02.2016 жылы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бірігіп ұйымдастырған, «Құнанбай» кинофильмінде Абайдың шешесі Зеренің рөлін сомдаған жерлесіміз, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, актриса Нұрсифат Рахымбайқызы Салықовамен онлайн кездесу конференция ұйымдастырылып өткізілді.

Бұл онлайн кездесу конференцияға Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, Шығыс Қазақстан А.С. Пушкин атындағы амбебап ғылыми кітапханасы, Мемлекеттік С.Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасы, Павлодар облыстық біріккен әмбебап ғылыми кітапхансы, Солтүстік Қазақстан облыстық С.Мұқанов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы, Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, Жамбыл облыстық көзі көрмеитін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы, №49 мектептің 9 сынып оқушылары, тараз қалалық политехникалық колледж білімгерлері қатысты.

Республикалық кітапхана қызметкерлері мен жас оқырмандар Нұрсифат Рахымбайқызы Салықоваға өздерінің сұрақтарын қойып, сұрақтарына нақты жауаптарын алды. Шығыс Қазақстан А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы тарапынан-«Зеренің рөлін ойнағаныңызда сол кездегі әжелермен қазіргі кездегі әжелердің айырмашылығы неде?» деген сұрақ қойылды. Қазіргі әжелер сол кездегі Зере әжелеріміз сияқты ертегісін аитып, нақыл сөздерін айтып отырса нұр үстіне нұр болар еді деп жауабын берді. Келесі сауал Қостанай облысының Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жаөспірімдер кітапханасы атынан-«Сіз Зеренің рөлін ойнағанда Зеренің бойындағы мінез-құлқы мен өзіңіздің бойыңыздағы мінез-құлқыңызбен ұқсас жерлері болдыма?»деген сұрақ қойылды. Нұрсифат Рахымбайқызы ұқсас қасиеттеріміз жоқ, дегенмен қазақи аналарға тән.мінез-құлық әр бір әйелдің бойында бар деп есептеймін, сондай қазақилық мінез бойымда бар. Сонымен қатар жалпы сахнада үлкен аналардың ролдерін ойнап жүргендіктен соның да көмегі болған шығар деп ойлаймын. Басқа да кітапханалар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Мектеп оқушылары да сұрақтарын койып, артынан ізгі тілектерін білдіріп жатты. Онлайн кездесу конференциясы жоғарғы денгейде өтті.

500 көрермендей қатысты.

Көрме

2016 жылдың 19 қаңтарда Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында суретші Қаңтарбаев Мақсат Қырғызбайұлының «Туған елдің тұғыры» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

Көрменің мақсаты суретшінің туындыларымен Тараз қаласының тұрғындарын таныстыру.

Қаңтарбаев Мақсат – ашық жарқын түстердің қас шебері, шығармаларын жүрегімен орындайтын өнер иесі. Ол түстер әлемінің шексіздігін ,табиғат аясының тынысын жеміс- жидектердің мөлдір түстерін әрбір заттың өз пішінін өзгертпей, айна-қатесіз орындай біледі. Көрме экспозициясының шынайы айғақтайтын бейнесі - Туған өлке. Суретшінің образы тыңғылықты, көз қарасының тура жеткізе білетіндігі және қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Әр қилы жанрға қарамастан, суретшінің жұмыстарынан оның өмірге деген құштарлығымен алуан түрлілігімен шығармаларында анық байқалады.

Оның әрбір шығармасында өзінің ішкі әлемінің қызығушылығын көруге болады. Қарапайым бейнелермен суретші табиғаттың қиын құбылыстарын айқын бейнелейді. Суретшінің ашық қаңық түсті қайталанбас туындылары көрермендерді өзіне баурап алады.

Автордың «Қысқы таулар» атты туындысын көрменің нағыз жүрегі деп айтуға болады. Әрбір суретші бірінші кезекте өзінің шығармаларында ішкі сезімдерінің көзқарасын әртүрлі бояулар арқылы жеткізеді.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
«Ар намысым, қасіретім, қуанышым –Желтоқсан!»
(музыкалық кеш)

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 15 желтоқсан күні Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастырумен Тәуелсіздік күніне орай «Ар намысым, қасіретім, қуанышым –Желтоқсан!» тақырыбында музыкалық кеш өткізілді. Кештін мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Кітапханашы оқушыларға Тәуелсіздік туын көтерген «Желтоқсан оқиғасы» туралы айта келе, желтоқсан құрбандарының ерлігіне тоқталып өтті. Жас ұрпаққа Тәуелсіздік қадірін білу керектігін түсіндірді. Желтоқсан оқиғасы не себептен болды, қалай болды, оған кімдер қатысқандығы туралы мәлімет берілді. Балалар осы мерекеге арналған өлең жолдарын оқып, қонақтарға әндерін сыйлады. Іс-шара кітап көрмесіне шолумен аяқталды.

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
«Мен өлкемді зерттеймін!» ІV-ші жеткіншектер байқауы

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Мен өлкемді зерттеймін!» ІV-ші жеткіншектер байқауы өткізілді. Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы тарихы таусылмайтын тағылымға бай, тамыры тым тереңде жатқан көне өлкеміз туралы «Мен өлкемді зеттеймін» жас зерттеушілер шығармашылық жобасы 2012 жылы «Туған өлкем - тұнған шежіре» тақырыбына өткізілсе, 2013 жылы байқау «Бір шаңырақ астында», 2014 жылы «Туған өлке мақтаныштары» тақырыпта өткізілсе, 2015 жылы «Экспо 2017ж. - Тараз» атты тақырыбына арналды.

Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын нығайту. Яғни өлкемізде тұрып жатқан ұлт өкілдері туралы мәліметтер жинақтау. Байқауға 13 пен 17 жас (5-8сын, 9-11 сын.) аралығындағы жас зерттеушілер қатысты. Зерттеу жұмысын қорғау кезінде тақырып таңдаудағы өзіндік дәрежесі және зерттеудің жүргізілуі бағаланды, шығармашылық ізденіс, зерттеудің жүргізілуіне ел аузынан жинастырылған деректер қорын пайдалануы, мәселенің терең талқылануы, сұрақтарға берілген жауаптар қаралды.

Жеңімпаздарды әділ қазылар алқасы анықтады. Қазылар алқасының мүшелері: Құттыбаева Жадыра Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжатттама басқармасының бас маманы, Ілияс Сейтжан Тарихи ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының бас инспекторы, Кисиков Мадияр Тарих және археология маманы, Санатбаева Асыл Археология және монументтерді қорғау бөлімінің инспекторы, Сейтқазиева Мөлдір Археология және монументтерді қорғау бөлімінің маманы.

Әділ қазылар алқасы қатысқан барлық жас зерттеушілерді тыңдап, өздерінің оң бағасын берді. Бас жүлдені №11 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Темірханова Сара, І орын иегері: №48 мектебінің 11 сынып оқушысы Бекмұратов Нұрбек, ІІ орын иегері: №20 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сарыбай Диана, ІІІ орын иегері: №26 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Асқарбекұлы Аят алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Ең жас зерттеуші» номинациясы №18 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Ни Маргарита жетекшісі Рыжкова Вера жеңіп алды. Байқауға қатысқаны үшін 7 қатысушы мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Бала жанының бағбандары»
(еске алу кеші)

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 11.12.2015 жылы «Жас талант» домбыра үйірме мүшесінің ұйымдастыруымен белгілі балалар ақындары Асқаржан Сәрсек пен Лесбек Сайлаубектің «Бала жанының бағбандары» атты еске алу кеші өтті. Кешке Жамбыл облыстық мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасының орынбасары Жинақбаева Мубарак Қасымқызы, Жамбыл – Тараз газеті редакторының орынбасары Әбдиев Ерман, «Ақ жол» газетінің әлеумет бөлімінің қызметкері, ақын Баймаханбет Ахмет, облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері, ақын Өзбеков Ахметжан қатысты.

Аталған іс-шара барысында Асқаржан Сәрсек пен Лесбек Сайлаубектің өмірбаяндары мен шығармалары, өлеңдері туралы слайд көрсетілді. «Жарығы өшпейтін жұлдыздар» атты кітап көрмесіұйымдастырылды. Көрмеде ақындардың шығармалары, өлеңдері қойылды.

«Жас талант» домбыра үйірме мүшелері ақындардың өлеңдерін жатқа оқылып, күй тартылды. Іс-шараны Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры М.Е.Ысқақ қорытындылай келе Жамбыл облыстық энциклопедиясында Асқаржан Сәрсек пен Лесбек Сайлаубек туралы мәлімет жоқтығын айтып, мәдениет басқармасына 2016 жылғы энциклопедияға аталған ақындарды қосуын сұранды.

Кешті қорытындылай келе Жинақбаева Мубарак Қасымқызы, Әбдиев Ерман, Баймаханбет Ахмет, Өзбеков Ахметжан іс-шараны өз сөздерімен қорытындылап, өз ризашылықтарын білдірді.

Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сахна мәдениетіне үйрету, көпшілік алдында өздерін еркін ұстай білуге тәрбиелеу.

«Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 16 желтоқсан «Тәуелсіздік» мерекесіне орай «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» әдеби – тарихи сағат өтті.

Іс-шараның мақсаты оқырман қауымның бойына ертеңге деген сенім мен ел болашағына деген дүниетанымын кеңейту. Отан сүюге, ұлтымыздың өткенін құрметтеп өсуге тәрбиелеу.

Іс-шарада патриоттық әндер мен өлендер айтылып, «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты тақырыптағы кітап көрмесі жасалынып библиографиялық шолу өткізілді.

Марапаттау

2015 жылдың 15 желтоқсан күні 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мерейтойлық медалімен Жамбыл облыстық қазақ театрының мұражай меңгерушісі, драматург - Әлібек Әмзеұлы, Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатының бөлім басшысы, жазушы - Мақұлбек Рысдәулетұлы және «Ежелгі-Тараз ескерткіштері» мәдени қорық-мұражайының директоры - Тәкен Молдақынов марапатталды. Сонымен қатар, басқарма басшысы Д.Бықыбаев облыс әкімі К.Көкрекбаевтың «Құрмет грамотасымен» Облыстық кино орталығының бөлім меңгерушісі – Маженова Зылиха Керімқұлқызын және бірқатар сала мамандарын Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» естелік белгісімен және басқарма басшысының «Алғыс хатымен» марапаттады

Колледж күндері

2015 жылдың 2 желтоқсан күні Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейде музей және медициналық колледжі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығының 550 жылдығы және Жамбыл медициналық колледжінің 80 жылдығына арналған «Колледж күнінде» бұрыштың ашылуы өтті.

Іс-шараның мақсаты: Өскелең ұрпаққа Қазақ хандығының құрылуы туралы көптеген тың деректер мен медициналық колледжінің тарихы жайлы мәліметтер беру, білімгерлердің ғылыми зерттеушілік әлеуетін арттыру, тарихи-мәдени мұраларымызды сақтауға, сондай-ақ жастардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру. Облыстық музейі мен Жамбыл медициналық колледжі арасындағы байланысты одан әрі нығайту болып табылады.

Аталған іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының орынбасары С.Мәдиева, Медициналық колледждің директоры С.Қоңырова, музей және медициналық колледжі қызметкерлері мен білімгерлері, БАҚ өкілдері катысты.


Мерекелік іс-шарада Музей және медициналық колледжінің қызметкерлері мен білімгерлері музейдің фойесінде ҚР әнұраны айтты.


Медициналық колледждің білімгерлері концерттік бағдарламасы


Музей директоры Ү.Сапақова мен Медициналық колледждің директоры С.Қоңырова лента қию рәсімі


Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының орынбасары С.Мадиева, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ү.Сапақова және Медициналық колледждің директоры С.Қоңырова

Жамбыл облыстық филармониясы «Мәңгілік ел - мәртебем» атты есептік концертін өткізді

Қарашаның 18-де Баласағұн орталық концерт залында Жамбыл облыстық филармониясының өнер ұжымы Тараз жұртшылығына «Мәңгілік ел – мәртебем» атты концерттік бағдарламасын тарту етті.

Концерттің мақсаты Елбасымыздың халқына жолдаған Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» стратегиясын, Тәуелсіз Мемлекетіміздің биік мәртебесін үстем ету, насихаттау, жуырда ғана Тараз шаһарында аталып өткен Қазақ хандығының 550 жылдығын, дүбірлі мерейтойды, азаттықты сыйлаған бабалардың рухына құрмет көрсету.

Кеш шымылдығы Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің орындауындағы Е. Үсеновтың «Шақшақ Жәнібек» шығармасымен ашылды. Концерттің алғашқы бөлімінде оркестрдің сүйемелдеуімен ҚР Мәдениет қайраткері Р. Мәдіханова халық әнін «Ахау керімді», әнші Ж. Кәдіров халық әні «Ауылың сенің іргелі» әндерін әуелетсе, оркестрдің орындауындағы Ж. Темірғалиевтың «Тараз - бабалар үні» шығармасы көрерменге туған өлкеміздің тамыры терең тарихынан сыр шерткендей әсер сыйлады. Концерт дәстүрлі әншілердің орындауындағы «Достық – ән шашуымен» жалғасып, классика жанрына ұласты. «Сымбат», «Ақкербез» би ансамбльдерінің қалықтаған билерімен кеш шырайлана түсті. Сондай-ақ концертте «Кәусар» вокалдық ансамблі, «Иірім» тобы, «Тараз» триосы, ағайынды Сұлужан мен Марғұлан дуэті, эстрада әншілері Гүлшат Тінасилова, Ғани Мәтебаев, Маралбек Бабақұлов Мәдина Сағынбекова, орыс халық әндерін нақышына келтіре орындаған Анна Вундер және т.б. өнер жұлдыздары Тараздың кешін әсерлі думанға бөледі. Филармонияның әншілер тобының орындауында М.Жолдасбековтың сөзіне жазылған, Ж. Тұрсынбаевтың «Таразым» әнімен концерт өз мәресіне жетті. Өнер ұжымына көрермен қауым ризашылықтарын білдіріп, ыстық қошеметіне бөледі.

«Мәдениет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру жолдары» тақырыбындағы кездесу

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында 2015 жылдың 19 қарашасында басқарма қызметкерлері мен басқармаға қарасты мәдениет, мұрағат мекемелерінің басшылары,мекеме қызметкерлерімен (жалпы саны – 70) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы мен «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мәдениет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру жолдары» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Нұрлан Тәңірбердіұлы Еркебаев пен «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек Дастан қатысты.

Отырыс соңында сыбайлас жемқорлықтың негізгі ұғымдары мен белгілері туралы кітапшалар таратылды. Қызметкерлер өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.

2015 жылдың 16 қазан күні Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев басқармаға қатысты мекеме ұжымдарын Облыс әкімі К.Көкрекбаевтың атынан және бірқатар сала мамандарын облыстың мәдени шараларын өткізу барысында көрсеткен белсенділігі үшін облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовтың атынан Алғыс хаттарымен марапаттады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев басшы орынбасары С.Мадиеваны «Қазақстанның Конституциясына 20 жыл» белгішесімен және бірқатар сала мамандарын облыстың мәдени шараларын өткізу барысында көрсеткен белсенділігі үшін Алғыс хатпен марапаттады.

«Көркем шығармадағы тарихи шындық»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту орталығындағы емделушілер арасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Көркем шығармадағы тарихи шындық» атты әдеби казынды өтті.

Кештің мақсаты Қазақ хандығының 550 жылдығына сәйкес келіп отырған шығармадағы XV – XIX ғасырдағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру, тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп ұлттық сананы қалыптастыру, еліне халқына адал кызмет етуге тәрбиелеу.

Кеш барысында «Көшпенділер» , «Батыр Баян» киносынан үзінділері көрсетіліді. «Батыр Баян» киносындағы баст ролін сомдаған облыстық театр және кино актері Жұмахан Әбдіқадыров қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Тараз қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ-де 2015 жылдың 20 тамызында Қазақстан Республикасының Конститутциясының 20 жылдығына орай «Ата Заңым – айбарым» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге мекеме қызметкерлері және Тараз Техникалық институтының ректоры, техникалық ғылымдарының докторы, Тараз қаласының құрметті азаматы, профессор Сағат Сұлтанұлы Жүнісбеков қатысты. Сағат Сұлтанұлы және мекеме қызметкері Н.С. Рысқұлбеков қысқаша баяндама оқыды. Мұрағаттанушы-тарихшы С.Д. Досумбеков қысқаша әңгімемен қорытындылады.



Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі
өткізілген іс-шаралары

12 тамыз күні Жамбыл облыстық тарихи – өлкетану музейінде қалалық және аудандық музей қызметкерлеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.

Ғ.Әлімжанова - директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары.
«Музейдегі ғылыми жұмыс» тақырыбында баяндама оқылып, тәжірибе алмасу, сұрақтарға жауап жүргізілді

Қалалық, аудандық басшылары мен бөлім меңгерушілері, ғылыми қызметкерлері және музей ұжымы

Г.Нұрмағанбетова
Көрме залында туындыларды қою, сақтау әдіс-тәсілдерін көрсетті

А.Бегалиева Фотосуреттер мен құжат қорында жеке азаматтардың құжаттарының сандық тіркеу тізімдері, ғылыми құжаттар толтыру, фотосуреттерді сақтау әдіс-тәсілдері көрсетілді.

Этнография қорындағы жәдігерлерді сақтау, орналасу тәртібі көрсетілді.

Археологиялық қыш жәдігерлерге қайта жаңарту, орналастыру жұмыстары көрсетілді

«Менің денсаулығым – менің байлығым»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында 13 тамыз Спорт күніне арналған «Менің денсаулығым – менің байлығым» кездесу кеші өтті.

Кештін мақсаты оқырмандардың салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын кеңейту, денсаулықтың адам үшін зор байлық екенін, әркім өз денсаулығының қорғаушысы екенін түсіндіру.

Кеш қонақтары: Жамбыл облысының Қазақ соқырлар қоғамының «Спорт және дене шынықтыру» бөлімінің меңгерушісі, облыс бойынша шахмат ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері І топ көз мүгедегі Атақозиев Ермек, Жеңіл атлетика жаттықтырушысы, жеңіл атлетика бойынша Пекин Олимпияда ойындарына қатысушы, қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылуына байланысты (көлік апаты) ІІ топ мүгедегі Момашаев Тахир , Жеңіл атлетика спортакиядасы бойынша бірнеше дүркін жеңімпазы, параолимпияда ойындарына қатысушы, БҚА (туа біткен) ІІ топ мүгедегі Арғынбаев Ерлан шахмат, шашки, тоғыз құмалақ және жеңіл атлетика, сияқты спорттық ойындарымен таныстырып, өздерінің спорт жолындағы өмірлерімен бөлісіп, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Кеш өте қызықты, тартымды пікір-таласта өтті.

«Мәңгілік ел» идеясы аясында «Қазақ хандығы ту тіккен өлке»
атты тарихи мәдени жоба

Бүгін тамыздың 14 де мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мәңгілік-ел» идеясы аясында «Қазақ хандығы ту тіккен өлке» атты тарихи-мәдени жобасы жұлдызы биік Жуалы жеріне келді.

Керуеншілер іс-сапарды Батырбек датқа кесенесімен, Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастап, Бауыржан Момышұлы мұражайын аралап жәдігерлермен танысты.

Орджоникидзе гимназиясындағы дөңгелек үстелге еліміздің ғұлама ғалымы, Абайтанушы, Бауыржантанушы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы келіп баяндама оқыды. Ғалымның түргеш Алтын орда заманынан бергі тарихты қопара қозғап талдаған баяндамасы, Жуалы халқымен қонақтарды ерекше әсерде қалдырды. Империялық саясат жөніндегі ой толғамдары қызу пікірталастарға жетеледі.

Әңгіме әдебиет тақырыбына ауысқанда жас ақындар Ғабит, Мұхтар, Баукендер жайында тың естеліктер естіді.

Пікірталастың мәдениетті де мәңді өтуіне басқарма басшысының орынбасыры Мүбарак Жинақбаева ұйытқы болып, жүргізіп отырды.

Тарихшы сол елдің азаматы ақын Байдалиев Дәулетжан өзінің жинаған дерек көздеріне сүйеніп сұрақтарға жауап қайтарды.

Драматург Әлібек Әмзеұлы, Жазушылар Одағының мүшесі Мақұлбек Рысдәулет, Нұрхат Серікбаевтар өз ойларын ортаға салды.

Түс қайта Аудандық мәдениет үйінде облыстық өлкетану музейі қөрме ұйымдастырып, көрермендер көрмеден соң айтысты тамашалауға ден қойды. Көрермен лық толы зал төл өнерімізге қошеметін аямады.

Астыскер ақындар А.Қасымбекова, А.Исақов, Қ.Мырзахан, Е.Досалы, тарихты өлеңмен кеңінен толғады.

Айтыс соңында жүргізуші Әлібек Әмзеұлы ақындарға марапатын айтып, тағлымы мол насихат сөздерімен тамашаны тұжырымдады.

«Мәңгілік ел» идеясы аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған
«Қазақ хандығы ту тіккен өлке» атты тарихи-мәдени жобаның
Шу ауданында өткен мәліметі

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел»» идеясы аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы ту тікке өлке» атты тарихи-мәдени жобасы 8 шілде күні Шу ауданында өтті..

Шу аудандық мәдениет үйінің Майра Айдарбекқызы бастаған ұжыммен Шу қаласы аркасынан керуенді қарсы алды.

Дүйсенәлі Бықыбаев бастаған керуен сағат 11.00-де аудан әкімінің қабылдауында болды.

Сағат 11.30-да Жайсан даласы Үңгірлі өзенге саяхаттауда Жайсан даласындаға түркі кешендерімен, Төле бидің белгі балбал тасымен таныстырылды. Сол жерде зиялы қауымдар өз пікірлерін ортаға салды.

Сағат 15.30-да «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ғимаратында ауданның құрметті азаматтары мен ардагерлер кеңесі, ақын , тарихшылардың қатысумен дөңгелек үстелді басқарма басшысы Д.Бықыбаев ашып беріп, жүргізіп отырды.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, мұрағаттанушы М.Рысдәулет «Мойынқұм, Хантау- қазақ хандығы ту тіккен киелі мекен» туралы өз пікірін айтты.

Мәдениеттанушы, драматург Ә.Әмзеұлы «Көне Тараз ескерткіштері-мәңгі құнды» тақырыпта сыр шертті.

Облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы директорының орынбасары Н.Серікбаев «Тарихы терең қазақ хандығы» тақырыпта өз ойын толық жеткізді.

Шу ауданының кітапхана іссаласының ардагері Ұ.Ибраева «Қазақ хандығы мемлекетіміздің түп қазығы» деп өз пікірін ашық айтты.

Қазақ хандығы ту тіккен жерлері туралы қызу пікірталас, салихалы сөз сайыстарына ұласты. Көрермендер арасынан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сұрақтар қойылып, пікір талас алмасты. Сөз соңы Тойды абыроймен өткізіп, тағлымы мол болуына барлық жағдай жасау жағына келісімді байламдар жасалуымен аяқталды.

Сағат 16.30-да Аудандық мәдениет үйінің фоиесінде «Тараз-ғасырлар куәсі» атты көрме өтті. Аудандық мәдениет үйінің ауласынан «Ерке сылқым» бишілер тобы жанды коридормен келген ақындар мен қонақтарды қарсы алды. Кіре беріс фоиеде «Әжелер ансамбілі» халық әні «Дедімай-ау» орындай жүріп, «Шашу» шашылды.

«Мәңгілік ел» ақындар айтысы өтті. Айтысты Ә.Әмзеұлы жүргізді. Айтысқа облысымызға белгілі ақындар А.Исақов, А.Қасымбекова, А.Бекмұсаев, Б.Жұмабеков, Қ.Мырзахан, Рай Дөңбай, Д.Әбдіманат, Н.Құрмановтар қатысты. Ақындар қуатына сай жұпталып, айтыс Қазақ хандығы туралы жыр-жырлап, өте тартысты өтті.

«Мәңгілік ел» идеясы аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы ту тіккен өлке» атты тарихи-мәдени жобаның
Мойынқұм ауданында өткен мәліметі

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел»» идеясы аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы ту тікке өлке» атты тарихи - мәдени жобасы 9 шілде күні Мойынқұм ауданында өтті..

Мойынқұм ауданының әкімінің орынбасары Қалымбетов Бақытжан керуенді қарсы алды.

Керуенді Мойынқұм ауданының Ж.Қуанышбеков атындағы мұражайында салтанатты жоралғысымен қарсы алып, Мойынқұм ауданының әкімінің орынбасары Қалымбетов Бақытжан сөз сөйлеп, мұражайды аралаудан бастады.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ғимаратында ауданның құрметті азаматтары мен ардагерлер кеңесі, зиялы қауым өкілдері, ақын , тарихшылардың қатысумен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді басқарма басшысы Д.Бықыбаев ашып беріп, жүргізіп отырды.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, мұрағаттанушы М.Рысдәулет «Мойынқұм, Хантау- қазақ хандығы ту тіккен киелі мекен» туралы өз пікірін айтты.

Мәдениеттанушы, драматург Ә.Әмзеұлы «Көне Тараз ескерткіштері-мәңгі құнды» тақырыпта сыр шертті.

Облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы директорының орынбасары Н.Серікбаев «Тарихы терең қазақ хандығы» тақырыпта өз ойын толық жеткізді.

Мойынқұм ауданының зейнеткері Беймбетов Мұсахан «Мойынқұм, Хантау- қазақ хандығы ту тіккен киелі мекен», Қазақ хандығы туралы, Мойынқұм жерін толық ашық айтып берді.

Қазақ хандығы ту тіккен жерлері туралы қызу пікірталас, салихалы сөз сайыстарына ұласты. Көрермендер арасынан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сұрақтар қойылып, пікір талас алмасты. Сөз соңы Тойды абыроймен өткізіп, тағлымы мол болуына барлық жағдай жасау жағына келісімді байламдар жасалуымен аяқталды.

Одан кейін, «Мәңгілік ел» ақындар айтысы өтті. Айтысты Ә.Әмзеұлы жүргізді. Айтысқа облысымызға белгілі ақындар А.Исақов, А.Қасымбекова, А.Бекмұсаев, Б.Жұмабеков, Қ.Мырзахан, Рай Дөңбай, Д.Әбдіманат, Н.Құрмановтар қатысты. Ақындар қуатына сай жұпталып, айтыс Қазақ хандығы туралы жыр-жырлап, өте тартысты өтті.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған
«Қазақ хандығы ту тіккен өлке» атты тарихи-мәдени жобасы
(Жамбыл ауданы)

30 шілде күні Жамбыл ауданы мәдениет, өнер қайраткерлері мен ақындардан құралған «Қазақ хандығы ту тіккен өлке» атты керуенді жылы жүзбен қарсы алды.

Керуеншілер «Айша бибі» ауылындағы Айша бибі кесенесі, Бабаджа хатун кесенелеріне тәу етуден бастап, Жастар орталығындағы мұражай, спорт кешендерін аралады.

«Нұр Отан» ғимаратының мәжіліс залындағы дөңгелек үстел өте тартымды ой-таластармен аудан зиялыларының назарын аудартты.

Дөңгелек үстелді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы жүргізді.

Мәдениет қайраткері, драматург Әлібек Әмзеұлы, Жазушылар Одағының мүшесі Мақұлбек Рысдәулет бастаған қайраткерлер қызу пікірталастың көрігін келелі ойларымен қыздырды.

Пікірталас барысында Ақбұлым ауылында ашық аспан астында жатқан тарихи жәдігерді мемлекет тарапынан қорғау керектігі сөз болды.

Қостөбе, Тастөбе, Ақтөбе ауылындағы таңбалы тастардың да жағдайы айтылып, ел азаматтары ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстелден соң аудандық мәдениет үйінің фойесінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері ұйымдастырған көрме ауыл тұрғындарын тарихтың қойнауына жетектеді.

Көрмеден соң кезек «Мәңгілік ел» атты ақындар айтысына кезек келді.

Шудан келген Бақытбек Жұмабеков пен Байзақтық Дархан Әбдіманаттың айтысы шымылдықты түріп берді.

Аруна Керімбек, Рай Дөңбай, Алтынкүл Қасымбекова, Айтмұханбет Исақов, Қанат Мырзахан, Нұрлыбек Құрманов сынды ақындардың өзара жұптасып айтысқан өнер додасы тартысты өтті.

«Қазақ хандығы ту тіккен өлке» атты керуені Аса ауылындағы іс-сапарын халықтың рухани қазынасына мол үлес қосумен аяқтады.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған
«Қазақ хандығы ту тіккен өлке» атты тарихи-мәдени жобасы
(Талас ауданы)

Бекітілген кестеге сәйкес Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы ту тіккен өлке» атты тарихи-мәдени жоба керуені 23 шілде күні Талас ауданы Қаратау қаласына тоқтады.

Керуеншілер іс-шараны аудандық мұражайдан бастады. Қонақтар аудан халқының өткені мен бүгінінен сыр шертетін жәдігерлермен танысқан соң, дөңгелек үстел басында бас қосты. Тарихи тағылымы мол сөздер айтылып, той қарсаңыдағы атқарылатын істер жөнінде ақпарат берілді.

Ары қарай іс-шара «Дарын» өнер мектебінде жалғасын тапты. Мектептің кіреберіс фойесінде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жәдігерлерінен жасақталған жылжымалы көрмесі ұйымдастырылып, аудан халқының көрмеге деген ықыласы ерекше болды.

«Мәңгілік Ел» атты жылжымалы көрмеге этнографиялық, археологиялық, зергерлік бұйымдармен қатар, Халықаралық көрмеде жоғары құрметке ие болған суреттер де қойылды.

Көрмеден кейін көрермендер ақындар айтысын тамашалады.

Кеш соңында аудан халқы жобаны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

АҚШ бас елшілігінің өкілі кітапханада

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қызметтік іс-сапармен Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттары Бас Елшілігінің білім, мәдениет және баспасөз мәселелері бойынша бөлімі, Ақпарат орталығының координаторы Эльмира Киреева болып қайтты.

Іс-сапар барысында елшілік өкілі кітапхананы аралап, оқырмандарға қызмет көрсететін бөлім мен секторлардың жұмысымен танысты. Әсіресе, Э.Киреева кітапханада үш жылдан бері оқырмандарға тиімді қызмет көрсетіп отырған «Американдық бұрыш» кітап қорының жұмысына аса қызығушылық танытты. Қонақ АҚШ елшілігі кітапхана қорына сыйға тарту еткен 500-ден аса түрлі көркем әдебиет пен салалық басылымдар, ағылшын тілін үйренушілерге арналған әдістемелік құралдар мен басқа да дәстүрлі қағаз және электронды форматтағы басылымдардың оқырмандар тарапынан үлкен сұранысқа ие болғанын естіп, сол басылымдарды насихаттауға бағытталған кітапханада өткен іс-шаралар легімен танысып, кітапхана әкімшілігі мен ұжымына ризашылығын білдірді.

«Парасыз қоғам» атты дөңгелек үстелі

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында 2015 жылдың 21 шілдесінде басқарма қызметкерлері мен басқармаға қарасты мәдениет, мұрағат мекемелерінің басшыларымен (жалпы саны – 50) сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасыз қоғам» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Жамбыл облысының әкімі К.Н.Көкрекбаевтың облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2015 жылға арналған кешенді әлеуметтік-мәдени іс-шаралар жоспарының 4 тармағына сәйкес өткізілген отырысқа «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы С.Сейдазимов пен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Н.Еркебаев шақырылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөнінде нақты берілген тапсырмаларды орындау үшін мемлекеттік қызметшілер мен мекеме басшыларына қатаң бақылау жүргізу тапсырылды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлықты болдырмауға ықпал ету мақсатында бейнероликтер көрсетілді.

Отырыс соңында қызметкерлер өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер
кітапханасының 6 - шілде Астана күніне орай өткізілген
іс - шаралар туралы ақпарат

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында балалардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезіміін ояту мақсатында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Атап айтатын болсақ үстіміздегі жылдың басынан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының - 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің - 70 жылдығы, Қазақ хандығының - 550 жылдығы, Ата Заңымыздың - 20 жылдық мерейтойларына арналып өткізілуде. Сондай -ақ еліміз егемендік алғалы бері Елбасымыздың төл перзенті іспетті болған Астана қаласының мерейлі мерекесін әр жыл сайын дәстүрлі түрде атап өткізіп келеміз.

Оқырмандарға Президентіміздің өмір жолы мен қызметі, ел басқару ісіндегі еңбегі жайлы ақпарат беру мақсатында 6 шілде Елордамыз Астана күнімен қатар келетін Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туылған күніне орай «Жеңіс» саябағында «Елбасы - ел мақтанышы» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен ашылып, қатысушыларға Елбасымыздың өмірі, елбасымыздың Қазақстанның, елордамыз

Астананың гүлденуі, Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылуы жолында атқарған орасан зор еңбектері, отбасы туралы көптеген ақпарат беріліп, слайд көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар елбасымыз туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, елордамыз Астана қаласы жайлы сөзжұмбақ шешті.Астана қаласының тарихы, 17 жыл ішінде жеткен жетістіктері, қаланың саяси-экономикалық дамуы, ондағы зәулім құрылыс нысандары, т.б. туралы көптеген ақпараттар берілді.

«Кітапхана саябақта» кітапхана аясынан тыс дәстүрімізге айналған «Оқимыз, демаламыз!» библио-десантын Астана күніне байланысты 3-шілде күні Бауыржан Момышұлы саябағында өткізілді. Саябаққа «Астана отанымыздың жүрегі» тақырыбында кітап көрмесімен, балаларға арналған заманауи технологиямен жасалған 3D кітаптар, сондай-ақ «Шебер қолдар» үйірмесінің көрмелері ұсынылды.

Кітапхана қызметкерлері бірлігі жарасқан мемлекетімізде мекендейтін ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, Елордамыз-Астанаға байланысты викториналық сұрақтар қойып, сөзжұмбақтар, ребустар шешу, сондай-ақ Астананың көрнекті ғимараттарын сурет қиындылары арқылы құрастыру ойындарын ойнатып, «қара жорға» биінен бастап, украйн, татар, өзбек т.б. ұлттардың билерін биледі. Белсенді қатысқан жас оқырмандарымызға арнайы сыйлықтар мен тәтті балмұздақтар берілді.

Мерекелік шара, сондай-ақ 6 шілде күні қала тұрғындарының қатысуымен әуеге шар ұшыру акциясымен жалғасын тапты. Кітапхана қызметкерлері тұрғындарға сұрақтар қойып, қонымды жауаптар ала алды. «Қазақстан» деген жазуы бар үлкен шарға «Астана туған күніңмен!», қала тұрғындары көптеген жақсы тілектерін жазып, қунышпен бәрі бірдей әуеге ұшырды.

«Астана - Еуразия орталығы»
әңгіме-саяхат

6 шілде - Елордамыз Астана қаласының туған күніне орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастыруымен «Астана - Еуразия орталығы» атты әңгіме-саяхат өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Астананың бұрынғы атауы мен қазіргі маңызды мақтаныштары, қазақ жерінің кіндігіне Ақордасын тіккен жаңа Астана тарихы туралы айта отырып, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау арқылы оқушылардың білімдерін кеңейту. Оқушыларды екі ғасыр тоғысында Еуразия құрлығындағы ірі тарихи оқиға болып, тарихқа енген жаңа астанамыз - Астана қаласымен мақтануға тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін оята отырып, Отанын сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашы слайд арқылы Астананың тарихымен, Қазақстанның жеті кереметтерімен таныстырып өтті. Бүлдіршіндер Астананың туған күніне арнап ән айтып жатқа, ақын-жазушылардың өлең-шумақтарын тарту етті. Балалар Астана қаласынының тамаша көріністерін көріп, керемет әсерлерімен бөлісті. Іс-шара кітап көрмесімен аяқталды.

28 маусым - Журналистер күні! «Қаламың ұшталсын жас қаламгер» дөңгелек үстел

28-маусым Журналистер күніне орай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторында журналистер мамандығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын насихаттау мақсатында «Қаламың ұшталсын жас қаламгер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Қоғамдық-саяси газеттерінің жас тілшілері «Ақ жол» газетінің «Әлеумет» бөлімінің жас тілшісі - Саршаев Наурызбай. «Жамбыл - Тараз» газетінің жас тілшісі - Сейдуалиев Шынболат кітапханамызда қонақта болды.

Қонақтарымыз журналист мамандығы - қиындығы мен қызығы мол жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала екенін, өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы екені туралы ойларымен бөлісті. Жас журналистер журектен шыққан өлең жолдарынан оқып берді. Оқырмандар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, көңілдеріне қонымды жауаптар ала - алды. «Қалам мен Қаламгер» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды. Кеш соңында кітапхана директорының орнбасары Жанат Дүкембайқызы кеш қонақтарын төл мерекелерімен құттықтап, қаламдарың ұштала берсін деп, арнайы сыйлықтармен гүл шоқтарын сыйлады.

«Тілі басқа, тілегі бір» халықтар достығы фестивалі «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында «Үлкен ел - Үлкен отбасы» жобасы

Елбасы ұсынған «Бес халықтық реформа - ұлттық жасампаздық жоспары» бойынша Қазақстанды әлемнің ең дамыған мемлекеттердің отыздығына кіргізетін «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары жасалынды. Мұнда Қазақстан Халқы Ассамблеясына үлкен мән беріліп, «Үлкен ел - Үлкен отбасы» арнайы жобасы жүзеге асырылуда. Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында «Үлкен ел - Үлкен отбасы» жобасына өз үлестерін қосу мақсатында кітапханашылар Амиркулова Г.Е. мен Расулова М.А. ұйымдастыруымен «Тілі басқа, тілегі бір» атты халықтар достығы фестивалін өткізді.

Іс-шараға қонақ ретінде «Радониш» орыс этно - мәдени орталығынан - Беляева А.А., ұйғыр этно - мәдени орталығынан - Касимова Н. және неміс этно - мәдени орталығынан «Ақ желкен» жастар лигасының мүшесі - Бурмакина Д.В. қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, оқырмандармен достық туралы пікірлерімен бөлісті. Бұл шараға Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның жазғы лагерь оқушылары әр ұлт өкілдерінің ақындарының өлеңдерін жатқа оқып қана қоймай, әсем әндерін де сыйлады. Іс-шараны барша қатысушылар бәрі бірігіп Қазақстанның Әнұранын орындап, «Үлкен ел - Үлкен отбасы» екендігін айқындап, «Бірліктің бесігі» атты кітап көрмесіне шолумен аяқтады.

«Біз кітапханаға барамыз»

Ағымдағы жылдың 17 маусым мен 19 маусым аралығында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханада дәстүрлі «Біз кітапханаға барамыз» атты қысқы мерзімді сағ: 11.00-15.30 аралығында жаздық лагерь ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – арнайы кітапханың отбасылық оқырмандарының балаларына әлеуметтік көмек көрсету, білім алуға, оқуға деген ынтасын арттыру, кітапханаға тарту.

Іс – шараның бірінші күні, лагердің ашылу салтанатында кітапхананың жас оқырманы А. Искакова «Ертегілер» әні мен өзбек биін билесе, кітапханашы Р. Нұрғалиева «Фахат сен» өзбек халқының әнін орындады. Сондай ақ, «Жазғы кітапханада демал. Кітап оқы. Ой – өрісіңді дамыт!» атты кең көлемді кітап көрмесі, сергіту сағаты кезінде «Мен білемін» сұрақ – жауап викторинасы ұйымдастырылып, танысу сағатында балалар кітапханаға саяхат жасады.

Ал, лагердің екінші күні балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында «Кім тапқыр?» тақырыбында мақал – мәтел, сөз жұмбақ жарысы ұйымдастырылды. «Мультиктер әлеміне қош келдің» деп аталып балаларға арналған соңғы кездері қызыға көретін мультфилимдерін проектр арқылы үлкен экраннан көрсетілді, түстен кейін оқып шыққан кітаптарынан және оқыған қызықты ертегілерін ұнаған кейіпкерлері бойынша «Менің сүйікті кейіпкерлерім» тақырыбында сурет салу конкурсы өткізілді.

Үшінші күні «Жаз, кітап, мен - достар» деп аталып, балалр оқыған кітаптарынан түсініктерін айтып, «Ғажайып кітаптар әлемінде» атты түрлі танымдық энциклопедияларға библиографиялық шолу жасалынып, «Менің атым Қожа» киносы көрсетілді. Лагерь күндері кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен түскі ас беріліп, балмұздақ таратылды. Соңында балалар өздері кітапханада өткен қысқа мерзімдік лагерь уақытында тапқан достары жайлы әңгімелеп берді. Бұл шара көз мүгедектерінің балаларына көтеріңкі қөңіл – күй сыйласа, ата – аналары өте риза болып кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын айтты. Осы өткізілген іс- шара барысында 15 бала кітапханаға жазылды.

«Бәрі сіздер үшін!» қайырымдылық акциясы-кітапхананың ашық есік күні

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 21 мамыр мен 21 маусым аралығындағы жариялаған мәдени айлығы аясында «Бәрі сіздер үшін!» тақырыбымен қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. Акцияға орай ұйымдастырылған кітапхананың ашық есік күніне арнайы қонаққа Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының емделушілері шақырылды.
Кітапхана бөлімшелері, көркем әдебиет туындыларымен қатар түрлі білім салалары бойынша басылымдардан құрылған кітап қорымен таныстырудан бастау алған іс-шара кітапханашылар қонақтарына сыйлаған арнайы концерттік бағдарламасымен жалғасып, ғажайып мерекелік кешке айналды.
Сонымен қатар, қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылған акция барысында орталық емделушілері кітапхананың ақпараттық ресурстарымен танысып, сол ресурстарды еркін меңгеріп, тиімді пайдалануға үйренді, Интернет желісі арқылы өздеріне қажетті ақпаратты табуға және сол ақпараттың түрлі дәстүрлі және электронды форматтағы нұсқаларына қол жеткізуге мүмкіндік алды. Жүректеріне жылулық алған қонақтар кітапханаға жасаған саяхатынан үлкен әсер алғанын жасырмай, көтеріңкі көңіл күймен қайтты.

«Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым»
4 маусым - Рәміздер күні!
этно - саяхат

Елтаңба,Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін арттыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына адал қызмет етуге, елінің Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қастерлеп құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында мерзімді басылымдар секторында №13 орта мектебінің лагерь оқушыларының қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым» тақырыбында этносаяхат өткізілді. Рәміздер-біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі» деп президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар екенін, сондай-ақ әрбір азамат Қазақстанның ТУЫН; ЕЛТАҢБАСЫН; ӘНҰРАНЫН тұмардай қасиет тұтуы қажет. Қазақ елінде тұратын және өз Отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы қажет дей келе, Елтаңбаның, Тудың суреттеріне қарап әрбір бейнеге жеке-жеке тоқталып өтті. Кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасады.

1 - маусым Халықаралық Балаларды қорғау күні
Балғын балалар – біздің болашағымыз!
мерекелік бағдарлама

Мерзімді басылымдар секторының ұйымдастыруымен балалардың денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге, ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің тиімді әдістерін меңгеруге, достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға тәрбиелеу мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» тақырыбында мерекелік бағдарлама өткізілді. Кітапханашы кешке қатысқан барлық балғын балаларды 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, ортаға ертегі кейіпкерлерін шақырды. Бірінші болып Алдар көсе кейіпінде - Расулова Мира ортаға шығып, балаларға қызықты сұрақтар қойып «Аттамақ» ойынын ойнатты. Сондай-ақ басқа да аю, қоян, Қызыл телпек, Тартилло кейіпкерлер ортаға шығып балаларды ойнатып, би билетті. Жерге бормен сурет салды. «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Кулибаева А. түрлі түсті қағаздан гүл жасаудан мастер класс көрсетті. Кеш соңында кітапхана директоры М.Е. Ысқақ балаларды мерекемен құттықтап, белсене қатысқан балаларды алғыс хатпен марапаттады. Барлық балалалрға тәттілер мен балмұздақ таратылды.

«Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің»
ойын-викторина

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының ұйымдастыруымен 9 – маусым күні № 33 мектептің жазғы лагер балаларымен «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің» тақырыбында ойын-викторина өткізді. Ойын-викторина балалардың дұрыс демалуына көмектесу, олардың ой қабілеттерін кеңейту, кітаптардың көмегімен қызықты іс-шаралар арқылы жазғы демалысты мазмұнды етіп өткізу. Балалар кітаптың шығуы туралы қысқаша танысқан соң, қойылған сұрақтарға жақсы жауап беріп «Білгірлер» болып танылып, шағын сыйлықтарға ие болды. Слайд арқылы «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін талдап, достық, сыйластық, қайырымдылық туралы «Мен қандай баламын?» ойыны ойнатылды. Сондай-ақ балалар танымдық жұмбақтармен қатар әзіл-оспақты жұмбақтарды шешіп күлкі шаттығына еніп қана қоймай, орысша балалар кітаптары бойынша «Бюро находок» ойынымен қатар т.б. қызықты ойындар ойнап көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

«Әрқашан күн сөнбесін»
сурет байқауы

1 маусым – балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастыруымен 10 - 11 жас аралығындағы «Әрқашан күн сөнбесін» атты балаларға арналған асфальтта сурет салу байқауы болып өтті. Байқаудың басты мақсаты – жас буынды шығармашылық қабілеттерін тереңдету, асфальтта сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық талғамын, әр тақырыпты аша білу танымын дамыта отырып, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу. Мектептің оқушылары қатысып, еркін тақырыпта өз ойларын әсем безендірілген алаңдағы асфальт бетіне түрлі-түсті борлармен суреттер салды. Балалар өз суреттерінде көгілдір аспанды, баршаға нұрын шашқан күнді, керемет табиғатты, сүйікті отбасыларын, достарын бейнелеген. Байқауға қатысқан оқушылардың суреттері бір - бірінен әдемі, көркем бояулармен салынған суреттер болды. Өте жақсы салынған суреттерге орындар мен сыйлықтар берілді. Шара соңында кітапхананың директоры М.Е.Ысқақ жеңіске жеткен балаларды алғыс хаттармен марапаттады.

«Тараз қалалық мемлекеттік мұрағты»

2015 жылдың 4 маусым күні сағат 11.00-ге Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге арналған мерекелік іс-шара өтті. Ұжым мүшелері мекеменің мәжіліс залына жиналып, «Менің Қазақстаным!» ән-ұранын орындалды. Сонымен бірге, мемлекеттік рәміздеріміздің мән мағынасы туралы әнгіме айтылды. Сонымен бірге, мемлекеттік рәміздің мән-мағынасы туралы әнгіме айтылды. Сондай-ақ осы күні Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың жеке қор құжаттарынан көрме ұйымдастырылып, келушілерге ұсынылды.

«Бәріміз біргеміз – берік іргеміз»
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
(достық мерекесі)

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының ұйымдастыруымен №49 орта мектептің жазғы лагерь балалары мен ұстаздары арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты «Бәріміз біргеміз – берік іргеміз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Ертегілер елінен келген қонақтар балаларға сұрақтар қойып, ойын ойнатты. Мерекелік шараға белсене қатысқан оқушылар марапатталып, тәттілер таратылды. Мереке соңында кітапханашы «Балдырғаным, гүл еркем» атты кітап көрмесіне шолу жасады.