1. Басты бет
  2. Басқарма туралы
  3. Афиша
  4. Ведомстволық Бағынысты ұйымдар
  5. Байланыс
Басшының блогы

Быкыбаев Дүйсеналы Дыбысалыулы

«Жамбыл облысы әкімдігінің, мәдениет архивтер және құжаттама баcқармасы»

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

СІЛТЕМЕЛЕР:

Жаңалықтар

«Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас» кездесу кеші

2017 жылдың 10 қарашада оқырмандардың санасына латын әліпбиі жайында дұрыс көзқарас қалыптастырып, еліміздің әсіресе жастардың болашағы үшін жасалып жатқан істерге баға беріп, оның мазмұнын терең түсінуге жетелеу мақсатында Облыстық балар мен жасөспірімдер кітапханасында «Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.

Кездесу кешіне «Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту» басқармасының «Тілдерді дамыту» бөлімінің басшысы Ахметова Мөлдір Ануарбекқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушылары Омаркулова Ляззат Кенжебекқызы, Еспенбетова Гүлнұр Таласбайқызы, №23 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Керімбаева Бақыткүл Керімқұлқызымен оқырмандар қатысты.

Іс-шара барысында Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген ұлттың рухани дамуының бағыттары мен алдағы жылдары іске асырылатын міндеттер жайында айтылып, оның ішінде латын әліпбиі жөнінде тереңірек сөз қозғалды. Шақырылған тіл мамандары латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашып, тіл тазалығын, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алатынымызды айтты. Сондай-ақ мамандар тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келе жатқан кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамайтынын жеткізді. Тақырыпқа қатысты арнайы слайд көрсетіліп, кездесу кешіне қатысушылар қонақтарға сауалдарын қойды. Жаңа әліпби жайында оқырмандар өз пікірлерімен бөлісті.

«Латын әліпбиіне көшу: мәселелері мен болашағы»
дөңгелек үстел өтті

2017 жылғы 25 қазанда Шохан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу: мәселелері мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының орынбасары А.Асқарбеков, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы А.Қайназарова, ТИГУ-дің Түркітану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, ф.ғ. докторы, профессор Қ.К.Малгаздаров, ТарМПИ доценті, ф.ғ. кандидаты Г.М.Қарынбаева, Мемлекеттік тілді дамыту орталығының аға оқу әдіскері А.Ж.Алишева және қалалық орта мектептері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Жиынға жиналғандар латын қарпіне біртіндеп көшудің негізгі сұрақтары мен мәселелерін қызу талқылап, болашағы мен басымдықтарын анықтауға тырысты.

Латын әліпбиіне көшу заман талабы

Ағымдағы жылдың 18 қазанында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйытқысымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында «Латынға көшу - заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Жамбыл политехникалық колледжінің «Туризм» мамандығының 1 курс студенттерімен өткізілген дөңгелек үстел отырысында Қазақстанның жан-жақты дамуына, алға басуына ықпал ететін, қазақ тілінің латын алфавитіне көшуі туралы талқыланды.

Сонымен қатар, жиында қазақ тілінің тарихындағы алфавиттер: руникалық жазу, араб, латын, кирилица туралы ойлар қозғалды. Студенттер бір ауыздан латын алфавитіне көшу – үлкен жетістіктерге жетудің бастамасы екенін айтып, қолдау білдірді.