1. Басты бет
  2. Басқарма туралы
  3. Афиша
  4. Ведомстволық Бағынысты ұйымдар
  5. Байланыс
Басшының блогы

Быкыбаев Дүйсеналы Дыбысалыулы

«Жамбыл облысы әкімдігінің, мәдениет архивтер және құжаттама баcқармасы»

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

СІЛТЕМЕЛЕР:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Атқарылған іс-шаралар

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен (бұдан әрі - Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты жұмыстар жүргізілуде. Басқармамен Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған және Жамбыл облысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша төмендегі жұмыстар атқарылған: Басқармамен 2017 жылдың 17 наурызында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасынан жауапты мамандарды тарта отырып «Сыбайлас жемқорлыққа жол – жоқ!» атты тақырыпта семинар кеңес ұйымдастырылып өткізілген. Семинар барысында уәкілетті органның жауапты маманы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР-ның 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы және «ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» ҚР-сы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы жарылығының нормаларын түсіндіріп өтті. Семинарға Басқармаға қарасты мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қызыналық кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері қатысты. Бұл туралы ақпарат Басқарманың ресми сайтында жаряиланған. Бұдан бөлек, 2017 жылдың 5 желтоқсанында 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Басқарма қызметкерлері мен Басқармаға қарасты мәдениет, архив мекемелерінің басшылары және кадр қызметкерлерінің арасында «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» атты семинар-кеңес өткізілді. Семинарға арнайы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасынан жауапты маманы және Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі шақырылды. Семинар барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлықты болдырмауға ықпал ету мақсатында қажетті заңнамалық нормалардың талаптарын түсіндіріп, арнайы дайындалған бейнеролигі қызметкерлердің назарына ұсынылды. 2017 жылы Басқармаға қарасты мекемелермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған 39 профилактикалық іс-шаралар өткізілген, оның ішінде: 5-семинар; 8-сахналық қойылымдар («Тағдыр тәлкегі»; «Жан дауа»; «Көгілдір такси» және т.б.); 13-дөңгелек үстел; 1-жалпы жиналыс; 1-форум; 5-деректі фильмдер көрсетілімі («Подарки 2017»; «Госуслуги»; «Поощрение»; «Біз дайынбыз, ал Сіздер ше?»); 3-көрме; 1-тәрбие сағаты; 1-дискуссия; 1- лекция. Атқарлыған жұмыстар жайлы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттар түрлі ресми сайттарда және БАҚ беттерінде жарияланған, атап айтқанда, мерзімді баспа беттері «Ақ жол», «Жамбыл-Тараз», «Арай», «Знамя труда», «Шұғыла-Радуга» және «Жаңа өмір», сонымен қатар, әлеуметтік желілерде «facebook», «vk.com», «istagram», «zhambyl-teatr.kz», «zhofil.kz» «zhambul-madeniet.kz» «www.jobjk.kz». 2017 жылдың 17 қарашасында Басқармаға қарасты Меркі ауданының, Т.Рысқұлов ауданының және Жуалы ауданының мемлекеттік архив мекемелерінде 2017 жылдың 10 айына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстары жүргізілген. Мониторинг қорытындысына сәйкес, мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қажеттілігі жоқ екендігі туралы шешім қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданатын шараларды жақсарту жөнінде 7 ұсыныс берілді. Басқармамен 2017 жылдың 9-қаңтарында Басқармаға қарасты 1 мемлекеттік мекеме (Тараз қаласының мемлекеттік архиві) және 5 мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарында (1.Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі; 2. Жамбыл облыстық қазақ драма театры; 3. Жамбыл облыстық орыс драма театры; 4. Жамбыл облыстық филармониясы; Жамбыл облыстық халық шығармашылығы орталығы ), сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша тиісті аналитикалық анықтама толтырылып Басқарманың сайтына жарияланған. Талдау барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті мекеме басшыларына ұсыныс жолданып, қазіргі таңда орын алған кемшіліктердің барлығы жойылған. Сонымен қатар, 2017 жылдың 28 қарашасында Басқармаға қарасты «Меркі ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы, мүдделер қақтығысын реттеу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау қорытындысына сәйкес, анықталған кемшілітерді жоюға бағытталған ұсыныстар әзірленіп, оларды орындау үшін мекеме басшысына ұсынылған, қазіргі таңда ұсыныста көрсетлгін жұмыстар орындалу барысында. 2017 жылдың 11 мамырында Басқарма және Қазақастан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаментімен бірлескен № 37 бұйрықтың негізінде Басқармаға бағынысты 3 мекемеде (1.Жамбыл облыстық қазақ драма театры; 2.Жамбыл облыстық орыс драма театры; 3. Жамбыл облыстық филармониясы.) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Жүргізілген сыртқы талдаудың қорытындысы бойынша жоғарыда аталған мекемелерден сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 6 тармақтан тұратын тиісті іс-шаралар жоспары әзірленіп, қазіргі таңда оның 5-і орындалып, қалған 1-і орындалу барысында. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6-сәуірдегі Заңының 50-бап 2-тармағына және «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29-тамыздағы №486 қаулысына сәйкес, Басқармамен 2017 жылы барлығы 12 құқықтық актілерге мониторинг жүргізілді, мониторинг қорытындысына сәйкес, сыбайлас жемқорлық көріністері бар нормалар анықталмаған. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Басшылық тарапынан тұрақты түрде бақылау жүргізілуде. Мысалға: Басқарманың ғимаратының 1-қабатында Басқарманың жеке және заңды тұлғаларға арналған анонимдік жәшігі орнатылған. (Бүгінгі күнге дейін арыз-шағым түспеген.) Басқарманың қызметкерлері тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету барысында өз қызметін асыра пайдалану, пара беруге итермелеу немесе т.с.с. фактілер орын алған жағдайда, қызмет алушылар Басқармада үнемі жұмыс атқаратын «Сенім телефонына» қоңырау шалу мүмкіндігі бар. Аталған телефон Басқарманың көрнекі жерлерінде және оның ресми сайтында жарияланған. («Сенім телефонына» бүгінгі күнге дейін ешбір арыз-шағым келіп түспеген.) Сонымен қатар Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және ашықтық қағидатын орнату мақсатында Басқарманың көрнекі жерінде және оның ресми сайтында мемлекеттік қызмет алушыға арналған тиісті ақпараттар орнатылған. 2017 жылдың 28 қарашасында Басқарма басшысының №90-ө бұйрығымен Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілген.

Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге мәлімет үшін

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет), Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 3-бабының 1-тармағы 13)-16)-тармақшаларына сәйкес,

лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

ломбардтар;

бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар қаржы мониторингі субъектілеріне жатады деп білдіреді.

Қаржы мониторингі субъектілерімен міндетті түрде орындау үшін КЖ/ТҚҚ туралы Заңымен рәсімдер көзделген.

КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 3-бабы 3-тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Комитетке, қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорлар» ақпараттық жүйесінде (www.elicense.kz) («Қаржы» бөлігі – «Хабарлама жасау тәртібі») автоматтандырылған.

Қызметті бастағаны туралы хабарламаны қағаз жүзіндегі жіберген тұлғаларға, осы жүйе арқылы хабарламаны қайта жіберу талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.

КЖ/ТҚҚ заңнаманың орындау үшін қаржы мониторингі субъектілері, КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 4-бабымен көзделген, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты жіберуге міндетті.

КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері мәліметтер мен ақпаратты бөлiнген байланыс арналары арқылы ұсынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 Қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын 3-тармағы 1-бөлігіне сәйкес, Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 6), 8) - 17) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi ұсынатын ақпарат операция жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникация желілері (АРМ-СФМ) немесе XML пішімінде уәкілетті органның веб-порталы (Web-СФМ) арқылы жіберіледі.

Комитеттін ресми интернет-ресурсында (kfm.gov.kz) «ҚМСК» - «ҚОМЖЖ» бөлігінде жүйелерінде тіркеу туралы ақпарат орналасқан.

Web-СФМ жүйесі жеңілдетілген тіркеу болғаны және операциялардың үлкен емес саны бар қаржы мониторингі субъектілеріне арналған атап көрсетеміз.

Осыған байланысты КЖ/ТҚҚ және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаларын бұзу жол бермеу мақсатында, КЖ/ТҚҚ туралы заңымен көзделген қажетті шараларды қабылдау, қызметті басталуы туралы хабарламаны жіберу және жоғарыда көрсетілген жүйелерінде тіркеу міндетті түрде ұсынамыз.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Қаржы мониторингі комитеті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Жамбыл облысында ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі - Жоспар) орындалуы бойынша есеп.

Жоспардың 1-ші тарамағы бойынша:

Басқарманың ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы тарау әзірленіп, оның ішінде сыбайлас жемқорлық орын алған фактілері жайлы, сонымен қатар оның алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар тұрақты түрде енгізілуде.

Жоспардың 4-ші тармағы бойынша:

2016 жылдың 1 жарты жылдығында мемлекеттік сатып алу шарт шеңберіндегі міндеттерді мерзімінде орындамау деректері бойынша 1 жағдай орын алған (ЖК «НУРДИН» шарт № 30, 14.04.2016ж. жасалынған), аталған өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану, сонымен қатар тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы Басқарма 5.05.2016 жылы талап арызбен Жамбыл облыстық аудан аралық экономикалық сотына жүгініп, нәтижесінде 1.06.2016 жылы соттың шешімімен Басқарманың талаптары қанағаттандырылды.

Жоспардың 7-ші тармағы бойынша:

2014, 2015 жылдардың мониторингіне сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар орын алған салалар анықталып 2016 жылдың 14 маусымында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының» қызметкерлері арасында ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасының талаптарын түсіндіру мақсатында уәкілетті органдардан мамандарды тарта отырып семинарлар өткізілді.

Сонымен қатар 2016 жылдың 22 маусымында Басқармаға қарасты мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен арнайы білікті мамандарды тарта отырып «Мемлекеттік сатып алу туралы» және Қазақстан Республикасы «Бюджеттік кодексінің» нормаларын түсіндіру мақсатында оқыту семинары өткізілді.

Жоспардың 10-шы тармағы бойынша:

2016 жылдың 1-ші жарты жылдығында орын алған сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық фактілері жоқ, мұндай фактілер орын алған жағдайда азаматтарға ашықтық сонымен қатар қоғамдық пікірді анықтау мақсатында тиісті ақпараттар жарияланып отырады.

Жамбыл облыстық маслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 35-9 шешімімен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша атқарылған жұмыстар:

Жоспардың 1-ші тармағы бойынша: 2016 жылдың басынан Басқарма қызметкерлері және оған қарасты мемлекеттік мекеме басшылары тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмаған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 793 Жарлығының 3 тармағының 2 абзацына сәйкес мемлекеттік қызметшінің өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына оған белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері туралы мәлімдеуді оның қызметтік міндетіне енгізілген.

Жоспардың 4-ші тармағы бойынша:

Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартына қол қоюдан жалтарғаны туралы 1 жағдай орын алған, әлеуетті өнім берушіні ҚР-сы Қаржы министрінің «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығының 23 тармағына сәйкес аталған өнім беруші туралы мәлімет уәкілетті органға жолданып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілді.

«Сыбайлас жемқорлық - қоғамдық дерт» тақырыбында
пікір алмасу өтті

2016 жылдың 9 желтоқсан күні «Тараз қаласының мемлекеттік архиві» КММ-де «Сыбайлас жемқорлық - қоғамдық дерт» тақырыбында қызметкерлер арасында пікір алмасу өтті.

Жиналыста сыбайлас жемқорлық (пара) туралы слайд көрсетілді. Мекеме басшысы Б.Абдыкаримова мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты проблемаларды атап өтіп, олармен күресу баршамыздың міндетіміз екендігін, біз өзімізден бастап, жемқорлыққа қарсы шектеулерді орындап, қызмет мәртебесін қызметтік емес мақсаттарда пайдаланбау, азаматтардың құқығы мен заңды мүддесіне нұқсан келтірмеу міндеттерін басты назарда ұстау қажеттігін және алда тұрған мақсаттарды шешу үшін біздің жұмысымызда бірлесе адал жұмыс істеу маңыздылығын айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру басты міндет!»

Бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі-сыбайлас жемқорлықпен күресу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін жүйелендіру және күшейту мақсатында Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 Қаулысы қабылданған болатын.

Қабылданған құжаттарға сәйкес, барлық мемлекеттік органдар өзіндік құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті.

Осыған байланысты, 2016 жылдың 7 желтөқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру басты міндет!» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге аудандық архивтің қызметкері, байланыс торабының және Халыққа қызмет көрсету ортылығының қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, ықпал ететін негізгі факторларды анықтау, Заңдар мен ережелерді дұрыс түсіндіру. Келген әрбір қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу үшін, жауапкершілік екені туралы ескертілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша, оның ішінде тәртіпті сақтау, құқықтық оқытуды тұрақты түрде жүргізу, сұраныспен келген әрбір азаматтардың өтініштерін дер кезінде қабылдап, нақты әрі сапалы түрде анықтамаға жауап беру туралы айтылып, іс-шара сұрақ-жауап, пікір алмасумен жалғасты.

Мекемеде қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таба беретін болады.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бүгінгі күннің қажеттілігі. Себебі, сыбайластық қоғамның, бүкіл бір мемлекеттің ыдырауына әкеліп соғады. Сондықтан да Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «100 нақты қадам» бағдарламасын енгізіп, бағдарлама аясында 2015 жылдың соңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңы қабылданды.

9 - желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай 2016 жылдың 6 желтоқсанында Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы мемлекетттік қызмет істері министрлігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Әлібеков Серік Айдарұлы қатысып, Жамбыл өңіріндегі сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қалай жүріп жатқаны, жаңғырған заңның негіздері жайында айтты. Дөңгелек үстел басында облыстық архив қызметкерлерімен пікір алмасудан кейін, департамент әзірлеген арнайы видеороликтер көрсетілді. Іс-шараның соңы алдымызда келе жатқан Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаумен, келешек ұрпақты адал азамат болуға тәрбиелеу керек деген тілектермен қорытылды.

31 қазан 2016 жылы «Азаматтық альянс ассоциациясы» ЗТБ және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Мәдениет саласының сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атақаратын рөлі» тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырылып өткізілді. Аталған іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметкерлері қатысты.

Бекітілген бағдарламаға сәйкес мекеме басшысының орынбасары М.Жинақбаева мәдениет саласындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.

Сонымен қатар Облыстық кино орталығының басшысының м.а. Н.Серікбаев қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті орнықтыру мақсатында облыс аумағында көрсетіліп жүрген фильмдерге жеке тоқталып түсіндіріп өтті.

Сөз соңында «Азаматтық альянс ассоциациясының» төрағасы, аталған дертпен бүкіл қоғам болып бірлесіп күресуге шақырды.

С целью профилактики религиозного экстремизма и терроризма, а так же по борьбе с коррупцией, в Жамбылском областном русском драматическом театре,сегодня, 25 октября был организован и проведён политический час: «Опасно для жизни» и «Скажем коррупции-нет!». Были приглашены:
-представитель отдела по борьбе с религиозным экстремизмом и терроризмом ДКНБ Нигметов Марат Женисович,
-старший специалист управления по делам религии акимата Жамбылской области Динмухаммед Саурыбай,
- имам Центральной мечети «Хибатулла Тарази», теолог Тильманбетов Танат Кенесбаевич,
- главный специалист Департамента Государственной службы и противодействию коррупции Жамбылской области Алибеков Серик Айдарович.

Вел политический час директор Жамбылского областного русского драматического театра Тәжиев Акылдос Тлеубаевич, который представил приглашённых и предоставлял им слово для выступления.

Были приглашены тележурналисты с «77 ТV» и «Жамбыл-Тараз», которые проводили интервью и запись встречи с коллективом театра. Доклады выступающих сопровождались показом видеороликов и слайдов по теме профилактики религиозного экстремизма и терроризма и борьбе с коррупцией, а так же докладчики отвечали на вопросы сотрудников театра и журналистов.