Hello-Site.ru. Бесплатный конструктор сайтов.

  1. Басты бет
  2. Басқарма туралы
  3. Афиша
  4. Ведомстволық Бағынысты ұйымдар
  5. Байланыс
Басшының блогы

Быкыбаев Дүйсеналы Дыбысалыулы

«Жамбыл облысы әкімдігінің, мәдениет архивтер және құжаттама баcқармасы»

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

СІЛТЕМЕЛЕР:

Жаңалықтар

Облыстық БАҚ өкілдерін алғыс білдіру рәсімі өтті

2016 жылы сағат 27 желтоқсанда Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығы аясында және Облыстың бас музейінің 85 жылдығына орай облыстық БАҚ өкілдерін музей жұмысын жариялауда орасан зор еңбектері үшін алғыс білдіру рәсімі өткізілді.

Аталған іс – шара салтанатты сәттен басталды, БАҚ өкілдерінің мүшелері және музей қызметкерлері қатысты. Музейдің жылды қортындылау іс-шарасына музеймен тығыз жұмыс атқарған редакция ұжымдары мен тілші қауымдарына алғыс білдіріп, марапаттау рәсімі өтті.

Сөз, Қоғам және Ар жауапкершілігін арқалаған журналистер қауымы болып саналады.Әрине журналистердің бұл еңбектері әркез жоғары құрметке лайық. Ел дамуы мен тәуелсіздікті нығайту жолында сіңірген еңбектері орасан екендігі анық. Міне сол еңбектерінің бірі әрі үлкені Музейдің - уақыт пен ұрпақты байланыстыратын ата – баба мұрасы сақталған киелі орын екендігін бүгінде барша қазақстандықтар, жамбылдықтар музейдің жұмысымен танысып қана қоймай, Қазақ халқының өткен тарихын, мәдени мұрасын, асыл қазынасын көзбен көріп, жүрекпен сезіп таныстырып келеді.

Осындай мақсатта ұйымдастырылып отырған іс – шарада БАҚ өкілдеріне музейдің 85 жылдығына арнайы шыққан «Музей – тарих айнасы» атты журнал - альманах және бүктемелер сыйға берілді.

Марапатталғандар: Облыстық «Знамя труда» газеті редакциясы, «Жамбыл Тараз» газеті редакция ұжымдарына алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыс етілді.«Ақжол» , «Арай» газеті редакция тілшілерімен қатар, «77 - tv», «Қазақстан - Тараз» телеарналарының тілшілерінеде алғыс білдіріп, сый құрмет көрсетілді.

«ЖАМБЫЛ ЖАУҺАРЫ» атты виртуалдық шығармашылық конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы «Халық қазы – өнер таразы» ұстанымын ұстанып, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойы аясында «Жамбыл жауһары» атты виртуалдық шығармашылық конкурс ұйымдастырды. Өнер додасының бір артықшылығы, әлеуметтік желі қолданушыларының белсенді қатысуымен өтті. Яғни, әр қатысушының қаламынан туған шығармаларды «Вконтакте» әлеуметтік желісінің қолданушылары өзінің талғам-таразысынан өткізіп барып, дауыс берді (лүпіл лайк басу арқылы). Өлкеміздің өзгеше ерекшеліктерін, қоғамның азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыруды көксеген өнер аламанының фотосурет және бейнелеу номинациялары бойынша 123 шығармашылық жұмыстары конкурсқа жіберілді. Дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаздар да анықталды. Облыстық көрме залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «ЖАМБЫЛ ЖАУҺАРЫ» атты виртуалдық шығармашылық конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Конкурс қорытындысы бойынша Бейнелеу өнері номинациясы бойынша 1718 дауыс жинап, үздік өнер көрсеткен Тұрар Әбумансұр (Тараз қаласы)- I орынмен, 1195 «лайк» жинап, үздік өнер көрсеткені үшін – Бауыржан Тажимуратов – (Жуалы ауданы) – II орынмен, 319 дауыс жинаған Айдар Сейтканов (Жамбыл ауданы)- III орынмен марапатталды. Фотосурет номинациясы бойынша 6650 дауыспен Қайсар Турсунбаев (Тараз қаласы) – I орынмен, 5874 дауыс жинаған Нұрдәулет Исатаев (Меркі ауданы) – II орынмен, 4543 дауыс- Нұршаш Ермаханова (Сарысу ауданы) – III орынмен марапатталды. Соңында марапаттау рәсіміне жиналған көрермендер саксафонның жанды орындауында байқау жұмыстарының көрмесін тамашалады

«Қариялы ел – қазыналы ел»
ардагерлермен кездесу кеші

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Қариялы ел – қазыналы ел» тақырыбында кітапхана ардагерлерімен кездесу кешін өткізді. Іс-шараның мақсаты: жас мамандарға ардагерлердің еңбек жолын үлгі тұту, үлкенді сыйлай білуге және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Іс-шара барысында шақырылған қонақтарымызға арнайы сөз беріліп, өмірлерінің қызықты кезеңдерімен бөлісті.Кітапхана ұжымы ардагерлерімізге ән шырқап, өлеңдер оқыды.

Сонымен қатар арнайы кітап көрмесі жасалып, слайд көрсетілді. Іс-шара соңында ардагерлерімізді Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, сыйлықтар ұсынылды. Кітапхана ұжымында Тәуелсіздігімізбен құрдас қызметкеріміз Н.Сағатбековаға сый құрмет көрсетілді. Кездесу кешіне қатысқан оқырмандарымыз үлкен кісілердің сөздерінен үлгі алып, өнегелі ой түйді.

«Мен өлкемді зерттеймін» жас жеткіншектер шығармашылық байқауының V кезеңі «Ежелгі Тараз»

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Мен өлкемді зерттеймін» жобасының V – кезеңі «Ежелгі Тараз» тақырыбына арналып 29 қараша күні өткізілді. Жас жеткіншектер жобасына 8 үміткер қатысып өздерінің зерттеп, дайындаған жобаларын слайд арқылы қорғап шықты. Жетекшілерімен келген қатысушылар Тараз қаласының тарихы тереңде жатқанын айтып, көптеген тың деректермен бөлісті. Әділ қазы алқасы әрбір қатысушыларға сұрақтар қойып отырды. Байқаудың бас жүлдесі №25 орта мектептің 11 «А» сынып оқушысы Жайылғанова Еркежанға әмбебап ас әзірлегіш (мультиварка) берілді, І орын Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 11 «Б» сынып оқушысы Қасымбай Бауыржанға шырынсыққыш (соковыжималка) табысталса, ІІ орын №6 орта мектептің 6 «Б» сынып оқушысы Махмудова Ренатаға тоқ шәйнек (электрический чайник), ІІІ орын иегері Иван Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Ким Оксанаға үтік (утюг) берілді. Сонымен қатар жетекшілері де алғыс хаттармен марапатталды. Осындай жобалардың одан әрі жалғасын табатынына үміткерлер сенім білдіріп жақсы көңіл күймен тарасты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтің
«Туған елім-тұғырым!» атты шығармашылық кеші туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында «Баласағұн» ОКЗ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтің «Туған елім-тұғырым!» атты шығармашылық кеші өз дәрежесінде өтті.

Кеш «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың өткен ғұмырына көз жүгіртуден басталып, облыстық филармониясы Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің орындауында композитордың «Жетісу сазы», «Толғау», «Самғау», «Нұрсұлтан» поэмасы, «Шабыт», «Ерке сылқым» сынды тағы басқа көптеген күйлерін тамашалаумен жалғасты. Кеш барысында көрермендер тарапынан күйші ағамызға шығармашылық өмірі жайында көкейтесті сұрақтар қойылып, барлығын тәнті еткен жауаптары тыңдалды. Сондай-ақ, әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Сәуле Желдібаева мен немересі Әбдімомын Нұрғиса әннен шашу шашты. Ал, 52 жыл мәдениет саласында еңбек етіп келе жатқан композитормен шығармашылық жайында тікелей сұхбатты облысымыздың Халықаралық көркемөнерпаздар одағының мүшесі, Халықаралық қазақ-қырғыз айтысының бас жүлдегері, ақын Алик Бекмұсаев жүргізді.

Мерейтой соңында кеш иесіне шапан сыйға тартылып, Жамбыл облысы әкімінің ықылас гүлі тапсырылды. Концертке Шу ауданының әкімі, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы Манжуов пен Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаевтар қатысып, өз құттықтауларын жеткізді.

отчет о гастролях ЮКО 2016

«Ұлы дала ұлағаттары» атты дөңгелек үстел

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елдігімнің ер тұлғасы – Елбасы» іскерлік портрет аясында «Ұлы дала ұлағаттары» дөңгелек үстел басына Жамбыл облыстық ардагерлер Кеңесінің мүшелері мен кітапхананың жас оқырмандары жиналды.

Іс-шараның мақсаты: жас оқырмандарға елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеруге көмектесу, қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, жастар жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ұялату, құрметтеуге баулу.

Жиын барысында ардагерлер, зиялы қауым және жастар өкілдері Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Ұлы дала ұлағаттары» еңбегін қызу талқылады.

Еңбектің әр тарауына сөз сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі Ж.Кәрібаев, банк мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметтері кәсіподақ комитеті облыстық филиалының төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі О.Есіркепов және Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі Ж.Майханов тоқталып өтті.

Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Қаламгер» клубының мүшелері, мектеп олимпиядаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық жанындағы «Полияциялық академия» үйірмесінің курсанттары, ТИГУ білімгерлері қатысты. Жалпы іс-шараға 70 адам қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылында қол жеткізген жетістіктерімізді паш ету, өзара тәжірибе алмасу, патриоттық әндерді насихаттау, өнерпаздардың шығармашылық белсенділігін арттыру, халықтың рухани мәдениеті мен мәдени байланысты мақсатында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ӘНІМ САҒАН АРНАЛАДЫ, ҚАЗАҚСТАН!» атты 25 үздік әндер акциясы өтті. Ғасырларға тең осы 25 жыл ішінде Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері ұшан теңіз. Біз мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мұның барлығы да Елбасының дара да дана саясатының арқасы. Ал, бүгін біз Тәуелсіздік жылдары ішінде толағай табыстарға қол жеткізген, іргесі берік, келешегі кемел мемлекет болғандығымызды әсем әндер арқылы паш етілді. Сонымен қатар Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнап алғаш рет шығарылған 4 жанрды қамтитын Жамбыл облыстық филармониясының СД жинақтарының тұсауы кесілді. Акцияға белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салған Жамбыл облысы ішкі істер департаменті қызметкерлерінен жасақталған хор ұжымы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы «Тараз» гарнизондық әскери бөлімдерінің көркемөнерпаздар ұжымы, Жамбыл облыстық филармониясы, қалалық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттер хор ұжымы, Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының көркемөнерпаздар ұжымы, Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатының көркемөнерпаздары марапатталады, «Мерей» тобы, «Талас» квартеті және Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қазақстанның Мәдениет қайраткері, композитор Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаевтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткен «Тәуелсіздік -тұғырым, мәдениетім - мәртебем!» атты Жамбыл ауданының Байзақ ауданындағы мәдениет және өнер күндері туралы ақпарат.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жоспарына сәйкес Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік -тұғырым, мәдениетім мәртебем!» атты Жамбыл ауданының Байзақ ауданындағы мәдениет өнер күндері үстіміздегі жылдың 25 қараша күні ұйымдастырылып, өткізілді.

Өзара тәжірибе алмасу аясында аудандардағы болып жатқан жаңаша өзгерістерді таныстыру, халықтың тұрмыс-салтын, әдет ғұрыптарын насихаттау, ауыл өнерпаздарының, жас таланттардың шығармашылық белсенділігін арттыру, халықтың рухани мәдениетін, ұмыт қалған халық шығармаларын жандандыру, ауданаралық мәдени байланысты нығайту мақсатында өткен Жамбыл ауданының мәдени іс-шарасы Байзақ аудандық мәдениет үйінің фойесінде Жамбыл ауданының зергері Мұхтар Қасымбековтың, қылқалам шеберлері Әділхан Әшімбаев, Айзат Темірбек пен Оңлабай Айбектің, қолөнер шеберлері Жібек Шәдіқожақызы, Жанар Орынбаева, Рыскүл Нұрманова, Сәрсенкүл Әбдікәрімованың, ағаш шеберлері Талғат Тәшметов, Жаңабіл Айдарбековтың шығармашылық еңбектерінен ұйымдастырылған көрмесінен бастау алды.

Байзақ аудандық кітапханасында ақын, фантаст, жазушы Байтанағали Төлентаевпен кездесу және Байзақ аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Мұхтарбай Рахманқұловпен кездесу өткізілді.

Кездесулерден кейін Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы атынан Іңкәрбекова Гүлфайруз Қапарқызының құттықтау сөзімен «Тәуелсіздік тұғырым – мәдениетім мәртебем!» атты Жамбыл ауданының көркемөнерпаздарының екі бөлімді концерттік бағдарламасына ұласты.

Концерттік бағдарлама Жамбыл ауданының өнерпаздары, «Аса сазы» халықтық ән-би ансамблі және оның мың бұралған бишілер тобы, «Дарын» халықтық театры қатысты. Концерттік бағдарламаның екінші бөлімін жүргізушілер жаңа әдіс пайдаланып, көрерменмен өнерпаздардың арасындағы байланысты орната отырып жүргізгені өте ұтымды болды.

Форма апталық есеп 21-26 қараша

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім мәртебем!» атты Мойынқұм ауданының Қордай ауданындағы мәдениет және өнер күндері туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім мәртебем!» атты Мойынқұм ауданының Қордай ауданындағы мәдениет және өнер күндері ү.ж. 23 қараша күні Қордай аудандық мәдениет үйінде өтті.

Мәдениет үйінің фойесінде Мойынқұм ауданының қолөнер шеберлері мен ауданның жетістіктері жайлы сурет көрмесі, екі мәрте Социалистік еңбек ері Ж.Қуанышбаев атындағы музейінің Ж.Қуанышбаевтың өмір тарихынан ұйымдастырылған көрмені көпшілік қауым тамашалады.

Іс-шара «Мойынқұм», «Құмөзек» халық театрларының И.Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы желісімен қойылған спектакльден басталды.

Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұқашев Мәлік Мұратәліұлы, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Жамангөзов Бейқұт Тілебалдыұлы және Облыстық халық шығармашылығы орталығы директоры Садырбаев Ғани Кәдірсізұлы жиналған көпшілік қауымды құттықтап сөз сөйледі.

Мойынқұм халықтық ән-би ансамблінің «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім мәртебем!» атты концерттік бағдарламасымен Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, «Күміс» медалінің иегері, белгілі композитор, Мойынқұм халықтық ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі дирижері Біржан Толыбаев Қожағұлұлы бастаған өнер иелері мен «Ерке сылқым» бишілер тобы өнер көрсетті.

Концерттік бағдарламада Мойынқұм ән-би ансамблі «Балбырауын», «Ерке сылқым» күйлерін орындап, Ш.Қалдаяқовтың «Мойынқұмда» әнін М.Сейділдаев, М.Калиакпаров, Ғ.Иетаевтар орындауымен аяқталды.

Қордай ауданы әкімінің атынан Мойынқұм ауданы әкімшілігіне Құрмет грамотасымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атынан сый-сияпат жасалынды.

Тараз қаласында «Үміт қанатында» атты фестиваль өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Тараз қалалық мәдениет үйінде «Үміт қанатында» атты мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында фестиваль өткізілді.

Ғимараттың фойесінде кітапхана туралы және тифлоқұралдар жайлы банер қойылып, «Біз жасаған бұйымдар» атты қолөнер бұйымдарынан көрме жасалынды.

Фестивальдың мақсаты көз жанарынан айырылған азаматтарды әлеуметтік сауықтыру, зағип жандарды мәдени – рухани сауықтыра отырып, жанын жадыратар жүректеріне шырақ сыйлау және мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру, қоғамның назарынан тыс қалдырмай қоғамда өз орнын тауып, биік белестерге жетіп жүрген зағип жандарға қамқор болу.

Фестиваль 5 аталымнан тұрады:

1. «Мен әлемді жүрегіммен естимін» - ән номинакциясы бойынша бір ән/қатысушылардың қалауынша фонограмма-минус жанды дауыспен немесе аспаптың сүйемелдеунде еркін тақырыптағы эстрада әндерін орындау.

2. «Жүректен шыққан жырларым – туған өлкеме» - авторлық шығарма номинациясы бойынша бір шығарма (ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл).

3. «Көк тудың желбірегені» - өлең оқу номинациясы бойынша бір өлең /патриотық тақырыптағы ақындардың өлеңдерін жатқа оқу.

4. «Музыка өрнегі»- аспаптаорындаушылар номинациясы бойыншабір шығарма орындау /домбыра, қобыз, аккардеон, скрипка.

5. «Біз жасаған бұйымдар» - қолөнер номинациясы бойынша / ағаштан, темірден, ою-өрнектер, құрақтар, бисерден жасалған бұйымдар.

Фестивальға Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері, «Тараз-Ғасыр», «Қайнар» колледж студенттері, «Болашақ» мектеп-интернатының мұғалімдері мен оқушылары, облыстық және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Фестивальға барлығы 23 үміткер қатысып, әр аталымға 3 орыннан берілсе, қалған қатысушыларға ынталандыру мақсатында мадақтау грамотасы және ақшалай сыйлықтар берілді.

Фестивальдің нәтижесі бойынша:

І кезең:
1 орын – Садығұлов Ербол, Пирманов Махмут
2 орын –Абдуллаев Қайрат, Сейсенбаева Үртай
3 орын – Издаш Ерасыл, Пирманов

ІІ кезең:
1 орын – Унгарбаева Қолқанат
2 орын – Тайтелиева Ақжүніс
3 орын – Анарбек Ұлдана

ІІІ кезең:
1 орын – Мелдебекова Рабиға
2 орын – Кутубай Батырхан
3 орын – Сертеков Бернар

ІVкезең:
Игиликова Мадина ( қатысқаны үшін)

V кезең:
1 орын – Разниченко Виктор
2 орын – Молдабек Жансерік
3 орын – Үсенбаева Анапия

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші-термеші А.Оразбеков атындағы облыстық әнші-термешілер конкурсы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Талас ауданы әкімдігі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, 2016 жылдың 17 қараша күні Талас ауданы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚазақстанРеспубликасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші-термеші Алтынбек Оразбеков атындағы облыстық әнші-термешілер конкурсы өтті.

Зиялы қауым өкілдері мен қатысушылар Ұлбике Жангелдіқызының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Конкурстың ашылу салтанатында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев пен Талас ауданының әкімі Б.Рысмендиев құттықтау сөз сөйледі.

«Ақжол» газетінің бас редакторы, Талас ауданының құрметті азаматы К.Сәттібайұлы, мәдениет саласының ардагері Ә.Әмзеұлы, Талас ауданының құрметті азаматы Б.Құлекеев әнші туралы естеліктерімен бөлісті.

Конкурсқа барлығы 19 әнші-термешілер қатысты.

Конкурсқа қазылық еткен: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облыстық маслихатының депутаты, «Қазақстан» РТРК АҚ, Жамбыл облыстық филиалының директоры, қазылар алқасының төрағасы – М.Төлепберген, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер Ә.Тінәлі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Облыстық филармониясының «Тараз» триосының әншісі – А. Шүңіреков, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жыршы-термеші Д.Өмірәлиев, «Майра Уәлиқызы» атындағы Халықаралық конкурстың лауреаты, Облыстық филармонияның «Тараз» триосының әншісі – Е.Ыдырысов.

Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев пен Талас ауданының әкімі Б.Рысмендиев Алтынбек Оразбековтың жұбайы Нұрбекова Жамал апайға сый-сияпат тапсырды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша: бас жүлдеге – Е.Ибаділдаев (Тараз қаласы), І-орын Нұржан Мәулен (Талас ауданы), ІІ-орын Е.Қасымбеков (Шу ауданы), С.Мухамедьяров (Тараз қаласы), ІІІ – орын Б.Шубаев (Меркі ауданы) және Қ.Ахметов (Қордай ауданы) иеленді. Барлық жеңімпаздарға ұйымдастыру тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Сонымен қатар, ынталандыру сыйлығымен Б.Рланов (Шу ауданы), Ә.Әбдікерімов (Тараз қаласы), М.Мықтыбеков (Жуалы ауданы), А.Қарасаев (Тараз қаласы) марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткен «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім - мәртебем!» атты Байзақ ауданының Жамбыл ауданындағы мәдениет және өнер күндері өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім - мәртебем!» атты Байзақ ауданының Жамбыл ауданындағы мәдениет өнер күндері үстіміздегі жылдың 16 қараша күні ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шараның мақсаты Тәуелсіздіктің 25 жылдығында қол жеткізген жетістіктерді паш ету, өзара тәжірибе алмасу аясында аудандағы болып жатқан жаңаша өзгерістерді таныстыру, халықтың тұрмыс-салтын, әдет ғұрыптарын насихаттау, ауыл өнерпаздарының, жас таланттардың шығармашылық белсенділігін арттыру, халықтың рухани мәдениетін, ұмыт қалған халық шығармаларын жандандыру, ауданаралық мәдени байланысты нығайту болып табылады.

Іс-шара Жамбыл аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Тарихы терең, қойнауы кең өлке» атты кітап көрмелері, сондай-ақ, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының бірнеше ғасырдан бері сақталған жәдігерлері, киіз үй жабдықтары, әшекей бұйымдары, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Концерттік мерекелік бағдарлама «Шолпан» халықтық ән-би ансамблінің орындауында Құрманғазының «Серпер» күйінен бастау алса, «Шолпан» халық ән-би ансамблінің бишілері көрерменнің көзайымына айналды. «Шахан» халық театры Елен Әлімжанның «Абылайдың анты» драмасынан үзінді көрсетті. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткерлері Көпжасар Арынұлы, Алмахан Исабаев, Өнер Нұрбаев бастаған өнер иелері халыққа әннен шашу шашып, аудан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді. Шара Әділет Әбдікәрімовтың орындауында Қасқырбай Нарбатырдың «Мақтанышым Отаным» әнімен аяқталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және
1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым, мәдениет мәртебем!» атты Талас ауданында өткен Сарысу ауданының мәдениет және өнер күндері өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым, мәдениет мәртебем!» атты Сарысу ауданының мәдениет және өнер күндері Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында өткізілді.

Іс-шара «Жеңіс» алаңында Сарысу ауданының зиялы қауымының қатысуымен митингі өткізіліп, гүл шоғы қойылды.

Талас ауданы «Ұлбике ақын» атындағы аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Ел іші – өнер кеніші» атты аудандық бейнелеу өнері мен қолөнер шеберлерінің көрмесін көпшілік қауым тамашалады. Көрмеде аудандық Төкен Махашов атындағы өлке - тану мұражайында сақталған қазақ халқының ертеде пайдаланған тұрмыстық бұйымдары қойылды. Аудандық мәдениет үйінің «Талант» халықтық көркемсурет студиясының шығармашылық бұйымдарынан «Жаңатас «ЕХРО - 2017» аясында ауданның жас суретшілерінің қиялынан туған заманауи - сәулетті ғимараттары , жеке бейнелеу өнерінің шығармасынан М.Омаровтың «Қобыз үні», «Тәуелсіздікке 25 жыл», «Тәуелсіз елім», «Желтоқсан ызғары», студия мүшелері С.Әйтімбетовтың «Доспанбет жырау», «Заман аруы», Қ.Жамансариеваның«Тәуелсіздік», «Тіршілік», А.Бабанованың «Раушан гүлі», «Вазадағы гүл», «Тырналар» т.с.с шығармалары болды.

Сонымен қатар Техникалық шығармашылық орталығы, Балалар мен жасөспірімдер орталығы, өнер, саз мектептері және орта мектептердің шығармашылық орталықтарының бейнелеу және қолөнер бұйымдары қойылды.

«Тәуелсіздік тұғырым, мәдениетім –мәртебем!»атты театрландырылған мерекелік ән – шашуы басталды. Сахна ашылмай тұрып ақындар жыр шашуын арнады. Сахна пердесін Тәуелсіздік жолында күрескен тарихи тұлғалар қазақтың хандары Керей, Жәнібек, Кенесары, билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер мен батырлар Махамбет, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай сынды елі үшін, жері үшін күрескен тау тұлғалар, Желтоқсан оқиғасының жастары, Абылай ханныңТәуелсіздік туын жас ұрпаққа ұсынуы, туды желбірете ұстаған жас ұрпақ, «Көк тудың желбірегені» атты әні шырқалып, «Айжанқыз»би ұжымының композициясымен көрініс көрсетілді. Осы тұста Ж.Дәукенованың орындауында «Қазақ елі» атты ел рухын көтеретін ән орындалды.

Көрініс біткен соң жүргізушілер салтанатты түрде Таластық ағайынмен сәлемдесу,Сарысу мен Талас жұртының Қаратау баурайында ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қос ауданның қойнауы кенге бай, ән мен жырдың мекені деп бастап, аудан әкімі Нарбаев Балабек Жанбекұлы мен Талас ауданының әкімі Рысмендиев Болат Қанатбайұлы жиналған көпшілік қауымды құттықтап сөз сөйледі.

Іс-шара жалғасы Сарысу ауданының өнер шеберлерінің концертімен ұласты.

Фольклорлық ансамбльдің орындауында Құрманғазының «Балбырауын» күйі мен Н.Тілендиевтың «Әлқисса» күйлерін орындады. Жеке орындауда фольклордың жас қүйшісі Ғазиз Төлешов болды.

«Айжанқыз» би ұжымы «Шашу» биін билесе,жас әнші Н.Сақтаған

«Отырарда болған той» әнін орындады. «Тек алға» атты әнін қыздар үштігі орындаса, «Якут» биін «Айжанқыз» би ұжымының бишісі Аяулым Амантаева биледі. Ш.Қалдаяқовтың «Отырарда болған той» әнін жас әнші Назерке Сақтаған орындады.

Дәстүрлі әнші Ахат Кенжебаев «Молдабай» әнін домбыра аспабымен орындаса, «Илигай» әнін Жігіттер үштігі орындады.

Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткен «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім - мәртебем!» атты Т.Рысқұлов ауданының Жуалы ауданындағы мәдениет және өнер күндері өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жоспарына сәйкес Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік -тұғырым, мәдениетім мәртебем!» атты Т.Рысқұлов ауданының Жуалы ауданындағы мәдениет өнер күндері үстіміздегі жылдың 11 қараша күні ұйымдастырылып, өткізілді.

Әр өңірдің тарихы таңбаланған мәдени мұраларын танытып, ұлттар мен ұлыстардың ынтымақ-келісімдерін көрсете білуіне кеңінен жол ашқан игі дәстүр - аудандардың мәдениет күндері. Іс-шара аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, халық қаһарманы, жауынгер-жазушы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қою рәсімінен бастау алса, Қарасаз ауылдық мәдениет үйінде Басқар Битанов атындағы театр ұжымы Ш.Айтматовтың «Бетпе-бет» драмасы сахналанып, көрермендердің қошеметіне ие болды.

Жуалы аудандық кітапханасының оқу залында Т.Рысқұлов ауданының құрметті азаматы, ақын Қуандық Шолақтың 75 жас мерейтойына арналған «Қаламы қарымды, Азаматтық ұстанымы биік ақын» атты кездесу кеші өткізілді.

Ал, Жуалы аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Тәуелсіздік - елімнің еркіндігі» атты Т.Рысқұлов аудандық қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде аудандық тарихи-өлкетану мұражайында сақталған жәдігерлер, суретшілердің суреттері, шеберлердің қайталанбас бұйымдары, сондай-ақ, кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Мереке аудан өнерпаздары әзірлеген «Тәуелсіздік – тұғырым, мәдениетім – мәртебем!» атты мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Концерттік бағдарлама Т.Рысқұлов ауданының әкімі Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақов және Облыстық орыс драма театрының директоры Ақылдос Тлеубайұлы Тәжиевтың құттықтау сөзімен ашылды. Осыдан кейін сахнаға көтерілген өнерпаздар ауданның атын әнге қосып, асқақтатты. «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблінің әншілері, аты алысқа тараған «Сударушка» халықтық фольклорлық ансамблі әннен шашу шашса, «Әдемі-ау» халықтық бишілер тобы көрерменнің көзайымына айналды. 35 жылдық тарихы бар «Сұлутөр» халықтық вокалды аспапты ансамблі 80-90-шы жылдардағы ретро әндерді шырқап, аудан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленсе, түрлі халық әндері, жергілікті сазгерлердің әндері жүректердің қылын шертті.

Іс-шара соңында Жуалы ауданының әкімі Бахтияр Бейсембайұлы Көпбосынов құттықтау сөз сөйлеп ерекше көңіл күй сыйлаған Т.Рысқұлов ауданының өнерпаздарына өз алғысын білдірді.

ҚазақстанРеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚРТұңғышПрезидентікүнінеорайөткен «Тәуелсіздік -тұғырым, мәдениетім - мәртебем!» атты Қордай ауданының Мойынқұм ауданындағы мәдениет және өнер күндері өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім мәртебем!» атты Қордай ауданының Мойынқұм ауданындағы мәдениет және өнер күндері ү.ж. 11 қараша күні ұйымдастырылып, өткізілді.

Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерді паш ету, облыс халқының мәдениет пен өнерге деген ықыласын арттыру, ұлттық салт-дәстүр, мәдениет пен әдебиет, өнерді насихаттау мақсатында өткен Қордай ауданының мәдени іс-шарасы Кенен Әзірбаев атындағы мұражай және қолөнер шеберлерінің көрмесімен бастау алды.

Мәдени іс-шараға Қордай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары, Халықтық «Қордай» театры, «Махаббат», «Аққу», «Ойжайлау» фольклор тобы қатысты.

Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде «Қордай» халық театрының Т.Ахтановтың «Ант» драмасы көрермендерге қойылды.

Мойынқұм ауданының жұртшылығына «Тәуелсіздік- тұғырым, мәдениетім-мәртебем» аттыҚордай ауданының өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Концерттік бағдарлама Мойынқұм ауданының әкімінің орынбасары Есеев Бахытжан Жаппарұлы, Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Кадирсизұлы Садырбаев жәнеҚордай ауданының әкімінің орынбасары Жамангозов Бейқұт Тілепалдыұлының құттықтау сөздерімен ашылды.

Іс шара барысында Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Есеев Бахытжан Жаппарұлы аудан тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлаған Қордай ауданының өнерпаздарына, аудан әкімдігіне, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына алғыс білдірді.

Концерттік бағдарламада Кенен Әзірбаевтың әні «Туған жер» әнінұлт-аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен Облыстық, Республикалық байқауларының жүлдегері «Алтын адам» сыйлығының иегері, «ҚР мәдениет саласының үздігі» Қарлығаш Қожағазина орындаса, «Ойжайлау» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуіменӘйгерім Барманбековахалық әні «Дейсалдым» әнін шырқады.

Іс-шара соңы желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоғын қою рәсімімен аяқталды.

Жалпы түрлі жанрдағы екі бөлімнен құралған концерттік бағдарламасында жергілікті сазгерлердің әндерімен қатар халық әндері, классикалық әндер және би, театр қойылымдарын Мойынқұмныңаудан жұртшылығы ыстық ықыласпен қабылдады.

«Дүниеніжүреккөзіменкөрген»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаныңда көзі көрмесе де асыл сөздің мәнін білетін, әдебиет пен өнерді медет тұтқан оқырмандары арасында «Дүниені жүрек көзімен көрген» атты зағип ақындармен кездесу кеші өткізілді.

Іс – шара барысында зағип ақындар өз өмірі, шығармашылығы туралы кыскаша әнгімелеп, өз шығармаларынан өлендер оқып берді. Қонақтарға арнайы кітапханада Л.Брайль жүйесі бойынша басылып шығарылған «Жүрегімде өнген сөздің дәні бұл...» атты зағип ақындардың өлендер жинағы сыйға тартылды.

2016 жылдың 4 қарашасында «Баласағұн» ОКЗ-да Ел Тəуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Жамбыл облыстық филармония өнерпаздары "Ұлы дала - Ұлысым" атты концерті өтті.

ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығына жəне 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Т.Рысқұлов ауданында Жуалы ауданының өнерпаздарының қатысуымен "Тəуелсіздік-тұғырым, Мəдениетім-мəртебем" атты мəдениет жəне өнер күндері өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және
1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, «Тәуелсіздік-тұғырым,
әдениетім-мәртебем» атты Меркі ауданында өткен Шу ауданының мәдениет және өнер күндері өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Шу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім -мәртебем» атты облыс аудандарының мәдениет және өнер күндері ү.ж. 28 қазан күні Меркі ауданынан бастау алды. Шу ауданының өнерпаздары Меркі жеріне кеп өз өнерлерін паш етті.

Тәуелсіздік атты қасиетті ұғымның тарихи мәні мен сипатын ашу арқылы еліміздің қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін насихаттау, облыс халқының өнерге деген ынтасын арттыру, ұлттық бірлікті қалыптастыру мақсатында, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын паш ету, мақтан тұту, дәріптеу арқылы қазақтың ұлттық мәдени мұрасын, өнерін насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

Мәдени-көпшілік іс-шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев бастаған өнер иелері Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші Ж.Досжанова, «Шу еркесі» халықтық ән-би ансамблі, дирижері Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері А.Өскентаев, «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі, жетекшісі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ә.Келгенбаев, «Ерке сылқым» бишілер тобы, «Шу» театры, ұлттық мәдени орталықтар өкілдері және аудан өнерпаздары қатысты.

Іс-шара Жауғаш батыр Қырбасұлының ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Гүл қою рәсіміне Шу, Меркі ауданы әкімдерінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қызметкерлер, ауыл тұрғындары қатысты.

Меркі аудандық мәдениет үйінің фойесінде Шу ауданының қолөнер шеберлері, мүсінші, суретшілердің шығармашылық еңбектерінен көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде Қ.Қораласбаевтың тас мүсіндерінен қашалып жасалған «Арман», «Отан» т.б дүниелері, Б.Малдыбаевтың отан, туған жер тақырыбына арналған суреттері, Б.Жақсыбаевтың қолынан шыққан домбыра, қобыз, дастархан үстелі т.б дүниелері көрермен көңілінен шықты.

Меркі аудандық кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың Меркі ауданының оқырмандарымен кездесу кеші өтті.

Меркі аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тұғырым – мәдениетім мәртебем!» атты Шу ауданы көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы өткізілді. Концерттік бағдарламада халық әндері мен М.Өзбековтың, А.Қоразбаевтың әндері айтылды, Құрманғазы мен Ә.Желдібаевтың күйлері орындалып, «Шу еркесі» халықтық ән-би ансамблінің бишілері өнер көрсетті.

Іс-шара «Шу» театрының «Құдалар» траги-комедиясын сахналаумен жалғасын тапты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай
Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» атты
VIII Республикалық әншілер конкурсы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» атты VIII Республикалық әншілер конкурсы өтті.

Қонақтарға театр фойесінде Қордай аудандық К.Әзірбаев әдеби-мемориалдық музейінде сақталған Кенен Әзірбаевтың қолданған заттары, фотоальбомдары, домбырасы және т.б. көрме, ЛЭД экранда Кенен атамыздың өмір деректерінен фильм ұсынылды. Театрдың кіші залында баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, конференцияға байқаудың құрметті қонағы Кененнің ұрпағы, қазақтың халық ақыны, жезтаңдай әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағы мен Композиторлар одағының мүшесі - Төрткен Кененқызы, Қазылар алқасының төрағасы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері - Рамазан Стамғазиев қатысты.

Конкурс Кенен атамыздың өмірі жайлы деректі фильмнен басталды.

Іс-шараның салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Жанке Тимур Амантайұлы қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Конкурсқа Республикамыздың Астана, Алматы қалаларынан және Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан барлығы 23 үміткерлер қатысты.

Қазылар алқасының төрағасы - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының доценті Рамазан Стамғазиев.

Қазылар алқасының құрамында Кенен Әзірбаев атындағы I Республикалық «Шырқа, даусым!» әншілер конкурсының лауреаты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы - Шолпан Даржанова, Кенен Әзірбаев атындағы II Республикалық «Шырқа, даусым!» әншілер конкурсының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті оркестрінің әншісі - Ардақ Балажанова, Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші - Саят Медеуов, Кенен Әзірбаев атындағы I Республикалық «Шырқа, даусым!» әншілер конкурсының лауреаты, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі - Оңал Азаматова болды.

Конкурста қатысушылар екі кезең бойынша бақтарын сынады. Марапаттау рәсімінде Кененнің ұрпақтары Бақытжан Кененұлы мен Төрткен Кененқызына сый-сияпаттар жасалды.

Конкурстың бас жүлдесі автокөлікті Кенен Әзірбаевтың ұрпақтары ұсынды.

Конкурс қорытындысы бойынша Бас жүлдені Рақымбай Данияр иеленді. (Алматы қаласы)

І орын - Бектұрсын Қайратбек (Алматы облысы)

ІІ орын - Құрбанәлі Мұхаммед (Оңтүстік Қазақстан облысы)

ІІІ орын - Оңғарбай Айдос (Астана қаласы)

Арнайы Төрткен Кененқызының жүлдесі Асанбаева Айданаға (Алматы қаласы) берілді.

Ынталандыру дипломдарымен Мубаракқызы Сандуғаш (Қызылорда облысы), Таңнұр Манура (Алматы қаласы), Белгібай Мақпал (Алматы қаласы) марапатталды.

Қалған үміткерлерге алғыс хаттар мен сый-сияпаттар тапсырылды.

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» айдарымен «Кітапхана әлемінің сиқырлы түні-2016» квест шоуы өтті. Квест шоу Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Д.Бықыбаевтың құттықтау сөзімен ашылып, кітапхана қызметкерлерінің орындауындағы «Кітапхана гимнімен» ұласты. Квест шоудың негізгі мақсаты – кітапхана ісін дамыту, жаңа серіктестермен қарым-қатынас орнату, оқуға деген қызығушылықты оятып, кітапханаға жаңа оқырман тарту. ЖОБЖК қызметкерлері кітапсүйер қауыммен тығыз байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылатын бұл шара 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.