1. Басты бет
  2. Басқарма туралы
  3. Афиша
  4. Ведомстволық Бағынысты ұйымдар
  5. Байланыс
Басшының блогы

Быкыбаев Дүйсеналы Дыбысалыулы

«Жамбыл облысы әкімдігінің, мәдениет архивтер және құжаттама баcқармасы»

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

СІЛТЕМЕЛЕР:

Афиша

Астананың Жамбыл облысындағы күндері

Еліміздің бас қаласының 20 жылдығы құрметіне ауқымды жоба аясында Жамбыл облысында Астананың күндері өтеді. 25-26 шілде күндері Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары қызықты мәдени бағдарлама тамашалайды, оның ішінде көрмелер, концерттер, спектакльдер де бар. Барлық шараларға кіру тегін.
25 шілдеде сағат 19.00-де «Баласағұн» концерт залының сахнасында «Астанадан ақ тілек» атты гала-концерт өтеді. Кеш бағдарламасында эстрадалық би, «Шалқыма» халық биі ансамбльдері, «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистері өнер көрсетеді. Сонымен қатар, сахна төрінде отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Клара Төленбаева, Күләйым Қайырбаева, Дос, Асқар Жайлаубаев, Di-ArtStyle триосы, Бауыржан Исаев, Ринат Мальцагов және Алмас Кішкенбаев ән шырқайды.
26 шілдеде сағат 19.00-де «Баласағұн»концерт залында Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымдары – «Шалқыма» халық биі, эстрадалық би ансамбльдері, қазақ оркестрі, эстрадалық, классикалық және халық вокалы артистері өз өнерлерін ортаға салады.
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының артистері екі күн бойы Жамбыл облыстық орыс драма театрында өз қойылымдарын көпшілік назарына ұсынады.
25 шілдеде сағат 19.00-де тараздықтар К.Людвигтің «Примадонны» комедиясын көреді. ҚР еңбек сіңірген артисі, режиссер Бекпулат Пармановтың және қоюшы-суретші Қанат Мақсұтовтың қойылымында көрермендер байлардың тыныс-тіршілігімен танысады, қандай да болмасын құпияның бір күні белгілі болатынына көз жеткізеді.
26 шілдеде сағат 19.00-де елордалық актерлер Алехандро Касонның махаббат пен жастық шақ тақырыптарына арналған пьесасы бойынша қойылған «Дикарь. Третье слово» мелодрамасын тамашалауға шақырады. Спектакльде таудағы ауылда өскен дүниетанымы жақсы Паблоның шулы қалада бұрын-соңды білмеген ғажайып сезім сыйлайтын жалған әлеммен танысуы туралы айтылады.
Ал 25-26 шілдеде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін бүкіл мемлекеттік аралап шығатын «Ақ тілекпен Астана!» көрмесі ұйымдастырылады. Экспозицияға С.Смағұлов, М.Бекеев, Р.Күлбатыров, С.Аллабергенов, Н.Каржасов және т.б. сынды танымал 50 отандық суретшінің 100 үздік туындысы қойылған. Көрмеде Жанна Спунердің жеке коллекциясындағы еңбектерді, сонымен қатар, астаналық шеберлердің картиналары мен мүсіндерін тамашалауға болады. Елордалық көрмеге келушілер отандық қылқалам шеберлерінің өнеріне, шығармашылық әлеуеттеріне өз бағасын береді.Мұнымен қоса, көрмеде Өмірбек Төлеулиевтің «Елім-ай» сериясы көпшілік назарына ұсынылады. Оның жұмыстарынан қазақ халқының өткенімен танысуға болады. Коллекцияны Тәуелсіздік сарайы ұсынады.

Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы

«Өлең мен әуен әлемі» атты жергілікті ақындар
мен композиторлардың шығармашылық кешінің
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Өтетін орны: Тараз қаласы, қалалық мәдениет үйі, Рахимов көшесі 55
Өтетін күні: 2018 жыл, 15 наурыз, сағат 16.00
Ұйымдастырушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы
Іс-шараның мақсаты:
- Жергілікті ақын-сазгерлерді қолдап, шығармашылығын шыңдау, -
- Ақындардың өлеңдеріне жазылған әндерді жарыққа шығару;
- Ән арқылы поэзияны биікке көтеру
Бағдарламада:
• Ақынның таңдаулы бір өлеңі оқылады,
• Сол ақынның өлеңіне жазылған ән орындалады.
Ән-жыр кешіне қатысатындар:
Ақындар:
Айша Көпжасарова (Тараз қаласы), Қасқырбай Нарбатыр (Байзақ ауданы), Болатбек Әбішев (Мойынқұм ауданы), Пәрімбек Бейсенұлы (Талас ауданы), Айтмұханбет Исақов (Жамбыл ауданы), Талап Байжиенов (Талас ауданы), Асқарәлі Жылқыбаев (Талас ауданы), Азат Абықаев (Қордай ауданы), Жаннар Молдабеков (Талас ауданы), Есет Досалы ( Тараз қаласы), Ерлан Бүрібаев (Қордай ауданы), Нұрдәулет Исатаев (Меркі ауданы), Сағи Мұздыбай (Жамбыл ауданы), Ақнұр Қойшыман (Тараз қаласы), Елдар Боранбек (Тараз қаласы), Мырзахан Ахмет (Жуалы ауданы)
Орындаушылар:
Жанатбек Қадыров, Әділет Әбдікерімов, Бектұр Оңалов, Хамида Бейсенова, Жанерке Ерғара, Талап Байжиенов, Асқарәлі Жылқыбаев, Мұрат Рыспеков, Жаннар Молдабеков, Рәзия Мәдіханова, Арман Елібаев, Нұрғиса Асанов, Сейілғазы Тәңірберген, Ақнұр Қойшыман, Бауыржан Ізтілеуов, М.Мықтыбеков, А.Сәбит, Т.Сағымбеков
Байланыс телефондары: 8(7262) 45-25-59, 45-26-06,
87474131431, 87476832062
Е-mail: ocnt_taraz@mail.ru

«Ашық қоғамға - ашық архивтер» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Жамбыл облысындағы күндері

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Өтетін уақыты мен мекенжайы:

01 қараша 2017 ж., сағ.: 9.30

Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 7

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғимараты
ҚР Тұңғыш Президенті мәжіліс залы, 4-қабат.

Қатысатындар:
- Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры, архив қызметкерлері;
- Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы және қызметкерлері;
-Жамбыл облысының мемлекеттік архивтерінің директорлары және қызметкерлері;
- Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында еліміздің бас архиві - Қазақстан Республикасы Президенті Архиві Жамбыл облысында «Ашық қоғамға - ашық архивтер» тақырыбында
ҚР Президенті архивінің күндерін өткізеді және семинарлар ұйымдастырады. Семинар барысында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкерлеріөз тәжірибелік білімдерімен, өз жетістіктерімен және архив қорларын сақтау, мемлекеттік есепті ұсыну, ғылыми-анықтамалық аппарат кызметін және құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру туралы жұмыс тәжірибелерімен бөліседі.
«Қазақстандық әскери тұтқындар туралы» - «tutкуn.кz», «Ашаршылық құрбандары туралы» – «аsһагsһуlук.кz» жобалары негізінде деректі құжаттарды жинақтаудың тиімді әдістері жөнінде сұрақтар қаралады.
Сондай-ақ, іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасының, Сарыағаш, Созақ аудандарының мемлекеттік архивтерінің, Қарағанды облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері қатысады және Жамбыл облысы мен Тараз қаласының мемлекеттік архивтерінің жұмысымен танысып, «Руханият» облыстық орталығына және «Көне Тараз» музейіне саяхат ұйымдастырылады.
Байланыс телефоны:
8 (7262) 453250, 87071114761

Сазгер, дирижер, КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Өз елім!» атты
концерттік бағдарламаның
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Өтетін мерзімі: 12.10.2017ж. сағ.18.30
Өтетін орны: «Баласағұн» ОКЗ
Ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық филармониясы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық филармония композитор, дирижер, КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Өз елім» атты концерттік бағдарламасын ұйымдастырады.
Мақсаты: Сазгер Н.Тілендиевтің шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпаққа рухани азық сыйлау, жас өнерпаздарды халыққа таныту.
Концерттік бағдарламада дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұхтар Рахманқұловтың жетекшілігіндегі Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Кәусар» вокалдық ансамблі, ҚР Мәдениет қайраткері Анна Вундер, сонымен қатар танымал әншілер Оңал Азаматова, Маралбек Бабақұлов, Торғын Орынбаева, Маралбек Бабақұлов, Ғани Мәтебаев, Мәдина Сағынбекова, «Мерей» дуэті және тағы да басқа облыстық филармонияның әншілері өнер көрсетеді.
Концерттік бағдарлама композитор туралы деректі фильмнің көрсетілімімен басталады.
Концерт барысында оркестрдің орындауында «Ата толғауы», «Әлқисса», «Аңсау», «Қабан жырау, «Көш керуен», «Махамбет» атты күйлері мен «Алатау, «Өз елім», «Сарыжайлау», «Әже туралы ән»,«Жүрегім менің», «Күндер-ай», «Аралдағы жеңеше», «Біздің ағай тамаша» т.б. жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған баға жетпес лирикалық әндері орындалады.
Байл. тел.: 8747 259 94 85, 34-28-61

«Заманның заңғар тұлғасы» атты республикалық жастар арасындағы жабық жыр мүшәйрасының марапаттау рәсімінің
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Өтетін күні: 12-қазан 2017 жыл

Өтетін орны: Жамбыл атындағы Руханият орталығы

Ұйымдастырушылар: Жамбыл облысы әкімдігінінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығы

Мүшәйраның мақсаты:

- Жазушы Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығын халыққа кеңінен насихаттау;

- Қазақ әдебиетінің дамуына жазушының қосқан үлесі мен қалдырған мол мұрасын кейінгі ұрпаққа үлгі ету, дәріптеу;

- Ақындарға қолдау көрсету, жоғары деңгейлі шығармаларды өмірге әкелуге ынталандыру, шеберліктерін шыңдау, шығармаларын оқырмандар арасында насихаттау;

- Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтарымызды қастерлеп, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Қазақстанның халық жазушысы, қарымды қаламгер, журналист Шерхан Мұртазаның 85 жылдық мерейтойына орай ақпан айында «Заманның заңғар тұлғасы» атты республикалық жастар арасындағы жабық жыр мүшәйрасы жарияланды. Мүшайраға Тараз қаласы мен аудандардан, басқа да облыстардан барлығы 25 үміткер шығармаларын өткізді.

Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасының бірінші орынбасары - Жанарбек Әшімжан, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі - Қайырбек Асанов, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы - Көсемәлі Сәттібай, «Жас алаш» газеті бас редакторының орынбасары - Оралхан Дәуіт, айтыскер ақын, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының меңгерушісі - Ахметжан Өзбеков қазылық еткен жабық мүшайраның алдын ала отырысы өтіп, жыр бәйгесінің шешімі шығарылды. Марапаттау рәсіміне жүлдеге ие болған ақындар шақырылды.

Бағдарламада:

- Қонақтар мен қазылар алқасын, мүшайра жеңімпаздарын күтіп алу;

- Марапаттау рәсімі (ақындар жүлде алған өлеңдерін оқиды).

Байланыс телефондары:

8 (726) 2 45-25-59, 8705 876 70 07

E-mail: ocnt_ taraz @mail.ru

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары! Өңірдегі жас таланттарды іздестіру, үлкен сахнаға шығару, өнерлерін өрістетіп, оларға қолдау көрсету мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа Есім-2016» облыстық кастинг өз мәресіне жетті! Эстрада, дәстүрлі өнер, музыкалық аспапта орындаушылар номинацияларының Жаңа есімдері анықталды!!!
Олар: Сейілғазы Тәңірберген Жамбыл ауданы, Қожахмет Мұраталы Т.Рысқұлов ауданы, Ғабит Бірімқұл Шу ауданы, Нұрдәулет Қойшыманов Байзақ ауданы, Амина Ибрагимова Жамбыл ауданы, Әділет Тұраров Тараз қаласы, Әсел Сүндет Жамбыл ауданы, Жансая Сәрсенбаева Т.Рысқұлов ауданы.)
Жаңа өнер иелері республикамызбен облысымызға танымал өнер майталмандары Жамбыл облыстық филармониясының белгілі әртістері Маралбек Бабақұлов, Назима Үсенова, Жақсылық Ажмұханов және Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері Оңал Азаматовалармен бірге бір сахнада өнер көрсететін болады!!! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
«ЖАҢА ЕСІМ-2016»
ГАЛА КОНЦЕРТІ
2016 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 17.00-де
«Баласағұн» орталық концерт залында өтеді.
Жаңа есім, жаңа ән, жаңа концерт көруге шақырамыз
КЕЛІҢІЗДЕР!!! КӨРІҢІЗДЕР!!!

Афиша

РЕПЕРТУАР
на декабрь 2016 год

02.12.16.00Ч.Айтматов « Пегий пес бегущий краем моря»
09.12.16.00У.Сагинханов «Хвастун со ст. Луговая»
11.12 11 -00 Ю.Жигульский « Золотой ключик » сказка
11.12.16-00 И. Вовнянко « Кентавры Турана» символическая драма

выездные Новогодние театрализованные представления с 23 по 29 декабря

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.