1. Басты бет
  2. Басқарма туралы
  3. Афиша
  4. Ведомстволық Бағынысты ұйымдар
  5. Байланыс
Басшының блогы

Быкыбаев Дүйсеналы Дыбысалыулы

«Жамбыл облысы әкімдігінің, мәдениет архивтер және құжаттама баcқармасы»

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

СІЛТЕМЕЛЕР:

Жаңалықтар

Өрт-тілсіз жау

Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні «Тараз қаласының мемлекеттік архиві» КММ-сі Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Қайрат Оразбаев және азаматтық қорғау аға лейтенанты Ерболат Анарбектің қатысуымен мекеме қызметкерлері арасында өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша «Өрт-тілсіз жау» атты түсіндірме сабағын өткізді. Өрт қауіпсіздігі мәселесі жөнінде көптеген ақпарат түсіндірілді. Архив қызметкерлері төтенше жағдайлардың туындауы жөнінде толық нұсқаулық алды.

ҮШ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Жамбыл облысында іс-сапармен болып қайтты. Сапар барысында министр өңірдегі ерекше тарихи орын "Ақыртас" кешенінде Жамбыл облысы әкімі А.Мырзахметовпен және "Қазақстантеміржолы" ҰҚ "Жүктасымалы" АҚ Президенті О.Кулаковпен бірігіп Юнесконың Бүкіләлемдік мұралар тізіміне және Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар киелі жерлерінің тізіміне енген "Ақыртас" кешенін және осы өңірдегі өзге де тарихи-мәдени мұра нысандарын туристік орталыққа айналдыру мәселелерін қолға алуға бағытталған үш жақты меморандумға қол қойды. Өз сөзінде министр Арыстан Мұхамедиұлы меморандумға қол қойған тараптар алға қойылған мақсаттарға жету үшін Әулиеата жерінің ескерткіштерін сақтау, зерттеу, реставрациялау, консервациялау және насихаттау ісіне барынша қолдау көрсететінін атап өтті. Шара барысында Республикалық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтіп, төртінші билік өкілдері министр мен әкімге көкейлеріндегі біраз сауалдарды жолдап толыққанды жауаптар алды. Зерттелу тарихына 130 жылдан астам уақыт болған Ақыртас кешенінде өткен келелі кездесуде Жамбыл өңірінің туризм саласының дамуы, келешегі туралы сөз болды. Елімізге белгілі тарихшылар мен ғалымдар қатысқан жиында бірқатар мәселелер талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды. Қазақстанның киелі жерлер географиясына енген Ақыртас кешенінің тарихы қонақтар мен ғалымдарға кеңінен таныстырылып, экскурсия жүргізілді.

«Оқуды ілгерлету: кітапханадағы тың идеялар мен технологиялар диапазоны. Цифрлы қоғам шеңберіндегі кітапхана қызметі» тақырыбында онлайн коучинг-шығармашылықты дамыту кеңесі өтті

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Оқуды ілгерлету: кітапханадағы тың идеялар мен технологиялар диапазоны. Цифрлы қоғам шеңберіндегі кітапхана қызметі»
онлайн коучинг форматында шығармашылықты дамыту кеңесі 28 наурыз күні облыстық, аудандық кітапханалар қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары аясында өңірдегі кітапхана ісін дамытудағы кітапханашылардың жаңашылдық бастамасы мен кәсіби дамуын ынталандыру, мамандық беделі мен әлеуметтік мәнін көтеру, кітапхана қызметіне жаңа ақпараттық технологиялар мен әдістерін енгізу жолдарын машықтау.
Шығармашылық кеңеске арнайы
Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалинов - IT маман, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары.
Сембина Зубайра Жарқынқызы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары;
Құттыбаева Жадра Нұржанқызы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы қатысты.
Онлайн коучинг барысында қоғамның мәдени дамуының формацияларына негізделген кітапхана қызметі, ауыл кітапханаларының ақпарат үйлестірушісі ретіндегі оқуды ілгерлету бойынша қызметі мен оның тиімділігі және тартымдылық көрсеткіштері, кітапхананың жетістікке жету үшін серіктестікті үйлестіру жұмыстары аясында кітапханашылар ой бөлісіп, IT маман, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалинов «Цифрлы қоғам шеңберіндегі кітапхана қызметі» тақырыбында баяндама-дәріс оқып, практикалық сабақ өткізді, «Өрлеу» БАҰ БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының психологиялық ойындарды өткізу тренерлері, Тойганбекова Шынар Малимбайқызы және Айгерім Абзалбекқызы «Оқу арқылы жаңару мен рухани жаңғыруға» тағырыбы аясында тренинг өткізді. Сонымен қатар, Жуалы мен Сарысу аудандық кітапханалар жүйелерінің қызметкерлері коучинг қатысушыларының назарына офлайн және онлайн жүйесінде өздерінің көрсетілім іс-шараларын ұсынды

«Қоғам және дін»

Тараз қаласының мемлекеттік архивінде 2018 жылдың 29 наурыз айында «Қоғам және дін» тақырыбында ұжымдық талқылау жиыны өтті.Осы жиынға Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының өкілі Б.Қ.Алпысбаев қатысып қоғамдағы дін мәселесі жөнінде өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт бағдар беру жөнінде кең көлемде ақпарат берді. Тараз қаласының мемлекеттік архивінің директоры Б.Ж.Абдыкаримова тақырыпқа байланысты қоғамдағы дін күрделі мәселе екенін атап өтті. Б.Қ.Алпысбаевқа мекеме қызметкерлері қойылған сұраққа қанағаттанарлықтай жауап алынды. Тақырыпқа байланысты баяндама оқылып, слайд көрсетілді.

ҚҰРМЕТТІ САЙТ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ!

Сіздердің назарларыңызға мәдениет саласының қайраткерлерімен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік сұхбаттарды ұсынамыз. Қоғамның үлкен дертіне айналған жемқорлық фактілерін болдырмау әрбіріміздің қоғам алдындағы міндетіміз екенін ұмытпайық!

Қордай ауданында жаңа модельді кітапхананың тұсауы кесілді

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру бағдарламасы аясында ауыл кітапханаларын жаңғырту, оларды көпфункционалды коворкинг орталықтарына айналдыру, заман талабына сай жаңаша жабдықталып, материалдық-техникалық базасы нығайтылған, ақпараттық технологиялар көмегімен жергілікті тұрғындарға жаңа үлгідегі түрлі ақпараттық қызмет түрлерін ұсынуға бағытталған кітапханамен таныстыру мақсатында Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 Әлжан ана ауылдық кітапханасы Үлгілі (Модельді) ауылдық кітапханасы атанып «Жаңа үлгідегі модельді ауыл кітапханасы» атты тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесерге Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары З.Сембина, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э.Абдинова, кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ж.Жетписбаева және Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ғ.Шубаева және қызметкерлері, ардагер ұстаз Зураш Әбдімәлікқызы, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Абдиматов Жайсан қатысты.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ашық есік күні өтті

Ағымдағы жылдың 16 наурызында «Тараз қаласының мемлекеттік архиві» КММ-сі «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламенті бойынша «Ашық есік күнін» өткізді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Тұрғындардың уақытын үнемдеу мақсатында Тараз қаласының мемлекеттік архиві «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы өтініш қабылдап, Халыққа қызмет көрсету орталығымен тығыз жұмыс жасайды. ХҚКО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініштерді қабылдап, мекемелерге жібереді. «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өткен іс-шараға қала тұрғындары, ХҚКО қызметкерлері және «Жамбыл Тараз» газетінің тілшілері қатысты.

«Жаңғырған Жаңа күн!»

Жамбыл облыстық қазақ драма театында 2018 жылдың 14-20 наурызы күндері Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, балалар мен жасөспірімдерге арналған Айжан Атымтаеваның «Жаңғырған Жаңа күн!» атты ертегісі сахналануда. Ертегі оқиғасында төрт түлік малдың төлдері бір шаңырақтың астында Ұлыс мереке – Наурызды қарсы алуға дайындалып жатады. Осы сәтте Жезтырнақ пайда бола кетіп, Наурыз мерекесінің шырқын бұзу үшін Диюды шақырады. Олар айналаға қорқыныш тудырады. Осы сәтте Наурыз мерекесіне келген Алдар көсе мен Қожанасыр Диюды арқанға шалындырып, құздан құлатып, құрдымға жібереді. Диюдың артынан Жезтырнақ та кетеді.Сөйтіп, жас төлдер Наурыз мерекесін тойлауды жалғастырады. Наурыз тойын мерекелеуге жас балалар мен бүлдіршіндер де қосылады. Мереке қызып жатқанда Қызыр баба, Ұмай ана келіп, оларға ақ баталарын беріп, жақсы тілектер айтады.

«Өлең мен әуен әлемі» шығармашылық кеші ақындар мен сазгерлердің басын қосты

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жергілікті ақын-сазгерлерді қолдап, шығармашылығын шыңдау мақсатында 2018 жылдың 15 наурыз күні Тараз қалалық мәдениет м мипиаикув миапмкомпозиторлардың шығармашылық кеші ұйымдастырылып өтті. Кешті Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары З.Сембина ашып, қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Жергілікті ақындарымыз Қасқырбай Нарбатыр (Байзақ ауданы), Болатбек Әбішев (Мойынқұм ауданы), Пәрімбек Бейсенұлы (Талас ауданы), Айтмұханбет Исақов (Жамбыл ауданы), Талап Байжиенов (Талас ауданы), Асқарәлі Жылқыбаев (Талас ауданы), Азат Абықаев (Қордай ауданы), Жаннар Молдабеков (Талас ауданы), Есет Досалы ( Тараз қаласы), Ерлан Бүрібаев (Қордай ауданы), Нұрдәулет Исатаев (Меркі ауданы), Сағи Мұздыбай (Жамбыл ауданы), Ақнұр Қойшыман (Тараз қаласы), Елдар Боранбек (Тараз қаласы), Мырзахан Ахмет (Жуалы ауданы) сахнада өз өлеңдерін ұсынды. Кеш барысында жергілікті жас ақындардың сөздеріне жазылған әндерді әншілер Әділет Әбдікерімов, Бектұр Оңалов, Хамида Бейсенова, Жанерке Ерғара, Талап Байжиенов, Асқарәлі Жылқыбаев, Мұрат Рыспеков, Жаннар Молдабеков, Рәзия Мәдіханова, Арман Елібаев, Нұрғиса Асанов, Сейілғазы Тәңірберген, Ақнұр Қойшыман, Бауыржан Ізтілеуов, Мәлік Мықтыбеков, Айбар Сәбит, Тимур Сағымбеков сынды өнерпаздар нақышына келтіре орындап, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды. Кешке ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов, ақын, композитор Үміт Битенова, айтыскер ақын Ербол Қамбытыров және басқа да зиялы қауым өкілдері қонақ болды. Кеш соңында барлық қатысушы жергілікті ақындар мен әншілерге Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан алғыс хаттар табыс етілді.

«Мы встречаем Наурыз» атты театрландырылған көріністі сахналануда

Ұлыстың Ұлы күнін биыл Жамбылдық жұртшылық тоғыз күн бойы тойлайды. Жамбыл облыстық орыс драма театры осы игі бастамадан алыстамай 14 -20 наурыз күндері аралығында қала мектептерінің оқушыларына арнап О. Избасарованың «Мы встречаем Наурыз» атты театрландырылған көріністі сахналауда. Наурыз мерекесі Қазақстанның біріккен халқы үшін де аса мәртебеге ие, сондықтан көріністе өзбек, грузин, орыс, татар т.б. халықтарының ұлттық билері мен әндері орындалады. Тазша-бала қойылым алдында барлық қатысушыларды амандық-саулық сұрасумен қарсы алып Күнмен Түннің теңесуі турасында мағұлмат береді. Күн сәулесі өзінің жарығымен кешті нұрландырып, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлайды. Ал, жаңа-жылдың келуіне кедергі болмақшы болған Қара Бақсы – жындар балаларға арналған мерекенің шырқын бұзбақшы болғанмен Жаңа-жылдың иесі Қара төбет келіп оларды азулы тісімен қорқытып, қуып жібереді. Жүрекке жылылық сыйлайтын мереке соңында көктем аруы Наурыз өзінің сұлулығымен таңқалдыра әлемге нұр сыйлайды. Көріністе ұлттық рухтың ұлағаты артып, қазақ күресі, қол күресі, арқан тартыс, шекемтас, сынды ойындардың сан алуан түрі ойналады. Сондай-ақ бағдарлама барысында оқушылар театр әртістері мен бірігіп ән салып, би, билеп, өз өнерін ортаға салуға мүмкіндік ала алады. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Мерекелік көрініске де келген Қыдыр баба мен Ұмай ана келіп мерекелік кештің берекесін кіргізіп, Қызыр бабаның бата-тілігімен ұласты. Жоғарыда аты аталған мерекелік театрландырылған «Мы встречаем Наурыз» атты көрініс 15 наурызда №16 орта мектепте, 16 наурыз №7 орта мектепте өтті, 17 наурыз №39 мектепте, 19 наурыз №2 орта мектеппен 20 наурыз №31 орта мектепте көрсетіледі.

ЖАМБЫЛДЫҚТАР КӨРІСУ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі Көрісу күнінен бастау алады. Көпшілік мұны «қауышу күні» деп те атайды. Биыл өңірімізде аталған мерекенің мағынасына ерекше мән беріліп отыр. Облыс жұртшылығына ұлыс күнінің көптеген мерекелерден артықшылығын, тарихи маңызын айшықтап, халыққа насихаттау мақсатында бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өңірімізде тұңғыш рет «Көрісу күні» атап өтілді. Көрісу күнінің тарихына үңілер болсақ, бұл атаулы мерекені тойлау бізге ежелгі сақ дәуірінен жеткен. Бүгінгі шарада облыстық драма театрларының ұсынған қойылымында сақ патшайымы Тұмар (Томирис) ханшайымның майданға кеткен ұлы Спаргапистің еліне аман оралып анасымен көріскені сахналанды. Ұрыс даласында дұшпандарымен жан аямай күрескен өжет жауынгерлер жарларымен, аналар перзенттерімен көрісіп, Тұмар патшайым дәл осы күнді «Көрісу күні болсын» деп жариялайды. Содан бері, сонау ықылым заманнан бері бұл күннің мән мағынасын, маңызын көптеген этнограф ғалымдар, мәдениеттанушылар зерттеп келді. «Баласағұн» орталық концерт залының ауласында ұйымдастырылған мерекелік думанға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов арнайы қатысты. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен Еңбек ері Нұрмаған Тілегенов жиналған қауымды Наурыз мерекесінің басталуымен, Ұлыстың Ұлы күніне қыстан аман жетуімен құттықтап, ақ баталарын берді. Осы үлкен мерекеге арқау болған мәдени шара Жамбыл облыстық филармония өнерпаздарының думанды концерттік бағдарламасына ұласып, қала жұртшылығы ерекше күйге бөленді. Ақ жаулықты әжелер ардагерлер мен жұртшылыққа бауырсақ таратып, наурыз көжеден дәм татқызды. Жыл сайын көктемнің келуімен бірге төрімізге енетін Наурыз мерекесін облыс жұртшылығы алдағы тоғыз күн тоқтамай тойлайтын болады. Түрлі мәдени, рухани шаралар ұйымдастырылады. Тоғыз күнге тоғыз түрлі атау беріліп, мән маңызы тереңдей түспек. Бұл игі бастама жыл сайын дәстүрге айналса 5000 жылдық тарихы бар Наурыз тойының маңызы артып, күллі қазақ даласы болып атап өтетін ірі думанға айналады деп білеміз.

АРУЛАР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНГЕН КҮН

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шаралардың легі толастар емес. Солардың ең бастысы бүгін «Баласағұн» орталық концерт залында облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өтті. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың құттықтау сөзімен ашылған салтанатты жиынға қаламыздың белгілі нәзік жанды арулары, ақ жаулықты аналары мен әжелері қатысты.
Есіктен кірген сәттен аруларды гүл шоқтарымен қарсы алған ұйымдастырушылар аналар мен қыздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді. Филармония өнерпаздарынан құралған топ әсем әндері, мың бұралған ырғақты билерімен жұртшылықты тәнті етті. Кешті «Алатау» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен «Ақкербез» би ансамблі «Мереке» қазақ биімен ашып берді. Бұлбұл үнді әнші Оңал Азаматова, Тараз қаласының мақтанышы, елімізге танымал Ғани Мәтебаев, «Тараз» триосы, Жанна Асанқұлова және басқа әншілердің өнеріне риза болған келушілер ризашылықтарын білдіріп, қошемет көрсетіп жатты.
- «Бүгін бір керемет, ерекше күн. Әдемі де әсерлі кештің куәсі болып отырмыз. Ұйымдастырушыларға, Облыстық әкімшілікке, мəдениет басқармасына алғысым шексіз. Ардагерлерді ұлықтап, сыйлап шақырғандарына ризамын. Осы концерттің әсерінен, бір жағынан көктемнің алғашқы мерекесі болғандықтан, көңіліміз жарқырып, нұр шашып тұр. Барша аруларды мерекесімен құттықтаймын. Аналық батамды беремін. Біздің қыз-келіншектің бәрі де бақытты болуға лайық»,- деп ағынан жарылды кеш қонағы, ардагер ұстаз Нұркен Нұрмаханқызы.
Айта кетейік, мерекелік кештің арнайы қонағы ретінде елімізге танымал жас әнші Қуандық Рахым шақырылып, әуезді әнімен көпшіліктің құрметіне бөленді.

АРДАГЕРЛЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС

1- наурыз алғыс айту күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелерде сан жылдар қызмет еткен әлі де тер төгіп келе жатқан ардагерлерге арнайы экскурсия өткізілді. Ардагерлер алдымен облыстық тарихи өлкетану музейін аралап, өңір тарихымен танысты.
Одан әрі облыстық көрме залындағы теңдессіз туындыларды тамашалады. Ежелгі Тараз тарихи мұражайын аралаған соң, ардагерлер Қарахан және Айша бибі кесенелеріне ат басын бұрды. Облысымыздың теңдессіз тарихы мен үлкен махаббат оқиғасына арқау болған киелі орындарды аралау барысында көптеген тың мағлұматтарға ие болған сала ардагерлері аталған экскурсияны ұйымдастырған мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына үлкен алғыс пен жылы ілтипаттарын білдірді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментінің директоры Сейітова Күміс Қарсақбайқызы сала қызметкерлерімен кездесті

Ағымдағы жылдың 3-наурызында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаменті директоры Күміс Қарсақбайқызының мәдениет саласы қызметкерлері өкілдерімен кездесуі өтті. Жиын барысында Елбасы жолдауындағы бірқатар мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, қызметкерлер тарапынан ауылдық жерлердегі мәдениет ұйымдарын жас мамандармен қамтамасыз ету үшін оларға тұрғын үй және өзге де әлеуметтік жағдай жасау, мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көбейту, өнер саласында қызмет етіп жүрген артистердің зейнет жасын төмендету, «Мәдениет туралы» заңнамасын жетілдіру, театр саласы мәселелері кеңінен талқыланды.

РАҚМЕТ,САҒАН,ҚАЗАҚСТАНЫМ!

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде Алғыс айту күніне орай «РАҚМЕТ,САҒАН,ҚАЗАҚСТАНЫМ!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Алғыс айту күні, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуының белгісі болғандықтан облысымыздың мемлекеттік архиві өткен жылдан бері архив құжаттарындағы Жамбыл облысындағы түрлі этнос өкілдеріне арнап құжаттар көрмесін ұйымдастыруды дәстүрге айналдыруда. Өткен жылы архив қызметкерлері бұл күнге орай 1945-1950 жылдары Жамбыл жеріне қоныс аударылған шешен-ингуш, фин ұлт өкілдерінің өмір тарихына қатысты тарихи құжаттардың көрмесін ұйымдастырса, биылғы жылы бұл тақырыпты 1942-1945 жылдары Жамбылда эвакуацияда болған Польша азаматтарына арнады. Сол себепті іс-шараға облыстық «Полонез» этно-мәдени орталығының өкілдерін шақырды. Тарихи деректерді айғақтайтын құжаттар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 1921 жылғы Латвия, Литва және Польша мемлекеттерінен эвакуацияланғандарды және әскери тұтқындарды өз отанына қайтару жөніндегі қаулы мен азаматтардың есімдері көрсетілген тізім бар. Сондай-ақ 1946 жылға дейін жұмыс жасаған СССР Сауда министрлігінің эвакуацияланған поляктарды қамтамасыз етуші өкілінің (Уполномоченный Министерства Торговли СССР по снабжению эвакуированных поляков) құжаттары да қойылды. Бұл мекеме 1941 жылдың желтоқсан айында Польша Республикасы мен СССР арасында келісім шартқа қол қойылғаннан кейін Жамбыл облысында өз қызметін 1942 жылы бастаған болатын. Осы уақыт арасында бұл қорда 24 құжат сақталған.
Жиынды Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы С.Мадиева ашып, Алғыс айту күнімен құттықтап, Польша Республикасындағы ІІ-дүниежүзілік соғыс музейінің шақыруымен қазақстандық архивистердің Гданьск қаласында болып қайтқаны жайында әңгімеледі. Іс сапарда Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары Қайрат Әлімғазинов, директордың көмекшісі Мұхамед Жылгелдинов және Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева болды.
Сара Қабылбекқызы өз сөзінде 19-23 ақпан аралығында Польша Республикасының архив және музей мекемелерінің жұмысымен танысып, өзара тәжірибе алмасқаны туралы, поляктардың Қазақстанға қоныс аударуына байланысты дайындалып жатқан жинақ жайында және Штутово қаласында орналасқан Екінші дүниежүзілік соғыс музейімен бірге Қазақстан Республикасы Президенті архивінің алдағы уақытқа жоспарлаған басқа да бірлескен жобалары жайында баяндады.
Сапар барысында «Екінші дүниежүзілік соғыстың қазақстандық әскери тұтқындары» жобасы аясында Штутово концентрациялық лагері музейінің архивінде іздестіру жұмыстары да жүгізілгенін айтты. Онда Музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Гжегож Берендтпен кездесіп, ҚР Президенті Архиві мен Музейдің бірлесіп жүзеге асырып жатқан поляктардың Қазақстанға қоныс аударуына қатысты бірлескен құжаттық жинақтың (поляк тілінде) дайындық жұмыстары және келешектегі атқарылатын жобалар талқыланын да атап өтті.
Қазақстандық делегация 31 000-нан аса адам жерленген Бранево қаласындағы Кеңес әскері сарбаздарының мемориалына, Эльблонг, Мальборк қалаларындағы әскери бейіттерге барып қайтты. Аталған қалаларда орналасқан бейіттерде жерленген әскерлердің көпшілігінің аты-жөні белгісіз, молалары атаусыз екені де айтылды. Сондытан да қазақстандық архивистердің Польшаға барудағы бірден-бір мақсаты – алдағы уақытта майданда қаза болған сарбаздардың есімдерін анықтап, «Екінші дүниежүзілік соғыстың қазақстандық әскери тұтқындары» республикалық деректер базасына енгізу. Іс сапар соңында Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде бар Польша азаматтары туралы құжаттардың көшірмелері музей архивіне табысталғанын баяндады. С.Мадиева сапар туралы суреттер топтамасы арқылы Польша архиві мен музейінің жұмысын дөңгелек үстелге қатысушыларға әсерлі жеткізді.
Жазушы-журналист Мақұлбек Рысдәулет Ұлы Отан соғысы жылдары поляктардан жасақталған генерал В. Андерстің әскері туралы ертеректе зерттеп, 2013-2014 жылдары Польшадан келген делегациямен кездесіп, республикалық газетке мақала жарияланғандығы туралы қызықты деректер келтіріп, дөңгелек үстел басында жиналғандарды Алғыс айту күнімен құттықтады. Өлкетанушы азаматтың бұл сөзін архив саласының ардагері Нұркүл Оспанбекова қиын-қыстау заманда қазақ жұртшылығы көп ұлттарға пана болып, қолындағы жарты нанын бөліскені жайында және оған архив құжаттары дәлел екенін айтып жалғастырды.
Дөңгелек үстелге арнайы шақырылған поляк этно-мәдени орталығы «Полонез» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лариса Викторовна Калькова архив саласы бүгінгі іс-шараны поляк ұлтына арнап, құжаттар көрмесін ұйымдастырғаны үшін алғысын жеткізді. Архивтің өзінің өміріне өшпес белгі қалдырғанын да айтты: «Бір кезде солақай саясаттан қаймығып, әкесі өзінің поляк екенін жасырғысы келіп бүткіл құжаттарын жойып жіберген. Алайда әкемнің қызметтік өсу сатысында оның бұл іс-әрекеті де құтқара алмай қалыпты. Оның поляк екенін біліп, қызметтен шеттеткен. Соның салдарынан біздер ұзақ жылдар өзіміздің поляк екенімізді дәлелдей алмай қор болдық. Ақыры ақиқатты архив айғақтады. Сол үшін де бейбіт Қазақстанда туып-өсіп, ұлтымның тарихын білгенім үшін өте қуаныштымын. Тарихын білмегеннің келешегі жоқ. Тарихта ештеңе ұмыт қалмауы керек»,- деп өз пікірін білдірді.

«Ризашылық пен алғыс» өнегелік кеші мүмкіндігі шектеулі азаматтардың басын қосты

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-мен бірлесе «Ризашылық пен алғыс» өнегелік кешін өткізді. Кешке мүмкіндігі шектеулі 20 азамат қатысты. Іс-шараның мақсаты көктемнің алғашқы күнімен тұспа тұс келген мереке жайында оқырмандарға кеңірек ақпарат беріп, адамдар арасындағы жақсы қарым қатынастың берік сақталуын дәріптеу. Осы тақырыпта кітапханадағы рухани байлық беретін көрнекті қазақ жазушыларының шығармаларын насихаттау. Қатысушылар кітапханаға саяхат жасап кітапхананың жұмысымен танысты. Кітапханада қойылған тұрақты кітап көрмелеріне: «Достық пен береке», «Арман қала – Астана», «Рухани жаңғыру – болашаққа жарқын жол!», «Ризашылық пен алғыс» библиографиялық шолу жасалды. Іс-шара барысында шақырылған қонақтар өз өнерлерін көрсетті. Концерттік бағдарламада егде жастағы адамдардың сүйіп тыңдайтын әндері орындалды. «Ризашылық пен алғыс мерекелік іс-шарада шақырылған қонақтар көңілдерінің көтерілгендігіне, Елбасының саясатына және әлеуметтік қызметкерлердің кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын айтты. Арнайы жасалған мерекелік дастарханнан дәм татты. Әлеуметтік сала қызметкерлері де, кітапхана ұжымы да зейнеткерлерге зор алғыстарын білдіріп, осы күнге жеткеніміз осы зейнеткерлердің арқасы деп алғыстарын айтты.

«Қазақ еліне мың алғыс!» ізгілік таным интерактивті ізгілік сабағы өтті

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқырмандардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, оларды отансүйгіштік пен толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Қазақ еліне мың алғыс!» ізгілік таным - интерактивті ізгілік сабағы ұйымдастырылды. Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру екенін жеткізген кітапханашылар іс-шараға қатысқан Тараз қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарының білімгерлерінің ризашылық пен алғыс, ұлтаралық өзара сыйластық, ынтымақтастық деген ұғымды білдіретін толеранттылық туралы түсініктерін кеңейтуге тырысты. Өзбек, түрік, орыс, шешен ұлттарының өкілдері - Еменова Мухтима, Юсупова Нигора, Орғозұлы Нариман, Мальцев Виктор, Есеманов Аралбай 1 наурыз - Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн екенін айта келе, алғыстарын білдірді. Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары Т.Болысбаев, Е.Пернебаев, М.Исаев, С.Шынболатов, И.Жұмабек «Шаблон» атты түрік биін биледі. Жумабеков Бекболат «Ақтамбердінің термесін» және қазақтың халық әнін «Қараторғайды» домбыраның сүйемелдеумен шырқады. «Қазақ елі» әнін Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Шұғыла Еспенбетова орындады. Кітапхана жанындағы «Қаламгер» клубының мүшелері, жас ақындар Сұлтан Сәдуақасов, Абылай Нурбосынов, Юсуп Елеман, Қуат Аян, Сауран Сымбат өз арнауларынан үзінді оқып, өнерлерін ортаға салды.

«Жамбыл-менің жай атым, халық-менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысы өтті

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық аламан айтыс додасы өз мәресіне жетті. Облыс орталығындағы Жамбыл Жабаев бабамыздың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімінен басталған игілікті шарада ақындар өңірдің тарихын, Тараз топырағының киесін, жуырда ғана қызметке кіріскен жаңа өңір басшысының іскерлігін, Жамбыл бабамыздың асқақ рухын жырға қосты. Жамбыл облысы әкімдінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйытқы болуымен, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында, Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай өткен айтыстқа қазақтың тау тұлғасы, еліміздің еңбек ері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасының құрамы төрағалық етті. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтыстың қызған тұсында арнайы келіп, қорытынды сөзінде аталған аламан бәсеке өңірде бұдан былай жыл сайын дәстүрлі түрде өтетінін хабарлады. Сонымен сөз аламынының қорытындысы бойынша, Қайнар Алагөз, Айтмұханбет Исақов, Рай Дөңбай, Қанат Мырзахан, Ботагөз Мұхиденова, Олжас Отар, Біржан Байтуов, Нұрлыбек Құрманов пен Дархан Әбдіманат шабыттандыру сыйлығымен марапатталды. Ал, Аспанбек Шұғатаев «Асанәлі Әшімов атындағы шығармашылықты насихаттау және қолдау» қорының атынан тағайындалған 1 мың АҚШ долллары көлеміндегі арнайы жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, ерекше өнер көрсетіп, көрермен көңіліндегісін дөп басқан Рай Дөңбай, Мақсат Аханов пен Мейірбек Сұлтанхандар қаржылай сыйақысы бар ынталандыру сыйлығының иегері атанды. Қазылар алқасының шешімімен ІІІ орын мен 500 мың теңге Мұхтар Ниязовтың қанжығасына бұйырды. ІІ орын мен 700 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйға өз өңірімізден шыққан жас ақын қыз Аруна Керімбек лайық деп танылды. Ал, І орын мен 1 миллион теңгеге Болатбек Оразбаев ие болды. Айтыстың бас бәйгесі мен 1,5 миллион теңгені Рүстем Қайыртайұлы жеңіп алды.

ОБЛЫСЫМЫЗДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ӨТКЕН "ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОД" БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Ағымдағы айдың 22-23 ақпан аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет "Үздік Экскурсовод" байқауы өтті. Өңірдегі музейлердің, жеке туристік фирмалардың, мәдениет саласының экскурсаводтары бақ сынаған бұл байқауға 12 гид қатысты. Облыстың әлеуметтік-мәдени дамуы аясында музей мамандарының маңыздылығын қоғамға көрсету мақсатында өткізіліп жатқан шараның бірінші күнінде бақ сынаушылар 7 минуттық виртуалды экскурсия видеоларын қазылар алқасының назарына ұсынды. Одан бөлек бірнеше қызықты турлардан өткен үміткерлердің көбі 3 тілді еркін меңгергендерін байқатты. Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдені Жамбыл атындағы "Руханият" орталығының экскурсоводы Әбуәлі Айніл, 1 орын "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық- музейінің экскурсоводы Таңшолпан Жүзбаева, 2 орынды Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Ақпан Жамал, 3 орынды осы музейдің қызметкері Жұлдыз Алманқұлова ие болды. Барлық қызметкерлер қаржылай сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды. Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының негізінде өткен игі бастамада жеңімпаз болған қатысушылар әлемдегі атақты мәдени орындар мен музейлерде білікті мамандармен тәжірибе алмасатын болады.

«Жүректен - жүрекке» шапағат кеші өтті

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері 20 ақпан – Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне орай «Айша - Бибі» шипажайының демалушылары үшін «Жүректен - жүрекке» тақырыбында шапағат кешін ұйымдастырды. Іс-шара оқырмандарға әділеттілік, теңдік туралы түсінік беру, олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру, адамдардың әлеуметтік теңдігі мен олардың өзіндік мақсатына жету мүмкіндіктерінің шектелмейтінін жеткізу, шипажай демалушыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кітапханаға тарту мақсатын көздеді. Кітапханашылар ежелгі грек ойшылы Солонның «Әділеттілік әркім өзгенің өкпесін өзінікіндей қабылдаған кезде ғана орнайды, әйтпеген жағдайда құр сөз, мәнсіз дүние болып қалады...», - деген сөздерімен іс-шараны ашып, осы арнайы дата адамзаттың назарын әлеуметтік әділдікке, теңдікке аудару үшін бекітілгенін, әділдік деген адамзат тарихымен бітеқайнасып келе жатқан ұғым екендігін, арнайы адамзаттың назарын әлеуметтік әділеттілікке, теңдікке аудару үшін бекітілгені, әділеттілік деген адамзат тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұғым екені, және осы ұғым барлық адамдарға теңдей мүмкіндік пен құқық беретін демократиялық қоғамның негізі ретінде қарастырылатыны туралы терең мағлұмат беруге тырысты. Керемет әндермен көмкерілген кештің «Ойланайық, пікірлесейік» айдары аясында кітапханашылар демалушыларға түрлі сауалдар қойып, пікір алмасуға шақырды. Баубекова Зейнетгүл, Бекен Жұмабек, Бекетай Шагирбаева және тағы басқа демалушылар болса өз пікірлерін, ойларын ортаға салды. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, қатысушылар ұсынылған мерзімді басылымдарға үлкен қызығушылық танытты. Өнерлерін жиналған қауымға паш еткен Жамбыл облыстық орыс драма театрының актері Ботбайбек Санжар, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік және педагогикалық университеттерінің білімгерлері Мұхтар Мудрашов, Тынышбек Аян, Саят Сағынбай, Есалы Қалдыбай демалушылардың зор ықыласына ие болды. Іс-шараны қорытындылаған «Айша бибі» шипажайының бас дәрігері Тұрысбеков Қуатжан Тұрарұлы өз ризашылығын білдіріп, ұйымдастырушыларға барша қауымның алғысын жеткізді

«Көп тіл білу – заман талабы» полиглот – шоуы өтті

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 21 ақпан – Халықаралық Ана тілі күніне орай «Көп тіл білу – заман талабы» атты полиглот-шоу ұйымдастырылды. Аталған шараның мақсаты оқырмандарға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, оларды туған халқының тілін қастерлейтін, елін-жерін сүйетін, егеменді еліміздің ертеңі болар білімді, ұлтжанды, саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру, оқырмандарды көп тілді меңгеруге шақыру болып табылады.

Қазіргі уақытта көп тілді білу – өмір қажеттілігі. Осы қажеттілік негізінде қостілділік (көптілділік) пайда болып қалыптасады және қоғамда ұлт саны қаншама көп болса, ол үшін қостілділік пен көптілділік соншама қажет. Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік алады. Осыған орай, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен «Һибатулла» медресесінің білімгерлері, дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған полиглот-шоу барысында оқырмандар өздері таңдаған екінші тілдері туралы айта отырып, сол тілде өздерін таныстырды. Жастар ағылшын, қытай, араб, түрік, француз, неміс тілдерінде өз ойларын білдірді. «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі», - дегендей, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру үшін көп тілді білу – өмір қажеттілігі екендігі сөз етілді.

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті

2018 жылдың 16 ақпан күні Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Облыстық қазақ драма театрында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелер арасында Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Өнер сайысына Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты 12 мекемеден екі қызметкерден, барлығы 25 үміткер қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Д.Бықыбаев құттықтау сөз сөйледі.
Қазылық жасаған ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Қ.Асанов, Қ.Р Мәдениет қайраткері, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мәдениет және өнер кафедрасының меңгерушісі– А.Кабиева, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті филология ғылымдарының кандидаты, доцент –С.Исматова.
Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы бойынша:
Бас жүлде- Санатбаева Асыл (Облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы)
І орын- Мелдеева Мереке ( Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы), Асқарәлі Айдын (Облыстық халық шығармашылығы
орталығы)
ІІ орын- Болысбек Қайрат (Облыстық Филормония), Махиня Оля (Орыс драма театры)
ІІІ орын- Ботбайбек Санжар, Айнабекова Азиза (Орыс драма театры), Мырзатаева Балжан (Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы), Альмира Талғатқызы (Облыстық қазақ драма театры)
Ынталандыру дипломдары- Миршарипова Шаира (Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы),
Елемесова Ақнұр (Облыстық қазақ драма театры), Қарабаева Жазира (Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы), Зейноллаұлы Сағындық (Облыстық архив) марапатталды.
Қалған қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылды.

ОБЛЫСЫМЫЗДА ТҰҢҒЫШ РЕТ "ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОД" БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірігіп "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық музейінің 20 жылдығына орай тұңғыш рет ұйымдастырылған "Үздік Экскурсовод" байқауы басталды. Өңірдегі музейлердің, жеке туристік фирмалардың, мәдениет саласының экскурсаводтары үміткер ретінде бақ сынап жатқан бұл байқау екі күнге созылады. Облыстың әлеуметтік-мәдени дамуы аясында музей мамандарының маңыздылығын қоғамға көрсету мақсатында өткізіліп жатқан шараның бірінші күнінде бақ сынаушылар 7 минуттық виртуалды экскурсия видеоларын қазылар алқасының назарына ұсынады. Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының негізінде өтіп жатқан игі бастамада жеңімпаз болған қатысушылар әлемдегі атақты мәдени орындар мен музейлерде білікті мамандармен тәжірибе алмасатын болады.

«Өз елім» атты танымдық концерт өтті

Үстіміздегі жылдың 16 ақпанында «Баласағұн» ОКЗ-да Жамбыл облыстық филармониясы ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын ілгерлету мақсатында, елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы аясында, облыстық филармонияның 50 жылдығына орай композитор, дирижер, Қазақ КСРО Халық әртісі, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Өз елім» атты танымдық концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Бағдарламада «Алатау» тобы, ҚР Мәдениет қайраткері Анна Вундер, Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Маралбек Бабақұлов, Жанатбек Кәдіров, сонымен қатар Торғын Орынбаева, Ғани Мәтебаев, Мәдина Сағынбекова, «Мерей» дуэті және тағы да басқа әншілер, «Ақкербез» бишілер ансамблі өнер көрсетті. Атаулы кеште композитор туралы 10 минуттық деректі фильм ел назарына ұсынылды. Концерт шымылдығы «Ақкербез» би ансамблінің орындауындағы «Шаттық» биімен ашылып, кеш барысында жұртшылықтың сүйіп тыіңдайтын рухани қазынасына айналған композитордың баға жетпес лирикалық әндерінің шығу тарихы айтылды. Табиғатынан талантты тарландардың бірі, туған халқы үшін барынша еңбек еткен, шын дарын иесі Нұрғиса Тілендиевтің төл шығармалары сахна төрінде орындалды. Аты аңызға айналған «Аққу» күйіне биші Нигора Давранова «Аққу» биін биледі. Тума талант, сырлы саздың құдіреті атанған Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған ән кешін сағына күткен көрермен, мектеп оқушылары композитордың әндердің караокемен бірге орындап, концертке қатысқан өнер жұлдыздарына ыстық қошеметтері мен ықыластарын жаудырды.

"Art format” семинар треннингі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының Облыстық xалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 12-14 ақпан күндері мәдениет қызметкерлеріне арналған үш күндік "Art format” семинар треннингі өтті.
Облыстың мәдениеті мен өнерінің даму бағыттарын табуға ықпал ету, мәдениет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру, мәдени-демалыс ұйымдарының озық тәжірибесінің жаңа бағыттарын игеру, мәдениет мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату мақсатында өткен семинардың алғашқы күні Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының мәжіліс залында баспасөз конференциясымен басталды. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев және "Format E” мәдени даму оқу әдістемелік орталығының директоры Е.Әуесбаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, ҚР мәдениет қайраткері Н.Камалова журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Биылғы семинардың ерекшелігі - мәдениет үйі, ауылдық клуб мамандары мен қатар кітапхана, музей, кино саласының қызметкерлерін қамтыды. Аталған семинарға лектор ретінде жоғары деңгейдегі мәдениет және өнер қайраткерлері шақырылды.
«Халықтық театр ұжымымен жұмыс жасаудың заманауи технологиясы» тақырыбында Қазақстан театр қайраткерлері Одағының мүшесі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы Б.Тоғаев, «Дәстүрлі кітапханалардың заманға сай өрістеуінің негізгі жолдары»- «Формат Е» мәдени даму оқу-әдістемелік орталығының ғылыми кеңесшісі Г.Қойшығұлова, «Фольклорлық музыкалық ансамбльдерінің инновациялық даму жолдары» - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Мәдени және әлеуметтік қызмет» кафедрасының аға оқытушысы Б.Мейірбеков, «Музей аясындағы рухани жаңғыру» - Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ақпараттандыру және жарнамалық қызмет секторының меңгерушісі Г.Лазар дәріс оқып, секциялық жұмыстар жүргізді.
Облыстағы мәдениет үйлерінің көркемдік жетекшілері, әдіскерлері (мәдени ұйымдастырушылар), ән-би ансамбльдерінің (фольклорлық топтың) музыка жетекшілері, ауылдық клуб меңгерушілері, халық театрларының режиссерлары, кітапхана, музей, кино қызметкерлері қатысып, өздеріне қажетті мағлұмат, әдістемелік нұсқаулықтар алды. Жоғары деңгейде өткен семинар тренингінің соңында 200-ге тарта қатысқан мамандарға "Format E” мәдени даму әдістемелік оқу орталығының арнайы сертификаты берілді.

«Бабалар ұлағаты - ұрпақ аманаты» әдеби дүрбі - интерактивті сабағы өтті

Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және оқырмандар мен өңір тұрғындары арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық мемлекеттік кітапханаларында бір мезгілде «Бабалар ұлағаты - ұрпақ аманаты» тақырыбында әдеби дүрбі форматында онлайн интерактивті сабақ өтті. Онлайн интерактивті сабақтың орталығы - Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітапхана жанына құрылған «Қаламгер» клубының мүшелері, оқырмандар, Тараз қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарының білімгерлері жиналды.
10 аудандық кітапханалар жүйелерінің оқырмандары, қызметкерлері мен өңір тұрғындары онлайн жүйесінде қатысты. Әдеби дүрбі өңір кітапханашыларының бүкіл облыс жұртшылығы, әсіресе жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатындағы акция ретінде жарияланып, Қазақстан патриоты ретінде сезінген кітапхана мамандары осы міндетті ауқымды жүзеге асыруды елі мен халқы, ата-бабалардың алдындағы парызы деп есептейді.
Іс-шара барысында Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушылары Бекболат Жұмабеков, Сұлтан Сәдуақасов, Абылай Нұрбосынов және М.Х.Дулати атындағы ТарМУ филология факультетінің 1 курс білімгері Юсуп Еламан офлайн режимінде қазақ халқының даналық сөздері мен өлеңдерін оқып, күйлері мен әндерін орындады.
Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас және Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің қызметкерлері онлайн байланысқа шығып, сол сәтте өздерінің кітапханаларында өтіп жатқан іс-шараларынан үзінді көрсетті.

«Жанында жүр жақсы адам» кітапхана қонақжайы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына Жамбыл облысынан енген полиция аға сержанты, көпбалалы әке Арыстанбаев Ғалым Қазбекұлы Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қонақта

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына Жамбыл облысынан енген полиция аға сержанты, көпбалалы әке Арыстанбаев Ғалым Қазбекұлымен «Жаныңда жүр жақсы адам» атты кітапхана қонақжайы ұйымдастырылды. Мақсаты: «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген Ғалым Арыстанбаевтың адами ерлігін паш ету арқылы өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу, адами құндылықтарды арттыру, отбасылық әдет-ғұрыптарды дәріптеу, жастарға үлгі ету. Тараз қаласы № 15 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері және Жамбы медицина колледжінің білімгерлері қатысқан іс-шараны мекеме директоры Э.Абдинова ашты. Кешке арнайы шақырылған «Айсұлу-Ана» мешітінің бас иманы Қ.Қуанышбеков, Жамбыл облыстық дін басқармасының психолог маманы Л.Мырзаш еліміздің дамуына үлес қосқан адамдарды кеңінен насихаттауға мүмкіндік беретін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» шындығында да бұрын-соңды болмаған жоба екендігін атап өтті. Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар тарапынан кеш кейіпкеріне сұрақтар қойылып, оның өмір жолы таныстырылды. Ғалым Қазбекұлы балалар үйінен 8 баланы қамқорлығына алып, жары Әлия екеуі бауырларына басқанның арқасында бүгінгі күні өздерінің 11 баланың ата-анасы екендігін айтып өтті. Ғалым Қазбекұлына тосын сый ретінде кітапханашылар 1996-1997 жылдар аралығында Қапшағай қаласында Отан алдындағы борышын бірге өтеген жолдастарын кездесуге арнайы шақырды. Кештің тұздығы болған кейіпкер құрдастары өткен күндерінен қызықты естеліктерімен бөлісті.

Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында брифинг өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Рухани қазына» кіші бағдарламаның «Туған жер - туған ел» базалық бағдары бойынша кітапхана қызметіне енгізілген «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер. Жамбылская область: люди, события, факты» және «Тарихы терең, еңбегі ерен өлкелік басылымдар. Краеведческие издания, полные истории и доблестного труда» жобалары аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы өңір тұрғындарын кеңінен ақпараттандыру мақсатында брифинг ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: өңір тұрғындарын кітапханада жасақталып жатқан электронды дерекқорлары мен олардың мүмкіндіктері мен ресурстары туралы кеңінен ақпараттандыру, осы дерекқорларда жинақталған мағлұматтардың электронды нұсқалары оқырмандарға өңір тарихы, мәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуы, облыстан шыққан белгілі тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен батырлары туралы құнды ақпаратты сақтау, және оған жан-жақты әрі кең қолжетімділік қамтамасыз ететінін жеткізу болды. Іс-шараға «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамның Жамбыл облыстық филиалы, облыстық «Ақ жол», «Знамя труда», «Арай», Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газеттерінің өкілдері, өңірлік жобалар реестріне енгізілген кітапхананың «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер. Жамбылская область: люди, события, факты» және «Тарихы терең, еңбегі ерен өлкелік басылымдар. Краеведческие издания, полные истории и доблестного труда» жобалар аясында есепті жылы жүргізілген жұмыстарға сараптамалық бағасын беру мақсатта шақырылған мұрағаттанушы, журналист Мақұлбек Рысдәулет, кітапханада жинақталып жатқан электронды дерекқорлардың алғашқы пайдаланушылары - М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы, Тараз қаласы «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редактордың міндетін атқарушы Әбдиев Ерман Қалжанұлы, облыстық «Знамя труда» газеті әлеуметтік бөлімінің шолушысы Мельник Людмила Анатольевна, Тараз қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының білімгерлері қатысты. Брифинг спикері – Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы кітапхана жобалары кітап қорларын сақтау және қауіпсіздігі саласындағы жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, электронды немесе цифрлық коллекциялар жасау қызметінің басым бағыттарының бірі, және бұл жұмыс нәтижесінде кітапхана қорында сақтаулы өлкетану құжаттарына пайдаланушылардың қол жетімділігінің ұлғайуы негізінде қызмет көрсетудің тиімділігі мен жеделдігі арттырылып, Қазақстанның мәдени игіліктерінің бөлігі ретінде Тараз қаласы және Жамбыл облысындағы деректі мұралардың сақталуы қамтамасыз етілетінін жеткізді. Сонымен қатар, спикер кітапханалық жобаларды жүзеге асыру және оларды насихаттау жұмыстары жас ұрпақтың бойына туған жеріне деген сүйспеншілік сезімін арттыру, оларды өңірінің мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысуға баулу арқылы ұлтымыздың мәдени-генетикалық кодын сақтауға тікелей септік тигізетінін, бұл жұмыстардың мақсат-міндеттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер - туған ел» базалық бағдарының негізгі қағидалары мен Елбасы мақаласының бағытына тікелей сәйкес келетінін айтып өтті. Жоба эксперті мұрағаттанушы, журналист Мақұлбек Рысдәулет мұрағаттанушы, журналист Мақұлбек Рысдәулет, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы, Тараз қаласы «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редактордың міндетін атқарушы Әбдиев Ерман Қалжанұлы, облыстық «Знамя труда» газеті әлеуметтік бөлімінің шолушысы Мельник Людмила Анатольевна кітапханашылардың жобалар аясындағы жұмыстары газеттің мұрағатын сақтауға, оны қорғауға мүмкіндік беретініндігі мен цифрлы форматтағы газет сандары ел тарихын зерттеушілер үшін өте тиімді болатынын айта келе, өздерінің оң бағаларын берді.

КЕЛЕШЕКТІҢ КЕМЕЛ ЖАЗУЫ: латын әліпбиіндегі тарихи құжаттар

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», - деп атап көрсетті. Бұл ретте Жамбыл облысының мемлекеттік архиві ағымдағы жылдың 22-ші желтоқсанында сақтаудағы құжаттар негізінде «КЕЛЕШЕКТІҢ КЕМЕЛ ЖАЗУЫ: латын әліпбиіндегі тарихи құжаттар» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге түрлі тарихи фактілерді айғақтайтын құжаттар қойылды. Мәселен мұнда, 1935 жылы қазіргі педогогикалық коллеждің жұмыс істей бастауы туралы, латын әліпбиіне көшкен тұста сауатсыздықты жою жұмыстары бойынша мәліметтер бар. Бұл құжаттардан сол тұстың өзінде жаңа әліпбиге көшуде туындаған мәселелерді, оған қандай шешімдер ұсынғанын көреміз. Бірінші кезекте жаңа әліпбиге көшуде мұғалімдер даярлайтын арнайы курстарды ұйымдастырып, сауатсыздықты жою комиссияларын құрған. Бүгін де сол іс-шаралар жаңғырған күйде халыққа қайта оралуда. Осы орайда айта кететін жайт – ол архив қызметкерлерінің «универсалдығы». Архившілер латын қарпінде жазылған құжаттың бәрін жұмыс барысында танып, оқып келді. Енді бүгінгі күні Елбасының тапсырмасын орындауда еш қиналмайтыны анық. Латын қарпінде жазылған құжаттарды іріктеу барысында көзге бір хабарлама түсті. Онда Иосиф Сталиннің «Әйелдер колхозда үлкен күш» деп атап көрсетуі. Латын әліпбиіне көшкен тұста халық тарихында жаппай ұжымдастыру басталғанын білеміз. Ең қызығы, бұл құжаттан сол саяси кезеңде гендрлік саясат жүзеге асырыла бастағанын, халық арасында қолдау тапқанын аңғару қиын емес. Сонымен қатар, латын қарпінде жазылған тархи құжаттар арасында азаматтық хал актілерінің жазбалары, 1941 жылғы Сарысу аудандық «Социалистік шаруа» газетінің тігіндісі, 1934 жылғы Әулиеата аудандық газеттері, хат алмасылар, ережелер, жалпы айтқанда 1929-1940 жылдар аралығында қазақ тілінде жүргізілген түрлі құжаттаманы көре аламыз. Солардың қатарында қазақтың батыр ұлы Ыбрайым Сүлейменовтің майданнан өлеңдетіп жолдаған хаттары да бар. Іс-шараға Жамбыл облысының, Тараз қаласының және аудандық мемлекеттік архивтерінің директорлары мен архивистері қатысып, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева жүргізіп отырды. Дәл осы күні 1998 жылы Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат туралы» Заңы қабылданды. Бұл - Қазақстанның жаңа келбеттегі архив жұмысын қалыптастыруға және дамытуға негіз қалады. Сондықтан да бұл күнді еліміздің архившілері өздерінің төл мерекесі санайды. Бұл күн өткізіліп отырған іс-шарамен ұштастырыла отырып, іс-шара соңында жылды қорытындылаумен және марапаттаулармен аяқталды.