1. Басты бет
  2. Басқарма туралы
  3. Афиша
  4. Ведомстволық Бағынысты ұйымдар
  5. Байланыс
Басшының блогы

Быкыбаев Дүйсеналы Дыбысалыулы

«Жамбыл облысы әкімдігінің, мәдениет мұрағаттар және құжаттама баcқармасы»

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

СІЛТЕМЕЛЕР:

Жаңалықтар

«Әйел-сұлу әлемнің көркі болар, ұлағатты ұрпақтың серті болар» Кездесу кеші

2016 жылдың 4 наурызында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жасөспірімдерге құрметті ардагерлеріміздің жолдарын үлгі қылу мақсатында «Әйел-сұлу әлемнің көркі болар, ұлағатты ұрпақтың серті болар» тақырыбында ардагерлермен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кеш қонақтары, Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары Назарбекова Күләш Айтбайқызы, еңбек ардагерлері, аналарымыз Махажанова Қалбибі мен Сейдалина Қосайкүл болды. Кездесу кешіне Жамбыл облыстық қазақ драм театры және облыстық филармония (Баласағұн) әртістері шақырылып, өнер көрсетті. Кездесу кешті Жамбыл-Тараз телеарнасына түсірді. Іс-шараға «Өмірде ана-бұлақ, ана-пана, Өмірді өркендетер ана ғана» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Жамбыл Жабаев – 170 жыл
«Абыз қария, жыры дария»
(фотошолу)

Қазақ халқының ұлы перзенті, айтыскер, сазгер, жыр алыбы, қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ғасыр ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына байланысты «Абыз қария, жыры дария» атты фотошолу өткізілді. Аталған іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 5 «б» сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

Іс-шараға қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы, Алматы қаласындағы мұражай-үйі, мұражай ішіндегі экспонаттар жайлы толық мәлімет беріліп, суреттері слайд арқылы көрсетілді.

Іс-шараға байланысты кітап көрмесі жасалып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

Мұқағали Мақатаевтың туылғанына - 85 жыл
«Мен - өмірімді жырлау үшін келгенмін»
Поэзия кеші

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының абонемент секторында Мұқағали Мақатаевтың 85 жыл толуына байланысты «Мен - өлеңімді жырлау үшін келгенмін» атты поэзия кеші өтті. Аталған іс-шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы № 49 мектеп – гимназиясының 8 сынып оқушылары мен №16 мектептің оқушылары қатысты.

Мақсаты – қалың оқырман қауымына ақынның өмірі мен шығармашылық жолын таныстырып, қаламгердің әдеби мол мұрасын насихаттау. Мұқағали жырларын жастар сүйсініп оқиды. Табиғаты таза ақын поэзиясы жастардың махаббатқа адалдық сезімін, туған жерге, туған елге сүйіспеншілік сезімін, ата-анасына деген перзенттік сезімін, адамзатқа деген адамдық сезімін тәрбиелейтін қуатқа ие. Кітапханашы ақынның өмір жолы мен әдеби бай мұрасын таныстырып, «Мұқағали мұрасы – мәңгілік» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді. Кітапхана оқырмандары мен оқушылар М.Мақатаевтың «Үш бақытым», «Туған жерім», «Фаризаға» және т.б өлеңдерін оқып, кітапханашы Сағатбекова Нұргүл өзінің жүрекжарды өлеңін арнады. Сонымен қатар, М.Мақатаевтың өмірі туралы бейнематериалдар, фото-шежіре, слайд көрсетіліп, ақиық ақынның «Саржайлау», «Есіңе мені алғайсың», «Көктемде келгенде» әндерін барша жиналған қауым қосылып орындады.

«Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық»
Топтық талқылау

Жамбыл облыстық балалармен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастыруымен «Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық» атты тақырыбында топтық талқылау өткізілді. Іс-шараға № 12 мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушыларға балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейту. Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінікті қалыптастыру. Өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту. Инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Оқушылардың достық туралы ұғымы кеңейедіту және нақтыланады. Достарға деген қарым-қатынастары қалыптасады, достықты қадірлей білуді ұғады, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйренеді.

Мұрағаттағы мереке

Бүгін 2016 жылғы 1 наурыз күні Тараз қаласы мемлекеттік мұрағат мекемесінде «Алғыс айту күні» мерекесі аталып өтілді. Мекеме басшысы Бақыт Жарқынбайқызы Абдыкаримова ұжым мүшелерін осы айтулы мерекемен құттықтап, мұрағат қызметкерлеріне өзінің алғысын жеткізді. Бұдан соң, сөз алған мұрағаттанушы Досымбеков Сатыбалды, Елімізде тұңғыш рет аталып өтіп отырған бұл мереке көктемнің алғашқы күні -Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні Елбасының жарлығымен аталып өтілуде екендігін, бұл мерекенің көпұлтты Қазақстан халқы үшін өзара татулық пен бірлікті сақтау үшін, ұлтаралық мызғымас достықты,ағайын арасындағы туыстықты, ата-ана мен бала арасындағы мейірмандылықты, отбасындағы жанұялық бір-біріне деген сыйластықты, мекеме ұжымдарындағы әріптестік өзара қарым-қатынасты, әрбір қазақстандықтың бір-біріне алғысын айту арқылы еліміздің мызғымас беріктігін сақтауға бағытталған мереке екендігін ұжым мүшелеріне жеткізіп айтты.

Жас тарихшылар мұрағатта

Осы күні Тараз қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп гимназиясының 8 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісі Аширова Назгүл Тазабекқызының бастауымен Тараз қалалық мұрағат мекемесіне келіп,мұрағат қызметкерлеріне «Алғыс айту күні» мерекесімен құттықтап, мұрағат жұмысымен танысты.

Мекеме басшысы Б.Ж. Абдыкаримова мен бөлім басшысы Г.К. Аханбекова оқушыларға мекеменің тарихы жайлы мағлұмат бере келіп,мұрағат ісінің жай-жапсарымен, мұрағат құжаттарының көрмесімен таныстырып өтті .

Мұрағаттанушы С.Д. Досымбеков еліміздің және Тараз қаласының тарихы жайлы айта келіп, мұрағаттық құжаттардың мән-маңызына тоқталып өтті.

Сынып жетекшісі Н.Т. Аширова мекеме қызметкерлеріне өзінің алғысын айта келіп, оқушылардың тарих және мұрағат саласы бойынша алдағы уақыттарда қалалық мұрағатпен бірлесіп, зерттеу ісімен айналысатындықтарын, болашақта мұрағатшы болуға қызығатындықтарын жеткізді.

Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына
арналған республикалық «Тыңда, дала, Жамбылды!»
атты жыршы-термешілер байқауы өтті

2016 жылдың 25 ақпан күні Жамбыл облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласы «Баласағұн» орталық концерт залында ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған республикалық «Тыңда, дала, Жамбылды!» атты жыршы-термешілер байқауы өтті.

Байқауға республикамыздың әр аймағынан талапкер қатысып, бақтарын сынады. Қазылар алқасының құрамында елімізге танымал өнер қайраткерлері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің "Дәстүрлі ән" кафедрасының доценті Қапаш Құлыш, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Дүйсенбек Өмірәлиев, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, сазгер, күйші Әбдімомын Желдібаев, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері жыршы-термеші Аяз Бетбаев, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің ұстазы, жыршы-термеші Елікбай Иса бар.

Қатысушылар ереже бойынша Ж.Жабаевтың жыр-дастандарынан 1 үзінді және Жетісу жыршыларының (Қабанбай, Сүйінбай, Үмбетәлі, К. Әзірбаев, Ә. Қосбасаров, А. Бетбаев т,б) шығармаларынан үзінді орындау қажет болса байқау өзінің діттеген мәресіне жетті деуге әбден болады.

Қазылар алқасының ұйғарымымен Жамбыл Жабаевтың және Жетісуда өмір сүрген ақын-жыршылардың шығармаларын нақышына келтіре орындап, көрерменнің жүрегіне жол тапқан Рахымбай Данияр (Алматы облысы) Бас жүлдені иеленді.

І орын – Тоқтағанова Мақпал (Алматы облысы) және Әбенова Сұлужан (Жамбыл облысы).

ІІ орын – Төлебай Жарасхан (Қызылорда облысы), Шалдыбеков Ерболат (Алматы облысы), Донбаев Мұратхан (Шығыс Қазақстан облысы).

ІІІ орын - Сүгірбай Марат (Қызылорда облысы), Байтасов Құрман (Астана қаласы), Шәкәрімов Төлеген (Шығыс Қазақстан облысы).

Сүйінбай атындағы арнайы жүлде – Абдирова Ғазиза (Ақтөбе облысы)

Қабан жырау жүлдесі– Жамбаева Қарлыға (Жамбыл облысы)

Сауытбек атындағы жүлде – Ысқақов Жұлдыз (Жамбыл облысы)

Бармақ ақын атындағы жүлде - Ыдырбай Байбақ (Атырау облысы)

Кенен Әзірбаев атындағы жүлде- Темірбекова Гүльмира (Шығыс Қазақстан облысы)

Аяз Бетбаев атындағы жүлде- Алпысов Абзал (Қостанай облысы)

Жеңімпаздар мен қатысушыларға ақшалай сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды.

Үстіміздегі жылдың 11-ақпанында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Еңбек Ері, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас-директоры Мұқаш Зұлқарнайұлы Ескендіровтың жеке тектік құжаттарын қабылдау рәсіміне арналған «ЕҢБЕК ЕР АТАНДЫРАДЫ» атты дөңгелек үстел басындағы әңгіме өткізілді.

Іс-шараға Жамбыл облысы мәслихатының хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, облыстық ардагерлер кеңесі ұйымының төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова, облыстық «Знамя труда» газетінің редакторы Бекет Момынқұлов, облыстық «Ақ жол» газеті редакторының орынбасары Ақылжан Мамыт, «Қазақстан телерадиокорпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Мейрамбек Төлепберген, Тараз пелагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова, «Мейірім» медициналық орталығының директоры Гүлдара Нұрымова, облыс архивтерінің директорлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және облыстық архивке құжаттарын сақтауға өткізу рәсімінің басты кейіпкері Мұқаш Ескендіров қатысты. Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов ашып, құттықтау сөзді Жамбыл облысы мәслихатының хатшысы Бағлан Қарашолақовқа берді. Дөңгелек үстел басындағы әңгімені облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев жүргізіп отырды.

Жамбыл облысының мемлекеттік архиві дөңгелек үстел басындағы әңгімені өткізуде Еңбегімен Ер атанған Қазақстанның Еңбек Ері, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Мұқаш Зұлқарнайұлы Ескендіровке құрмет көрсету арқылы еңбегін көпшілікке үлгі ете отырып, Мәңгілік Ел атану үшін еңбек басты рөл атқаратындығын айғақтауды, Ұлттық архив қорын құнды құжаттармен толықтыруды мақсат етті.

Іс-шара құттықтаулар мен ән-жырға толы болды.













«Ұлтын сүйген – ұлы тұлға»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт – азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық автономиясы Халық кеңесінің төрағасы Әлихан Бөкейханың 150 жылдығына мерейтойына орай № 10 орта мектебінде оқушыларға саясаткердің өмірі мен еңбектері, «Алаш» партиясы , «Алашорда» үкіметін құруда өз үлесін қосуы және саяси өмірі туралы таныстыру мақсатыңда «Ұлтың сүйген – ұлы тұлға» атты портрет кеші өткізілді.